Материалдар / 11 сынып. Географиялық зерттеу әдістері тест жауабымен
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

11 сынып. Географиялық зерттеу әдістері тест жауабымен

Материал туралы қысқаша түсінік
11 сынып. Географиялық зерттеу әдістері тест жауабымен
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Сәуір 2024
41
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Географиялық зерттеу әдістеріне тест

  1. Географиялық сараптаманың табиғи кешенді зерттеу алгоритмі: параметрлік, функциялық, типологиялық

  2. Параметрлік сипаттама: табиғи кешен құрамбөліктерінің сипаттамалары мен өзара байланысы

  3. Функциялық сипаттама: табиғи кешен мен аумақтық құрылым арасындағы байланыстар

  4. Типологиялық сипаттама: аумақтың табиғи режимі

  5. Географиялық сараптаманың жұмыс бағыттары: табиғи аумақтық кешендегі өзара байланыстарды зерттеу, аудандастыру, талдамалық жұмыс, географиялық болжау

  6. Географиялық сараптама сипатына қарай бөлінеді: экологиялық-географиялық, экономикалық-географиялық

  7. Алгоритм: бастапқы берілген мәліметтермен нәтиже алу үшін қай амалды қандай ретпен орындау қажеттігін белгілейтін шешімдер ережесінің сипаттамасы

  8. Кешенді географиялық сараптама: халықтың тіршілік салаларын түгел қамтитын кешенді талдау, бағалау, болжам жасау

  9. Әлемдегі ең ірі СЭС: Санься (Қытай)

  10. Эксперттік бағалау: сарапшылардың пікірі негізінде жобаға қатысты баға беру, шешім қабылдау процедурасы

  11. Эксперттік бағалаудың маңызы: пайдалылығы, қолайлылығы, тиімділігі

  12. Эксперттік бағалау жүргізудің қажеттілігі: проблема туралы нақты деректердің жеткіліксіз болуы, нысанның күрделі, шамадан тыс үлкен болуы, уақыттың тығыз болуы, белгісіздіктің көп болуы

  13. Эксперттік бағалау әдістерінің түрлері: жеке, топтық

  14. Жеке бағалау: белгілі бір саладағы өте білікті сарапшының тәуелсіз көзқарасы

  15. Жеке эксперттік әдісте қолданылады: интервью әдісі, талдамалық әдіс, сценарийлік әдіс

  16. Интервью әдісі: сарапшыға проблемаға қатысты сұрақтар беріліп, бірден жауап алынады

  17. Талдамалық әдіс: сарапшы ақпарат негізінде жағдайға, нысанның даму тенденцияларына баға береді

  18. Сценарийлік әдіс: сарапшы нысанның немесе үдерістің болашақта қалай дамитыны жайлы болжам жасалады

  19. В.Бабуриннің зерттеуі бойынша эксперттік топтардың түрлері: аса ірі эксперттік топтар (1000-3000), үлкен эксперттік топтар (100-1000), орташа эксперттік топтар (30-100), шағын эксперттік топтар (10-30)

  20. Ой қозғау әдісі: ұжымдық идеяларды жинақтау, қарама-қайшы идеяларды ұсыну, пікір алмасу арқылы ортақ келісілген шешімге келу

  21. 635 әдісі: 6 сарапшы қатысады, әр сарапшы 3 идея ұсынады, идея ұсыну уақыты 5 минут, мүлде жаңа құнды идеялар жинақталады

  22. Дельфи әдісі: сарапшылар бір-бірін танымайды, сарапшылар кездеспейді, жағдайды шешудің мүмкіндігіне жол береді

  23. Модель: нақты нысанның, құбылыс немесе үдерістің маңызды белгілері мен байланыстарын жалпылама түрде бейнелейтін жеңілдетілген үлгісі

  24. Географиядағы модельдеу әдістерінің топтары: заттық модельдеу, балама модельдеу, таңбалық модельдеу, логикалық модельдеу

  25. Заттық модельдеуде: географиялық нысанның, үдерістің пішінін, қасиеттерін, өзгерістерінбейнелейтін моделі құрастырылады

  26. Балама модельдеуде: нысан мен құбылыстың жеке қасиеттерін зерттеуге қолайлы, ұқсас балама негізінде көрсету

  27. Таңбалық модель: зерттелетін нысан немесе құбылысты таңбалар жиынтығы түрінде көрсету (сызба, карта, график, формула)

  28. Логикалық модельдеуде: зерттеудің бастапқы кезеңінде, модельдеуде нысан мен құбылысты зерттеуші ойында көрнекті түрде елестету

  29. Таңбалық модельдеуде қолданылады: блок-сызбалар, кестелер, графиктер

  30. Графикалық модельдер: дәлдікті, көрнекілікті, абстрактілікті ұштастырады

  31. Аудандастыру әдісі: табиғи, әлеуметтік, экономикалық жүйелерді үйлестіру

  32. Географиядағы аудандастырудың маңызын немен салыстыруға болады: химиядағы Менделеев кестесінің маңызымен

  33. Географиядағы аудандаструдың құрылымдық сызбасын жасады: А.Чистобаев, Ю.Гладкий

  34. Аудандастырудың маңызды принциптері: үздіксіздігі, біртектілігі, мақсаттылығы

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!