Материалдар / 10-сынып қазақ тілінен нөлдік тапсырма

10-сынып қазақ тілінен нөлдік тапсырма

Материал туралы қысқаша түсінік
9-сынып бойынша оқу мақсаттары таңдалды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қырқүйек 2024
91
0 рет жүктелген
630 ₸ 700 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ тілі пәнінен 10 сынып оқушыларына арналған нөлдік бақылау тапсырмалары І нұсқа

Білім алушының аты-жөні_________________________________


9.1.6.1 қоғамдық-саяси, ғылыми, коммуникативтік жағдаятқа сай тиісті сөздер мен фразаларды таңдау, орта көлемді монолог дайындау;

9.4.4.3 сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану

  1. Мәтінді түсініп оқыңыз. Төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз.

Әлия Нұрмұханбетқызы Молдағұлова Ақтоөбе облысының Қобда ауданындағы Бұлақ ауылында 1925 жылы маусымның 15-інде дүниеге келген. Нұрмұханбет – жаны сергек, қажырлы, ер мінезді, сөзге шебер, ат ұстап, ит жүгірткен сері болмысты, намысшыл жігіт болса керек. Анасы Маржан – ақ құба, көзі аялы, ажарлы, мінезі өткір адам болған.

Әке-шешесінен айрылған Әлия сегіз жасынан бастап нағашы ағасы – Әбубәкір Молдағұловтың қолында тәрбиеленеді. Әбубәкір бұл кезде Түрксібтің №4 пайдалану аймағында қызмет еткен. Ақтөбедегі губерниялық кеңес партия мектебін, Ташкент университетін бітірген Әбубәкір Әлияның және Әлиямен тұрғылас қарындасы Сапураның білімді, есті болып өсуіне ықыласты болған. Нағашы әжесі Тәжікен мен жеңгесі Сән екі қызды егіз қозыдай етіп өсірген. 1933 жылы нағашысы Әбубәкірдің отбасы Әулиеата станциясына (қазіргі Тараз қаласы) көшеді. Аумақтық темір жолда қызмет еткен Әбубәкірдің үй іші теміржол вокзалы жанындағы үйлердің бірінде тұрыпты.

Дәл осы жылы Әлия Молдағұлова мен Сапура теміржол мектебінің есігін ашқан. 1935 жылы Әскери-көлік академиясына оқуға түскен Әбубәкірдің отбасы Мәскеуге көшіп барды. Әлия Молдағұлова №163 мектепке қабылданады. Әскери Академия Ленинградқа ауыстырылған соң, Әлияның өмірі Ленинградта жалғасады. Үш баласы, әйелі мен туыстары тар үйде тұрып жатқандықтан, Әбубәкір Әлияны бесінші сыныпты бітірген соң, жиенінің өз өтініші бойынша, Гурдин көшесінде орналасқан №46 балалар үйіне орналастырады. Оның тәрбиеленушілері №140 мектепте оқитын. Әлия мектепте үздік оқып қана қоймай, тұстастарының көшбасшысына, өзінен кішілердің жетекшісіне айналады. Сол жылдары ең үздіктер ғана жіберілетін Бүкілодақтық «Артек» пионер лагеріне жолдамаға ие болады.

Ұлы Отан соғысы кезінде қоршауда қалған Ленинград тұрғындарының адам төзгісіз ауыртпалығын Әлия Молдағұлова да көтеріседі. Соғысқа баруға сұранған өтінішті Әлия Молдағұлова 1941 жылғы маусымның 22-сі күні, соғыс туралы суық хабар жарияланған күні жазыпты. Әлияның құрбыларының айтуынша, ол окоп қазуға да белсене қатысады, ағаштан тұрғызылған үйлерді отынға бұзудың ортасында жүреді, невадан су тасиды, әлсіздерге көмектеседі, кішкентайларға өзі жартымсыз азықтық үлесін бөліп береді.

1942 жылғы наурыздың 24-інде балалар үйі Ладога көлінің үстімен өтетін әйгілі «Өмір жолы» арқылы Ярослав облысындағы Вятское селосына көшірілген. Әлия Молдағұлова осы жылы 7-сыныпты бітіріп, Рыбинск авиация техникумына түседі. Оған тек үздік оқығандар ғана жіберілетін. «Бітірушілердің бәрі тігін фабрикасына кетті, - деп жазды кейін құрбыларының бірі, - тек Әлия Молдағұлова мен екі қыз техникумға түсті». Қалалық комиссариатқа үздіксіз жазған өтініштері ақыры қабылданып, Әлия әскер қатарына алынады. Орталық комитеттің бастамасымен мергендер әзірлейтін әйелдер курсы ашылған-ды, Әлия Молдағұлова осы мектепке қабылданады. "Оны қабылдағысы келмеп еді, бойы аласа, өзі нәзік әрі өте жас дескен. Лия айтқанынан қайтпай, ақыры дегеніне жетті", - дейді Әлиямен бірге оқыған құрбысы.

Майданда ерліктің үлгісін неше мәрте көрсеткен Әлия Молдағұлова 1944 жылғы 14 қаңтарда Казачиха селосы үшін болған ұрыста ерлікпен қаза тапты. Оның соңғы ұраны ана тілінде тасталған:

«Алға, бауырлар, Отан үшін алға!». «Ол батальонды ғана емес, бүкіл дивизияны үлкен қатерден сақтап қалды», - дейді Әлияның командирлері.

Әлия Молдағұлова – аты аңызға, ісі эпосқа айналған ерлердің кіндігін кескен Ақтөбе өңірінің перзенті. Қарақыпшақ Қобыландының, Асан қайғы мен Абат батырдың, Есет батыр мен Әйтекенің, Әбілқайыр мен Бөкенбайдың, Ботагөз ару мен Исатай-Махамбеттердің, Асау мен Барақтың, Мөңке би мен Әжібай бидің рухы сіңген топырақ-құнардан өніп шықты. Бұл – қасиетті қазақ жерінің қай тұсында да бар құнар. Рухтың құнары. Әлия Молдағұлова ерлігі, Әлия Молдағұлова болмысы – ұлт рухының сақталу заңының кезекті көрінісі. Асқақ, аяулы көрінісі.

1.Ұлы Отан соғысы басталған уақытта Әлия оқыған қала, мектеп?

А) Рыбинск, авиация мектебі

В) Ленинград, №140 мектеп

С) Ленинград, №46 мектеп

Д) Мәскеу, №163 мектеп

Е) Вятское, тігін мектебі

2. Әлия Молдағұлова мен Сапура теміржол мектебінің есігін

қай жылы ашады?

А) 1933

В) 1935

С) 1932

Д) 1934

Е) 1936

3. 1942 жылғы наурыздың 24-інде балалар үйі қай жерге көшіріледі?

А) Рыбинск

В) Риддер

С) Ленинград

Д) Мәскеу

Е) Вятское

4. Әлия кімнің қолында тәрбиеленеді?

А) нағашы апасы

В) нағашы атасы

С) нағашы ағасы

Д) нағашы әжесі

Е) нағашы тәтесі

5. Әлияның ата-анасының аты-жөні?

А) Маржан мен Сәкен

В) Маржан мен Арғын

С) Маржан мен Нұрмұханбет

Д) Даржан мен Жармұқанбет

Е) Саржан мен Әлмұхамбет

2-тапсырма.

Мәтіннің негізгі идеясын ашатын орта көлемді монолог дайындаңыз.


3-тапсырма. Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.

Ақтөбедегі губерниялық кеңес партия мектебін, Ташкент университетін бітірген Әбубәкір Әлияның және Әлиямен тұрғылас қарындасы Сапураның білімді, есті болып өсуіне ықыласты болған.















Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл





Білімалушы



1-2

мәтінді оқып, сұрақтарға жауап жазады

5

Монолог жазады

3


3

Синтаксистік талдау жасайды

2




Барлығы




10




















Қазақ тілі пәнінен 10 сынып оқушыларына арналған нөлдік бақылау тапсырмалары ІІ нұсқа

Білім алушының аты-жөні_________________________________

9.1.5.1 мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасын білдіреді, сыни тұрғыдан баға беріп айту;


9.4.4.3 сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану


1.Үзеңгі б.з V ғасырынан кейін жаппай қолданыла бастады. Үзеңгіні жылқыны алғаш қолға үйреткен Орта Азиялық көшпенділер ойлап тапқанымен, оның дамуы, жетілуі Солтүстік Қытайды бағындырып, металл қорытудың үздік технологиясын тез игерген көшпенділердің үлкен бұтағы сианпилермен (Сәнбе) байланысты болды.

2.Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесі бойынша, қазірге дейінгі әлемдегі датасы ең ұзақ үзеңгілер Қытай аумағынан, атап айтқанда, Ішкі Моңғол жерінен, III-IV ғасырларда сианпилер салтанат құрған Ұланхад аумағынан табылып отыр. Ағаштан жасалып, қоламен қапталған бұл үзеңгілер қазіргі металл үзеңгінің төркіні деп есептілінеді. Ал Еуропада темір үзеңгінің ең көне археологиялық қазбасы мажар жерінен, абарлардың моласынан шықты, түріктердің (Орта Азия түріктері) қуғынына түскен абарлар шамамен 560 жылдан кейін ұлы даладан Еуропаға қоныс аударып барған.

3.Византиялықтар да үзеңгімен ауарлар арқылы таныс болған. Осы ретте ресейлік археолог С.И. Вайнштейннің «V ғасырдың 2 жартысынан бастап Еуропаның кең-байтақ далаларында үзеңгі жиі кездесе бастады. Қытай археологы Лю Хан және басқа да ғалымдар жылқы үзеңгісімен қоса басқа да жабдықтар Қытайға солтүстіктегі көшпенді түркілерден тараған деп есептейді» деген пікірін ескерген жөн.

4.Үзеңгінің тарихи-әскери маңызын ғалымдар ерекше жоғары бағалайды. Ағылшын ғалымы Линн Уайт (Lynn White) «Үзеңгідей қарапайым, бірақ дүние тарихына түбегейлі бетбұрыс әкелген өнер табыстары өте сирек кездеседі» десе, тарих ғылымдарының докторы Ахмет Тоқтабай «Үзеңгілі ер-тоқымның жасалуы материалдық мәдениет тарихындағы үлкен жаңалық болды. Салт атты адам енді аз уақыт ішінде алыс жерлерді бағындырды. Көшпенділердің атты әскерінің қуаты күшейді. Бірінші мыңжылдықтардың 2 жартысынан бастап, Еуразия далаларындағы көшпенділердің жылдамдықтары артты» дейді.

1. Мәтін мазмұнының реттілігі

1. Ең алғашқы үзеңгілер

2. Археологтер пікірі

3. Үзеңгіге ғалымдар бағасы

4. Үзеңгінің қолданысқа енуі

A) 4,1,2,3

B) 2,4,1,3

C) 4,1,3,2

D) 2,1,4,3

2. Мәтін бойынша металл өңдеуді тез игерген

A) Византиялықтар

B) Абарлар

C) Қытайлар

D) Сианпилер

3. Мәтіннің стилі мен жанры

A) Ғылыми, мақала

B) Публицистика, мақала

C) Публицистика, тезис

D) Ғылыми, аннотация

4 Мәтінде үзеңгіні көшпенділер ойлап тапты деген зерттеу болжамының берілу себебі

A) Көшпенділер ең алғаш жылқыны қолға үйреткен соң

B) Көшпенділер темір өңдеу техникасын мақты меңгерген соң

C) Көшпенділер атты әскермен жиі соғысқа шыққан соң

D) Археологиялық қазбалар делелдеп берген соң

5. Берілген үзінді мен негізгі мәтін арасындағы үндестік

Терлік аттың арқасына тіке салынатын, аттың арқасын қорғап, шыққан терді тоқымға өткізбей тұратын ер жабдығы. Көбінде, иленген лақ, елік, қарақұйрық терілері мен қойдың жұмсақ жабағысынан жасалады. Тебінгі – аттың тері балаққа өтіп, үзеңгі баудың балақты қырқымауы үшін және үзеңгі таралғысының ат қабырғасын қажап, жаралауынан қорғап, ат қабырғасы мен үзеңгіні айырып тұрады.

A) Екі мәтінде де тек қана үзеңгі туралы айтылады

B) Екі мәтінде де тарихи зерттеулер айтылады

C) Екі мәтінде де болжамды ақпараттар айтылады

D) Екі мәтінде де ат әбзелдері туралы айтылады


2-тапсырма.

Мәтіндегі ойға өз көзқарасыңды білдіріп,сын тұрғысынан баға беріңіз,

3-тапсырма. Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.

Бірінші мыңжылдықтардың 2 жартысынан бастап, Еуразия далаларындағы көшпенділердің жылдамдықтары артты» дейді.

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл





Білімалушы


мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасын білдіреді, сыни тұрғыдан баға беріп айту;

1-2

мәтінді оқып, сұрақтарға жауап жазады

5

Монолог жазады

3

сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану

3

Синтаксистік талдау жасайды

2




Барлығы




10

































































Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!