Мұғалімдердің кәсіби дамуын қолдау Сапарбаева Жулдыз Илесбаевна
Білім беру жүйесінің негізін қалаушылар – мұғалімдер. Олардың кәсіби дамуы мен шеберлігін үздіксіз жетілдіру білім сапасының артуына тікелей әсер етеді. Мұғалімдер жаңа технологиялар, әдістемелер мен заманауи білім беру трендтерін меңгеру арқылы оқушылардың білімі мен дағдыларын жақсарта алады. Мұғалімдердің кәсіби дамуын қолдау жүйелері мен бағдарламалары, әсіресе, қазіргі цифрлық дәуірде өте маңызды болып отыр.