Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
10 сыныптың Қазақстан тарихы пәнінен қорытындылауға арналған тест тапсырмалары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
№1 10 кл Қазақстан тарихы. Қорытынды тест.
1. Антропогендік кезеңнің жер бетін мұз басқанға дейінгі және мұз басқан дәуірін қалай атады?
А) Гоминид В) голоцен С) эволюция Д) плейстоцен Е) цитоплазма
2. Экзогамия дегеніміз не?
А) Діни наным-сенімдік әдет-ғұрып В) ұжымның ішіндегі некелік қатынастарға рұқсат беру
С) туыстас адамдардан құрылған ұжымның ішіндегі некеге тыйым салу Д) Тайпалық бірлестіктен мемлекетке өту Е) Патриархат
3. 1948 ж. Қазақстан аумағындағы мезолит дәуіріндегі алғашқы тұрақты кім ашты?
А) В.Логвин В) А.Формозов С) Ә.Марғұлан Д) Қ.Сәтбаев Е) В.Зайберт
4. Мезолит дәуіріне жататын Қарағандыдан табылған белгілі тұрақ:
А) Тельман В) Дачная С) Шағалалы Д) Батпақ Е) Әкімбек
5. Қазіргі уақытта Қазақстанда неолит кезеңінің шамамен қанша ескерткіш табылды?
А) 600 В) 252 С) 900 Д) 750 Е) 497
6. «Кішкентай» «тас» деген мағына беретін құрал:
А) Бифас В) Монофас С) Литлкам Д) Микролит Е) Ретушь
7. Неолит заманының үлкен жетістігі:
А) отты пайдалануы В) металды қолдануы С) керамикалық ыдыс өндіруі Д) қырғыш тіліктердің пайда болуы Е) Аңшылықта ит-құсты алып жүруі
8. ХХ ғ.80 жылдарында Ботай қонысын кім зерттей бастады?
А) В.Логвин В) А.Формозов С) Ә.Марғұлан Д) Қ.Сәтбаев Е) В.Зайберт
9. Ботай тарихи-мәдени ескерткіш ретінде ЮНЕСКО-ның арнайы тізіміне қашан енді?
А) 1990ж В) 1995ж С) 1998ж Д) 1999ж Е)2004ж.
10. Б.з.д. Х-VІІІ ғғ. соңғы қола дәуірінде қалыптасқан мәдениет:
А) Андронов В) Иманбұрлық С) Беғазы-дәндібай Д) Нұра мәдениеті Е) Атасу
11. Қазақстандағы қола дәуірінің хронологиялық шеңбері:
А)б.з.д. ХVІІІ –VІІІ ғғ. В) б.з.д.ХV-Х ғғ. С) б.з.д.ХІІІ –Х ғғ. Д) б.з.д.VІІІ-ІІІ ғғ Е) б.з.д.255-б.з.476жж.
12. Б.з.д. ІV-ІІІ ғғ. құрылған Сармат тайпалар одағына кірмеген тайпаны ата:
А) Сирактар В) Аландар С) Аорстар Д) Роксоландар Е) Тохарлар
13. «География» еңбегінің авторы грек географы Страбон қай жылдары өмір сүрді?
А) б.з.д.484-425жж В) б.з.д.184-124жж. С) б.з.д. 64-б.з.23жж. Д) б.з.д.15-б.з.65жж. Е) б.з.д.93-55жж.
14. «Олар шайқасқа жаппай ұрандатып кіреді.Жеңіл және тез қимылдайды.Олар асқан жауынгер, жауларына садақпен оқ жаудырады, бетпе-бет шайқаста семсерді жақсы қолданады, жауларын жаяу қалдырады»-деп айтқан кім?
А) А.Марцеллин ғұндар туралы В) Геродот массагеттер туралы С) Страбон Сарматтар туралы Д) Тацит скифтер жайында Е) Кіші Полибий аварлар туралы
15. Тарих ғылымы-
А) белгілі бір мәселені зерттеуді , ең алдымен деректер жинаудан бастайды В) Халықтың тұрақ-мекендерін зерттейтін ғылым С) Халықтың тұрмыс-тіршілігін, биологиялық дамуы туралы Д) Елтаңбаларды зерттейтін қосалқы тарихи пән Е) Географиялық орналасуын, климатын зерттейді
16. «Ұлы иузу елі – түтін саны-400 мың; әскері 100 мың, олар көшпелі мемлекет әдет-ғұрпы ғұндарға ұқсас» деп көрсеткен кім? А) А.Марцеллин В) Геродот С) Сыма Цянь Д) Бань Гу Е) Плутарх
17. Юечижилер 2-ге бөлінген (Ұлы Иозы және Кіші Иозы). Осы Кіші иозылар өздерін кімдер деп атаған?
А) Қытай В) Хань С) Ху (хунну) Д) жужандар (аварлар) Е) яғма
18. Теңіздің ар жағындағы сақтар деп:
А) Тиграхауда В) Парадарайя С) Хаомаварга Д) Амюргия Е) Сколот
19. Ғалымдардың тұспалдауы бойынша Шығыс Қазақстан жерін мекендеді?
А) Аргиппейлер В) Исседондар С) Массагеттер Д) Скифтер Е) Аримаспылар
20. Антикалық жазба деректерде көрсетілгендей скиф ақсүйектерінің сыртқы ерекшелігі болып...
А) шаштарының ұзын болуы В) ерекше қалпақ киюі С) қаруының әдемілігі Д) ат-әбзелдерінің даралығы Е) семсер мен найзаның темірден соғылуы
21. Қазақстанның батысын Арал мен Каспий аралығын мекендеген сарматтар өмір сүрді?
А)
б.з.д. VІ-ІІ ғғ В) б.з.д.ІІІ –
б.з.ІVғғ С) б.з.д. І ғ-б.з. ІІІ ғ Д )б.з. V-VІІ ғғ. Е)
552-600жж.
22. Сақтар қоғамының ең төменгі буынын
ата:
А) отбасы В) құлдар С) абыздар Д) егіншілер мен малшылар Е) сот
23. Сақтардың шөптен шыққан буды пайдаланғаны туралы таңғала жазған кім?
А) Геродот В) Страбон С) Анахарсис Д) Плутарх Е) Цицерон
24. Византиялық тарихшы Прокопий Кесарийскийдің (6ғ.) еңбегі қалай аталады?
А) «География» В) «Тарих» С) «Юстиниан соғыстарының тарихынында» Д) «Токсарис пен Достық»
Е) «Жеті данышпанның сауығы»
25. Қазақстан аумағына адамдар қашан қоныстанды?
А) 1 млн жылға жуық уақыт бұрын В) 200 жыл мың бұрын С) қола дәуірінде Д) б.з.д.2,6 млн ж.
Е) 2 млн жыл бұрын
№2 10 кл Қазақстан тарихы. Қорытынды тест.
1. Австролопитектердің кейінгі түріне (2,8-2,4 млн жыл бұрын) хомо хабилис деген атау берген:
А) «епті адам» В) «ақылды адам» С) «саналы адам» Д) «қабілетті адам» Е) «дарынды адам»
2. Алғашқы адамдар тобыры өте қарапайым бірлестік, құрамында әдетте қанша ересек болды?
А) 2-3 В)100-150 С) 228-335 Д) 1000 Е) 20-30
3. Эндогамия дегеніміз не?
А) Діни наным-сенімдік әдет-ғұрып В) ұжымның ішіндегі некелік қатынастарға рұқсат беру
С) туыстас адамдардан құрылған ұжымның ішіндегі некеге тыйым салу Д) Тайпалық бірлестіктен мемлекетке өту Е) Матриархат
4. Мезолит дәуіріне жататын Атбасардан табылған белгілі тұрақ:
А) Тельман В) Дачная С) Шағалалы Д) Батпақ Е) Әкімбек
5. Ботайлықтарды жылқы өсірген бақташы тайпалар деп атаған. Осы қоныстан қанша жылқының сүйектері табылған? А) 70 мың В) 200 С) 160 мың Д) 200 мың Е) 50 мың
6. Маңғыстау түбегіндегі белгілі энеолит тұрақтары:
А) Арыстанды, Шақпақата В) Бөріқазған, Тәңірқазған С) Қызылсу, Шағалалы, Ботай Д) Шебір, Жыңғылды, Қошқарата Е) Алексеев, Шебер, Сексеуіл
7. Аралдың шығыс жағында орналасқан, шикі кірпіштен қаланған қола дәуірінің көрнекті ескерткіші:
А) Сексеуіл В) ІІІ Қарабас С) Арқайым Д) Түгіскен Е) Лебедевка
8. Парсы патшасы І Дарийге «Біздің кең-байтақ даламызда ата-баба зираттары бар, сендер соларға тиіссеңдер, біздің қандай ұрыс жасар екенімізді көресіңдер!»-деп айтқан сақ қолбасшысы кім?
А) Томирис В) Спаргаписис С) Зарина Д) Спитамен Е) Идантирис
9. Сақ-скиф мемлекеті неше ұлыстан тұрған? А) 2 В) 3 С) 5 Д) 7 Е) 10
10. Орталық Қазақстан жеріндегі жүзі түзу, кейде қайқы тас пышақ қырғыштыр табылған тұрақ
А)Шабақты В) Бөріқазған. С) Арыстанды. D) Атасу. Е) Семіз бұғы
11. Мезолиттің хронологиялық шеңбері
А) б.з.д. 140-40 мың жылдықтар В) б.з.д. 40-30 мың жылдықтар С) б.з.д. 30-20 мың жылдықтар
D) б.з.д.20-12 мың жылдықтар Е) б.з.д. 12-5 мың жылдықтар
12. Қазақстан жеріндегі қола дәуірін жоспарлы зерттеу басталған жыл
А) 1926 В) 1931 С) 1938 D) 1954 Е) 1946
13. Зороастризм дінінің киелі кітабы: А) Құран Кәрім В) Інжіл С) Евангелие Д) Тора Е) Авеста
14. «Ертедегі Хань тарихы»(Шицзе) шығармасының авторы:
А) Бань Гу В) Сюань Цзянь С) Конфуций Д) Сыма Цянь Е) Ю.Бичурин
15. Грек жазбаларында хаомаварга сақтарын кейде қалай атаған?
А) Сака В) Комондар С) Дах Д) Амюргия Е) Сайрим
16. Қазақстан жеріндегі қола дәуірін түбегейлі зерттеуді бастаған ғалым
А) Массон В) Ақышев С) Алпысбаев D) Гумилев Е) Марғұлан
17. Қола дәуірі қоныстарының көбінесе орналасқан жері
А)Тау аңғарларында В) Орман арасында С) Жазық далалы аймақтарда D) Кез-келген жерде
Е) Өзендердің жағасында
18. Аңдық стиль пайда болған ғасыр
А) б.з.б. V ғ В) б.з.б. ІV ғ С) б.з.б. ІІІ ғ D) б.з.б. VІІ ғ. Е) б.з.б. І ғ
19. Сақтар обасындағы сағанаға жер астымен келетін арнайы жол
А) Саркофаг В) Менгир С) Дромос D) Сағана Е) Қабір
20. «Тарих атасы» Геродот өмір сүрген жылдар:
А) б.з.б.1792-1750жж В) б.з.б.635-571жж. С) б.з.б.490\484-425жж. Д) 102-188жж. Е) 202-248жж.
21. «Афинылықтар, мен сендер үшін әділетті заң жасадым, оны өздерің үшін пайдалы деп есепиеймін. Ал мына жателдік азамат...скиф бола тұра, ақылға бай,дана...кім туралы сөз қозғалып отыр?
А) Токсарис В) Страбон С) Анахарсис Д) Плутарх Е) Цицерон
22. Б.з.д .ІV-ІІІ ғғ. ғұндардың жауынгерлік күш-қуатынан сескенген қытайлықтар олардан қорғану үшін нені салды? А) Зәулім бекіністер В) Ұлы Қытай қорғанын С) зеңбірек Д) аспалы бақ Е) Кеме
23. Қаратаудағы Арыстанды өзенінен табылған құралдарды Африкадағы Олдувай шатқалынан табылған құралдарымен замандас деп санаған ғалым кім?
А) А.Федотов В) И.Грязнов С) А.Г.Медоев Д) А.Окладников Е) Г.Кушаев
24. Ғалымдардың тұспалдауы бойынша Орталық Қазақстан жерін мекендеді?
А) Аргиппейлер В) Исседондар С) Массагеттер Д) Скифтер Е) Аримаспылар
25. Б.з.д. ІV-ІІІ ғғ. құрылған Сармат тайпалар одағына кірмеген тайпаны ата:
А) Сирактар В) Аландар С) Аорстар Д) Роксоландар Е) Тохарлар