Материалдар / 11 сынып ҚГБ, .§54. Қазақстанның атмосфералық алабы мен су ресурстарының экологиясы.§55. Шөлдену проблемалары.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

11 сынып ҚГБ, .§54. Қазақстанның атмосфералық алабы мен су ресурстарының экологиясы.§55. Шөлдену проблемалары.

Материал туралы қысқаша түсінік
11.3.2.2 - Қазақстанның экологиялық проблемаларының шешу жолдарын ұсыну;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Мамыр 2024
66
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

11 сынып ҚГБ №64

ДӘІЖО___________

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«» КММ
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Қазақстанның экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдары.§54. Қазақстанның атмосфералық алабы мен су ресурстарының экологиясы.§55. Шөлдену проблемалары.

(Сабақ тақырыбы)


Бөлім:

«Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері»

Педагогтің аты-жөні:


Күні:

10.05

Сыныбы: 11 «а» ҚГБ

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстанның экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдары. §54. Қазақстанның атмосфералық алабы мен су ресурстарының экологиясы.

§55. Шөлдену проблемалары.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

11.3.2.2 - Қазақстанның экологиялық проблемаларының шешу жолдарын ұсыну;

Сабақтың мақсаты:

Қазақстанның экологиялық проблемаларының шешу жолдарын ұсынады;

ЕБҚ: Қазақстанның экологиялық проблемаларының шешу жолдарын сипаттайды;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



Бұрынғы білімін еске түсіру

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тәртібін қадағалау.


«Айырмашылығы неде?»

Оқушыларға екі түрлі сурет немесе сөз көрсету. Екеуінің арасындағы айырмашылықты анықтауды сұрау. Жауаптарын дəлелдеп отыру.


Экологиялық босқындар экологиялық дағдарыс

экологиялық апат

Оқушылар амандасады, сынып тәртібін сақтайды.






Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.

Өз ойын, ой-пікірін білдіреді.

«Ашық журнал» әдісі.


Дескриптор:

-кілт сөздердің айырмашылығын сипаттайды -1 балл;

Интерактивті панель

Презентация



Оқушылардың назарын аудару

«Құндылық» Ұлттық мүде (Қазақстан мүддесіне қызмет етуге ұмтылу)


Қазақстанның атмосфералық алабы мен су ресурстарының экологиясы туралы өз ойыңды білдір!


«Менен сұрақ-сенен жауап» әдісі бойынша оқу мақсатына сай сұрақ қойылады.


Топырақ деген не? Ол қалай қалыптасады? Топырақ қандай құрамбөлiктерден тұрады? Топырақтың құнарлығы неге байланысты? Қазақстанда топырақтың қай типтерi басымырақ? Олардың қайсысы өте құнарлы болып табылады?

Менен сұрақ-сенен жауап әдісінде қойылған сұрақтарға жауап береді, ой қозғау жүзеге асады.

«Ашық журнал» әдісі.


Дескриптор:

- бір құндылық айтты – 1 балл;

- оқу мақсатына сай қойылған сұрақтарға жауап береді -2 балл;

Интерактивті панель

Презентация


Сабақтың мақсатын таныстыру

Сабақтың оқу мақсаты:

11.3.2.2 - Қазақстанның экологиялық проблемаларының шешу жолдарын ұсыну;


Сабақтың мақсаты:

Қазақстанның экологиялық проблемаларының шешу жолдарын ұсынады;

Жаңа сабақтың тақырыбын мақсатын жазады.

Кері байланыс:

«Мадақтау» әдісі

«Жарайсың!»

«Тамаша жауап»

т.б

Интерактивті панель

Презентация


Биология 11-сынып, Автор: А.Ф.Ковшарь, Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева, Б.Т.Ибраимова, С.А.Куприй, Алматы «Атамұра» баспасы 2020 ж

Жаңа тақырыпты таныстыру

«Инсерт» кесте әдісі.

Берілген мәтінді «Түртіп алу» әдісін пайдаланып, танысып шығу. INSERT - оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс.

Оқушылар мәтінді оқиды.

Берілген мәтінді «Түртіп алу» әдісін пайдаланады, танысып шығады. Кестені толтырады. Бір-бірімен пікір алмасады. Ой қозғау жүзеге асады.

Кері байланыс:

«Мадақтау» әдісі

«Жарайсың!»

«Тамаша жауап»

т.б

Интерактивті панель

Презентация

https://smk.edu.kz/Course/Topic/16/10305?lang=2


Сабақтың ортасы


Оқушыларға бағыт бағдар беру

«Атаулар мекені»

Тақырып бойынша термин сөздердер беріледі. Тыңдаушылар қосымша ақпараттан жауаптарын сипаттау, теориялық білімдерін молайту.


Шөлдену, жерді рекультивациялау, топырақ эрозиясы және дефляциясы.

Тыңдаушылар қосымша ақпараттан жауаптарын жазып, теориялық білімдерін молайтады.


«Ашық журнал» әдісі


Дескриптор:

-кілт сөздердің мазмұнын сипаттайды – 2 балл;

Интерактивті панель

Презентация



Практикалық тапсырмалар беру

Жеке жұмыс ҚБ тапсырмалары ҚМЖ қосымшасында орналасқан




Оқушылар жеке ҚБ тапсырмаларын орындайды. Бір-бірімен пікір алмасады. Ой қозғау жүзеге асады.



Жеке жұмыс ҚБ тапсырмаларының дескрипторы ҚМЖ қосымшасында орналасқан

Интерактивті панель

Презентация

https://smk.edu.kz/Course/Topic/16/10372?lang=2


Жұмыс дәптерлері, үлестірме парақтар

Бағалау

Жеке жұмыс ҚБ тапсырмалары ҚМЖ қосымшасында орналасқан




Оқушылар жеке ҚБ тапсырмаларын орындайды. Бір-бірімен пікір алмасады. Ой қозғау жүзеге асады.



Жеке жұмыс ҚБ тапсырмаларының дескрипторы ҚМЖ қосымшасында орналасқан

Интерактивті панель

Презентация

https://smk.edu.kz/Course/Topic/16/10372?lang=2


Жұмыс дәптерлері, үлестірме парақтар

Сабақтың соңы


Кері байланыс беру

Кері байланыс: «БББ» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

Кері байланыс:

«Өте жақсы!»

«Жақсы!»

«Талпын!»

Интерактивті панель

Презентация


Білгенім.....

Білдім.....

Білгім келеді....

Білімді игеруді жақсарту және оны тәжірибеге көшіру

Үй тапсырма: §56. Қазақстан Республикасының экологиялық проблемаларын шешу жолдары.

Білім алушылар келесі тақырыптың тақырыбымен танысады және тірек сызба сызады. Ой қозғау жүзеге асады.

Кері байланыс:

«Өте жақсы!»

«Жақсы!»

«Талпын!»

Жұмыс дәптері


Биология 11-сынып, Автор: А.Ф.Ковшарь, Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева, Б.Т.Ибраимова, С.А.Куприй, Алматы «Атамұра» баспасы 2020 ж



ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРҒА ҚОСЫМША


Берілген мәтінді «Түртіп алу» әдісін пайдаланып, танысып шығу. INSERT - оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс.


«V» - «Білемін»

«-» «мен үшін түсініксіз»

«+» - «мен үшін жаңа ақпарат»

«?» - «мені таңғалдырады»









Каспий конвенциясы. Шекарамыз толық бекітілді

Кеше Ақтау қаласында бес ел - Қазақстан, Әзірбайжан, Ресей, Иран және Түркіменстан басшылары Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтайтын конвенцияға қол қойды. Осылайша, 20 жылдан астам уақыт бойы жалғасып келген келіссөздер өз нәтижесін беріп, Каспий маңы елдері ортақ мәмлеге келгендей болды.

Алайда, бесінші Каспий саммиті барысында нақты қандай шешімдер қабылданып, қандай келісімге қол қойылғаны әлі ел назарына ұсыныла қойған жоқ. Себебі, Конвенцияның мәтіні әлі ақпарат құралдарында жарияланбады. Бір анығы, теңізде әскер орналастыруға тыйым салынып, оны тек экономикалық мақсатта игеруге келісім берілгені болып отыр.

Каспий келіссөздерінің осынша ұзақ уақытқа созылу себебі, Каспий жағалауында орналсақан елдердің ортақ шешімге келе алмауында екені сөзсіз. Каспийдің құқықтық мәртебесі осы кезге дейін екі елдің – Кеңес Одағы мен Иранның арасында жасалған келісіммен реттеліп келеді. Кеңес үкіметі тараған кезде Каспий жағалауында тағы 4 ел пайда болды – Қазақстан, Әзірбайжан, Түрікменстан және Ресей. Осылайша, енді Каспий теңізін екі елдің емес, 5 елдің арасында бөлуге тура келді.

Каспий келісімін тығырыққа тіреп келген басты мәселенің бірі оның атауына байланысыты болды. Каспий жағалауындағы бес ел оны теңіз деп санау керек пе, әлде көл деп тану дұрыс па деген талас төңірегінде келіссөз жүргізіп келді. Өйткені Каспийдің табиғи байлығы мен су айдынының қалай бөлінетіні оның көл немесе теңіз деп танылуына байланысты болатын.

Бұған халықаралық теңіз құқығы нормалары себеп болып отыр. Бұлай дейтініміз, 1982 жылы 10 желтоқсанда Ямайканың Монтего-Бей қаласында қабылданып, 1994 жылы 16 қарашадан бері атқарылып келе жатқан БҰҰ теңіз құқығы жөніндегі халықаралық конвенциясында теңізді пайдалану жайлы ережелер анық көрсетілген. Онда теңіз жағалауында орналасқан кез-келген ел сол теңіздің жағалаудан 200 миль (370 шақырым) көлемiндегі экономикалық аймағын пайдалануға құқығы бар деп бекітілген. Осыған байланысыты өз бөлігенде мұнай-газ мөлшері молынан табылған Қазақстан, Әзірбайжан, Ресей елдері Каспийді теңіз деп тануға мүдделі. Осы арқылы олар жоғарда аталған БҰҰ-ның қаулысы бойынша өзіне тиесілі өңірдің байлығын еркін игермекші. Ал Түрікменстан мен Иран бұған келіспейді. Олар Каспий теңіз емес - көл. Сол үшін Каспийдің байлығы бес елге ортақ. Ал оны игеру үшін көлдің ортақ иесі саналатын бес елдің келісімі керек деп есептейді.

Бұл елдердің Каспийді теңіз емес деп шыр-пыр болатын да жөні бар. Осылай болғанда халықаралық теңіз құқығы нормаларын айналып өтуге болатынын айттық. Және олардың Каспийді теңіз деп танымауына негіз де жоқ емес. Себебі, Каспий ешқандай мұхитпен немесе теңізбен тікелей тұтаспайды. Тек Самур, Еділ, Жайық, Терек, Құр қатарлы бес өзен құяды. Каспийдің осы ерекшелігін өз көзқарастарына көпір еткен екі ел күні кешеге дейін оны теңіз деп танудан бас тартып келді. Алайда, Ақтауда қабылданған конвенцияның бұған дейін ақпарат құралдарында жарияланған жобасына қарасақ, жағалаудағы бес ел Каспийді теңіз деп тануға тоқтаған тәрізді. Себебі, осы мәселе шешілмесе Каспийдің суы, табаны, табиғи ресурстары мен әуе кеңістігін пайдалану туралы келісімге келу мүмкін емес. Жиналысқа қатысушы бес ел басышылары да Каспийдің құқықтық мәртебесін анықтайтын конвенцияға қол қоймаған болар еді. Осыған қарап Каспийдің теңіз мәртебесінің мойындалуына ең белсенді түрде қарсы болып келген Иран да райынан қайтқан секілді деп межелеуге әбден мүмкіндігіміз бар.

Егер Каспий теңіз деп танылып, кеше қол қойылған конвенцияда БҰҰ-ның халықаралық теңіз құқығы нормалары басшылыққа алынатын болса, бұдан біздің ел ұтылмайды. Себебі, Қазақстанның Каспийдегі үлесі 29,6%. Оның үстіне теңіздің солтүстік, солтүстік шығыс бөлігінде мұнай, газ байлығы басқа жақтарға қарағанда мол. Сонымен қатар, Каспий теңізіндегі көмірсутегі шикізатының жартысынан астамы теңіз

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!