«Тарихи тұлғалар мен ұлттық тарих сабақтастығы» авторлық бағдарламасы Нуршаева Рехимам Нурмагаметовна
18 Сәуір 2025
266
Дүние жүзі, Қазақстан тарихында өшпес
із қалдырған, өнегелі де данышпан тұлғаларды оқушыларға таныту.
Белгіленген тұлғалардың өмірі мен еңбегі соңғы жылдары елімізде
кеңінен таралған «Аңыз адам» журналына шыққан. Қазақстан тарихының
жаңа қырлары мен сырларын оқушыларға таныту және патриоттық
сезімдерін нығайту- басты ұстанымыз. Сондықтан осыны басшылыққа ала
отырып бағдарламаны құрдым.
Бұл курста берілген өнегелі өмірі мен ержүрек ерліктің үлгілі
өкілдері, тарихтың ұлы адамдарының таусылмас білімі мен тәлім-тәрбиесі
оқушыларға ой қалдырады деп сенемін. Ежелгі және Орта ғасыр
ойшылдарынан қазіргі заман тұлғаларының өмірі, патриоттық сезімдері
мен білімге құштарлығы оқушыларды жігерлендіріп, болашақта үлкен
істерге бастайды, Еліміздің гүлденуіне, бәсекеге қабілетті , ой-өрісі
дамыған тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді деп сенемін және осы
бағытта тәрбиелеп, білім беремі
Қазақстан тарихы
Авторлық бағдарлама
Барлық сыныптар