400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

11-сынып Мұстафа Кемал Ататүрік – Түрік Республикасының негізін қалаушысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұстафа Кемал Ататүрік – Түрік Республикасының негізін қалаушысы тақырыбындағы оқу мақсатына сай жасалған тақырыптық тапсырмалар дұрыс жауаптарымен
Материалдың қысқаша нұсқасы

11-сынып Жаратылыстану-математикалық бағыт Дүниежүзі тарихы Авторлары: Р.Р.Қайырбекова, А.С.Ибраева, Г.Н. Аязбаева

Мұстафа Кемал Ататүрік – Түрік Республикасының негізін қалаушысы

11.3.3.1 мемлекет тарихының өтпелі кезеңдеріндегі реформалардың маңыздылығын бағалау;
11.3.3.2 тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін "этатизм", "зайырлы мемлекет" ұғымдарын қолдану;
11.3.3.3 мемлекет тарихындағы тұлғаның рөлі жайлы қорытын- дылар жасау

Тапсырма 1 Тұлғаны таны

Тапсырма 2 QR кодпен жұмыс

Мұстафа Кемал идеологиясы қандай болды? Түркия еліне қандай өзгерістер әкелді?

Тапсырма 3 Мағынасын аш

«Өмір-бұл күрес, сондықтан бізде екі таңдау ғана бар: жеңу немесе жеңілу»

М.Кемалдың мәлімдемесін қолдайсың ба, өз ойыңды айт

Тапсырма 4 Сұрақ-жауап

1. М.Кемал реформа жүргізуді қолға алды, неліктен?

А) Көршілес елдерді қосып алу үшін

В) Діни-феодалдық элементтерді азайту үшін

С) Халықтың тұрмысын жақсарту үшін

2. Түрік парламенті сұлтандықты жою туралы заң қабылдады, қашан?

А) 1922 ж 1 қыркүйек

В) 1923 ж 1қазан

С) 1922 ж 1 қараша

3. 1923 жылы Құқық қорғау қоғамының орнына құрылған саяси ұйым

А) Социалистік партия

В) Халықтық партия

С) Коммунистік партия

4. Жаңа саяси партияның төрағасы кім сайланды?

А) Мұстафа Кемал

В) Аднан Мендерес

С) Абдулла Гул

5. Халифат қашан тоқтатылды?

А) 1922 ж

В) 1923 ж

С) 1924 ж

Тапсырма 5 Сәйкестендіру

  1. Сұлтандық пен халифат жойылды

А

1924 ж 20 сәуір

2.Алғашқы республикалық конституция

В

1924 жылы

  1. Әйелдер эмансипациясы

С

Елдің экономикалық өмірін мемлекеттік реттеу

4.Этатизм

Д

Ерлермен құқықтарының теңесуі

Тапсырма 6 DEAL әдісі Түркиядағы экономикалық реформалар





































Дұрыс жауаптары

Тапсырма 1 Тұлғаны таны

1921–1934 жылдары Ғази Мұстафа Кемал (1881, Салоники – 10 қараша 1938, Ыстанбұл) — османдық және түрік мемлекеттік, саяси қайраткер және әскери қолбасшы, Түркия негізін қалаушысы және реформаторы, оның тұңғыш президенті. Ол Түркияны зайырлы, индустриялды ел етіп өзгерткен тұлғалардың бірі болды. Оның идеологиясы зайырлылық, ұлтшылдық болып, Кемализм деп аталды.

Мұстафа Кемал Осман түріктерінің жеңісті соғысы – Галлиполи операциясы кезінде дивизия командирі қызметін атқарып жүрген кезінде аса дарынды қолбасшы ретінде өзін көрсете білді. Кейінірек ол Анадолы және Палестина майдандарында әскери қимылдарды ерекше табысты жүргізуімен көзге түсіп, Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде атақ-даңққа ие болды. Осман империясының соғыста жеңіліп, Антанта тарапынан елді бөлшектеп тастауға жоспарлар жасалғаннан кейін, Мұстафа Кемал Түрік ұлттық қозғалысын бастады. Ол кейін Түрік тәуелсіздік соғысына ұласты. Анкарада уақытша үкімет ұйымдастырған соң, ол Антанта мемлекеттері жіберген әскерлердің бетін қайтара алып, олардан басым түседі. Ол Осман империясының қалдықтарын қидай сыпырып, зайырлы Түркия Республикасын құрды.



Тапсырма 2 QR кодпен жұмыс

Мұстафа Кемал идеологиясы қандай болды? Түркия еліне қандай өзгерістер әкелді?

Түркияны зайырлы, индустриялды ел етіп өзгерткен тұлға.Оның идеологиясы зайырлылық,ұлтшылдық болып, Кемализм деп аталды

Тапсырма 3 Мағынасын аш

«Өмір-бұл күрес, сондықтан бізде екі таңдау ғана бар: жеңу немесе жеңілу»

М.Кемалдың мәлімдемесін қолдайсың ба, өз ойыңды айт

Тапсырма 4 Сұрақ-жауап 1 В 2С 3В 4А 5 С

Тапсырма 5 Сәйкестендіру 1В 2А 3Д 4С

Тапсырма 6 DEAL әдісі

Түркиядағы экономикалық реформалар

D- баяндау - Тәуелсіздік үшін болған күрес аякталғанға дейін Түркия экономикалык жағынан әлсіз дамыған мемлекет болатын. Ол аграрлы, жартылай отарлык сипатта болды.

E-түсіндіру- Жергілікті өндірісте тек колөнер және ұсак кәсіп дамыды.

Мемлекеттегі 14 млн халыктың 77% -ы ауылдык жерлерде өмір сүрді.

Халыктың 81,6% -ы - ауылшаруашылығымен, 5,6%-ы - өндіріспен, ал

4,8% -ы - сауда-саттықпен және 7% -ы қызмет көрсетумен айналысты.

Ауылшаруашылығының ұлттык табыстағы үлесі 67% -ды, өндірістегі үлесі 10%-ды камтыды. Банк ісі мен сақтандыру компанияларында, муниципалдык кәсіпорындарда, тау-кен істеріндегі кәсіпорындарда шетелдік капиталдар үстемдік етті. Сондай-ак теміржолдың басым бөлігі де шетелдіктердің колында болды

A-талдау-М.Кемал мемлекетті индустриализациялауды жеделдетуді, өндірістегі мемлекеттік секторды құру бағытын қолга алды. Этатизмде сипатталган эко-

номикалык саясат мемлекеттік қаржыны өндіріске, теміржолга, кейіннен шаруашылыктың баска да салаларына салуды ұсынды.

L- қорытынды-Ататүріктің реформасы 10 ж созылды, қоғамның дәстүрлі құрылымы мен мәдениетін түбегейлі өзгеріске ұшыратты.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
21 ұстаз жүктеп алған
3 ақпан
801
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі