400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 12 материал табылды

«11 сынып оқушыларын психологиялық тұрғыда қолдау»

Материал туралы қысқаша түсінік
ҰБТ - ға баратын оқушыларды психологиялық тұрғыда қолдау
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Науырзым ауданы білім беру бөлімінің

Жамбыл орта мектебі»ММ










Тренинг тақырыбы:


«11 сынып оқушыларын психологиялық тұрғыда қолдау»







Мектеп психологы: Тасанова А.Х.














Қарамеңді 2020 жыл

Тренинг тақырыбы:

«11 сынып оқушыларын психологиялық тұрғыда қолдау»

Мақсаты:
1. 11 - сынып оқушыларының ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындығын анықтау;
2. Оқушылардың өздігінен атқаратын білімдерін терең меңгеруге, біліктіліктерін қалыптастыруға психологиялық көмек көрсету;
3. Қобалжу, сенімсіздік, үрейден арылу және оларды алдын - алу;
Міндеті:
Өзіндік сенімін болуға баулу.
Стрессті жеңуге жол көрсету
Оқушыларға ҰБТ - ні сенімді тапсыруға дайындау.
түрі: тренинг

Қатысушылар: оқушылар
Құралдар: плакат, ақ қағаз, қалам, гуаш, краска, үлестірме, әуен.
Тренинг ережесі: тыңдау, ойын ашық айту, уақыт үнемдеу, ойды бөлмей т. б.
Тренингтің барысы:
Психолог: Құрметті мектеп түлектері, сіздер Қазақстанның болашағысыздар, болашақ бүгіннен басталады! Сіздер кеше ғана бүлдірішін бала, балапан болсаңдар, міне бүгін дүбірлі додаға қатысуға дайын, бабына келген сайгүліктей ауыздықпен алысып тұрсыңдар. Алдарыңда үлкен болашақ, ұлы мақсат, міндет күтіп тұр. Асар белестерің, шығар биіктерің көп болсын. Кім еңбектенсе, соның бағы жанады.

Тренингтің кезеңдері.
1. «Таныс болайық!» жаттығуы
Мақсаты: Өзін таныстыру, ұжымға бейімделу, айналасындағылармен бірлесіп жұмыс жасауға оң бағытталу.

2.«Миға шабуыл» әдісі «Ыстық картоп» ойыны арқылы өткізу.

Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Алдын-ала дайындалған сұрақтар қағазға жазылып, дөңгелек пішінде умаждап, ыстық картоп дайындаймыз. Қарқынды әуен қосылады да, қатысушылар ыстық картопты жылдам бір-біріне береді. Әуен тоқтатылған кезде ыстық картоп кімнің қолында болады сол адам тез қағазды ашып, жазылған сұраққа жылдам жауап беруі тиіс. Сұрақтар:
1.Қандай сұраққа «иә» деп жауап беруге болмайды? Сіз ұйықтап жатырсыз ба?

2.Қандай ыдыстан тамақ іше алмаймыз? Бос ыдыстан

3.Адамдар мен көліктер басып өтетін жануар қалай аталады? Зебра

4.Шикідей жемейді. Піскен соң қоқысқа тастайды. Бұл не? Лавр жапырағы

5.Адам оның қосылғанын қалайды. Алайда қосылған кезде ашуланып, өшіруге асығады. Ол не? Оятқыш

6.Оны жерден көтеру оңай, бірақ алысқа лақтыру қиын. Мамық

7.Абдулланың он бес қойы бар еді. Он төртінен басқасының бәрі өліп қалды. Сонда Абдулланың неше қойы қалды? Он төрт

3. «Сурет салайық» жаттығуы.

«Қолыңызға дәптер (парақ, қағаз) алыңыз, оны төбеңізге қойыңыз. Екінші қолыңызға қалам алыңыз. Параққа үлкен шеңбер сызыңыз. Осы шеңбердің ортасына кішкентай арал салыңыз. Арал қасына екі – үш пальма салыңыз. Сол жағына жүріп қайықтың суретін салыңыз. Енді қайтып келіп пальманың қасына өзіңіздің жатқызып салыңыз. Сонан соң парақты қолыңызға алыңыз. Айтылған нұсқауға сәйкес сурет сала алдаңыз ба? Кімнің суреті нұсқауға сәл болса да ұқсайды?»

Ойынның (әзіл) қорытындысы: егер кімде – кімнің суреті нұсқаулыққа ұқсайтын болса, онда ол семинар барысында айтылып жатқан мәселелерді зейін қойып, назарын соған аударып тыңдап отырған.

4. «Мандарин» жаттығуы

Мақсаты: көңіл – күй көтеру

Барысы: оқушылар музыка ырғағымен ватманға сурет салады.

Қорытынды бөлім 
5.«Апта күндері» жаттығуы
Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.
Нұсқаулық: әр оқушының қолына апта күндері жазылған парақшалар таратылады. Апатанаың әр күніне оқушылардың есімдерін жазады да, сол адамға барып жылы сөздер айтады.
(Оқушылар қимыл – қозғалыстар арқылы жаттығуды жасайды).Рахмет!

7. Жадынама тарату.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10.11.2020
1451
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі