«Оқушылардың қимыл-қозғалыс ойындары арқылы қызығушылығын арттыру» Әдістемелік жинақ Маретбаев Ерлик Бакбергенович
14 Мамыр 2025
144
Бұл әдістемелік жинақ жалпы білім беретін мектеп оқушыларының дене белсенділігін арттыру мақсатында қимыл-қозғалыс ойындарын тиімді қолдануға бағытталған. Жинақта оқушылардың дене тәрбиесіне деген қызығушылығын ояту, олардың қозғалыс дағдыларын дамыту, ұжымдық жұмысқа бейімдеу және салауатты өмір салтын қалыптастыру жолдары қарастырылған.
Әдістемелік құралда әр түрлі жас ерекшеліктеріне сай қимыл-қозғалыс ойындары ұсынылып, оларды сабақта, үзіліс кезінде немесе бос уақытта ұйымдастырудың тиімді тәсілдері көрсетілген. Сонымен қатар, ойындарды өткізу ережелері, мұғалімнің рөлі, қауіпсіздік шаралары және күтілетін нәтижелер нақты сипатталған.
Бұл жинақ дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне, бастауыш сынып мұғалімдеріне, тәрбиешілерге және қосымша білім беру ұйымдары қызметкерлеріне арналған көмекші құрал ретінде ұсынылады.
Дене шынықтыру
Басқа
Барлық сыныптар