БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫ МЕН ЕСЕПТЕУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ИНТЕГРАЦИЯСЫ - ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ТИІМДІ БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІ Шушанова Айнура Кайратовна
21 Сәуір 2025
175
Бұл мақалада басқару психологиясы мен есептеу ғылымдарының интеграциясы зерттеледі, оның ішінде инновациялық көшбасшылықтың психологиялық аспектілері мен есептеу әдістерін қолдану арқылы ғылыми жобаларды басқаруды оңтайландыру мәселелері қарастырылады. Басқару психологиясының теориялық негіздері, әсіресе когнитивті теориялар, трансформациялық көшбасшылық және мотивация модельдері, инновациялық жобаларды басқарудағы тиімділікті арттыру үшін қалай қолданылатыны талқыланады. Сондай-ақ, магистрлік диссертацияда қолданылатын торлы Больцман әдісі арқылы күрделі физикалық құбылыстарды модельдеу және басқару психологиясының әсері көрсетіледі. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұйымдастырылуымен өткен «Фараби әлемі» халықаралық конференциясы сияқты іс-шаралар пәнаралық зерттеулерді дамыту, ғылым мен білім саласындағы инновациялық экожүйелерді қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.