400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

11 сынып Қауіпсіздік сабағы «ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫН ҚАЛАЙ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КЕРЕК»

Материал туралы қысқаша түсінік
11 сынып Қауіпсіздік сабағы «ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫН ҚАЛАЙ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КЕРЕК»
Материалдың қысқаша нұсқасы

11 сынып Қауіпсіздік сабағы

«ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫН ҚАЛАЙ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КЕРЕК?»

(10 минут)

Сабақтың мақсаты: қауіпсіз еңбек туралы ақпарат беру,

оны қамтамасыз ету жолдарымен таныстыру.

Негізгі міндеттері:

  1. жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек шартын талқылау;

  2. жұмыскердің құқы мен міндеттері туралы еңбек кодексіне тоқталу;

  3. еңбек қауіпсіздігі тұрғысында жұмыскерге жүктелген талаппен таныстыру.

Материалдар мен ресурстар:

А)Еңбек кодексі.

Б)Инфографика жасауға арналған ватмандар, маркерлер, суреттер.

Сабақтың барысы

    1. Кіріспе (2 мин)

Қауіпсіз еңбек жағдайлары – адамның негізгі құқықтарының бірі және «Қауіпсіз еңбек» ұғымының ажырамас бөлігі. Халықаралық еңбек ұйымы еңбекті қорғауды, еңбек стандарттарын, әлеуметтік диалогті, қызметкерлердің осал санаттарын әлеуметтік қорғауды дамыта отырып, лайықты еңбек қағидаттарын қалыптастырады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындамау кәсіпорындардың экономикалық әл-ауқатына нұқсан келтіреді, оның тұрақты даму стратегиясына және жалпы алғанда ел экономикасына кері әсер етеді.

    1. Негізгі бөлім (6 мин):

Еңбек қауіпсіздігі – еңбек қызметі процесінде жұмыскерлерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген, жұмыскерлердің қорғалуының жай-күйі. Кәсіпорындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау (бұдан әрі – ЕҚжЕҚ) жағдайлары ҚР Еңбек Кодексімен реттеледі.

Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі принциптері:

  • қауіп көздерін жою немесе шектеу, жабдықты жаңарту;

  • технологиялық процестерді, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын жетілдіру.

Еңбекті қорғау – құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылықтехникалық, санитариялық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактикалық, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызметі процесінде жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі.

Еңбек шартын жасасқан кезде жұмыскер өз еңбек функциясын қандай еңбек жағдайында атқаратыны және бұл жұмыс оның денсаулығына, өміріне қандай зиян тигізетіні туралы толық мәлімет алып, жұмыс орнында қауіпсіздік талаптарына қатысты жүргізілген аттестация қорытындысымен толық танысуға құқылы.

Жұмыскер мен жұмыс беруші еңбек шартын жасасқан кезде екі тарап та өзара келісу негізіндегі әдісті қолдана алады. Жұмыс беруші нақты өз талаптарына сәйкес келетін жұмыскерді қабылдауға құқылы, ал жұмыскер көрсеткен қызметі үшін өзіне тиімді еңбекақы төлеуді талап етуге құқылы. Жұмыскердің құқықтары мен міндеттері Еңбек кодексінің 22-бабында ескерілген. Еңбек қатынастарына түскен әр адам осы заңды мұқият оқып шықса, өзіне жақсы.

3.Қорытынды. Сабақты қорытындылау, еңбек тақырыбына мақал- мәтелдер айту:

Пайдалы сілтеме: https://youtu.be/DpMSqGKZBno?si=OhIfjkuMghn-2-vr https://youtu.be/DpMSqGKZBno?si=H4966mKInWa91l_R

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
37 ұстаз жүктеп алған
30 қараша
570
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі