Материалдар / "11-сынып оқушыларына емтихан кезіндегі психологиялық көмек"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"11-сынып оқушыларына емтихан кезіндегі психологиялық көмек"

Материал туралы қысқаша түсінік
емтихан кезіндегі қобалжу, қиындықтармен күресу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қазан 2018
1547
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

4 жаттығу: «Өзіңді бақылай білесің бе?»

Мақсаты: Қатысушыларға айналадағылардың қандай әсер тигізетінін, жағдайдың өзгеруіне байланысты болжай білетіндігін және олар коммуникативті бақылаудың қандай түріне ие болғандығын көрсету.

Уақыты: 15 минут.

Нұсқау: сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріңіздер.

  1. Менің ойымша басқа адамдарға ұқсау қиын болады.

  2. Айналадағылардың назарын аудару үшін жағдай болса, мен қалжыңдай аламын.

  3. Менен жақсы актер шығады деп ойлаймын.

  4. Кейде басқа адамдар ақиқатында болмаса да, мені бір нәрсені терең уайымдайды деп ойлайды.

  5. Достар арасында мен сирек топтың ұйытқысы боламын.

  6. Әртүрлі жағдайларда және әртүрлі адамдармен қарым-қатынаста болғанда, мен өзімді басқаша түрде көрсетемін.

  7. Мен өзім шынайы сенгенде ғана өзімнің көзқарасымнан таймаймын.

  8. Адамдармен қарым-қатынасым және істеген істерім сәтті болу үшін, олар менен күткенді көрсеткім келеді.

  9. Мен ұнатпайтын адамдармен қарым-қатынаста бола аламын.

  10. Мен әрқашан өзімнің қандай екенімді көрсетіп отырамын.

1 , №5, №7 сұрақтарға «жоқ» деп жауап берсеңіз, ал басқаларына «ия» десеңіз – 1 ұпайдан қойыңыз. Егер сіз сұрақтарға шынайы жауап берсеңіз, ұпайларды санаған соң келесі ұсынысты қараңыз:

0-3 ұпай: сіздің коммуникативті бақылауыңыз төмен деңгейде орналасқан және сіз жағдайға байланысты оны өзгерткіңіз келмейді. Қарым-қатынаста сіз шынайы ашылып, өзіңізді көрсетуге қабілетіңіз бар. Кейбір адамдар тік мінезіңіздің салдарынан сізді «ыңғайсыз адам» деп санайды.

4-6 ұпай: сіздің коммуникативті бақылауыңыз орта деңгейде. Сіз шыншылсыз, бірақ эмоцианалды көріністерде ұстамдысыз. Айналадағылардың іс-әрекетімен сіздің санасып отырғаныңыз жөн болады.

7-10 ұпай: сіздің коммуникативті бақылауыңыз жоғары деңгейде. Сіз әрбір кейіпке оңай кіресіз. Жағдайлардың өзгеруіне және оның басқаларға әсерін болжай аласыз. Қарым-қатынаста икемдісіз.


5 жаттығу: Эксперимент.

Мақсаты: стрестік жағдайда өзін-өзі ұстауды үйрету.

Уақыты: 10 минут.

Өткізу техникасы: әрбір қатысушыға карточкалар беріледі, осы карточкада әріптер ретсіз жазылған. Берілген мәтінді оқу керек.

Нұсқау: сіз 30 секунд ішінде үш жалғанбалы үзінділерді оқып шығуыңыз керек:

ШАРЛЬЛЮСИДЫАРҚАСЫНАКӨТЕРІПАЙТТЫМЕНІҢМОЙНЫМНАНҰСТАДаБІРАҚҚорқыпТұрҒанбаЛАНықалаЙҚАУІПсізЖЕРгеапарУҒАБОЛАДы;бІРУАқыттажҮГІРІПКЕТіпбараЖАТҚанаяҚТАРДЫңдыбыСЫеСТІЛді.

Талдау:

Сіз тапсырманы лезде орындадыңыз ба?

Оны тез орындауға не қажет болды?

Сіздің ойыңызша бақылау нені білдіреді?

Өз-өзіңізді бақылауды қалай дамыту керек?


6. Қысқа дәріс.»Емтихан кезінде өзіңді қалай ұстау керек»

Мақсаты: мектеп бітірушілерге емтиханға дейін және одан кейін өздерін қалай ұстауды үйрету.

Уақыты: 15 минут.

Нұсқау: Киген киімдердің түсі жеңіл түсті болу керек. Емтиханда кездескен адамдарға жағымды эмоция білдіру үшін ашық – түсті киімдерді кию қажет емес. Әдептілік сақтауды әрқашанда ұмытпау керек. Артық кетпеу керек. Емтихан өткеннен кейін барлық қалағаныңыз болады.


Емтихан кезінде және емтиханнан кейінгі қылықтар туралы ұсыныстар.

1. Емтиханға бір күн қалғанда еш нәрсемен айналыспа, Егер сен бір нәрселерді жаттап үлгермесең, солай қоя сал, жаттама. Демал, көңіліңді көтер, емтихан жөнінде ұмыт.

2. Емтихан алдында жақсылап ұйықтап ал.

3. Міне, сен сыныптың жанындасың. Тыныштал. «мен тынышпын» деп бірнеше рет қайтала. Бірінші қатарда жауап беруге тырыс. Егер кірмей көп уайымдап тұрсаң, қорқыныш сезімі жоралап, қобалжисың, өзіңе сенімсіздік туындайды.

4. Ойларыңды жинақтап, эмоцияларыңды ретте.

5. Сыныпқа «Барлығы жақсы болады» деген сеніммен кір.

6. Жақсылап отырып, арқаңды тік ұста. Өзіңді барлығынан жоғары деп сана. «Менде барлығы жақсы» деген пікірді ұстап, оны асықпай бірнеше рет қайтала. Соңында қолыңды жұмырдықтап қатты қыс.

7. Қобалжуды жеңетін тыныс жолдарына арналған жаттығулар жаса:

- Жайлы отыр.

- Мұрын арқылы терең дем алу (4-6 секунд)

- Дем алуды тоқтатып (2-3 секунд) отыр.

8. Тестілеу кезінде қажетсіз сұрақ қоймау үшін, зейін қойып тыңда. Саған бланкті қалай толтыру, қандай әріптермен жазу, мектеп нөмірін қалай кодтау керек екенін түсіндіреді.

9. Жан-жағыңа көңіл аудармай, зейін тұрақтылығына тырыс. Сен үшін тек тестті орындау уақыты және тапсырма берілген бланк маңызды. Тапсырманы соңына дейін оқы. Тапсырманы бірінші сөзінен түсінікті деп ойлап қалып, аяғын өзім ойлап табам деп асығысқа жол берме.

10. Өзің сенімді сұрақтарға жауап беруден баста. Сонда сен жұмыс жасауға дайын боласың, тек сен ойларыңды жинақта.

11. Келесі тапсырмаға көшкенде, алдыңғы тапсырманы ұмыт, олар бір-біріне ұқсамайды.

12. Шегеру әдісін пайдалан. Сәйкес келмейтін жауапты ретімен сызып таста.

13. Егер сен жауап беруде күмандансаң, өзіңнің интуицияңа сен.

14. Өз жұмысыңды тексеріп шығуға уақыт қалдыр. Қателерді байқау үшін көзіңмен жүгіртіп өт.

15. Барлық тапсырманы орындауға тырыс, бірақ тәжірибе жүзінде мүмкін емес екенін есте сақта. Тесттік тапсырмалар максималды еңбектенуге арналған, ал жақсы бағалау үшін тапсырмалардың 70% орындау керек.


Жауап беру кезіндегі әрекет.

Егер емтихан қабылдаушы адам – жігерлі болса, сенің ақырын, үзіліс жасап айтқан жауабың оған мүмкін ұнамайды. Соны ескеріп отыр.

Егер емтихан қабылдаушы адам – сабырлы байсалды кісі болса, сен оған қатты дауыспен, мимикамен, ишарамен жауап берме. Ешқашан шектен шығып кетпеуді ұмытпа. Артық ештеңе болмауы тиіс.


7 – жаттығу. «Мен өзімді сол үшін мақтаймын...»

Мақсаты:Өзіңді бағалау мен эмпатияны дамыту.

Уақыты: 10 минут.

Нұсқау: Мен сіздерге өздеріңізді бір нәрсе үшін мадақтауларыңызды ұсынамын. Қазір сені көбірек мақтайтын уақыт келді, бірақ бұл өте сирек болады. Қазір сенде өзіңді мақтайтын мүмкіншілік бар. Сөйлемді жалғастыр «Мен өзімді ... мақтаймын».

Талдау: Өз-өзіңді мақтау қиын болды ма? Осы кезде қандай сезімде болдыңыз?


8. Кіші топтардағы пікірталас.

Мақсаты: Дәріс материалдарын емтиханға қайталау.

Уақыты: 25 минут.

Өткізу техникасы: Қатысушылар 4 кіші топқа бөлінеді, өкілді, спикерді, таймер мен хатшыны таңдайды. Әрбір топқа қарастыратын тапсырма беріледі.

Материал: 4 ватман, фломастерлер.

  1. топқа тапсырма: Емтихан кезіндегі қылықтың минусы мен плюсі.

  2. топқа тапсырма: Емтихан кезінде қалай зейін тұрақтылығын қалай сақтау керек.

  3. топқа тапсырма: Емтихан кезінде қолайсыз жағдайды болдырмау.

  4. Топқа тапсырма: Емтихан кезінде мұғалімді өзіне қалай қарату керек.

Нұсқау: Өнімді жұмыс істеуге тырысыңыздар. Миға шабуыл жасау және топтағы патша ережелерін сақтауды ұмытпаңыздар.

Талқылауға екі минут беріледі. Ал, бастаймыз. Талқылауға қойылған сұрақтар бойынша топтың шығарған идеяларын спикерлер жеткізуін сұраймыз.


9- жаттығу «Сиқырлы ғажайып орман.»

Мақсаты: Сену мен эмпатия сезімін дамыту.

Уақыты: 20 минут.

Нұсқау: Қазір біз ғажайып орманға айналамыз, онда әрқашан жақсы және көңілді жағымды әртүрлі ғажайып оқиғалар болып жатыр. Екі топқа бөлініп: орман және тоғай болып екі қатарға тұрамыз. Біздің қолдарымыз – ағаштың бұтақтары болып саналады. «Орман ішінен» өткен адамдарды «нәзік бұтақтар» аялайды. Ал енді әрқайсысымыз кезекпен осы «сиқырлы орманнан» өтеміз, сол кезде «бұтақтар» (қолдар) біздің басымызды арқамызды, қолдарымызды сипайды.

Талдау: Сіздер «орман» ішінде келе жатқан кезде қатысушылардың әрқайсысы қол тигізгенде не сездіңіздер?

Жаттығуды орындаудан бұрын және орындағаннан кейін қандай күйде болдыңыз?


10- жаттығу «Сиқырлы қарындаш».

Мақсаты: Тренингке қатысушылардың өткен күннен алған әсерін анықтау.

Уақыты: 10 минут.

Өткізу техникасы: Менің қолымдағы сиқырлы қарындаш кімнің қолына түседі, сол қатысушы бүгін қалай жұмыс істеді, жақсы және онша үлгермегені туралы әңгімелеп беруі тиіс.

Талдау: Осы күннен не алдыңыз? Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз? ойландыратын жағдай болды ма? Бүгінгі күнгі тренингтен алған әсерлеріңіз?


3- сабақ.

Психикалық жүйке күйзелісін төмендету әдістері.

Қажетті материал: Магнитафон, ватман, әр түрлі бейнелеу құрал-жабдықтар, А4 форматындағы ақ қағаз, әдістемелер және тесттерді өткізуге қажетті бланктер, қарындаш, жұмсақ ойыншық «Күннің көзі».


1 – жаттығу «Сәлемдесу және сыйлыққа қошемет алу»

Мақсаты: Топтық бірлікті, серіктестікті, қарым-қатынас іскерлігін, қиялдау қабілетін дамыту.

Уақыты: 15 минут.

Нұсқау: Музыка басталған кезде сіздер аудиторияда еркін жүріп, бір-біріңізге жақындап көзқараспен қатынасқа кіріп, амандасып, қошеметті қағазға кімге екенін жазып сыйлайсыздар. Жаттығуды орындағаннан кейін әркім өзіне сыйлаған қошеметтерді оқиды.

Талдау: Қошемет сыйлау қиын болды ма? Қайсы жақсы, сыйлау әлде алу ма? Жаттығуды орындағаннан кейін сіздің көңіл – күйіңіз қандай?


2- жаттығу. «Суретті жалғастырып әрі қарай жібер»

Мақсаты: Психофизикалық күйзелісті төмендету, топты біріктіру.

Уақыты: 10 минут.

Нұсқау: Ақ қағаз бен ең жағымды түсті қарындаш алыңыз. Менің шапалақ соққанымды естігеннен кейін сіздің ойыңызға кез-келген суретті саласыз. Келесі шапалақтан кейін сіз қарындашпен суретті сол жақтағы көршіңізге бересіз, ол суретті жалғастырады. Солай әр шапалақ естіген сайын сурет көршілерге жылжи береді де, кейін өзіңізге қайтып келеді. Сурет өзіңізге қайтып келгесін, оны толықтырып немесе өзгертуге болады.

Талдау: Сізге қайтып келген сурет ұнады ма? Өзіңіздің көңіл-күйіңізбен, сезімдеріңізбен бөлісіңіз. Басқа адамның суретінің тақырыбын қолдау қиын болды ма?


3- жаттығу «Қасиеттер тізімі»

Мақсаты: Мектеп бітірушілерге өзінің күшіне сеніп, өзін терең білуіне және өнімді әрекеттенуіне кедергі жасайтын қылықтарын түзету.

Уақыты: 10 минут.

Нұсқау: Төмендегі қасиеттер тізіміне қарап «+» және «-» белгілерін қолдана отырып, өзіңіздің пікіріңіз бойынша сәйкес келетініне «+» қойыңыз, ал сізде жоқ қылықтарға «-», егер күмәнділік болса «?» қоясыз.




Мінез қылықтары.

+, ?.-.

Қандай қылықтарды өзгерткіңіз келеді.

1

Өзіме ұнаймын.



2

Басқалардан қорғанамын немесе реніштімін.



3

Маған сенуге болады.



4

Әрқашан бетжүзімде мейірімділік сақтаймын.



5

Әдетте дұрыс пікір айтамын.



6

Жиі дұрыс емес істеймін.



7

Адамдар маған жақын тұрады.



8

Ұстанымдымын.



9

Өмір маған ұнамайды.



10

Өз-өзімді ұстай алмаймын.



11

Өзімен ұнамаймын.



12

Өзім үшін өзім ойлаймын.



13

Уақытты босқа кетіремін.



14

Өз мамандығымда жетікпін.



15

Өз күшімді дұрыс пайдаланбаймын.



16

Әдетте қате пікірлер айтамын.



17

Маған адамдар ұнайды.



18

Өзімнің қабілетімді дамытпаймын.



19

Адамдар арасында болғанды ұнатпаймын.



20

Өзімен разы емеспін.



21

Басқаның пікіріне тәуелдімін.



22

Өзімнің қабілетімді қолдана білемін.



23

Өз сезімдерімді білемін.



24

Өзімді түсінбеймін.



25

Өзімнің қамыққанымды сезінемін.



26

Адамдар менен алшақтайды.



27

Уақытымды жақсы пайдаланамын





Талдау: Өзіңіз мінезіңізде қандай қылықтарды өзгерткіңіз келед? Неге?


  1. - жаттығу «Менің хал - ахуалым»


Мақсаты: Өзінің жеке ерекшеліктері, қылықтары туралы ойлануға мүмкіндік беру.

Уақыты: 15 минут.

Нұсқау: Төменде келтірілген бекітулерге «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріңіз. Шындықты айтуға тырысыңыз. Өйткені тестілеу қорытындысындағы ақпарат сіз үшін өте қажет. Оның көмегі тренингтің жаттығуларын орындағанда көрінеді: өзіңіз туралы ойлану, жеке ерекшеліктеріңіз және қылықтарыңыз жайында ойлануға мүмкіндік береді. Тесттегі бекітулерді талқылағанда әдетте өзіңіз қолданатын қағидаларға сүйеніңіз, яғни осы бекіту сіздің қылығыңызды мінездегенде «иә» деп жауап беріңіз.


Тест сұрақтары:

  1. Менің көңіл – күйім жиі жаман болып, мен жылаймын.

  2. Адаммен кездескенде оның көзіне тура қараудан қашқалақтаймын.

  3. Мен өте жиі ашуланып басылып жүремін.

  4. Мен білген және білетін көп адамдар көңілімді қалдырды.

  5. Басқалар үшін өмірдегі ең маңызды мені қызықтырмайды. (спорт, жұмыс, айналадағылар қатынасы)

  6. Соңғы кезде мен көңілді болмай, мүлдем күлмеймін.

  7. Мен жиі әлсіздік сезініп, жақындар мен таныстарға өмірімнің мұңын айтамын.

  8. Қазіргі уақытта көп сұрақтар бойынша өзімдік позициям жоқ.

  9. Мен әдетте ақырын сөйлеймін, сондықтан әңгіме барысында мені түсіну қиынырақ болады.

  10. Мен өте жиі сөйлескен адамның сұрақтарына жауап бере алмағандықтан жай ғана иығыммен қағаман.

Тест кілті: Әрбір «иә» деген жауапқа 1 ұпайдан беріп, барлығын санаңыз.

1-2 ұпай: Өмірдің кейбір қиын жағдайларына қарамастан сіз өмірді жеңіл қабылдайсыз. Бұл жаман емес, бірақ та белгілі шектеуге дейін.

3-6 ұпай: Сіздің өмірге көзқарасыңыз нормаға сай, бірақ та біраз белгілі мәнділік байқалып, шаршағандық сезінеді. Бұл ерте емес пе.

7-10 ұпай: Өзіңізбен болып жатқан барлық жағдайларды теріс қабылдайсыз. Сіздің өміріңізде қуанышты сәттер болмаған ба.


Айтылған интерпритациялармен келіспеуіңізге болады, бірақ та алынған ақпараттар жөнінде ойланатын жағдайлар бар. Егер ол қажет болса, алдыңызда әлі көп тренингтер этюді бар, олар сізге өзіңізді өзгертуге, жақсы түсінуге көмектеседі.


5 – жаттығу «Психикалық жүйке әсерін төмендету әдістері» жөнінде қысқа дәріс.

Мақсаты: Өз-өзіңді қалыпқа келтіру түсінігімен таныстыру және психикалық-жүйке әсерін төмендету әдістерін түсіндіру.

Уақыты: 10 минут.


Психикалық жүйке әсерін төмендету әдістері:

  1. Релаксация – күш салу – релаксация – күш салу және тағы солай.

  2. Дене шынықтыру жаттығулары.

  3. Контрасты душ.

  4. Кір жуу.

  5. Ыдыс жуу.

  6. Саусақпен сурет салу: 1 қасық ұн, 1 қасық су, 1 қасық бояу. Кляксалар. Кейін олар туралы сөйлесу.

  7. Газетті бұзып кейін оны қоқысқа тастау.

  8. Сайыс: өзіңді кернеп тұрған эмоцияларыңды, қорқыныш сезімдеріңді уқаланған газетке салып, оны ең кішкентай пішінге келтірде, ең алыс жерге лақтыр.

  9. Газетті өте ұсақтап жырту, кейін лақтырып тастау.

  10. Газеттен өзіңнің көңіл-күйіңді жасау, құрастыру.

  11. Газетті әртүрлі бояулармен бояу.

  12. Өзіңнің жақсы көретін әніңді өте жоғары дауыспен айту.

  13. Бірде қатты, бірде ақырын ғана айқайлау.

  14. Жылдам да, баяу да ойнайтын музыкаға билеу.

  15. Жанып тұрған шамға қарап отыру.

  16. 10 рет терең тыныс алу.

  17. Орманға барып серуендеу, онда айқайлауға болады.

  18. Тістерді тілмен сезіп, санау.


6-жаттығу. «Сау бол»

Мақсаты: қолайлы әдіспен күш салуды қалай төмендетуге болатынын үйрету.

Уақыты: 10минут.

Нұсқау: Қазір біз сіздермен сайысамыз. Газетті уқалап, оған өзіңіздің бүкіл күш зейініңізді салыңыз да, алыс жерге тастаңыз.

Талдау: Сіз өзіңізді қалай сезінетініңізді айтып беріңіз. Өзіңізге түскен күштен айырыла алдыңыз ба. Жаттығудың алдында және жаттығудан кейін болған көңіл-күй туралы не айта аласыз.


7. «Кіші топтарға пікірталас»

Мақсаты: Қатысушылар өз-өзін терең тануға, өздерінің сезімдері мен көзқарастарын түсінуге көмектесу.

Уақыты: 25 минут.

Қажетті құралдар: вотман 4 дана, фломастерлер.

Нұсқау: 4 кіші топтарға: теңіз, көл, өзен, бұлақ белгілері бойынша боліну. Таймерді, хатшыны, спикерді, топ өкілін таңдаңыздар. Қазір сіздерге пікір алмасуға сұрақтар таратылады. Топтық ережелерді сақтай отырып, бұл тапсырмаға екі минут уақыт беріледі.

1 – топқа тапсырма: өз-өзіне өзінің күшіне сенетін адамның бейнесін құрастырыңдар.

2 – топқа тапсырма: Өзіңнің көңіл-күйіңмен ахуалыңды қандай әдістермен және жақсартуға болады.

3 – Топқа тапсырма: емтиханда пайда болған күш салуды қалай төмендетуге болады.

4 – топқа тапсырма: емтиханға дайындалған кезде және емтихан барысында жауап бергенде ішінде туындаған қорқыныш сезімінен қалай арылуға болады.

Ал енді спикерлер пікір алмасу кезінде топтық ойларды ортаға жеткізе білу керек.


8- жаттығу. «Ааааа және Иииии»

Мақсаты: «Мен» деген ұғымның жағымды бейнесін құру, көңіл-күйді көтеру, өз-өзіне деген сенімін күшейту, оптимистік сезімді қондыру.

Уақыты: 10 минут.

Өткізу техникасы: топтың қатысушылары шеңбер құрып тұрады.


«Ааааа» дыбысынан шығатын энергия.

Нұсқау: Өздеріңді жаңа күшпен толтыру үшін орындарыңнан тұрып өте терең тыныс алыңдар. Енді тыныс алған кезде өкпелеріңді ауаға толтырып, тынысты әндетіп «Ааааа» деп созып, сол дыбыспен барлық қалжырағандықты, шаршағандықты, жалыққандықты шығарыңдар. Тыныс алған кезде сіздер таза ауамен бірге бүкіл қуанышты сезімдерді және жайдарлы көңіл-күйді өзіңіздің бойыңызға сіңіріңіз де, ал тыныс шығарған кезде «Ааааа» деп ұзақ созып, онымен бірге ішіңіздегі барлық шаршағандық пен қолайсыз түйсіктерді толық шығарыңыздар. 1 минут.

«Иииии» дыбысынан шығатын энергия.

Нұсқау: Орындарыңнан тұрып бір уақытта «жедел жәрдем көрсету машинасының»дабыл бергішіне айналыңыздар. Ол үшін қолдарыңызды басыңызға қойып, «Иииии» деген дыбысты ұзақ созып айтыңыз да, басыңыздың дірілдеуін сезініңіз. Кейін бұл дыбысты бірде жоғарылатып, бірде төмендетіп айтыңыз. Біраз уақыттан кейін сіз өзіңіздің күшіңізді сақтағанын байқайсыздар. 30 секунд.

Кейбір жағдайларда сіздер басқа дауысты дыбыстармен осындай жаттығуды орындай аласыз. Олар «Ааааа», «Ооооо», «Ууууу» болуы мүмкін, бірақ оларды жоғарыда айтқандай бірде жоғары, бірде төмен айтылу қажет.

Талдау: өздеріңнің қазіргі кездегі қал жағдайларын туралы ой бөлісіңіз.


9. Ойын «Сілкіп таста.»

Мақсаты: жағымсыз қажетті емес, кедергі жасайтын жағдайлардан босанысу.

Уақыты: 10 минут.

Нұсқау: Қазір біз қолайсыз сезімдерден арылуды және әркім өзін-өзі қалыпқа келтірудің жеңіл түрлерін үйренеміз. Кейде біз ауыр және жеңіл жүктерді ішімізде сақтағандықтан көп күшіміз кетеді. Мысалы «тағы да мен осыны істей алмадым», «Мен емтиханға дұрыс дайындала алмаймын», «Емтихан кезінде көп қате жіберіп қоямын» немесе «Мен басқаларға қарағанда, сондай ақылды емеспін. Мен бекер азаптанып жүрмін» т.б жағымсыз ойлар туады. Бірақ, бұл дұрыс емес.

Жан-жақта көбірек бос кеңістік жасап тұрыңдар. Алғашқыда алақандарыңнан бастап шынтақтарыңның бойынан өтіп иықтарыңды сілкілеңдер. Осы уақытта сіздердің бойыңыздан жаман ойлар, жағымсыз эмоциялар, ауыр жүктер судай ағып кеткенін елестетіңіздер. Содан соң бақайшақтарыңнан бастап сандарыңа дейін сілкіп, одан кейін басыңызды сілкіңіз.

Егер сіздер сол уақытта дыбыстарды шығарсаңдар, ол одан да жақсы болады. Ал енді бетіңізді сілкіп жіберіңіз де сол кезде аузыңыз дірілдегенде шыққан дыбыстар дауысыңызды күлкілі қылып өзгертеді. Сіздің бойыңыздан барлық жамандық, ауыр жүк, жағымсыз эмоциялар мен ойлардың кетуін бақылап, олардың орнына жаңа жағымды эмоциялардың пайда болуын, көтеріңкі көңіл-күйдің пайда болуын сезінесіздер. Өзіңіз қайта туғандай боласыз.

Талдау: Жаттығуды орындағаннан кейін өзіңізді қалай сезінесіз?

10 жаттығу «Күн сәулесіне бөленген алаңқай»

Мақсаты: күйзелісті төмендету, айналада түсінушілік пен сенімділік қалыптасқан топта жылы қарым-қатынас орнату.

Уақыты: 15 минут.

Қажетті құралдар: алаңқай, күн сәулесі бейнеленген ватман қағазы, түрлі-түсті және ақ түсті қағаздар, қайшы, бояу және тағы басқа сурет салу құралдары.

Нұсқау: Жан-жаққа қарасаңыздар айнала өте жарық. Өйткені біздің жүрегіміздің жылуынан бөлмеміз күн сәулесіне бөленді. Ең алдымен сіздер көз алдыңызға табиғаты керемет алаңқайда жүргенді елестетіңіздер. Мұнда көп гүлдер өседі. Бұлар түймедақтар, үлпілдектер, көктікендер және раушангүлдер. Әрбіреуіңіз бұл жерде өзіңіздің бір ғана гүліңізді таба аласыз. Ал, енді көз алдыңа елестеген гүлді қағаздың бетіне салып, бояумен бояп, қайшымен қиып, сол қағазға топқа арнаған тілектеріңізді жазып, біздің жарқыраған алаңқайда сол гүліңізді жапсырыңыздар.

Қараңызшы алуан түрлі гүлдер өскен кең алаңқай қандай әдемі. Егер біз алаңқайға жақындасақ, қаншама тілектерді оқи аламыз да, тамаша гүлдерді көріп жұпар иісін сезінеміз.

Талдау: Бұл жаттығуды орындағаннан кейін сіздерде қандай сезімдер пайда болды? Өзіңіздің көңіл-күйіңізбен бөлісіңіз.


11-жаттығу «Келесі кездескенше!»

Мақсаты: Өзара түсінісушілік пен сенімді дамыту, топқа қатысушылардан кері байланыс алу.

Уақыты: 5 минут.

Қажетті құралдар: «Күн сәулесі» жұмсақ ойыншығы.

Нұсқау: Менің қолымда әдемі, жылы күн сәулесі бар. Ол бүгінгі күннің қуанышын, жылулығын, бақытын барлықтарыңызға сыйлайды. Қазір сіздер бұл күн сәулесін бір-біріңізге беріп, бүгінгі өткен тренинг туралы өздеріңнің сезімдеріңмен бөлісіңіздер. Бүгінгі тренинг аяқталса да, біз қоштаспаймыз, себебі келесі кездесуге үміттенеміз.

Талдау: Бүгінгі күн сіздерге не берді? Қандай жаңалық болды?

Келешекте нені пайдаланасыңдар? Бірақ эмоцианалды көріністерде ұстамдысыз.Айналадағылардың іс-әрекетімен сіздің санасып отырғаныңыз жөн болады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!