10 сынып төл сөз

Тақырып бойынша 11 материал табылды

10 сынып төл сөз

Материал туралы қысқаша түсінік
Презентация
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет.

Сөз мәдениеті. Кітаби тіл. Сөйлеу тілі

Мектеп: Ақтөбе қаласы физика-матемаикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Димисанова Алтынай Батырхановна

Сынып: 10 Т1

Қатысқан оқушылар

саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Тіл және сөз мәдениеті. Кітаби тіл. Сөйлеу тілі (2-нұсқа)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.5.1 Мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу

Сабақтың мақсаттары

Мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу

Бағалау критерийі

  • Мәтіндегі негізгі ойды анықтай алады;

  • Көтерілген мәселеге баға бере алады;

  • Мәліметтер мен пікірлерді өңдей алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Тіл тағдыры, сөз мәдениеті, тіл мәдениеті, өркениет, мәңгілік ел, т.б


Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Менің ойымша/пікірімше…, Менің көзқарасым тұрғысынан…., Менің көзқарасым бойымша…, Мен сенімдімін…, Мені таңқалдыратыны...

Құндылықтарды игерту

Қоғамның басты құндылығы тіл мәдениеті, сөз мәдениеті тақырыбы аясында түсініктерін кеңейту.

Пәнаралық байланыс

Тарих пәні

Бастапқы білім

Сөздердің стильдік қызметі

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

0-5


Қызығушылықты ояту

Берілген ауызекі сөйлемдерді кітаби тілде қайта жазып көріңіз.


«Бұдан былай жолама қасына! Енді көрсем басыңды жұлып, аяғыңды сындырам, түсінбейді екенсің, өзің бір....»

блог жазбаларынан

  • Кітаби тіл дегеніміз не?

  • Кітаби тілдің ерекшеліктері туралы не білесіздер?

  • Сөйлеу тілі, сөз мәдениеті дегенді қалай түсінесіздер?

Грамматикалық және мағына жағынан дұрыс, кітаби тілде құрылуы тиіс сөйлемдерді мұғалім сыныппен бірге тексереді. Қатесін түзетуге қолдау көрсетеді. Бұнда оқушының сабақ тақырыбын қаншалықты түсінуімен қатар, сөйлемдердің кітаби тілде жазылуына баса назар аударылады.

Мұғалім оқушыларды тыңдап болған соң жауаптарды қорытындылап, сабақтың тақырыбын хабарлайды. Сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді.






слайд

Сабақтың ортасы

5-15









15-30



























30-35





Мағынаны тану


Мұғалім оқушыларға «Тіл мәдениеті: сөйлеу және жазу» тақырыбында мәтін үзіндісін ұсынады. Ондағы мақсат – оқушылардың көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарасын білдіруге қажетті ақпараттар беру.

Оқушылар мәтін мазмұнынан түсінгендері бойынша ойларын жинақтайды, ақпараттарды өңдей отырып, көтерілген мәселелерге баға береді.


Оқылымалды тапсырма

  • Мемлекеттің басты құндылығы не деп ойлайсыздар?

  • Мықты мемлекет атану үшін елге не істеу қажет?

  • Өркениетті ел атануда тіліміздің қаншалықты маңызы бар?

Жұмыс алгоритмі:

  • Оқушылар топта жұмыс жасайды.

  • Мәтіндегі мәліметтерді өңдейді.

  • Тапсырмаларды орындайды.


Оқылым тапсырмасы

Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Тіл мәдениеті: сөйлеу және жазу» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстелге қатысушылардың сұхбатынан алынған үзіндіні оқиды. Сұхбат мәтіні қысқартылып алынады.

Мәтін

Сұлтан ОРАЗАЛЫ, жазушы:


Қазақтың тілі – тағдыры ауыр тіл. Бірақ  жаны сірі. Мен бір кездері заңдарымызды зерттеп көрген едім. Сонда түйгенім, XIV ғасырда Алтайдан Дунайға дейінгі елдердің бәрі қыпшақ тіліндегі қыпшақ заңдарына бағынған екен. Қыпшақ заңдары деп отырғанымыз, қазақтың әдет-ғұрып заңдары. Тіпті орыс шіркеулерінің ішінде бір-бірімен қыпшақ тілінде сөйлескендері болған. Содан бергі замандарда тіліміздің көрмеген теперіші жоқ. Бірақ феникс құс сияқты оттан да судан да аман шығып келе жатыр.

Заман – күштінікі, тіл де – күштінікі. Бір кездері Германия мықты болды, бүкіл Еуропа, Америка, кешегі Кеңес Одағы  неміс тілін үйренді. Енді Америка күшейді, дүниежүзіндегі халықтардың көп бөлігі ағылшын тілінде сөйлейді.  Сондықтан тіл күшті болу үшін мемлекет те қуатты болуы керек. Ал мемлекеттің өсіп-өркендеуі үшін халықтың бірлігі керек.

Ел «Мәңгілік Ел» болу үшін, мәңгілік тіл болуы керек. Тілді сақтаудың басты жолы – тіл тазалығы. Өкінішке орай, бүгінде тіл тазалығы, тіл мәдениеті, әдеби тіл нормалары сақтала бермейтін болды. Мұның тіліміздің дамуына теріс әсер беретіні сөзсіз. Кейбір ақпарат құралдарындағы сөз қолданыстарында ауызекі тілде айтылатын сөздер көп кездеседі. Бұл дұрыс емес. Телеарна тілі – тіліміздің айнасы. Ол таза болуы керек.


ЖЖ. Мәтіннің негізгі ойын анықтайды. Мәселелерге өзіндік баға береді.

Мәтіннің негізгі ойы

Мәтіндегі көтерілген мәселелер

Өзіндік баға








Дескрипторлар:

  • Мәтіннің негізгі идеясын анықтайды;

  • Көтерілген мәселеге баға береді;

  • Өз ойын сенімді дәлелдейді.



Мұғалімнің сындарлы кері байланысы оқушыны ойландырған аспектілерді тыңдаумен жүзеге асырылады.






слайд




























http://anatili.kazgazeta.kz/?p=24353

Сұхбаттан үзінділер, таратпа материалдар




















Сабақтың соңы

35-40


Рефлексия

«Бағдаршам» әдісі


Мұғалім «Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Сөз мәдениеті» тақырыбы аясындағы сабақты қорытындылайды.


слайд


Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау







Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.08.2024
246
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі