Қазақстандағы IT-StartUp Манатай Арайлым Жақсыбекқызы
12 Мамыр 2025
70
Стартап немесе стартап-компания (ағылшыншадан startup — іске қосу, бастап кету) — жуырда құрылып, дами бастаған немесе келешекті нарықтарды зерттеу кезеңіндегі компания.
Көптеген интернет-компаниялар құрылған дот-ком көпіршігі (dot-com bubble) кезінде стартап термині кең тарала бастады. Жоғарғы технологиялар саласындағы жаңа жобаларды high-tech стартап деп жиі атайды. Бұл терминді барлық салаларға қолдануға болғанмен, IT және интернет-жобалар бағытында әйгілі болды. IT саласында жаңа пайда болып келе жатқан немесе құрылуы жоспарланған компанияларды стартап деп атайды.