ҰЙЫМДАҒЫ КОНФЛИКТІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
20 Қараша 2025
35
Ұйымдағы конфликт (қақтығыс) – бұл қызметкерлер арасындағы немесе басшылық пен ұжым мүшелері арасындағы көзқарас, мақсат, не мүдде қайшылығынан туындайтын әлеуметтік-психологиялық құбылыс. Конфликт – ұйым өмірінің ажырамас бөлігі, себебі әрбір ұжымда жеке тұлғалардың мінезі, құндылықтары және ойлау жүйесі әртүрлі. Маңыздысы – конфликтіні болдырмау емес, оны дұрыс басқару және тиімді шешу. Психология ғылымында конфликтінің себептерін түсіндіретін түрлі теориялар бар. Мысалы, К. Левиннің өріс теориясы бойынша, адам мінез-құлқы оның ішкі уәждері мен сыртқы жағдайлардың өзара әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасады. Демек, ұйымдағы әр қызметкердің жеке мотивациясы мен рөлдік күту айырмашылығы конфликт тудыруы мүмкін. Ал Т. Ньюкомбтың коммуникациялық теориясы бойынша, ұйымдағы ақпарат алмасудың бұзылуы, сенімсіздік пен түсінбеушілік конфликтінің негізгі себептерінің бірі болып саналады.