10 сыныптың География пәні бойынша тест

Тақырып бойынша 11 материал табылды

10 сыныптың География пәні бойынша тест

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер мен оқушылар үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы
  1. Зерттеу нысандарының ұқсастықтары мен айырмашылықтары, кеңістіктік әркелкілігі ... арқылы анықталады, зерттеледі

A) географиялық салыстыру әдісі

B) диахронды салыстыру

C) баламалау әдісі

D) географиялық сандық әдістер

E) географиялық аудандастыру әдісі

2. ХІХ ғасырда география ғылымында алғаш рет салыстыру әдістерін қолданған ғалым

A) А.Гумбольдт B) К.Риттер C) В.Холина D) Д.Бриклин E) К.Тролл

3. Біртекті нысандардың белгілері мен көрсеткіштерін бір уақыт кезеңінде салыстыру

A) синхронды салыстыру B) диахронды салыстыру

C) баламалау әдісі D) географиялық сандық әдістер

E) географиялық аудандастыру әдісі

3. Оңтүстік Америка мен Африка материктерінің субэкваторлық белдеулерін өзара салыстыру

A) синхронды салыстыру

B) диахронды салыстыру

C) баламалау әдісі

D) географиялық сандық әдістер

E) географиялық аудандастыру әдісі

4. Нұр-Сұлтан қаласының соңғы 10 жылдағы жылдық орташа температурасының көрсеткіштерін салыстыру

A) диахронды салыстыру

B) синхронды салыстыру

C) баламалау әдісі

D) географиялық сандық әдістер

E) географиялық аудандастыру әдісі

5. Деректерді талдау үшін қолданылатын математикалық және статистикалық әдістердің жиынтығы

A) географиялық сандық әдістер

B) синхронды салыстыру

C) баламалау әдісі

D) диахронды салыстыру

E)географиялық аудандастыру әдісі

6. Аумақты географиялық жағдайларының біртектілігі бойынша кеңістік жіктеу

A) географиялық аудандастыру әдісі

B) диахронды салыстыру әдісі

C) баламалау әдісі

D) географиялық сандық әдістер

E) синхронды салыстыру

7. Түрлі деңгейдегі бағдарламалар мен техникалық құралдар көмегімен қолданыстағы жинақталған ақпараттарды жетілдіру арқылы жасалатын сандық карта

A) электрондық карта

B) саяси карта

C) физикалық карта

D) тақырыптық карта

E) тектоникалық карта

8. Картография мен географияның теориясы мен әдістерінің көмегімен қолданбалы математика, информатика және компьютерлік техника мүмкіндіктерінің өзара байланысуы нәтижесінде қалыптасып жатқан жаңа ғылым саласы

A) геоинформатика

B) геоэкология

C) геоэкономика

D) геосаясат

E) геосфера

9. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақсаты

A) экономиканы цифрлық форматқа көшіру

B) ауыл шаруашылығын цифрландыру

C) электрондық сауданы дамыту

D) қаржы технологиялары мен қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту

E) «Ақылды» қалалар

10. Географиялық мәліметтер мен нысандарды тиімді жағдайда енгізу, сақтау, өңдеу, талдау, жаңарту және визуализация жасауды ұйымдастыратын бағдарламалар мен аппараттардың жиынтығы

A) географиялық ақпараттық жүйе

B) бағдарламалық құралдарды қолдану

C) базалық мәліметтерді басқару

D) географиялық талдау

E) мәліметтерді редакторлау

11. Адамзат қоғамы өзінің өмір сүруіне қажетті әлемдегі бүкіл материалдық-энергетикалық, ақпараттық және әртүрлі табиғат байлықтары мен табиғат құбылыстарының жиынтығын өз қажетіне қолдану мүмкіншілігі

A) табиғатты пайдалану

B) табиғатты қорғау

C) табиғат ресурстарын қорғау

D) табиғат ресурстарын өндіру

E) табиғаттағы тепе-теңдікті сақтау

12. Жердің деградациясы .... әсерінен болады

A) топырақ құнарлылығының төмендеуі

B) судың ластануы

C) ауаның ластануы

D) климаттың өзгеруі

E) жануарлардың жойылуы

13. ... - экологиялық жағынан таза ортаны сақтау және табиғат ресурстарын қалыпты пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жоғары иерархиялық деңгейдегі географиялық жүйелердің экологиялық ерекшеліктерін зерттейді.

A)геоэкология

B) геоинформатика

C) геоэкономика

D) геосаясат

E) геосфера

14. Аумақтардың тиімсіз пайдаланылуы әсерінен тұтас өсімдік жамылғысынан айырылуы

A) шөлейттену

B)ластану

C) бұзылу

D) жойылу

E) шөлдену

15. Ғаламдық деңгейдегі экономикалық дамудың заңдылықтарын және мемлекеттердің халықаралық деңгейдегі экономикалық стратегиялары мен тактикаларын зерттейтін ғылым

A) геоэкономика

B) геоинформатика

C) геоэкология

D) геосаясат

E) геосфера

16. Америкалық экономист және геосаясаткер И.Валлерстайн әлемнің экономикалық кеңістік моделін неше бөлікке бөлді?

A) 3

B) 5

C) 2

D) 4

E) 6

17. Қазіргі дүниенің ғаламдық орталықтары

A) АҚШ, Еуропалық Одақ, Жапония

B) АҚШ, Германия, Қытай

C) Қытай, Үндістан, Жапония

D) Ресей, Қытай, АҚШ

E) Ангия, Германия, Италия

18. Аумақтағы табиғи жағдайлар мен табиғи ресурстардың шаруашылық саласын орналастыруға ықпалы

A) табиғи-ресурстық фактор

B) аумақтық факторлар

C) көлік факторы

D) еңбек ресурстары факторы

E) тұтынушы факторы

19. Мемлекеттегі табиғат қорғау заңнамасы мен оған негізделген мақсатты әрекеттер жиынтығы

A) экологиялық саясат

B) экономикалық саясат

C) халықаралық саясат

D) геосаясат

E) географиялық саясат


20. Шаруашылық құрылымында ауылшаруашылығының үлесі басым елдер

A) аграрлы елдер

B) аграрлы-шикізатты елдер

C) индустриялық елдер

D) постиндустриялық елдер

E) дамыған елдер

21. Шаруашылық құрылымында өңдеуші өнеркәсіп пен құрылыс басым елдер

A) индустриялық елдер

B) аграрлы-шикізатты елдер

C) аграрлы елдер

D) постиндустриялық елдер

E) дамыған елдер

22. Шаруашылық құрылымында ЖІӨ-нің басым бөлігін қызмет саласы беретін елдер

A) постиндустриялық елдер

B) аграрлы-шикізатты елдер

C) индустриялық елдер

D) аграрлы елдер

E) дамыған елдер

23. Аграрлы елдерде ЖІӨ-нің 60%-дан астамын .... береді

A) ауылшаруашылығы

B) өңдеуші өнеркәсіп

C) құрылыс

D) қызмет саласы

E) өндіруші өнеркәсіп

24. Постиндустриялы елдерде ауылшаруашылығының ЖІӨ-дегі үлесі

A) 2-5%

B) 10%

C) 60%

D) 25%

E) 8,2%

25. Жыл ішінде белгілі бір аймақта өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтің жалпы құны

A) жиынтық ішкі өнім

B) кіріс

C) шығыс

D) жиынтық ұлттық өнім

E) сатып алу қабілетінің паритеті


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.05.2021
3610
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі