Заманауы тілді дамытудың жолдары Кодукуп Камшат Есенгельдыевна
Тілдің заманауи болуының маңызы үлкен. Біріншіден, ол – халықтың мәдениетін, тарихын, дүниетанымын, ойлау қабілетін бейнелейді. Егер тіл заман ағымына сай жаңарып отырмаса, ұлттың рухани болмысы мен өзіндік ерекшелігі жоғала бастайды. Екіншіден, қазіргі ақпараттық қоғамда тілдің өзектілігі, қолданыс аясының кеңдігі маңызды. Мысалы, ғылым, техника, медицина салаларында жаңа ұғымдар мен терминдер пайда болып, оларды тілімізге дұрыс енгізу қажет.