Материалдар / 11 сынып әдістемелік құрал
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

11 сынып әдістемелік құрал

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге арналған сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2020
1257
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1



Page 2



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«БӚБЕК» ҦЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ -ПРАКТИКАЛЫҚ,
БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ







ӚЗІН-ӚЗІ ТАНУ

МҦҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҦРАЛ


11-СЫНЫП












Алматы 2019


Page 3

2
ӘОЖ 373
КБЖ 74.26
Ә47


«Ӛзін-ӛзі тану» рухани-адамгершілік білім беру
бағдарламасының авторы С.А. Назарбаева


Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі ұсынған


Әкімбаева Ж. Ж
Ӛзін-ӛзі тану: Мұғалімге арналған әдістемелік құрал: 11-сынып/
Ж. Ж. Әкімбаева, Л. С. Джубатова, Н. К. Мыркасымова – Алматы: «Бӛбек»
ҰҒПББСО, 2019. – 128 б.


ISBN 978-601-7960-49-0


Әдістемелік құрал 11-сыныпта «Ӛзін-ӛзі тану» пәнінен сабақ
беретін мұғалімге арналған. Әдістемелік құралда сабақтардың мақсат,
міндеттері анықталған. Мұғалімге сабақты ұйымдастыру және әдіс-
тәсілдерді қолдану үшін жан-жақты кеңес берілген.


ӘОЖ 373
КБЖ 74.26




ISBN 978-601-7960-49-0 © «Бӛбек» ҦҒПББСО, 2019


Page 4

3
КІРІСПЕ


Қазіргі уақыт бәрімізден, әсіресе мұғалімдерден
ӛзгеруді қажет етеді. Ӛмірдің ӛзі бала туралы, ӛзіміз және
ұстаздар туралы шаң басқан ескі түсініктерден арылу
қажеттілігін алға тартуда. Ал бұл үшін оларды сол бірінші
сыныптықтар секілді рухани ӛмір сүріп, ғарыштық деңгейде
ойлануға және сүйіспеншілік пен қайырымдылық
«алгебрасына» үйрету қажет. Тек қайырымдылық пен
сүйіспеншілік қана әрқайсысымыздың ішімізде ғарыштың бір
титімдей бӛлшегі бар екенін педагогтің түсінуіне алып
келмекші. Қиын сәттерде тек мейірімділік қана ӛзі жайлы
естен шығарып, баланың ішкі жан дүниесіне толықтай
үңілуіне қол ұшын береді.
Сара Алпысқызы Назарбаева
«Ӛзін-ӛзі тану» рухани-адамгершілік білім беру
бағдарламасының авторы

«Ӛзін-ӛзі тану» пәнін оқыту мақсаты – рухани-
адамгершілік құндылықтарға негізделген ойы, сӛзі, ісі
бірлікте ӛмір сүретін, кемел мінезді адамды дамыту.
Мұғалімнің рӛлі оқушының ішкі әлеуетін, оның рухани-
адамгершілік құндылықтар негізіндегі жоғары адамгершілік
мәнін ашуға жағдай жасау болып табылады.
Ӛзін-ӛзі тану мұғалімі білімді дайын күйінде
ұсынбайды, оқытпайды, ол тек оқушылардың даму бағдарын
сыртқы әлемді зерттеуден ӛзінің ішкі жан-дүниесінің шексіз
әсемдігін ашуға бағыттайды.


Page 5

4
Сондықтан да қазіргі білім мазмұнындағы рухани-
адамгершілік тереңдікті, жалпыадамзаттық құндылықтар мен
адамгершілік қасиеттердің мәнін ашып, жарыққа шығару
міндеттері туындап отыр.
Оқу пәнінің негізгі міндеттері:
– оқушыларды ӛзін-ӛзі тануға және үнемі ӛзін-ӛзі
жетілдіруіне шабыттандыру;
– ойы, сӛзі және іс-әрекеті бірлігінің негізін қалау;
– оқушылардың жалпыадамзаттық құндылықтардың
мәнін түсінуіне ықпал жасау;
– оқушылардың отбасындағы, ұжымдағы және
қоғамдағы ӛз рӛлін ұғынуына кӛмектесу;
– табиғат, адам және қоғамның ӛзара тәуелділігін
ұғынуға әсер ету;
– әртүрлі оқуда және ӛмірлік жағдайларда әлеуметтілік
және адамгершілік іс-әрекеттер жасау тұрғысынан тәжірибелі
болуын қалыптастыру.
Пән мазмұны арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды
жарыққа шығару, рухани-адамгершілік қасиеттерді дамыту
және ашуда үйлесімді тұлға дамытудың тұтас үдерісінің түрлі
жақтары, адамның қоғамдағы рӛлі, адам мен табиғат, Әлемнің
бірлігі және үйлесімінің мәні; басқа адамдармен қарым-
қатынас мәдениетіне тәрбиелеу қамтамасыз етіледі.
Оқыту интербелсенді әдістеме негізінде жүретін пәннің
ӛзіндік ерекшеліктерін есепке ала отырып, әрбір сыныптағы
оқушылар құрамын екі топқа бӛлу қарастырылған. Топқа
бӛлу мұғалім үшін оқушылардың тұлғалық, рухани ӛсуінің
ішкі динамикасына неғұрлым мұқият назар аударуына,
білімдік үдеріс субъектілерінің толықтай диалогін
ұйымдастыруына жағдай туғызады, сонымен қатар оқушылар
үшін сабақта талқыланатын мәселелер бойы нша ӛз


Page 6

5
кӛзқарасын, пікірін білдіруге, ӛз қабілеттерін барынша ашуға,
қызығушылықтарын дамытуға, ӛзіне және қоршаған әлемге
құндылықтық қатынасын қалыптастыру мүмкіндіктерін
қамтамасыз етеді.
Білім берудің мақсаты – баланы жан-жақты біртұтас
дамыту. Білім беру үдерісінде баланың жеке тұлғасын
физикалық және интеллектуалдық аспектісі тұрғысынан
дамытып қана қоймай, ең әуелі баланың жоғары рухани-
адамгершілік болмысын ашу қажет.
«Ӛзін-ӛзі тану» пәнін оқыту әдістемесінің
қағидаттары
 Гуманистік бағыттағы қағида.
 Жалпыадамзаттық құндылықтар қағидасы.
 Әлеуметтік ынтымақтастық қағидасы.
 Ұлттық мұра қағидасы.
 Табиғи сәйкестілік қағидасы.
«Ӛзін-ӛзі тану» пәнін оқытудың шарттары
 Сүйіспеншілік, сенім, шығармашылық шабыт
атмосферасын құру, ӛзін-ӛзі зерделеуге, ӛзін-ӛзі интуитивті
түрде ұғынуға жағдай жасау.
 Рухани-адамгершілік білімін мектептің тұтастай
педагогикалық үдерісіне интеграциялау.
 Рухани-адамгершілік білім беру үдерісінде тек
жағымды және ізгі әдістерді қолдану қажеттілігі.
Базалық білім мазмҧны
«Ӛзін-ӛзі тану» пәнінің 11-сыныптағы базалық мазмұны
тӛмендегідей тӛрт негізгі тарауды қамтиды.
1. «Таным жолында»,
2. «Тҧлғаның қалыптасуы»,
3. «Қоғамдағы ӛмір»,
4. «Адамзат әлемі».


Page 7

6
«ӚЗІН-ӚЗІ ТАНУ» ПӘНІ БОЙЫНША
11-СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК
КЕШЕН МАЗМҦНЫ

«Ӛзін-ӛзі тану» пәні бойынша 11-сынып оқушыларына
арналған оқу-әдістемелік кешен (ОӘК) құрамына «Оқулық»,
«Мұғалімге арналған әдістемелік құрал», «Оқушы дәптері»
кіреді. Оқу-әдістемелік кешеннің барлық құрамдары ӛзара
байланыста сабақта және үйде білімді меңгеру үшін
қолданылады.
Оқу бағдарламасында ӛзін-ӛзі тану сабақтарын оқытуға
аптасына бір сағаттан, барлығы 34 сабақ ұйғарылған.
Оқу материалдары тӛмендегідей жүйеленіп, тӛрт тарау
бойынша берілген:
«Таным жолында» – 8 сағат;
«Тҧлғаның қалыптасуы» – 8 сағат;
«Қоғамдағы ӛмір» – 8 сағат;
«Адамзат әлемі» – 10 сағат.

«Таным жолында» атты бірінші тараудың тақырыптары
оқушылардың жалпыадамзаттық құндылықтардың
ерекшелігін саналы сезіну арқылы ӛзіндік бірегейлігін ұғыну
мақсатын кӛздейді. Адамның ӛзімен-ӛзі және қоршаған
ортамен үйлесімді қарым-қатынас орнату қабілетін дамытуға,
ӛзінің эмоциялық күйін басқара алу білігін дамытуға, тұлғаны
жетілдіру жолдарына, идеалды іздеу, мінез -құлықты
тәрбиелеу, жауапкершілік, намыс пен абырой тәрізді
қасиеттерін дамыту қажеттілігі туралы сӛз қозғалады.
Бағдарламада оқушылардың адамның ішкі әлемі, тұлғалық
қасиеттерінің жан-жақтылығы, ӛмірлік ұстанымы, ӛзіне


Page 8

7
сенімі, сезімі сияқты ұғымдардың мәнін түсінуіне мүмкіндік
беріледі. Адамның шыдамдылығы, кӛңіл-күйін басқара білуі
тәрізді жағымды жағынан кӛрінуі қарастырылады.
Бағдарламада сонымен қатар адамның діни наным-сенімінің
бостандығы және басқа адамдардың діни сезімдерін
құрметтеп, тӛзімділік таныту мәселелеріне де назар
аударылған.

«Тҧлғаның қалыптасуы» тарауының тақырыптарында
оқушылардың дүниетанымын олардың әлемге ашық бола
білу, әлемді тану мен түсіну және әлемде жоғары
адамгершілік ұстаныммен қатынас жасай алу қабілеттерін
дамыту арқылы кеңейту кӛзделген. Бағдарламада адамның
ішкі әлемі, оның шынайы арналғандығы, тұлғаның рухани
кемелденуі тәрізді мәселелердің тереңдігін ашу мүмкіндігі
берілген.

«Қоғамдағы ӛмір» атты үшінші тараудың тақырыптық
жоспары оқушылардың жағымды ойлау дағдылары мен
адамдар арасындағы қарым-қатынас барысында туындайтын
этикалық ӛмірлік қайшылықтарға саналы түрде, байыппен
қарау дағдыларын дамытуға бағытталған. Жоғары сынып
оқушыларына есею кезеңіне қадам басқан және ӛз
жақындары, сыныптастарының ғана емес, сонымен бірге
болашақ курстастары мен жұмыстағы әріптестерінің
ортасында да ғибратты жағдай қалыптас тыруда
жауапкершілік шегін сезінетін адам тұрғысынан
отбасындағы, ұжымдағы және қоғамдағы рӛлі туралы ӛз
кӛзқарасын реттеуіне тура келеді. Тарауда бағдарлама
бойынша оқушылардың қоғамға қызмет етуі, тең дәрежелілік


Page 9

8
пен әділдік туралы, ер адам мен әйел адамның әлеуметтік рӛлі
туралы түсініктерін дамыту және тұлғаның ӛзіндік
қалыптасуы, дүниетаным тәрізді ұғымдармен танысуы
кӛзделген. Отбасын құру мәселелері және отбасының адамзат
қоғамының негізі ретіндегі маңызын түсіндіруге айрықша
назар аударылады. Адамның отбасындағы рӛлі, міндеттері
мен жауапкершіліктері егжей-тегжейлі қарастырылады.
Аталған тараудың негізге алынатын желісі – адамның
болмысынан қайырымдылық жасауға итермелейтін, түп негізі
сүйіспеншілік болып табылатын ӛз табиғатын ұғынуы
идеясы.
«Адамзат әлемі» атты тӛртінші тарауда оқушылардың
адамзаттың мәдени мұраларына ізгілікті қатынасын
дамытуға, ӛздерінің адамдық болмысы мен ақиқатқа жетудің
ӛзіндік жолын ұғынуына алғышарттар жасалған. Аталған
тараудың мазмұны мен оқыту әдістері маңызды адамдық
ақиқатты оқушылардың жалпыадамзаттық құндылықтар
туралы мәліметтерді, адамзаттың тарихи, мәдени және рухани
жолын түсінуін, адамның бүгінгі және болашақтағы
мұраттарын тереңірек түсініп қорытындылап, жүйелеу
арқылы тұжырымдауын кӛздейді. Бұл тараудың
бағдарламасын зерделеу жоғарғы сынып оқушыларының
басты адами құндылықтарды адамзаттың тарихи, мәдени
және рухани жолы туралы мәліметтерді жинақтау және
жүйелеу жолымен, оның қазірі мен болашағы, адамның
жоғары басымдықтарға ие екендігін терең ұғынуы арқылы
жүзеге асырылатындығы пайымдалады. Бейбітшілікке және
адамдар арасындағы келісімге қол жеткізудің қажетті шарты
ретіндегі адамдарды біріктіретін ауызбіршілік туралы
оқушылардың түсініктерін дамытуға ерекше кӛңіл бӛлінеді.


Page 10

9
Аталған тарау орта мектептегі ӛзін-ӛзі тану курсының
қорытынды бӛлімі болып табылады және әр оқушының ұлан-
байтақ ӛмірлік кеңістіктегі ӛз рӛлін, адамзаттың тұрмыстық
міндеттерін атқарудағы алатын ӛзіндік орнын және әркімнің
еңбегіне, дарынына және шығармашылығына сұраныс
болатындай болашақты құруды ұғына алуларына
бағытталған. Осының барлығы жоғары сынып оқушыларына
адам үшін маңызды «бақыт» деген түсініктің мәнін ұғынуына
кӛмегін тигізеді.


Page 11

10
«ӚЗІН-ӚЗІ ТАНУ» ПӘНІ БОЙЫНША 11-СЫНЫПҚА
АРНАЛҒАН ОҚУ -ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
(34 сағат, аптасына 1 сағаттан)
Тарау
дың
атауы
Сабақ

Сабақ
тақырыптары
Мазмҧндық негізі
I
Таным жолында

1-2 Ӛмір –
танымның кӛзі
Жалпыадамзаттық
құндылықтар – танымның
мақсаты. Адами таным
бастаулары.
3-4 Іздеген жетер
мұратқа…
Адамзаттың ізгілікті
мұраттары. Адамның
мұраты – мінез-құлқы мен
тәртібін анықтайтын образ.
Жасӛспірімдердің
құндылықты бағдарлары.
5-6 Адам –
жасампаз
Адам – парасаттылық,
мәңгілік, қайырымдылық
иесі. Ар-ұждан даусын
тыңдау. Ӛзін-ӛзі тану және
ӛзін-ӛзі дамыту – адам
қалыптасуының қажетті
шарты.

7-8 Ӛзіңмен
үйлесімдікте
Ӛмірлік мақсаттар. Рухани-
адамгершілік білімнің адам
ӛміріндегі маңызы. Ӛмірлік
жолды таңдаудағы
адамгершілік бағдарлары.


Page 12

11
II
Тҧлғаның қалыптасуы

9-10 Тұлғаның
адамгершілік
негіздері
Жалпыадамзаттық
құндылықтар – адамның
қоғамдағы тәртібін
анықтайтын адамгершілік
нормаларының негізі.
Сезімдерді тәрбиелеу.
Ӛзінің эмоционалдық кӛңіл-
күйі және қылықтарын
объективті бағалау.
11-12 Мінез-құлықты
тәрбиелеу
Күнделікті ӛмірдегі риясыз
сүйіспеншілік кӛрінісінің
маңызы. Рух күші. Адамның
абыройы. Ӛзін-ӛзі
құрметтеу. Ар-ұждан –
адамгершілік ӛлшемі.
Қоғамға риясыз қызмет
етудің практикалық
дағдылары.
13-14 Адамның
рухани саулығы
Ӛмір және денсаулық
құндылықтар ретінде.
Руханилық – дене
саулығының шарты. Дені
сау адам. Дені сау ұрпақ.
Саламатты ӛмір салты
тәжірибесі.
15-16 Ӛзін-ӛзі
жетілдіруге
ұмтылыс
Тұлғалық ӛсудің болашағы.
Сыртқы кӛрініс пен ішкі
мазмұнның үйлесімділігі.


Page 13

12
III
Қоғамдағы ӛмір

17-18 Тұлғаның
әлеуметтік
рӛлдері
Әйелдің ӛмірлік парызы. Ер
адамның отбасындағы және
қоғамдағы рӛлі. Қазіргі
заман адамының әлеуметтік
рӛлдерінің кӛпқырлылығы.
19-20 Отбасы –
руханилықтың
кӛзі
Қоғамдық құрылыстағы
отбасының маңызы.
Отбасындағы жағымды
қарым-қатынас құндылығы,
ата-ана алдындағы
адамгершілік парыз.
Отбасының адамгершілік
бастаулары – отбасы
бақытының негізі.
21-22 Адамдар
арасында ӛмір
сүру ӛнері
Ұжымның адам ӛміріндегі
рӛлі. Ӛз міндеттеріне
кӛзқарас.
Ұжымдағы ӛзара қарым-
қатынас ерекшеліктері.
Ынтымақтаса білу іскерлігі.
23-24 Қоғамдағы
бейбітшілік
және келісім
Жалпыадамзаттық,
этномәдени және ұлттық
құндылықтардың маңызы.
Әртүрлі халықтардың
мәдениетіне, тіліне,
дәстүрлеріне құрмет. Қиянат
жасамау қағидаттары
негізінде ӛзімен және
қоршаған әлеммен үйлесімді
қарым-қатынастар жасау.


Page 14

13
IV
Адамзат

әлемі

25-26 Адамның
рухани
кемелденуі
Күнделікті ӛмірдегі риясыз
сүйіспеншілік кӛрінісі.
Жақсы мен жаманды
ажырата алу. Сүйген
жүректің мейірімділігі мен
жомарттығы.
27-28 Үлкен ӛмірге
жол
Адамгершілік нормаларына
сәйкес ӛмірлік мақсаттарға
жету жолдары. Ӛмірдегі
жасампаздық – адам
дамуының қажетті шарты.
«Ӛмірің ӛз қолыңда».
29-30 Ӛмір жолын
таңдау
Мамандық таңдауға
даярлық. Кәсіби іс-әрекеттің
адамгершілік негіздері.
31-32 Адамзаттың
даналығы
Мәңгілік жалпыадамзаттық
құндылықтар – ӛмірдің
негізі. Таным – ақиқатқа
апарар жол. Ӛтілген
материалдарды
қорытындылау.
33-34 Шығармашылы
қ есептер
Шығармашылық жобаларды
қорғау.


Page 15

14
ӚЗІН-ӚЗІ ТАНУ САБАҚТАРЫН ОҚЫТУДЫҢ
ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Әдістемелік тәсілдердің жіктемесі:
 Сабақтың дәйексӛзі (жағымды ой-пікір)
 Оқып ҥйренейік
 Жаңа ақпарат
 Шығармашылық жҧмыс (ойындар, сахналау, дӛңгелек
үстелдер, плакат жасау, сурет салу, ӛлең құрастыру, ән шығару
және т.б.).
 Жҥректен жҥрекке

Дәйексӛз
Дәйексӛз сабақтағы жекелеген әдіс ретінде ғана емес,
сондай-ақ оқушының күнделікті ӛмірінің бӛлінбес бір бӛлігі
болуы тиіс. Адамзаттың рухани ұлы ұстаздарының мұраға
қалдырған білімдері, ұлы ойшылдардың айтқан дана сӛздері
ӛмір бойы есте қалып, шабыт береді, ӛмірлік ұстанымы болары
анық. Егер оқушылар дәйексӛздерді жатқа айтса, нұр үстіне нұр.
Балалар дәйексӛздерді күнделікті ӛмірінде тәжірибеде қолдана
алады, тілдері де байи түседі.
Дәйексӛздерге мыналар жатады: ой-пікірлер, мақал-
мәтелдер, нақыл сӛздер, ұлағат сӛздер және т.б.
Дәйексӛздер адамды жақсы ойға шабыттандырады;
жанына нәр береді; ӛзіне сенімін арттырады; ӛз айқындамасын
бекітуге, ұстанымында тұра білуге кӛмектеседі, рухани білім
береді.
Дәйексӛздер арқылы жасалатын жұмыс түрлері мен
ойындар: дәйексӛзді жалғастырып айту; дәйексӛзді жаттау;
дәйексӛздің мағынасын ашу; қиынды суреттердің (пазлдар)
сыртына жазылған дәйексӛзді құрау; берілген сӛз, сӛз тіркесі


Page 16

15
арқылы дәйексӛз құрау; ән түріндегі дәйексӛздер; даналық
карточкалары; қазыналы сандықша және т.б.
Сабақтың дәйексӛзі ұзақ, күрделі болмауы тиіс, бір
дәйексӛзді екі сабақта қолдануға болады, сонда балалар оны
жақсы еске сақтайды.
Дәйексӛздерді күнделікті ӛмірде де қолдану оқушылардың
түпкі саналарын тазартады.
Мұғалім сабақтың мақсатына сәйкес келетін нақыл сӛзді
тақтаға жазып қоюы керек. Сабақтың дәйексӛзін сыныптағы ұл
балалар, сосын қыз балалар жеке-жеке дауыстап оқиды. Балалар
оларды есте сақтау, түпкі санада сақталуы үшін бірнеше рет
дауыстап айтады. Сабақтың дәйексӛзін дәптерге жазады.

Оқып ҥйренейік
Сабақта ұжымдық тыңдауға жайлы жағдай тудыратын
маңызды ойлау және тілдік әрекет ретінде қолданылатын әдіс.
Мұндай әдіс ежелден-ақ ұрпақтан-ұрпаққа ақпарат тарату
құралы болып саналады.
Аңыз әңгімелерді айту ӛнері оқушыларды терең рухани-
адамгершілік әңгіме үдерісіне тарта білу тәсілі болып табылады.
Оқиға мазмұнындағы ерлік, батырлық, батылдық,
жүректілік, қайсарлық, адалдық, әділеттілік, беріктік қасиеттері
бала мінезін дамытуға әсерін тигізеді.
Оқиғадағы бір немесе бірнеше жалпыадамзаттық
құндылықтардың суреттелуі, ӛмірлік құндылықтар мен
адамгершілік қасиеттердің дәріптелуі олардың тәжірибелік
қырларын ашады. Оқиғаны әңгімелеп айту кезінде балалар
тыңдау мен естуге, сезіну мен түсініп-түйсінуге, ойлану мен
пайымдауға үйрене отырып, руханилыққа терең бойлап,
адамгершілік қасиеттерді бойларына сіңіреді.


Page 17

16
Сабақтың үстінде әңгімелеу үлкен рӛл атқарады және
әрбір адамның ішкі дүниесіне тән құндылықтарды анықтауда
маңызы зор. Әңгіме аяқталғаннан кейін мұғалім бірінші
мәтіннің мазмұны бойынша әңгімені мұқият тыңдағандарын
білу үшін сұрақтар қояды. Содан соң әңгіменің құндылық мәнін
ашатын 2-3 сұрақ қояды, кейін балалардың ӛз ӛмірінен сол
құндылықтарға қатысы бар мысалдар келтіретіндей сұрақтар
қояды. Мұғалім ӛзінің пікірін айтпай, тек қана балалардың
жауаптарын түзету мақсатындағы нақты сұрақтар арқылы
бағыттап отырады.

Жаңа ақпарат
«Жаңа ақпарат» айдарында оқушылар сабақ тақырыбы
бойынша, сабақтың құндылығы мен қасиеті туралы білімдерін
кеңейтеді. Оқу ақпаратында берілетін білім оқушылардың сабақ
мазмұнындағы құндылық пен адамгершілік қасиеттердің мәнін
жан-жақты ашып, олардың санасында орнығуына мүмкіндік
туғызады. Оқу ақпараты жинақталған, түйінді ой-пікірлерді
оқушының ұғып алуына, күнделікті ӛмірде іс жүзінде
қолдануына септігін тигізеді.

Шығармашылық жҧмыс
Бұл әдіс құндылықтар негізінде шығарма, эссе, оқиға,
әңгіме, ӛлең, мақал-мәтел, әндер жазу және т.б. Шығармашылық
жұмыстардың түрлері: жазба жұмыстары, жобалау жұмыстары,
рӛлдік ойындар, ойындар, оқиғаны суреттеу, сахналау, кӛрме
ұйымдастыру, қызықты адамдар ӛмірімен танысу, кәсіби
мамандармен кездесу, теле-радио хабарламалар дайындау және
т.б. Шығармашылық жұмыстар – ӛзін-ӛзі тану сабақтарының
әдістерінің бірі.


Page 18

17
Жоба әрекеті
«Ӛзін-ӛзі тану» пәнінің жаңартылған мазмұнды
бағдарламасы оқушылардың қоғамға қызмет ету арқылы
ӛздерінің «Меніне» жетудегі зерттеушілік және шығармашылық
ізденістерінің негізінде құрылған жаңа білім беру
технологияларын әзірлеу мақсатын кӛздейді. Жоба әдісі оқу-
танымдық әрекетін ұйымдастырудың бір тәсілі ретінде ӛзін-ӛзі
тану мұғалімдерінің тәжірибесінде кеңінен қолданылуда.
Оқушылардың негізгі құзіреттіліктерін, атап айтқанда
интеллектуалдық (зияткерлік), коммуникативтік, зерттеушілік,
жасампаздық құзіреттіліктерін дамыту мақсатында қолдану
үлкен қызығушылық туғызады.
«Ӛзін-ӛзі тану» пәнінің жаңартылған мазмұндағы
бағдарламасы оқушылардың қоғамға қызмет ету арқылы
ӛздерін тануға зерттеушілік және шығармашылық ізденістері
арқылы қол жеткізуін маңызды міндеттердің бірі ретінде
қарастырады. «Ӛзін-ӛзі тану» пәніндегі жоба жұмысы
оқушылардың интеллектуалдық (зияткерлік), коммуникативтік,
зерттеушілік, жасампаздық құзіреттіліктерін дамыту
мақсатында қолданылуы оқушыларда үлкен қызығушылық
туғызады. Білім беру үдерісінде жоба жұмысы, жобалау болған
жерде зерттеу мен нәтижелер де болады. Ал зерттеу жүргізу мен
одан нәтиже алу үшін оқушы мен мұғалімнің іс -әрекеті
жоспарлы түрде болуы тиіс. Жоба жұмысын ұйымдастырудағы
мұғалім мен оқушының іс- әрекеттеріне нақтырақ тоқтала
кетсейік.
Оқушының іс-әрекеті:
 Оқушы – оқыту субъектісі;
 Мақсатқа дербес ӛз іс-әрекетімен жетуші белсенді
субъект;
 Ӛзін-ӛзі және бір-бірін оқытушы;


Page 19

18
 Шығармашыл, жасампаз еңбек иесі,
 Ӛз ізденісімен дұрыс нәтижеге жетуші тұлға.
Мұғалімнің іс-әрекеті:
 Жеке тұлғаға қарай бағытталған ұсынушы, нақты мақсат
қоюшы;
 Бағыт-бағдар беруші, кеңесші;
 Оқушының жетістігін құптаушы;
 Ынталандырушы, мақсат қоюшы;
 Мақсаттарға жетелеуші.
Жоба жұмысы оқушыға тек қана білім жиынтығын беріп
қана қоймай, ӛз бетімен білім алуына, алған білімдерін түрлі
мәселелерді оңтайлы, адамгершілік нормаларға сәйкес шешуде
қолдануға мүмкіндік береді.
Жоба жұмысы нәтижеге жету үшін жоспарлау мен оның
әрбір кезеңдерін мақсатқа сәйкес дұрыс, нақты орындау
маңызды. Жоба жұмысын тӛмендегі алгоритм бойынша
ұйымдастыру керек.


Page 20

19
Жоба жұмысын ұйымдастыру алгоритмі

Жоба
жҧмысы
кезендері
Жҧмыстың
мазмҧны

Мҧғалімнің іс-
әрекеттері

Оқушыларды
ң іс-әрекеті

1. Дайындық
кезеңі

Жоба
тақырыбын
анықтау.

Бір бағыт
тӛңірегінде
оқушыларды
тақырып
таңдауға
ынталандырады.
Топтағы әрбір
оқушының
пікірін ескере
отырып
жұмысты
жоспарлауға
үйретеді.
Әр оқушы
ӛмірлік ӛз
тәжірбиесіне
сүйене отырып,
ӛз ойын ортаға
салады, бірігіп
жобаның түпкі
мақсатын
анықтайды.
2. Жоспарлау Топқа бӛлу.
Ақпарат
жинау және
талдаудың
жолдарын
кӛрсету.
Әрбір топ
мүшесі
алдындағы
жұмысын
анықтау.
Оқушыларды ӛз
бетімен ақпарат
жинауға
бағыттайды.
Әрбір топ
мүшесінің
пікірін ескере
отырып,
ұжымдық
талқылау
шешімін
тыңдайды,
қажет болса ӛз
ойымен
бӛліседі.
Оқушылардың
Топ арасында
әркімнің
атқаратын
қызметін
анықтайды, ӛз
тақырыптарын
анықтау жұмыс
істеу кезеңдерін
жоспарлап,
бірінші
нәтижеге жету
уақытын
белгілейді.
«Қоғамдық»
тапсырманы
орындауға


Page 21

20
жобы бойынша
күнделігін
тексереді.
дайындығын
кӛрсетеді.
3.Зерттеу
жҧмысы
Ақпарат
жинау,
аралық
нәтижені
талдау,
зерттеудің
негізгі
құралдары:
сұхбат,
анкета
бақылау,
алынған
түрлі
ақпаратты
талдау.
Жоба күнделігін
бақылап, әрбір
жетекшімен
және топ
мүшелерімен
жеке-жеке
сӛйлесу, талдау,
нәтижені
салыстыру
арқылы алдағы
жұмысқа бағыт
беру.
Жеке және
жұптық жұмыс,
анкета
сұрақтарын
құрастыру.
Қажет болса
сценарий жазу,
қоғамдық
ұйымдармен
қарым-қатынас
қалыптастыру.
Білім, білігін
кеңейтеді, түрлі
қоғамдық
жұмыстармен
танысады,
шығармашылы
қ, белсенділік,
талаптылық
қасиеттерін
кӛрсетеді.
4.Нәтижені
талқылау
Ақпаратты
талдау,
шешім
шығару,
тұсаукесерді
ң қандай
түрде
ӛтетінін
жоспарлау.
Бақылайды,
кеңес береді.
Топ ішіндегі
жеке
оқушылардың
еңбегін бағалай
отырып, бірігіп
қорғау үшін
ынтымаққа бір-
біріне деген
сыйластыққа
шақырады.
Топ
арасындағы
әркімнің рӛлін
анықтап,
алынған
ақпараттың
арасынан ең
негізгіні
белгілеп
жазады.
Проблемалық
сұрақтарды


Page 22

21
Тұсаукесерге
келетін қонақтар
тізімін жазады,
қажетті аудио-
видеотехниканы
жабдықтайды.
анықтап, оны
бірге шешуге
дайындалады.
5.
Жҧмыстың
тҧсаукесері
Тыңдайды,
проблемалық
сұрақтарды қоя
отырып,
оқушыны
сӛйлетуге
мүмкіндік
жасайды.
Алынған
нәтиже туралы
есеп береді.
Бір-бірін
мұқият
тыңдайды,
тілектес,
ниеттес
болады, сӛйлеу
мәдениетін
ескере отырып
бір-бірінің
ойларын
жалғастырып
отырады.
6. Бағалау
және
жоспарлау
Шығармашылық
жұмысты
бағалайды,
еңбек иелерін
алдағы үлкен
мақсаттарға
жетелейді.
Ұжымды
талқылай
отырып бір-
біріне, ӛздеріне
шынайы баға
береді, рухани
қолдау
танытады.
Алдағы
жұмыстарды
бірге
жоспарлайды.


Page 23

22
Тестілеу
Тестілеу – оқушының не ұққанын тексеріп қана қою үшін
емес, сонымен қатар мұғалім ретінде біздің не бергендігімізді
білуге болатын нағыз пайдалы тәсілдің бірі.
Тестілеудің негізгі мақсаты – оқушылардың құндылық
категориялары қалай ӛзгереді және оған деген оқушылардың
кӛзқарасын анықтау. Егер нәтиже қуантарлықтай болмаса,
оқушыларға түсініксіздік туғызған құндылықтарды басқаша
түрде түсіндіріп қайта ӛту керек. Алайда оқушының дамуына
отбасының маңыздырақ екендігін, кейбір оқушылар үнемі
тестінің «дұрыс емес» жауабын таңдайтынын мұғалім ескеруі
керек. Бұл жағдайда оқушының отбасылық жағдайын білу, оның
үйінде қандай қиындықтар мен мәселелер бар екенін білуге
тырысу – мұғалімнің парызы. Тек қана мұғалімнің түсіністігі,
тӛзімділігі, сүйіспеншілігінің арқасында оқушыға эмоциялық
кедергілерін жеңуге кӛмек беруге болады.
Мұғалім ӛтілген сабақтың тақырыбына сай үш жауабы
болуы мүмкін белгілі бір сұрақты береді. Оқушы оның қайсысы
жауабы (а, ә, немесе б.) болатынын ӛзі таңдайды.
Тестілеудің осындай түрлері оқушыларды адал болуға
ынталандырады. Кӛптеген оқушылар қайсысы дұрыс жауап
екенін біледі, тіпті тәжірбиеде оны қолдана алмаса да, сол
жауапты таңдайды. Ӛзін шын бағалаған оқушыны олар тіпті
жақсы жауап бермегеннің ӛзінде мадақтау керек.
Тестілеудің сабаққа берері: ӛзіндік сана-сезім, ӛз-ӛзінің
алдында адал болу, жақсы мен жаманның арасындағы
айырмашылықты кӛре білу, мұғалім жұмысының бағасы.

Жҥректен жҥрекке
Мұнда құндылықтар негізіндегі әндер айтылады және
ӛлеңдер оқылады. Бұл әдісті қолдану құндылықтардың ықпалын
тереңдетеді. Балалардың жүрегін қуанышқа, шаттыққа бӛлейді.


Page 24

23
Кӛңіл күйін кӛтереді. Денсаулығын жақсартады. Ақылын, ойын,
сезімін шабыттандырады.
Күнделікті сабақ тақырыбына сәйкес ӛлең мазмұны мұқият
таңдалып алынса, оқытып жатқан құндылықтардың мәнін
ашудың тиімділігін арттырады.
Бірге қосылып ән айту біртұтастықты сезіндіреді.
Ӛзін-ӛзі тану сабағын ӛткізуде сабақтың басында жағымды
күйге енгізу үшін музыканы пайдалану ӛте тиімді. Музыка
оқушылардың зейінін шоғырландыруға мүмкіндік береді.
Осы мақсатта классикалық музыка мен қазақтың күйлерін
пайдаланған дұрыс.
Шығармашылық жұмысқа арналған музыка.
Музыка шығармашылыққа ынталандырады, сондықтан
оқушылардың шығармашылықпен айналысу сәтінде (сурет салу,
жапсыру, шығарма жазу) баяу музыканы қосып қойған дұрыс.
Ән салу терең тыныс алуды және ырғақты болуды
қалыптастырады, бұл денсаулыққа пайдалы. Ол сол сияқты
ӛзіндік тәртіптің болуын жақсартады, ӛйткені ән салғанда отыру
немесе тік тұру, түзу тұру, қозғалмау, дауыстың бар күшімен
үзілмей шығуы үшін тәртіпке үйренеді. Хормен ән айту
балаларды ӛзара әрекеттестікке және бір топта жұмыс істеуге
үйретеді. Ол зейін мен жадыны дамытуға кӛмектеседі. Музыкаға
негізделген сабақты немесе құндылықтың мазмұнын есте
сақтауды жеңілдетеді. Егер ән әуезді болса жеңіл есте қалып, ән
біздің ішкі дүниемізде ұзақ уақыт айтылып, сабақта ӛтілген
құндылық маңызын күшейтеді.
Ӛзін-ӛзі тану сабақтарында қолдануға ҧсынылған
әндер Ozin-ozi-tanu.kz интернет-порталы, «Оқушыларға»
бӛлімі, «Білім әлемі» айдарындағы «Әуезді кӛл» аясына
салынған.



Page 25

24
Алдын ала оқу жҧмысы
Алдын ала оқу тапсырмасы ретінде келесі сабақтың мәтіні
үйге оқуға тапсырылады. Оқушылар үйде бүгінгі сабақтағы
ӛсиет әңгіме, аңыз, ертегі, мысал әңгіме, оқиға мазмұнын алдын
ала біліп келеді.
Мәтінді талқылатуда алдымен мәтіннің мазмұндық желісі
бойынша мұғалім ӛз тарапынан ойластырылған сұрақтарды
балаларға қояды. Мәтін бойынша берілген сұрақтарды
оқушылармен бірге талдайды. Сосын оқулықта ұсынылған
мәтіннің рухани-адамгершілік тереңдігін ашатын, яғни оның
мазмұнындағы құндылықтар мен адамгершілік қасиеттердің
мәнін ашатын сұрақтарды қояды. Содан соң сұрақты мұғалім
баланың ӛзіндік ӛмір тәжірибесіне байланысты қояды. Мұнда
балалар ӛз ӛмірлерінен мысалдар келтіріп айтады.
Ал мұғалім бүгінгі сабаққа әңгімелеу үшін жаңа мәтін
әкеледі.
Сабақты жоспарлау бойынша ҧсынымдар
1. Тақырып оқулықтан алынады. Мұғалімнің шығармашылық
қатынасы маңызды. Мұғалімнің үйден дайындап әкелетін жаңа
мәтіні:
• Сабақтың мақсатында жалпыадамзаттық құндылық
сабақтың тақырыбымен байланысты кӛрініс табуы тиіс.
• Сабақтың міндеттерінде (білімдік, дамытушылық,
тәрбиелік) таңдап алынған жалпыадамзаттық құндылыққа
сәйкес қасиеттер кӛрініс табуы тиіс.
Сабақта кӛрнекі қҧралдарды пайдалану
Кӛрнекі құралдар әрбір сабақта пайданылады. Барлық
сабақта бірдей талап етілетін сабақтың кӛрнекі құралдары:
күнделік, оқулық, дәптер, пенал, бейджик. Сонымен қатар
күнделікті сабақтың мазмұнына сай қажетті кӛрнекіліктер
болады.
Сабақ мазмұнына сәйкес фильмнен үзінді, мультфильмдер
кӛрсету, музыка қою, слайдтар кӛрсету үшін қажетті


Page 26

25
техникалық құрал-жабдықтар қажет. Электронды тақта,
музыкалық аппарат, тіпті болмаса магнитофон, теледидар т.б.
сабақтың құрал-жабықтарына жатады. Атап айтқанда, сурет
салу үшін плакат, А4 мӛлшерлі қағаз, бояулар, түрлі-түсті
қарындаштар, фломастер, жай қарындаш, сызғыш, ӛшіргіш,
қайшы, желім, үлестірмелі, таратпалы заттар және т.б. Сахналау
жұмыстарына, жағдаяттарды шешімін кейіптендіріп кӛрсету
үшін қажетті құралдар керек болады.

Дәптермен жҧмыс
«Оқушы дәптері» оқу-әдістемелік құралдың құрамына кіреді.
Дәптермен жұмыс күнделікті сабақта жүргізіледі. Негізінен
оқулықтағы шығармашылық іс-әрекет, топпен жұмысқа арналған
жазу мақсатындағы тапсырмалар дәптерде орындалады. Мұғалім
сабақта дәптермен жұмыс жүргізуді ӛзі ұйымдастырады. Сабақ
кезінде үлгермеген жағдайда дәптермен жұмысты үй тапсырмасы
ретінде беруге болады. Сондай-ақ жоба жұмыстарын орындауға
дәптерде арнайы «Жоба күнделігі» парақшалары берілген.
Дәптер оzin -ozi-tanu.kz интернет -порталы,
«Оқушыларға» бӛлімі, «Электронды кітапхана» айдарына
салынған.

Кҥнделікті сабақ жоспарын қҧру
Әдістемеде оқу материалдарын оқытудың әдістемесі
оқулықтың жүйесімен беріліп отыр. Ал мұғалім әрбір тақырып
бойынша сабақты күнделікті сабақ жоспарына лайықтап түзеді.
Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша күнделікті сабақ
жоспарын құрудың үлгісі ұсынылып отыр. Мұндағы сабақтың
құндылығы, қасиеттер, сабақтың мақсаты, міндеттері әдістемедегі
әрбір сабақты оқытуда анық кӛрсетілген. Мұны мұғалім толықтай
күнделікті сабақ жоспарына ендіріп, қолдана алады.


Page 27

26
САБАҚ ЖОСПАРЛАРЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҤЛГІЛЕРІ

І тарау
ТАНЫМ ЖОЛЫНДА

1-2 сабақтар
ӚМІР – ТАНЫМНЫҢ КӚЗІ

Бұл сабақта мұғалім оқушылардың ӛмірді жалпыадамзаттық
құндылықтар негізінде тануына мүмкіндік жасайды.
Мұғалімдерге әдістемелік жағынан ескертетін нәрсе:
әрбір тақырып екі сағатқа арналған. Мұндағы сабақтың
мақсаты мен міндеттері екі сабаққа ортақ болады. Сондай-
ақ сабақтың дәйексөзі де екі сабаққа ортақ. Әрбір тақырып
бойынша екінші сабақ сабақтың дәйексөзі мен алдын ала оқу
бойынша үйге берілетін екінші мәтіннен басталады.
Мұғалім оқытпас бұрын баланы жақсы кӛру, құрметтеуі
тиіс екенін есінен шығармауы керек, барлық үдерісте осыны
басшылыққа алуы тиіс. Рухани-адамгершілік білім беру – адамның
ішкі жан дүниесінде болатын ӛзгеріс екенін ескерсек, адам жан
дүниесі сүйіспеншілік болғанда ғана ӛзгеріске түсетінін ұмытпауы
керек.
Сабақтың мақсаты: оқушыларға ӛмірді жалпыадамзаттық
құндылықтар негізінде тану – бақытты ӛмір сүру негізі екендігін
ұғындыру.
Сабақтың міндеттері:
– ӛмірді жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тануға
баулу;
– адамгершілік қасиеттерін дамыту;
– ӛмірде жалпыадамзаттық құндылықтарды ұстана білуге
тәрбиелеу.


Page 28

27

Дәйексӛз
Мұғалім оқушыларды оқулықтағы сабақтың дәйексӛзімен
таныстырады. «Дүниенің кӛзі, тұтқасы, түп негізі – заттық нәрсе
емес, рухани дүние» деген Платонның нақыл сӛзі екі сабаққа
ортақ дәйексӛз болып табылады. Дәйексӛзді алдымен мұғалім
ӛзі оқып береді. Мұғалім оқушылардан дәйексӛздің мағынасын
қалай түсінетіндерін сұрайды. Оқушылардың жауабын тыңдаған
соң, мұғалім балалардың жауабына сүйене отырып, ӛзі
қорытынды жасайды.

Оқып ҥйренейік
Оқулықтағы «Оқып үйренейік» айдарында ұсынылған
әңгімелеу немесе оқиға айту алдын ала оқуға, үй тапсырмасы
ретінде беріледі.
Мұғалім әрбір сабаққа басқа дереккӛздерден сабақтың
құндылығы мен қасиеттеріне сәйкес, яғни сабақта қойылған
мақсат-міндеттерге сай әңгімелеу немесе оқиға айту
материалын алып келеді. Мұғалім әңгіме, аңыз, ертегі, оқиға,
ӛсиет әңгіме, мысал әңгіме және т.б.оқу материалын таңдау кезінде
оның мазмұны сабақтың тақырыбына, яғни ондағы құндылық пен
қасиеттердің мәнін ашатынына ерекше назар аударуы тиіс.
1-сабақтағы «Оқып үйренейік» айдарында ұсынылған
Абайдың Жетінші қара сӛзі алдын ала оқу бойынша үйде оқуға
ұсынылуы тиіс еді. Алайда, бұл алғашқы сабақ болғандықтан,
мұғалім ӛзі әңгімелеп айтып береді. Мәтін оқулықта берілген.
Мұғалім балалардың мәтіннің мазмұнын қалай түсінгендерін
білу үшін сұрақтар қояды. Алдымен мәтіннің мазмұндық желісі
бойынша мұғалім ӛз тарапынан ойластырылған сұрақтарды
балаларға қояды. Мәтін бойынша берілген сұрақтарды
оқушылармен бірге талдайды. Сосын оқулықта ұсынылған рухани-


Page 29

28
адамгершілік тереңдігін ашатын, яғни мәтін мазмұнындағы
құндылықтар мен адамгершілік қасиеттердің мәнін ашатын
сұрақтарды қояды. Ондай сұрақтар оқулықта мәтіннен соң
ұсынылған. Содан кейін сұрақты мұғалім баланың ӛзіндік ӛмір
тәжірибесіне байланысты қояды. Мұнда балалар ӛз ӛмірлерінен
мысалдар келтіріп айтады.
Оқулықтағы 2-сабақта «Оқып үйренейік» айдарында
ұсынылған Рыза Ақдемірдің «Он екі миллион» шығармасы
алдын ала оқу бойынша үй тапсырмасы ретінде оқып келуге
тапсырылады.

Шығармашылық жҧмыс
Оқулықтағы бұл айдар оқушылардың шығармашылық іс-
әрекеттер жасауына арналған. Оқушыларға ұсынылатын
тапсырмалар балаларды шығармашылық іс-әрекеттері мен
ізденістері арқылы ӛз қолынан келетін, ӛздері ойлап тапқан
жақсылықтарды жасауға баулиды. Мұнда оқушылар берілген
тапсырмаларды орындай отырып, ӛздерінің сабақта түсінгенін
кеңейтеді, бекітеді. Оқушылар практикалық тұрғыда жаттығып,
алған білім-біліктерін талдау, жинақтау, жалпылауға
дағдыланады. Осылайша ӛз бойларындағы құндылықтар мен
адами қасиеттерді іс жүзінде кӛрсете алуға мүмкіндік алады.
1-тапсырма бойынша оқушылар оқулықта берілген сӛздер
мен сӛз тіркестерін оқып, оларды «әлеуметік-биологиялық
қажеттіліктер», «рухани қажеттіліктер» тобына іріктеп, жіктеп
жазуы тиіс.
Тиісті сӛздер мен сӛз тіркестері: баспана, киім-кешек,
тамақ, ұрпақ қалдыру, материалдық қажеттіліктер, ар-ұждан,
жақсы мен жаманды ажырата білу, жалпыадамзаттық
құндылықтар, парыз, ізгілік, жауапкершілік, еркіндік, ӛмірдің
мәні, бақыт, абырой, ар-ұят, теңдік, сүйіспеншілік, ақиқат.


Page 30

29
2-тапсырма бойынша оқушылар «Адамгершіліктің қайнар
кӛзі – руханилық, ал адамгершілік оның сыртқы кӛрінісі болып
табылады» деген ойды кӛзқарас – себеп – мысал –
қорытындылау әдісін пайдаланып, талқылып, ӛз пікірлерін
айтады.
Оқулықта 3-тапсырма былай берілген: сӛздер мен олардың
анықтамасын салыстырыңдар. Әр сӛздің ӛзiне сәйкес келетiн
анықтамасын табыңыздар.
Ұғым Анықтамалары
1. Ақиқат
2. Дұрыс әрекет
3.Ішкі тыныштық
4. Сүйіспеншілік
5. Қиянат
жасамау
А. Ақиқаттан туындағанның барлығы,
ақиқат жолымен жүруден туындайды,
ӛзіңе, ӛзгеге, табиғатқа еш зиян келтірмеу
қағидасын ұстанады. Ол үшін табиғаттың,
моральдың және мемлекеттің заңдарын
білу, құрметтеу және орындау қажет. Ол
жүректен шығып, сосын сӛз ретінде
бейнеленетін және іс жүзінде
қолданылатын құндылық.
Ә. Бастапқы шынайылықтың мәңгілік мәні,
жаратылыс негізінде жатқан қасиеттер,
адам табиғатының бастауы. Ол уақыттың
үш кезеңімен: ӛткенмен, қазірмен,
болашақпен де шектелмейді. Материалдық
және рухани ӛлшемдерде ӛзгерістерге
ұшырамайды.
Б. Адам ақиқатты танып, сүйіспеншілікпен
дұрыс әрекет еткенде оның жан
дүниесінде болатын құндылық.
В. Барлық жүректерді, тіршілікті, барлық
кезеңдерді, ұлттарды, діндерді, күллі
табиғат пен бүкіл ғаламды біріктіруші
құндылық.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!