Материалдар / 10сынып кәсіпкерлік-кіріспе
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

10сынып кәсіпкерлік-кіріспе

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары Мүғалімдерге сабақ өткізу кезде көмегі тиеді деп есептеймін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Наурыз 2021
1013
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


1 бөлім. Экономикалық құбылыс ретіндегі кәсіпкерлік

«Оралхан Бөкей атындағы №44лицейі»КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Молдашева Б.А.

Сынып: 10

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстан экономикасына тарихи экскурс

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1.2.1.Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің тарихын талдай біледі

10.1.2.2.Экономикадағы кәсіпкерліктің мағынасын түсінеді

10.1.2.3.Микроэкономика мен макроэкономика арасындағы айырмашылықты түсінеді

.

Сабақтың мақсаты

Қолайлы жағдай туғызу. Оқушылардың өздігінен:

  • Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің тарихын талдай білуіне;

  • Экономикадағы кәсіпкерліктің мағынасын түсінуіне;

  • Микроэкономика мен макроэкономика арасындағы айырмашылықты түсінеді


Бағалау критерийі (Күтілетін деңгейлік нәтижелер)

1-меңгеру деңгейі. Барлық оқушы Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің тарихын талдай біледі (өнімсіз деңгей)

2-меңгеру деңгейі. Олардың ішінен көбісі; Экономикадағы кәсіпкерліктің мағынасын түсінеді (конструктивті деңгей)

3-меңгеру деңгейі. Олардың ішінен кейбірі: Микроэкономика мен макроэкономика арасындағы айырмашылықты түсінеді

(өнім деңгейі). Тақырыпты толық меңгерген оқушы шығармашылық тапсырманы орындайды.

Тілдік мақсаттар

Лексика және терменология: макроэкономика- макроэкономика-, микроэкономика-микроэкономика-, экономикалық өсу- экономический рост-, бәсеке-конкуренция-

Құндылықтарға баулу

Өмір бойы білім алу, ынтымақтастық, құрмет, жауапкершілікке, елжандалық, отансүйгіштік қасиетке, денсаулық сақтауға, сыни тұрғысынан ойлауға, шығармашылыққа баулу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Сені көргеніме қуаныштымын, себебі....», «Шешен», «Джигсо», «Көңіл күй», «Пікірлесі», «Миға шабуыл», «Блоб ағашы»

Қолданылатын ресурстар

Оқулық, оқушының жеке дәптері, мұғалім кітабы, электронды қосымша, интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, маркерлер, «Блоб ағашының» суреті салынған флипчарт, смайликтің суреті салынған стикерлер

Алдыңғы білім

Өткен тақырып брйынша сұрақтар беріп, осы тақырыппен логикалық көпір құрау, мысалы: «Есіңе түсір!» айдарындағы сұрақтар бойынша: Кәсіпкерлік, жалдамалы жұмыс және бизнес арасындағы айырмашылықты атаңдар.

Сабақтың басы

( 5 мин)

  1. Оқушылармен амандасу. Мұғалім сыныпта жағымды ахуал орнату үшін «Сені көргеніме қуаныштымын, себебі....» тренингін ұйымдастырады. Қатар отырған оқушылар бір-біріне жақсы жақтарын айтады.

  2. Сыныпты топқа бөлу. Сынып үш топқа бөлінеді. Әр топ өздерінің басшысын және топтың атауын таңдайды. Мысалы, 1-топ:« Бизнесмен»; 2-топ:« Кәсіпкер»; 3-топ: «Жалдамалы жұмысшы».

  3. Тақырыпқа деген қызығушылықты ояту, проблемалық жағдай тудыру.

Мұғалім: Кәсіпкерлік, жалдамалы жұмысшы және бизнес арасындағы айырмашылықты естеріңе түсіріңдер.

1-топ:« Бизнесмен».....

2-топ:« Кәсіпкер»....

3-топ: «Жалдамалы жұмысшы».....

Мұғалім оқушылармен бірге сабақтың тақырыбын нақтылайды. Оқушылар оның мақсат, міндеттерін болжайды.


Сабақтың ортасы-тақырыпты өз бетімен меңгеру

(15 минут)

Мұғалімнің сөзі: Балалар, тақырыпта берілген мәтіннің соңындағы сұрақтарға сіздер оқулықтағы мәтіннен жауап іздеу арқылы жаңа тақырыпты өздеріңіз меңгере аласызыздар. Сабақ барысында ұйымдастырылған топтық жұмыста тақырыптың мазмұнын зерттеп, талқылап, талдау жасап, оны іс жүзінде бекіту керек. Енді сабақты бастайық, барлықтарыңызға сәттілік тілеймін!

  1. Сұрақтарға жауап берейік дағдысы. «Шешен» әдісі бетпе-бет сауалнама.

1.Дағдарыс кезінде халық қандай өнімді сатып алуды тоқтатпайды?

2.Кәсіпкерлік қызмет қандай түрлерге бөлінеді?

3. Өндірістік қызмет дегеніміз не?

4.Кеңес беру қызметі дегеніміз не?

5.Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында кеңінен таралған кәсіпкерліктің түрі қандай?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді, мұғаліммен бірге талқылайды, дәптеріне негізгі идеяларды жазады.

2.«Ойланайық, талқылайық» дағдысы.« Джигсо» әдісі бойынша топтық жұмыс

1.Неліктен кәсіпкерлер тұрғындардың өміріне қолайылық пен ыңғайлылық әкеледі?

2.Неге кәсіпкерліктің дамуы мемлекет үшін өте пайдалы?

3.Неліктен кәсіпкер нарықтың ең белсенді қатысушысы?

4.Неліктен кәсіпкер дағдарыс жағдайында тұрақтылығын сақтап қала алады?

« Джигсо» әдісі бойынша оқушылар тапсырманы талдайды, бір-біріне түсіндіреді. Мұғалім әрбір тапсырма бойынша ауызша нұсқаулар береді, топта жасаланған жұмыстаң барысын тексереді.


3.«Талдап, салыстырайық» дағдысы. «Пікірталас» әдісін пайдаланып, тапсырмаларды орындаңыздар

1.Тауарлар, қызмет көрсету және жұмыстар арасындағы ұқсастықты атаңыздар.

2.Кәсіпкерлік қызметтің барлық түрлерінің арасындағы ортақ элементті табыңыздар.

3.Тақырыптың негізгі идеясы қандай?


4.«Дәптерге орындайық» дағдысы. Оқушылар кестені толтырады.Іс-әрекеттердің дами бастау кезеңдерін таңбасымен белгілеңіздер


Қызметтің түрі

1990-2000

2000-2010

2010-2020

1

Комерциялық

+



2

Өндірістік


+


3

Қаржылық


+


4

Консалтингтік



+




Сергіту сәті

2 мин.

«Жеті шырық» жаттығуы ( жақсы баяу музыкамен орындалады) Ыңғайлы отырып, көзіңізді жұмыңыз, терең демалыңыз. Сізден шамалы бір метр қашықтықта жеті жанып тұрған шырық бар екенін елестетіп көріңіз....мүмкіндігінше баяу, терең дем алаңыз. Енді осы шырақтардың біреуін өшіру қажет деп ойлап көріңіз. Деміңізді толығымен шығарып, оның бағытына қарай барынша үрлеңіз. Шырақ жалыны дірілдеп барып өшеді... Сіз қайтадан баяу тыныс алып, қалған алты шырақты біртіндеп үрлеп өшіресіз.

5.«Қолданып көрейік» дағдысы. Төменде көрсетілген қызмет түрлерін сипаттаңдар


Қызмет

Қызметтің түрі

1

Мейрам маркетингілік қызмет көрсетеді

Өндірістік

2

Ермек сауда орталығындағы өз бутигінде киім сатады

Коммерциялық

3

Асхат жылжымайтын мүлікті сақтандыру компаниясын ашты

Қаржылық

4

Болат кәсіпкерлерге бизнес бойынша кеңес берумен айналысады

Консалтингтік қызмет

5

Әділбек құрылыс материалдарын өндірумен айналысады

өндірістік


6.«Ой бөлісейік» дағдысы. «Миға шабуыл» әдісі бойынша пікір алмасу.

Серік пен Берік- жанармай құятын бекеттердің иелері. Екі бекетте қаланаң шетінде тас жолдың жанында орналасқан. Қазір олар жанармайды бірдей бағамен сатады. Бұл қалада басқа жанар май құю орындары жоқ. Оқулықта берілген 1), 2), 3) сұрақтарына жауап береді.Оқушылар өз пікірлерімен бөліседі, бірақ пікір бағаланбайды.

Шығармашылық тапсырма.

1.Кәсіпкерлік қызметтің қай түрімен айналысатын едіңіздер?

2. Өндірістік, коммерциялық, қаржылық және консалтингтік қызмет түрлеріне мысалдар келтіріңдер.


Сабақтың соңы. Кері байланыс

(10 минут)

Жұмыстарының нәтижесін оқушылар өздері бағалайды. Оларға мағынасы түрлі дәрежедегі смайликтер таратылады. Әр оқушы сабақты қай деңгейде түсінгеніне сәйкес смайликті таңдап, оның теріс жағына өз атын жазып, тақтада ілулі тұрған «Блоб ағашының» суреті салынған флипчартқа жапсырады. Рисунок 2

Үй тапсырмасы

Мұғалімнің қалауы бойынша: «Төңкере оқыту» талаптарына сәйкес, оқушылар келесі тақырыптағы теориялық материалды өз бетімен үйде оқи алады.Олар мәтіннің соңында берілген сұрақтарға қысқаша жауап береді. Осылайша, келесі сабақтағы жаңа тақырыпты оқушылар өздігінен меңгеру үшін алдын ала үйде дайындалады. Бұл сыныптағы практикалық тапсырмаларға қажетті уақытты үнемдейді.

Рефлекция

3 мин.

(мұғалім жауаптарды өзінің жеке журналына жазады)

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1.Сабақ, оқу мақсаттары шынайы ма?

2.Бүгін оқушылар не білді?

3.Сыныптағы ахуал қандай болды?

4.Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

5.Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Қортынды бағалау

5 мин.

1.Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

2.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?

3.Сабақ туралы пікіріңізді жазыңыз.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!