Цифрлық дәуірдегі педагогтың рөлі, міндеті және болашағы
22 Желтоқсан 2025
18
XXI ғасыр — цифрландыру ғасыры. Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы білім беру жүйесіне түбегейлі өзгерістер әкелді. Онлайн платформалар, жасанды интеллект, цифрлық контент пен қашықтан оқыту педагог қызметінің мазмұнына жаңа талаптар қойды. Осыған байланысты қазіргі педагогтың рөлі тек білім беруші ғана емес, бағыттаушы, кеңесші және цифрлық ортада оқушыны дамытушы тұлғаға айналды.