Материалдар / 11-сынып Д тарих 1,2,3,4 тоқсан БЖБ ЖМБ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

11-сынып Д тарих 1,2,3,4 тоқсан БЖБ ЖМБ

Материал туралы қысқаша түсінік
11-сынып Д тарих 1,2,3,4 тоқсан БЖБ ЖМБ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Мамыр 2024
43
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
700 тг 525 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады














«Дүниежүзі тарихы» пәнінен


тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы

жаратылыстану-математика бағыты

11-сынып





МАЗМҰНЫ

  1. тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты 3

  2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 3

  3. Күтілетін нәтижелер 3

  4. Ойлау дағдыларының деңгейі 4

  5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін

мақсаттарды бөлу 5

  1. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 6

  2. Модерация жәнебалл қою 6

І ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 7

ІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 16

ІІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 24

IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 34

  1. тоқсандық жиынтық бағалаудыңмақсаты

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.


  1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтынқұжаттар

Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математика бағыттағы 10-11- сыныптарына арналған «Дүниежүзі тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы


  1. Күтілетін нәтижелер Білімалушы:

Білу:

    • өркениеттердің тарихи типтері мен олардың ошақтарын;

    • мемлекеттің тарихи түрлері мен мемлекеттік-құқықтық институттарының қалыптасуы мен даму кезеңдерін;

    • әлемдік тарих барысына ықпал еткен әскери-саясио қиғаларды;

    • әлемдік мәдени-тарихи прогреске ықпал еткен әлемдік жаңалықтар және жетістіктерді;

    • қазіргі әлемдік мәдениеттің жағдайы мен тарихын; адамның, қоғамның пайда болуы мен дамуына қатысты, әлем халықтары мен өркениеттерінің негізгі ғылыми теорияларын;

    • әлемдік қоғамдық ойдың дамуына елеулі үлес қосқан тарихи қайраткерлерді;

    • дүниежүзі тарихы бойынша негізгі жинақталған ғылыми еңбектерді біледі.


Түсіну

    • мәдени-тарихи процесті оның бірлігі мен алуантүрлілігін;

    • мемлекеттің тарихи формалары мен түрлерін, өркениеттің өзіндік ерекшеліктерін;

    • мемлекеттік-құқықтық институттарының маңызын;

    • әлемдік өркениеттердің қалыптасуы мен дамуына табиғи-географиялық факторлардың ықпалын;

    • тарих барысына әскери-саяси оқиғалардың ықпалын;

    • әлемдік тарихи-мәдени прогресс үшін адамзаттың жетістіктері мен ұлы ашылулардың маңызын;

    • түрлі тарихи кезеңдерде әлемдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістерге ішкі және сыртқы факторлардың ықпалын;

    • әлемдік қоғамдық ойдың дамуындағы тарихиа спектілерді;

    • тарихтың дамуына тұлғалардың ықпалын;

    • жаһандық әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау үшін жалпы адамзаттық құндылықтардың маңызын түсінеді.


Қолдану

    • уақыт пен кеңістікте әлемнің мәдени-өркениеттік орталықтары мен мемлекеттері құрылуын анықтау кезінде;

    • мемлекеттердің түрлері мен тарихи формаларын, өркениеттердің өзіндік ерекшеліктерін анықтау барысында;

    • түрлі тарихи кезеңдердегі әлем халықтарының саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуындағы ерекшеліктерін анықтауда;

    • әлем тарихындағы тарихи тұлғалардың рөлін анықтау кезінде;

    • өткен және қазіргі кездегі оқиғалар мен құбылыстарға қатысты өз позициясын анықтау кезінде тарихи ойлау дағдыларын қолданады.

Талдау

    • әлем халықтарының ортақ белгілері мен ерекшеліктерін анықтай отырып тарихи дамуын;

    • түрлі тарихи кезеңдерде қоғамның қалыптасуы мен дамуына түрлі факторлардың (географиялық, демографиялық, көші-қон, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және т.б.) ықпалын;

    • себеп-салдар байланыстарын анықтау мақсатында әлем тарихының оқиғаларын, құбылыстарын, процестерін;

    • тарихи тұлғалар қызметінің себептері мен нәтижелерін;

    • тарихи деректерді;

    • этногенез, саяси және мәдени процестерге қатысты негізгі ғылыми теорияларды;

    • жаһандану жағдайында бүгінгі қоғамның даму үрдістері мен перспективаларын талдайды.


Жинақтау

    • тарихи талдау әдістерін қолдана отырып шығармашылық, танымдық, зерттеушілік, жобалық сипаттағы жұмыстарды;

    • әлем халықтарының тарихи дамуының жалпы заңдылықтары мен ерекшеліктерін анықтау мақсатында салыстырмалы тарихи сипаттамаларын;

    • әлемдік тарихи-мәдени процесс туралы тұтас түсініктері мен тарихи санасын қалыптастыру үшін тұжырымдар мен гипотезаларды жинақтайды.


Бағалау

    • түрлі тарихи кезеңдердегі қоғамның дамуына (географиялық, демографиялық, көші-қон, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және т.б.) түрлі факторлардың ықпалету дәрежесін;

    • әлем тарихының ықпалы контекстінде тарихи тұлғаларқызметін;

    • әлемдік өркениеттің қалыптасуы мен дамуына түрлі әлем халықтары мәдениетінің қосқан үлесін;

    • тарихи деректердің шынайылығын;

    • әлем тарихының этникалық, саяси, мәдени және әлеуметтік-экономикалық мәселелері бойынша түрлі ғылыми теориялардың дәлелдік дәрежесін бағалайды.


  1. Ойлау дағдыларының деңгейі


Ойлау дағдылары

ның деңгейі

Сипаттама

Ұсынылатын тапсырмалар

түрлері

Білу және түсіну

Өркениеттердің тарихи типтері мен олардың ошақтарын; мемлекеттің тарихи түрлері мен мемлекеттік-құқықтық институттарының қалыптасуы мен даму кезеңдерін; әлемдік тарих барысына ықпал еткен әскери-саяси оқиғаларды; әлемдік мәдени-тарихи прогреске ықпал еткен әлемдік жаңалықтар және жетістіктерді; мәдени- тарихи процесті оның бірлігі мен алуан түрлілігін; мемлекеттің тарихи формалары мен түрлерін, өркениеттің өзіндік ерекшеліктерін; мемлекеттік- құқықтық институттарының маңызын; әлемдік өркениеттердің қалыптасуы мен дамуына табиғи- географиялық факторлардың ықпалын; тарих барысына әскери-саяси оқиғалардың ықпалын; әлемдік тарихи- мәдени прогресс үшін адамзаттың жетістіктері мен ұлы ашылулардың маңызын түсінеді.

Деңгейді тексеру үшін Көптаңдауы бар тапсырмалар (КТБ) және/ немесе

Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану

ұсынылады.

Қолдану

«Өркениет» түсінігін зерттеудің негізгі әдістерін түсіндіру, антропогенездің әртүрлі теорияларынжүйелеу және тұжырымдау, қазіргі кездегі ассимиляция мен саны аз этностардың жойылып кету себептерінанықтау, тарихи оқиғаларды, процестер мен құбылыстарды түсіндіру үшін «ұлтшылдық», «шовинизм», «нәсілдік кемсітушілік» терминдерін қолдану, дәйекті қорытындылар жасай отырып, араб шапқыншылықтары мен мен крест жорықтарының себептерін анықтау, ЮНЕСКО қызметін мысалға ала отырып тарихи-мәдени мұраны сақтау жолдарын түсіндіру, өзгерістер мен сабақтастықтарды анықтай отырып, қазіргі кездегі өнердің даму тенденцияларын анықтау

Қысқа жауапты (ҚЖ) қажетететін тапсырмаларды және/немесе толық жауапты (ТЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану

ұсынылады

Жоғары деңгей дағдылары

Шаруашылық қызмет пен өркениеттік даму арасындағы байланысты талдау, қазіргі кездегі деструктивті діни ұйымдар мен ағымдардың қоғамға әсерін бағалау, Л.Н. Гумилевтің этностардың пайда болуы мен дамуы туралы ғылыми көзқарастарының ерекшеліктерін зерттеу, ежелгі өркениеттердің ерекшеліктерін оларға тән белгілерін салыстырмалы талдау негізінде анықтау, деректерді талдау негізінде саяси режимдер түрлерінің мықты және әлсіз жақтарын анықтай отырып, салыстыру, наполеон соғыстары мен Еуропа мемлекеттеріндегі капиталистік дамудың ілгерілеуі арасындағы себеп-салдарлық байланысты орнату, Шығыс Еуропадағы «барқыт» революцияларының мазмұны мен нәтижелерін талдау, революциялардың жағымды және жағымсыз салдарларын бағалау, Версаль-Вашингтон және Ялта-Потсдам жүйелерінің тиімділігін және олардың қазіргі заманға әсерін бағалау, деректерді талдау негізінде адамзаттың рухани- моральдық құндылықтардың қалыптасу қайнар көздерін анықтау,бұқаралық мәдениеттің ерекшеліктерін түсіндіріп, оның қазіргі қоғамға әсерін талдауәлем халықтарының тарихи-мәдени мұрасын зерттеу және сақтап қалудағы мұражайлардың рөлін түсіндіру.

Деңгейді тексеру үшін

Қысқа жауапты (ҚЖ) қажетететін тапсырмаларды және/немесе толық жауапты (ТЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану

ұсынылады


  1. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттардыбөлу


Тоқсан

Білу және түсіну

Қолдану

Жоғары деңгей

дағдылары

І

0

40%

60%

ІІ

0

60 %

40%

ІІІ

0

20%

80%

ІV

0

0

100%

Барлығы

0

30%

70%

  1. Жиынтық бағалауды өткізуережесі


Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.

Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.

Оқушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.

Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйымсалынады.

Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.

Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.


  1. Модерация және баллқою

Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет

І ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

I тоқсанның жиынтық бағалауына шолу


Ұзақтығы - 40 минут

Балл саны - 30


Тапсырмалар түрлері:

КТБ - Көп таңдауы бар тапсырмалар;

ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететінтапсырмалар;

ТЖ - Толық жауапты қажет ететінтапсырмалар.


Жиынтық бағалаудың құрылымы

Берілген нұсқа 5 тапсырмадан тұрады: соның ішінде қысқа/толық жауапты қажет ететін тапсырмалар берілген. Тапсырмаларда кестелер, сызбанұсқалар ұсынылған. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда оқушылар орындаушылық және шығармашылық қабілеттерін көрсетеді.












































7

І тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


Бөлім

Тексерілетін мақсат

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Тапсырма саны*

Тапсырма

*

Тапсырма түрі*

Орындау уақыты, мин*

Балл*

Бөлім бойынша балл








Өркениет: даму

ерекшеліктері

11.1.1.1 мемлекеттердің экономикалық даму ерекшеліктерін талдау үшін

«экономика» және «экономикалық жүйе» ұғымдарын қолдану


Жоғары деңгей дағдылары


1


1


ТЖ


8


6









30

11.1.1.2 экономикалық жүйелердің тарихи типтерінің белгілерін түсіндіре отырып

оларды жіктеу


Қолдану


1


2


ҚЖ


10


9

11.1.2.1 мемлекеттер мен аймақтардың шаруашылық мамандануының қалыптасуындағы табиғи-географиялық

фактордың рөлін негіздеу


Жоғары деңгей дағдылары


1


3


ТЖ


6


4

11.1.3.1 мемлекеттер мен аймақтардың әркелкі экономикалық дамуының тарихи алғышарттарын анықтау


Қолдану


1


4


ҚЖ


8


6

11.1.3.5 дамушы елдердің әлеуметтік- экономикалық артта қалушылыққа төтеп берудің ықтимал жолдарын болжау


Жоғары деңгей дағдылары


1


5


ТЖ


8


5

БАРЛЫҒЫ:


-

525тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!