Материалдар / 11 сынып "Физика пәнін ірі блокпен оқыту"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

11 сынып "Физика пәнін ірі блокпен оқыту"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жоғары сыныпта физика пәнінен көлемді материалдарды тірек сызбамен оқыту әдісі арқылы оқытын жақсы нәтиже алуға болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Маусым 2018
458
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шалбарбаева Лиза Қуандыққызы

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы

Е.Айшуақұлы атындағы орта мектептің

жоғары санатты физика пәні мұғалімі



Жоғары сыныптарда физика пәнін оқытудағы лекция-семинар-сынақтық оқыту жүйесі


Оқушыға керектінің бәрін тек сөзбен түсіндіру арқылы үйретуге болмайды, сонымен бірге білімді өз бетімен оқып-үйренуге алған білімін практикада қолдана білуге және оқулықпен жұмыс істей алуға да үйретуге болады және бұл өте қажет. Сабақта оқушы білімі үнемі толығып отыру қажет, осыған байланысты сабақтың әсерлілігінің деңгейін көтеру проблемасы туып отырады.

Сабақ нәтижесінің жоғары болуы үшін , біріншіден, оқушылардың өз бетімен жұмысының көлемін ұлғайту қажет. Үнемі бір қалыпта өтетін дәстүрлі сабақтан оқушылардың жалығатыны, көбінесе пассивті, салғырт тек тыңдаушы болып отыратыны, сабақтың уақытының көп бөлігі сабақ түсіндіру мен ауызша сабақ сұрауға кететіні бәрімізге аян. Ал мұндай сабақтарда оқушының өз бетімен жұмысына уақыт тіпті қалмайды да.

Екіншіден, сабақ нәтижелі болу үшін тақырып диапазоны кең болу керек, әр сабақта кешегі жаңа материалды ешбір жаттығу жұмысын орындамастан бүгін қайта тексеру оқушыға қиындық келтіреді. Сондықтан, бірнеше сабақ бойына оқушының өз бетімен жұмыстар жүргізіп жаттығуы жақсы нәтиже беретіні анық.

Міне, сол себепті жоғары сыныптарда материалды ірі блоктар түрінде берген жөн. Материалды ұғындыру алғашқы сабақта-ақ жүреді. Содан соң оқушы өз бетімен жұмыстар жүргізе отырып, оқып-үйренетін материалға бірнеше рет оралады, бірақ әр оралуында түрлі әдістер арқылы келіп отырады.

Ірі блокпен оқыту әдісі оқушылардың өз бетімен жұмысына, мұғалім мен оқушының шығармашылықпен жұмыстануына мүмкіндік береді.

Әр блок лекция, семинар, есеп шығару, зертханалық жұмыс, білім тексеру сабақтарынан тұрады.

Лекция сабақтарында тәжірибелерді көрсету және сызба, сурет, графиктер арқылы визуальды лекциямен жаңа материал толығымен беріледі. Әсіресе, тақырыптағы ең басты, негізгі мәселелерге назар аударылады. Сабақты қорытындылауда әдетте, мен тірек – сызбаны пайдаланамын.

Екінші кезеңде семинар сабақтар өткізіледі, мұнда оқушылар оқулықты, тірек-сызбаны пайдаланып, тапсырмалар орындайды, алған білімдерін бекіту жұмыстары жүреді. Бұл семинар сабақтарды түрлендіріп, әсіресе, ойын элементтерін енгізе отырып өткізсе, оң нәтиже берері анық.

Үшінші кезеңдегі зертханалық жұмыстар оқушылардың эксперименттік дағдылары мен шеберліктерін қалыптастырады.

Төртінші кезеңде білімді тереңдету мен дамыту үшін есеп шығару сабақтары өткізіледі. Бұл сабақты да түрлі әдістерді қолдана отырып, қызғылықты өткізуге болады.

Бесінші кезең – оқушылар білімін тексеруді жүзеге асыратын сынақ (зачет) сабақтары. Мүмкіндік болса, алтыншы – қызықты хабарламалар сабағын өткізуге болады.

Енді сабақтың ір түріне тоқталайық.

Лекция сабақты өткізуде мен әрдайым материалды екі рет баяндаймын. Оқушылар меңгеруге тиісті көлемді материалды тірек-сызба түріндегі визуальды лекциямен берген тиімді. Әуелі тәжірибелерді көрсету, сызба, схема, график, суреттерді пайдалана отырып визуальды лекция түрінде баяндап шығамын. Сосын алдын ала сызып дайындалған тірек-конспект арқылы тағы да бір рет оқушыларды қатыстыра отырып, қайталаймын. Одан соң тірек конспект арқылы 1-2 оқушы қайталап айтып шығады. Оқушылардың өздері орындарынан дайындалып, тірек-сызбаны дәптерлеріне сызады, болмаса дайын сызбаны таратып беремін, оқушы дайындалуға оны үйіне алып кетеді. Үйден оқулықтағы тақырыпты тірек- конспектімен салыстыра оқи отырып, тірек-сызбамен дайындалады. Тірек- сызбалармен оқыту оқушылардың ойлауы мен таным белсенділігін арттыруда маңызды роль атқарады.

Лекция сабаққа баға қойылмайды.

Семинар сабақтарын түрлендіріп өткізуге болады. Негізінде 1-сабақтан соң беріліп жіберілген семинар сұрақтарына оқушылар үйден дайындалып келіп, сыныпта топқа бөлініп тапсырмалар орындау арқылы тақырыпты талқылап, талдайды. Ойын элементтерін енгізу арқылы да оқушылардың өз бетімен жұмысын жүзеге асыруға болады. Бұл сабақта әркім өз тәжірибесіне қарай түрлі тәсілдерді қолдануға болады.

Есеп шығару сабақтарын да әр түрлі әдістерді пайдаланып өткізуге болады. Мысалы, 11-сыныптағы «Фотоэффект құбылысы. Фотоэффект теориясы және оның заңдары» тақырыбындағы есеп шығару сабағын мен былайша өткіздім. Сабақтың құрылысы мынадай:

  1. Үй тапсырмасын тексеру (5-есеп шығарылады)

  2. Тақырыптағы формулалар еске түсіріледі.

  3. Тақырып бойынша жалпылама ортақ есептер (2 есеп шығарылады)

  4. Топтар бойынша есептер шығару, мұны сайыс ретінде өткізуге болады, себебі оқушылар бәсекелестік болса сабаққа жақсы қатысады. (3 есеп шығарылады)

  5. Кері есептер шығару, топтардың шығарған есептеріне оқушылардың өздері кері есептер құрастырып шығарады. ( 3 есеп шығарылады)

  6. Уақыт бойынша сапалық есептер шығару, бұған ҰБТ есептерін алуға болады, оқушы тез, ауызша есептеуге үйренеді. (3 есеп)

  7. «Физикалық домино» ойыны формула құрастыруға арналады, оқушылардың формуланы есте сақтауына үйретеді.

  8. Жеке оқушылар деңгейлік тапсырмалар орындайды. (3-4 есеп )

Ал, 9-сыныптағы «Қисық сызықты қозғалыс» тақырыбындағы блоктың есеп шығару сабағында «Деңгейлеп оқыту» әдісін қолдандым, әр деңгейдің өзі бірнеше есептен тұрады. Үлгерімі төмен оқушылар үшін «Кубик» ойыны ойналады, кубиктің әр қырына төменгі деңгейдегі тек бір формуламен шығатын есептер жазылған.

Кәдімгі дәстүрлі сабақта 3-4 есептен артық есеп шығаруға мүмкіндік болмайды, ал бұл сабақта барлығы 20 шақты есеп шығарылады, әр оқушы кем дегенде 6-7 есеп шығара алады. Бұдан соң үйге тапсырма беріліп, сабақ қорытындыланып, оқушылар бағаланады. Бағалау түсті фишкалар арқылы жүргізіледі, әр тапсырма орындаған сайын орындау шеберлігіне сай оқушы фишка алып отырады ды, сабақ соңында қорытынды баға қойылады.

Блоктағы зертханалық сабақ бағдарламаға сай өткізіледі.

Білім тексеру сабағында әр түрлі тәсілдер қолдануға болады. Оқушылар дайындалу үшін алдын ала сынақ сұрақтары беріліп қойылады. Сол бойынша олар ауызша немесе жазбаша жауап береді.

Жалпы, білім тексеру сабақтарында көбінесе тест әдісін қолданамын. Барлық тақырыптарға арналған тапсырмалар мен тестілер кабинетте сақталады.

Қызықты хабарламалар сабағы көп жағдайда оқушылардың қосымша материалдарды оқымауына байланысты өткізіледі. Мұнда оқушылардың өзі тақырыпқа сай қызықты мәліметтерді жинақтайды, рефераттар дайындайды, әдебиеттермен, баспасөз материалдарымен жұмыс істейді, ғаламтордан ізденеді, мұндай сабақты тарауды қорытындылау кезінде уақыт қорындағы (резерв) сағаттарды пайдаланып, шығармашылық-ізденіс сабағы ретінде өткізуге болады.

Біздің мектебімізде физика пәні 9-11-сыныптарда өткен ғасырдың 1990 жылдарынан бері осы «Ірі блокпен оқыту» әдісі арқылы оқытылады.

Мектепте «Ірі блокпен оқыту» әдісімен оқытылатын жалпы білім беретін және тереңдетілген сыныптарға арналған бағдарламалар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген оқу бағдарламасының «Физика» пәнінің базалық білім мазмұны бойынша жасақталған. Бағдарламалар аудандық және облыстық БҮО-тарында бекітілген. Сол бағдарламаға сай күнтізбелік жоспарын әр блокка лайықтап жасаймыз, әр блоктағы сағат саны тақырыпқа бағдарламада берілген сағат санына сәйкес болып келеді. Бұл әдіс әсіресе, тереңдетілген және кеңейтілген бағдарлама бойынша оқытылатын сыныптарға өте қолайлы.

Осы әдіспен бірнеше жылдардан бері мектептегі әріптестеріммен бірге жұмыстанып келемін. Мектебімізде физикадан тереңдетілген сыныптар бар. Оқушылар да сабақтың осы әдіспен өткенін қалайды. Жетістіктер де жоқ емес.

Бұл жүйенің тиімді жақтарын атап өткім келеді:

  • барлық оқушылар сабаққа қатысып жұмыстанады.;

  • оқушылар ынтасы артады; мұғалім ұйымдастырушы ролін атқарады; оқушылар өз бетімен жұмыс істейді;

  • әр оқушы өз деңгейін таңдауға мүмкіндігі бар;

  • оқушыға да, мұғалімге де шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіндік бар.

Мен өзімнің және әріптестерімнің күнделікті сабақ үрдісінде қолданып жүрген тәжірибеміз туралы айттым, оны қолдану – қолданбау, түрлендіру, жетілдіру – әр мұғалімнің шығармашылық жұмысы.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!