МЕКТЕПТЕ БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДА STEM ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ Есенбай Аяжан Аманжолқызы, Жұмакелді Гүлқасыл, Ихсанова Ақбота Куттыбекқызы
27 Мамыр 2025
107
Мектепте биологияны оқытуда STEM технологиясын қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру – қазіргі білім беру жүйесінде өзекті мәселелердің бірі. Бұл мақалада STEM (ғылым, технология, инженерия, математика) тәсілінің биология сабағында қолдану мүмкіндіктері қарастырылып, оның оқушылардың білім сапасына әсері сипатталады. STEM технологияларын қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың сыни ойлау, зерттеу жүргізу, тәжірибе жасау, логикалық шешім қабылдау секілді дағдыларын дамытады. Биология сияқты күрделі әрі өмірмен тығыз байланысты пәнді тәжірибелік және жобалық бағытта оқыту – білімнің сапалы меңгерілуіне, білім алушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Мақалада нақты сабақ үлгілері мен жобалық жұмыстар арқылы STEM тәсілін жүзеге асыру жолдары көрсетіліп, мұғалімдерге арналған әдістемелік ұсыныстар беріледі. Бұл материал биология пәні мұғалімдеріне, әдіскерлерге және жаңартылған білім мазмұны аясында заманауи оқыту әдістерін іздесті
Биология
Мақала
Барлық сыныптар