Материалдар / 11 сынып география. Геоэкономика. тест жауабымен
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

11 сынып география. Геоэкономика. тест жауабымен

Материал туралы қысқаша түсінік
11 сынып география. Геоэкономика. тест жауабымен
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Сәуір 2024
71
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Геоэкономика тарауына тест

  1. Экономиканың секторлары: І-табиғатты пайдаланатын бастапқы саларар; ІІ-өңдеуші және қайта өңдейтін салалар; ІІІ-қызмет көрсету, көлік, сауда, байланыс; ІҮ-басқару және ғылым, қаржы;

  2. Қазақстан экономикасының сипаты: аграрлы-индустриялық ел

  3. Қазақстанның ЖІӨ құрылымындағы тауарлар өндірісінің үлесі: 37,5%

  4. Қазақстанның ЖІӨ құрылымындағы қызмет көрсету үлесі: 55,5%

  5. Республиканың жалпы өңірлік өнім көрсеткіші бойынша 2019ж ең жоғары көрсеткіш көрсеткен аймақтар: Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы, Атырау облысы

  6. Аймақтардың табысты дамуы: елдің экономикалық өсуінің маңызды құралы

  7. Аймақтандыру: билік құзыреттерін қайта бөлу, функцияларды мемлекеттік органдардан алып, аймақтық деңгейге беру, ұлттық деңгейде шешім қабылдау үдерісінде аймақтардың жаңа рөліне жауап беретін жаңа институционалдық нысандардың пайда болуы, дамуы

  8. Қазақстанның 2019ж ЖІӨ өсімі: 4,5%

  9. Қазақстанның жылдық инфляция көрсеткіші (2019): 5,4%

  10. Хаб қалалар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Өскемен

  11. Дүниежүзілік банктің деректері бойынша Қазақстан экономикасының өсуіндегі негізгі тәуекелдер: сыртқы ортаның әлсіреуі, банк секторындағы жағдайдың төмендеуі, қажетті құрылымдық реформаларды орындай алмауы

  12. Жиынтық өңірлік өнім ең аз облыс: Солтүстік Қазақстан (2,0%)

  13. Жиынтық өңірлік өнім ең жоғары облыс: Алматы (20,9%)

  14. 2019 жылғы мәлімет бойынша экономикалық қарқынды даму байқалған аймақтар: Нұр-Сұлтан қаласы, Атырау облысы

  15. Экономикалық даму төмендеу аймақ: Батыс Қазақстан, Қызылорда

  16. Аудандастыру: мемлекетті бір-бірінен экономикалық-географиялық жағдайымен, табиғи ресурстарымен, мамандандырылуымен, өндірістік өзара байланысымен ерекшеліктерімен өзгешеленетін аудандарға бөлу

  17. Аудандастыру практикасында қолданылатын аумақтар: тұтас, тораптық, жалпы, жеке

  18. Экономикалық аудандастырудың түрлері: салалық, интегралдық

  19. Интегралдық аудандастырудың салалық аудандастырудан айырмашылығы: барлық шаруашылықты біртұтас қамтуы

  20. Экономикалық ауданның басты белгілері: шаруашылықтың мамандануы мен кешенділігі және интегралдық аудандарды қалыптастыруда шоғырландырушы роль атқаратын ірі орталықтың болуы

  21. Салалық аудандастыру факторлары: табиғи жағдайлар мен ресурстардың жиынтығы, демографиялық белгілер, өндірістік емес сала нысандарының жиынтығы, өнеркәсіптік, аграрлық, көліктік және құрылыс нысандарының жиынтығы

  22. Аудандастыру бірліктері: аудан, аймақ, макроаймақ, экономикалық аудан

  23. Елдерді аудандастырудың иерархиялық деңгейлері: макроаудандастыру, мезоаудандастыру, микроаудандастыру

  24. Инвестициялық тартымдылық түрлері: инвестициялық саясат, инвестициялық климат

  25. Инвестициялық климат түрлері: инвестициялық әлеует, инвестициялық тәуекел

  26. Қазақстанның инвестициялық тартымдылық өлшемі бойынша орны: 25 (190)

  27. Аймақтың инвестициялық әлеуетінің құрамбөліктері: ресурстық, операциялық, имидждік

  28. Ресурстық құрамбөліктеріне жатады: географиялық және геоэкономикалық жағдай, ресурстық база, экономикалық әлеует

  29. Операциялық құрамбөліктеріне жатады: инвестицияларды тарту әдістері, инвестицияларды басқару жүйесі

  30. Имидждік құрамбөліктеріне жатады: әлеуетті инвесторлардың аймақ туралы көзқарасы, олардың аймақтағы инвестициялық жобалардың табысты болуына қатысты шаралары

  31. Аумақты теңестіру элементтері: аймақтық әділеттілік, аймақтық тиімділік

  32. Мемлекеттік аймақтық саясатты құру тәсілдері: аймақтардың даму деңгейлерін «теңестіру саясаты» (Германия), «Өсу полюстерінің теориясы» (Франция)

  33. Әртараптандыру мен мамандандыру түрлері: тауарлық, нарықтық, өндірістік, басқару (функционалдық)

  34. Аймақтың мамандануының түрлері: ішкі, сыртқы

  35. Әртараптандыру: шығарылатын өнмідер мен қызмет түрлерін көбейтуді, өнімді өткізуде нарықтың бағамын анықтау, оған бейімделу, өндіріс тиімділігін арттыру, экономикалық пайда алу мақсатында өндірістің жаңа түрлерін игеру

  36. Әртараптандыру түрін анықтаудың негізгі критерийі: бірігу

  37. Әртараптандыру түрлері: тік бағыттағы, тікелей, кері, көлденең бағыттағы, байланысты емес

  38. Тік бағыттағы әртараптандырудың негізгі ұстанымы: жаңа өнімді өндіруді игеру

  39. Көлденең әртараптандырудың мәні: компанияның негізгі мәні компанияның негізгі профилі шеңберінде қолданыстағы немесе жаңа технологиялар базасында жаңа өнім түрін шығару, өнімді өткізу жолдары кеңейтілді

Ақмола облысы

Азық-түлік, құрылыс материалдары өндірісі, түсті металлургия, теміржол және ауылшаруашылық машиналарын жасау

Ақтөбе облысы

Түсті, қара металлургия, мұнай-газ өңдеу, өнеркәсіп үшін химикаттар, құрылыс материалдары, тамақ өнімдері өндірісі

Алматы облысы

Тамақ өнімдерін, электр жабдықтарын, негізгі фармацевтикалық өнімдерді, құрылыс материалдарын өндіру, тамақ өнімдерін өндіру

Атырау облысы

Мұнай-газ химиясы, өнеркәсіпке арналған химикаттар өндірісі, мұнай өңдеу және мұнай өндіру өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтар өндірісі, құрылыс материалдарын өндіру, тамақ өнімдерін өндіру

БҚО

Машиналар мен жабдықтарды, құрылыс материалдарын, тамақ өнімдерін өндіру

Жамбыл облысы

Өнеркәсіпке арналған химикаттар өндірісі, агрохимия, қара металлургия, құрылыс материалдары, тамақ өнеркәсібі, былғары өнімдері

Қарағанды облысы

Қара, түсті металлургия, өнеркәсіпке арналған химикаттар өндірісі, тау-кен өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтар, электр жабдықтары, құрылыс материалдары, тамақ өнімдері өндірісі

Қостанай облысы

Қара металлургия, тамақ өнімдерін, автокөлік құралдарын, ауылшаруашылық техникасын өндіру

Қызылорда облысы

Құрылыс материалдарын өндіру, тамақ өнімдерін өндіру,мұнай өнеркәсібі, уран өндіру

Маңғыстау облысы

Мұнай өңдеу, мұнай химиясы, газ өңдеу, мұнай өңдеу және мұнай өндіру өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтар өндірісі, тамақ өндірісі

Түркістан облысы

Тамақ өнімдерін өндіру, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс материалдарын өндіру, қара металлургия, электр жабдықтары

Павлодар облысы

Қара және түсті металлургия, мұнай өңдеу, теміржол техникасын, өнеркәсіпке арналған химикаттар, азық-түлік өнімдерін алу

СҚО

Машина жасау, тамақ өнімдерін өндіру

ШҚО

Түсті металлургия, автокөқлік құралдарын жасау, ауылшаруашылық техникасын, электр жабдықтарын, бекіту арматурасын, құрылыс материалдарын, азық-түлік өнімдерін өндіру

Нұр-Сұлтан қаласы

Азық-түлік, теміржол техникасы, электр жабдықтары өндірісі, құрылыс материалдары өндірісі

Алматы қаласы

тамақ өнімдері, электр жабдықтарын, мұнай өңдеу және мұнай өндіру өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтар өндірісі, тау-кен өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтар, құрылыс материалдары, негізгі фармацевтикалық өнімдерді өңдурі, жиһаздар жасау

Шымкент қаласы

Тамақ өнімдерін, электр жабдықтарын өндіру, мұнай өңдеу, құрылыс материалдарын өндіру, фармацевтикалық өнімдерді шығару, мақта-қағаз өндірісі

  1. Тауар: сатуға арналған еңбек өнімі

  2. Тауардың қасиеттері: адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, басқа тауарларға алмасу

  3. Қызмет: бір тарап екінші тарапқа ұсына алатын кез келген қызмет немесе жұмыс

  4. Тауарлар мен қызметтерді өндірушілердің алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі: бағаны белгілеу

  5. Өнімнің құнын анықтайды: өндірушінің тауарды немесе қызметтерді өндіруге жұмсаған еңбек шығындары

  6. Баға: сатушы сізге тауар беруге белгілеген нақты сома

  7. Құн: тауарды өндіруге және қызметті ұсыну мен өткізуге ақшалай кететін шығындар

  8. Табыс: қосылған құн баға мен өзіндік құн арасындағы айырмашылық

  9. Шығын: өзіндік құнөнім шығаруға жұмсалған шығын

  10. Фрагментация: бірнәрсені көптеген ұсақ бөлшектерге бөлу ідерісі

  11. Экономика моделі: бизнес үдерістер ІТ (постиндустриалды экономика), өндіріс (индустриалды экономика), шикізатты өндіру және экспорттау (шикізат экономикасы)

  12. Қосылған құн: жоғары қосылған құн, орташа қосылған құн, аз қосылған құн

  13. Ұннан пісірілген және макарон өнімдерін өндірушілер үлесі басым елдер: Германия (10%), Италия (8%), АҚШ, Голландия (7%), Қытай (2%)

  14. Өңделген көкөністер мен жеміс-жидектер үлесі жоғары елдер: Қытай (13%), АҚШ (10%), Голландия (8%), Италия (6%), Германия (5%)

  15. АЭА (Арнайы экономикалық аймақтар) құруға қажетті жағдай: ыңғайлы, тиімді географиялық жағдай, бос кеңістік, тиісті дамыған инфрақұрылым, білікті мамандар, басқа аймақтар және елдермен өзара байланыс, мамандандырылған өндірістердің болуы

  16. АЭА функциялары: Сауда, өндіріс, туризм, қызмет көрсету, логистика, техникалық әзірлемелер

  17. Технопарктер: инновациялық жобалар іске асырылатын ғылыми, технологиялық және техникалық базалар жиынтығы

  18. Қазақстанда жұмыс жасайтын экономикалық аймақ саны: 13

  19. Қазақстандық технопарктердің негізгі қызметтері: өнеркәсіптік өндіріс (тамақ өнімдері, киім тігу, жиһаз, қолөнер және кәдесый жасау), қызмет көрсету саласы (оқыту, консалтинг және құрылыс-жөндеу жұмыстары)

  20. Кластерлік даму теориясының негізін қалаушы: американдық Майкл Юджин Портер

  21. Кластер құрылымы: кластер ядросы, кластерлік аймақ, инфрақұрылым, ұйымдастыру-басқару құрылымы

  22. Кластердің артықшылығы: оның ауқымының тиімділігінде

  23. Аймақтық кластер түрлері: машина жасау, құрылыс, кеме жасау, құрастыру, туристік, иноовациялық және шығармашылық кластерлері, ақпараттық (ІТ), биотехнологиялық, білім беру, көліктік-логистикалық, процессорлық кластерлер (тау-кен, металлургиялық, тоқыма, агроөнеркәсіп), медициналық, мәдени-танымдық, аралас

  24. Кластер төрттігінң жиынтығы: шоғырлану, бәсекеге қабілеттілік, кооперция, бәсекелестік

  25. ҚР-ның 2020 жылға дейінгі Перспективалы ұлттық кластерлерін қалыптастыру тұжырымдамасы бекітілген жыл: 2013ж

  26. Алатау технопаркі орналасқан аумақ: Алматы

  27. Назарбаев университетінің орналасқан жері: Нұр-сұлтан қаласы

  28. Импортты алмастыру: ұлттқ экономикадағы үдеріс, оның барысында қажетті өнімдер елдегі жергілікті өндірушілер күшімен өндіріледі

  29. Импортты алмастырудың мақсаты: ұлттық өндірушіні қолдау және өсіру, бәсекеге қабілетті тауарлар өндіру, халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету, шағын және орта бизнесті қолдау, халықтың өмір сүру сапасын арттыру

  30. Импортты алмастыру механизмі: мемлекеттік реттеу, мемлекеттік қолдау, өндірушілердң бәсекелестігі

  31. Мемлекеттік реттеу: өнімдер импортының үлесін төмендету, сырттан тауар әкелуге тыйым салу

  32. Мемлекеттік қолдау: субсидиялар, салықтық жеңілдіктер, несиелер

  33. Өндірушілердің бәсекелестігі: сапа бойынша бәсекелестік, баға саясаты бойынша бәсекелестік

  34. Қазақстанның тауар айналымы 2 есеге төмендеген уақыт аралығы: 2013-2018жж

  35. Отандық өнім өндірушілердің үлесінің төмен болуы: өндірістік кәсіпорындардың санына байланысты

  36. Бренд-менеджмент: компанияның сауда маркасы, тұтынушыға әсер ететінін бақылауға септігін тигізетін, нарықта марканы қабылдауға, имиджін басқаруға көмектесетін үдеріс

  37. Бренд-менеджменттің мақсаты: сауда маркасының құндылығын арттыру, күшті және тұрақты бренд құру

  38. Бренд танымалдығының факторлары: тұтынушы құндылықтары, белгілі бренд, компанияның беделі, бәскелестерден тауардың артықшылығын көрсете білу

  39. Жеке брендтің мүмкіндігі: сауда маркасының танылуы, өнім мен қызметтер құнын ұлғайту, тұтынушылар алдында беделін көтеру

  40. Брендинг: бұл адамдардың сенің компанияң туралы көзқарасы

  41. Брендингке мысал: APPLE мысал

  42. APPLE компаниясының негізін қалады: Стив Джобс пен Стив Возняк

  43. Брендинг элементтері: логотип, атауы, фирмалық дизайн, өнім және қызмет туралы ақпарат, ұран, логотиптің пішіні

  44. Бренд атауының криетрийлері: интернетте атауына сәйкес сайтының болуы, қарапайымдылығы, қызығушылық тудыруы, қайталабауы, есте сақталуы

  45. Логотип жасау құралдары: графикалық бағдарламалар арқылы, логотиптердің онлайн генераторы, өз бетінше логотип жасау

  46. Логотип формалары: дөңгелек (қауымдастық, бірлік, достық), шеңбер (беріктік, табандылық), доға (икемділік, бейміделу), шаршы (қалыптылық, тұрақтылық), үшбұрыш (күш, білім), вертикалды сызық (шыдамды, төзімді), горизонтальды сызық (тыныштық)

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!