Материалдар / 10 сынып ЖМБ Митохондрия +2

10 сынып ЖМБ Митохондрия +2

Материал туралы қысқаша түсінік
10сынып Биология ЖМБ Митохондрия 2 сағат
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2023
197
0 рет жүктелген
225 ₸ 250 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Білім беру ұйымының атауы


Пәні:

Биология

Бөлім:

10.2В Тыныс алу

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сынып: 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Митохондрияның құрылымы мен қызметтері. Митохондрия құры-лымдары мен жасушалық тынысалу үдерістерінің өзара байланысы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

10.1.4.5 - митохондрия құрылымдары мен жасушалық тынысалу үдерістерінің өзара байланысты орнату

Сабақтың мақсаты

Митохондрияның құрылымы мен қызметтерін сипаттайды;

Құндылыққа баулу


«Мәңгілік ел» жалпыұлттықидеясыныңқұндылықтарынабаулу -Биология пәнін оқып үйрете отырып оқушылардың білімін арттырып, болашақта бәсекеге қабілетті, ойлау қабілеті жетілген жас ұрпақтың дамуына ықпал ету; Ынтамақтастық: құрметтеу: сыныптастарының идеяларын құрметтеу; - жауапкершілік: сабақ кезінде өзін-өзі бағалау, өзара бағалау.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

/10 мин/






Оқушылармен сәлемдесу. Ұран: Біріміз- бәріміз үшін, бәріміз- біріміз үшін! «Көңіл-күйді анықтау»стратегиясы (белсенді оқыту әдістері) Мақсаты: Оқушылардың көңіл-күйі арқылы жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту, арттыру. Сабақ соңына дейін көңіл-күйді көтеріңкі деңгейге жеткізу жұмыстары жүргізіледі.

1-топ Митохондрия

2-топ Матрикс

3-топ АТФ –синтетаза



Оқушылар өзінің көңіл-күйлерін келтіретін смайликтерді немесе табиғат құбылыстары арқылы да көрсетуге болады. Олар суреттерді бір-біріне көрсетеді. Сынып , колесода көрсетілген сандар бойынша үш топқа бөлініп отырады.



Қошемет сөздермен ынталандыру.

Жарайсыңдар!

Сәттілік!








https://ru.piliapp.com/random/wheel/




Суреттер, ҚБ тапсырмалары

Ортасы/




Алдыңғы білім

1.Энергетикалық алмасы дегенімізі не?

2.Неліктен органикалық заттар тотыққанда энергия босап шығады?

3.Энергетикалық алмасу кезінде электрондар доноры мен акцепторы не болып табылады?

4. Қандай прцесс гликолиз деп аталады?

5. Энергетикалық алмасудың бірінші және екінші кезеңінде жүзеге асатын процестердің нәтижелері қандай?

6. Энергетикалық алмасудың үшінші кезеңінің айырмашылығын анықтаңдар




Оқушылар алдыңғы тақырыпты еске түсіре отырып сұрақтарға жауап береді

Дескриптор:

Энергетикалық алмасу кезеңдерін түсіндіреді-2балл


https://wordwall.net/ru/resource/64092696









«Суреттен не айтасың» тәсілі. Берілген суреттен қандай жасуша органиодын көріп тұрсыз? Онда қандай процесс жүруде?

Н еге әртүрлі жасушаларда митохондрияның мөлшері мен пішіні әртүрлі.. 2. Митохондрияның сыртқы және ішкі мембранасын құрылысының ерекшеліктері бойынша салыстырыңдар.

Оқушылар берілген суретті қарастыра отырып митохондрияны анықтайды, құрылыс ерекшеліткрен түсіндіреді

Дескриптор: - әртүрлі жасушаларда митохондрияның мөлшері мен пішіні әртүрлі болу себебін анықтайды; - Митохондрияның сыртқы және ішкі мембранасын құрылысының ерекшеліктері бойынша салыстырады.

https://youtu.be/IQJ4_2Mm71A?si=-W_yv6vdmwmzi8xV


Митохондрияның құрылымы сипатталған 1.1.сурет арқылы оның негізі A, B, C, D белгіленген бөліктерін анықтаңыздар:

Берілген тапсырманы суреттен қарастыра отырып бөліктерін атайды

-митохондрияның құрылымын сипаттайтын A бөліктерін анықтайды;

-митохондрияның құрылымын сипаттайтын B бөліктерін анықтайды;

-митохондрияның құрылымын сипаттайтын C бөліктерін анықтайды;

-митохондрияның құрылымын сипаттайтын D бөліктерін анықтайды; Бағалау:Келісемін. Келіспеймін



Митохондрия кейбір анаэробты организмдердің жасушаларын есепке алмағанда,барлық эукариотты жасушалардың ажырамас компоненті болып табылады. Митохондрия саны жасуша типіне, сондай-ақ олардың даму сатысы мен функционалдық күйіне тәуелді, 1-ден 100 мыңға дейін болады. Олардың пішіндері сфера, гранула, жіп, таяқша тәрізді. Митохондриялар сыртқы және ішкі екі мембранадан тұрады. Олардың бір-бірінен екі оқшауланған кеңістік бөліп тұрады: мембраналық кеңістік және митохондрияның ішкі жағы (матрикс).

1. АТФ синтезіжүзеге асатын маңызды мембраналық құрылымның бірі

A) митохондрия

B) лизосома

C) рибосома

D) ядро

E) ЭПТ

2. Суреттегі тарақ тәрізді қатпарлар атауы

A) стромалар

B) кристалар

C) муреиндер

D) пуриндер

E) матрица

3. «Ішкі тыныс алу» жүретін митохондрия қабаты

A) ішкі мембрана қабаты

B) сыртқы мембрана қабаты

C) мембранааралық кеңістік

D) ортаңғы қабат

E) ішкі және сыртқы мембранада

4. Сыртқы мембрананы ішкісінен бөліп тұрады

A) перинуклеарлық кеңістік

B) тығыз ядрошық

C) плазмолемма қабаты

D) ядро шырыны

E) мембранаарылық кеңістік

5. Митохондрия еркін жүзіп жүріп қозғалысқа түсетін мүше

A) бауырда

B) бұлшықетте

C)жүрект

D) өкпеде

E) асқазанда


Мәтінді суретті қолдана отырып тест тапырмасын орныдайды




Соңы/10 мин

«Менен сұрақ сізден жауап» әдісі

Митохондрияның құрамына нелер  енеді?. Ақуыздар (65—70% құрғақ салмағының) липидтер (25—30%), нуклеин қышқылдары (ДНҚ, РНҚ) витаминдер

2. Митохондрияның көп жасушаларда калыңдығы?  (0,5 мкм)

3. Митохондриялардың кейбір қызметтерін не атқарады?  Хлоропласттар

4. Ішкі және сыртқы мембраналардың арасында митохондриялардың ені нешеге тең? 10-20 нм

5. Митохондрияның сыртқы мембранасының кұрамындағы ақуыздар неше пайыз болады? 20%

6. Митохондрияның ішкі мембранасында ақуыздар неше пайыз болады?  75%-ке

7. Неліктен митохондрияны жасушаның күш беретін станциясы деп атайды? Митохондрияда органикалық субстраттардың тотығуы және АДФ фосфорлануы нәтижесіндс АТФ синтезделеді,

8. Көмірсулардың бастапқы тотығуы гиалоплазмада оттегісіз жүреді, сондықтан оны не деп атайды? Анаэробты тотығу немесе гликолиз

9. Гликолиз процесінде 1 моль глюкоза ыдырағанда неше пайыз энергия жұмсалады? 10%

10. Митохондрияның сыртқы мембранасы көрсеткіштері жағынан қандай органоидқа ұқсас?

Эндоплазмалық торға

11. Митохондрия дегеніміз не? Жасушаның тыныс алу процесін қамтамасыз ететін органоид

12. Митохондрияның негізгі қызметі? АТФ синтездеу

13. Митохондрияның қосымша қызметі? Стероидтық гормондарды және глутамин қышқылын синтездейді

14. Митохондрия қандай дәрумендерден тұрады?  А, С.

15. Митохондрияның құрамына неше пайыз липидтер енеді?  (25—30%) 


Сұрақтарға жауап береді




«Баспалдақ» стратегиясы (белсенді оқыту әдісі) - Сабақ басында қойылған мақсаттарға жеттік бе? - Күтілген проблемалық мәселелерді шеше алдық па? Таратпа материалдар

- Қандай нәтижеге қол жеткіздік? Рефлексия: Оқушылар сабақ соңында алған білімдерін «Баспалдақ» стратегиясы көмегімен бекітеді.











Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!