
Жамбаева Шынарай Мухтархановна
Мен Жамбаева Шынарай Мұхтарханқызы Жамбыл обл,ТРысқұлов ауданы,Ақтоған шағын орталықты орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек етіп келемін. Осы қиын да қызық мамандықты таңдап, тер төгіп,еңбек еткеніме 24 жыл өтіпті.24 жыл деген аз уақыт емес. Дегенмен, осы жылдарым менің ойға жиғаным,көңілге түйгенім қызметіме азық болып келеді. Қазақ халқы «Көре-көре көсем боласың, сөйлей-сөйлей шешен боласың» деген екен «Ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау» деп, Мұхтар Әуезов айтқандай, уақытпен санаспай балалардың болашағы үшін аянбай жұмыс жасасаң, еңбегің еш кетпейді деп түсінемін. Расында, жыл өткен сайын тәжірибең жинақталып, молайып, шыңдалған үстіне шыңдала түседі екенсің. Мұғалім мамандығы - үнемі ізденуді қажет ететін мамандық.
Ватсапта бөлісу
Телеграммда бөлісу
Фейсбукта бөлісу