11-сынып Қазіргі кездегі ақпараттық технологиялар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

11-сынып Қазіргі кездегі ақпараттық технологиялар

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі кездегі ақпараттық технологиялар тақырыбындағы оқу мақсатына сай жасалған тақырыптық тапсырмалар дұрыс жауаптарымен
Материалдың қысқаша нұсқасы

11-сынып Жаратылыстану-математикалық бағыт Дүниежүзі тарихы Авторлары: Р.Р.Қайырбекова, А.С.Ибраева, Г.Н. Аязбаева

Қазіргі кездегі ақпараттық технологиялар

11.4.3.1 қоғамның дамуына ақпараттық технологиялардың әсерін зерттеу;



11.4.3.2 адамзат өркениетінің дамуы үшін ақпараттық технологиялар саласындағы жетістіктердің ықтимал салдарын болжау

Тапсырма 1 Терминдер тақтасы

Ақпарат-

Технология-

Ақпараттық технологиялар-

Тапсырма 2 Тұлғаны таны Кітаппен жұмыс

С тив Джобс

Тапсырма 3 Пікірталас

Интернет туралы, сурет бойынша әңгімелеу



Тапсырма 4 SWOT талдау

Ғаламтор

Тапсырма 5 Болжам жасау

Компьютерлендіру жеделдендірілуде, болашақта...

Жахандық ақпараттану жаңа нұсқалар әзірлеуде, болашақта...







































Дұрыс жауаптары

Тапсырма 1 Терминдер тақтасы

Ақпарат- (лат. informatio — түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым.

Технология- (гр. “techno” - өнер, шебер, білгір және “logos” – ілім, ғылым) – ғылыми-практикалық негізде шикізатты дайын өнімге айналдырудың әдіс-тәсілдерінің жүйесі.

Ақпараттық технологиялар- компьютерді және телекоммуникациялық жабдықтарды, деректерді сақтау, шығару, тасымалдау және өзгертуге арналған технология

Тапсырма 2 Тұлғаны таны Кітаппен жұмыс

С тив Джобс - американдық өнертапқыш және бизнес-магнат. Apple корпорациясының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы болған. Ол Pixar Animation Studios компаниясының СЕО қызметін де атқарды. 2006 жылы The Walt Disney Company Pixar компаниясын сатып алып Disneyдің директорлар кеңесіне мүше болды. 






Тапсырма 3 Пікірталас

Интернет туралы, сурет бойынша әңгімелеу, пайдасы, зияны

Интернет жүйесі жиырмасыншы ғасырдың аяғында пайда болған Интернет қазір жер шарының әр түкпірін байланыстырып сан алуан адамдарды, елдер мен құрлықтарды біріктіріп отыр. [1]

Интернет 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келдi.Оны соғыс бола қалған жағдайда бір-бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ-ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан.Алпысыншы жылдардың аяғында Пентагон ядролық соғыс бола қалғанда компьютер желісінің үзілмеуі үшін арнайы жүйе жасады, тaжiрибенiң ойдағыдай жүргiзiлу барысында ARPA net желiсi пайда болып, ол Калифорниядағы жaне Юта штаты зерттеу орталықтарындағы үш компьютердi ғана бiрiктiрдi.Кейiн ARPAnet бейбiт мақсатқа қызмет еттi, оны негізінен ғалымдар мен мамандар пайдаланды.Сексенінші жылдардың басында Интернет деген термин пайда болды.Бұл ағылшынның халықаралық желі деген сөзі.[2]

1990-шы жылдары Интернетке енушілер саны күрт өсті, ал 2000 жылы оған 5 млн компьютер қосылып, пайдаланушылар саны 200 миллионнан асты. Интернеттiң мүмкiндiгi шексiз.Талғамыңыз бен көңiл күйiңiзге қарай одан сiздi қызықтыратын көп нәрсе табуға болады.Yйден шықпай газеттiң тың номерiн парақтағыңыз келеме, мейiлiңiз, тек WWW немесе Web деп аталатын aлемдiк шырмауықты қолдансаңыз жетедi. Гиперсiлтеме жүйесi арқылы қажеттi басылымықызды санаулы минуттар iшiнде тауып аласыз.

Тапсырма 4 SWOT талдау

Ғаламтор

Күшті жағы- ғылым мен техниканың шынайы жетістігі. Ол - сөзсіз. Интернетті қолдана алатын кез келген адам өзіне қалаған ақпарат мен мағлұматты тауып, қажетіне жарата алады. Мазалап жүрген сауалдарының жауабын табады. Әлемдік жаңалықтар мен оқиғалардан хабардар болып отыруға көмектеспек. Бұл жағынан интернет адамның білімі мен қабілетін, тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал етеді.

Ғаламторда шек жоқ. Алыста жүрген ата-анаңмен де, туған-туыстарыңмен де емін-еркін байланыс ұстайсың, сөйлесесіз, хабарласасың. Тіпті, адамдардың қолы жетпейтін жерге осы ғаламтордың қолы тиіп тұр. Көрісе алмаған адамыңмен ғаламтор арқылы байланыс орнатасың. Ғашығын да ғаламтордан тауып жатқандар қаншама.

Ғаламдық желі, сөзсіз, адамның білімін жетілдіруге көмектесетін құрал. Соның арқасында шет тілін үйреніп, түрлі курстар мен тренингтерге қатысуға болады. Одан бөлек, ғаламтор - нағыз табыс көзіне айналып отырған сала. Онымен табыс тауып отырғандар да аз емес.


Әлсіз жағы- Ғаламторға деген тәуелділік қазір ғаламдық мәселеге айналып бара жатыр. Соның кесірінен адамдар арасындағы күнделікті байланыс бұзылып барады. Адамдар бір-бірімен сөйлесуді, әңгімелесуді, сырын бөлісуді ұмытып бара жатқандай. Жылы шырай танытып, шүлдірлеп сөйлесуден, жанды, табиғи қатынастан қалып барамыз.

Ғаламтордың келесі зиянды тұсы - адамның денсаулығы. Компьютер алдында ұзақ отырған адамның денсаулығы да нашарлай түседі. Өйткені ол қозғалыстан қалып, оның соңы бел, арқа, көз ауруларына әкелуі мүмкін.

Мүмкіндіктері- Жалпы компьютердің алдына артық отырып алмай, ғаламторды ретімен пайдаланса, өзіне қажетті деген сайттар мен ресурстарға кіріп, керегін ала алса, онда ғаламтор түк те зияны жоқ. Тек тәуелді, масыл болып қалудан қашқан жөн.

Қауіп-қатері- қазіргі таңда ғаламторда алаяқтар да көбейді. Олардан сақтанудың да қамын жасаған абзал.

Тапсырма 5 Болжам жасау

Компьютерлендіру жеделдендірілуде, болашақта , жаңа қоғамдық жағдайлар қалыптасып жатыр

Жахандық ақпараттану жаңа нұсқалар әзірлеуде, болашақта жүйелік жобалау, әкімшілік қызмет, қызмет көрсетудің көп процестері автоматтандырылуда





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.04.2024
706
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі