Қазақ тілі, ІІІ тоқсан БЖБ/ТЖБ жинағы, 3-сынып
12 Наурыз 2026
0
Бұл жинақ 3-сыныпқа арналған *«Қазақ тілі»* пәні бойынша 3-тоқсанда өткізілетін бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) тапсырмаларын қамтиды. Жинақ Қазақстан Республикасы бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты мен жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес әзірленген.
Жинақтағы тапсырмалар оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуға, атап айтқанда тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым әрекеттерін қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар оқушылардың грамматикалық білімін, сөздік қорын, мәтінді түсіну және өз ойын сауатты жеткізу қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.
Тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай құрастырылып, түрлі деңгейдегі жұмыстарды қамтиды. Жинақ мұғалімдерге білім алушылардың оқу жетістіктерін тиімді бағалауға және оқу үдерісін жоспарлауға көмекші құрал ретінде ұсынылады.
Бастауыш сынып
Басқа
3 сынып