Материалдар / 11 сынып ҚГБ, §57. Табиғатты қорғауға арналған еліміздің заңнамалары. Қазақстанда қорықтандыру ісінің тарихы және қазіргі жағдайы.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

11 сынып ҚГБ, §57. Табиғатты қорғауға арналған еліміздің заңнамалары. Қазақстанда қорықтандыру ісінің тарихы және қазіргі жағдайы.

Материал туралы қысқаша түсінік
11.3.2.2 - Қазақстанның экологиялық проблемаларының шешу жолдарын ұсыну;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Мамыр 2024
59
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

11 сынып ҚГБ №66

ДӘІЖО___________

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«» КММ
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Қазақстанның экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдары.

§57. Табиғатты қорғауға арналған еліміздің заңнамалары. Қазақстанда қорықтандыру ісінің тарихы және қазіргі жағдайы. БЖБ (20-мин)

(Сабақ тақырыбы)


Бөлім:

«Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері»

Педагогтің аты-жөні:


Күні:

17.05

Сыныбы: 11 «а» ҚГБ

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстанның экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдары.

§57. Табиғатты қорғауға арналған еліміздің заңнамалары. Қазақстанда қорықтандыру ісінің тарихы және қазіргі жағдайы. БЖБ (20-мин)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

11.3.2.2 - Қазақстанның экологиялық проблемаларының шешу жолдарын ұсыну;

Сабақтың мақсаты:

Қазақстанның экологиялық проблемаларының шешу жолдарын ұсынады және бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын орындайды;

ЕБҚ: Қазақстанның экологиялық проблемаларының шешу жолдарын сипаттайды;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



Бұрынғы білімін еске түсіру

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тәртібін қадағалау.


«Айырмашылығы неде?»

Оқушыларға екі түрлі сурет немесе сөз көрсету. Екеуінің арасындағы айырмашылықты анықтауды сұрау. Жауаптарын дəлелдеп отыру.


Қорықша

қорықтық аймақ

ұлттық саябақ

Оқушылар амандасады, сынып тәртібін сақтайды.




Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.

Өз ойын, ой-пікірін білдіреді.

«Ашық журнал» әдісі.


Дескриптор:

-кілт сөздердің айырмашылығын сипаттайды -1 балл;

Интерактивті панель

Презентация



Оқушылардың назарын аудару

«Құндылық» Ұлттық мүде (Қазақстан мүддесіне қызмет етуге ұмтылу)


Қазақстандағы ерекше қорғалатын табиғат аумақтарын қалай дамытуға болады?


«Менен сұрақ-сенен жауап» әдісі бойынша оқу мақсатына сай сұрақ қойылады.


Неліктен тарихтан бұрынғы замандарда жанартау белсенділігі жоғары кезде озон тесігінің түзілуі және ғаламдық жылыну туралы мәселе болмады?

Қорғалатын жаңа табиғат аумақтарын қай жерде ұйымдастыруды ұсынасыңдар?

Менен сұрақ-сенен жауап әдісінде қойылған сұрақтарға жауап береді, ой қозғау жүзеге асады.

«Ашық журнал» әдісі.


Дескриптор:

- бір құндылық айтты – 1 балл;

- оқу мақсатына сай қойылған сұрақтарға жауап береді -2 балл;

Интерактивті панель

Презентация


Сабақтың мақсатын таныстыру

Сабақтың оқу мақсаты:

11.3.2.2 - Қазақстанның экологиялық проблемаларының шешу жолдарын ұсыну;


Сабақтың мақсаты:

Қазақстанның экологиялық проблемаларының шешу жолдарын ұсынады және бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын орындайды;

Жаңа сабақтың тақырыбын мақсатын жазады.

Кері байланыс:

«Мадақтау» әдісі

«Жарайсың!»

«Тамаша жауап»

т.б

Интерактивті панель

Презентация


Биология 11-сынып, Автор: А.Ф.Ковшарь, Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева, Б.Т.Ибраимова, С.А.Куприй, Алматы «Атамұра» баспасы 2020 ж

Жаңа тақырыпты таныстыру

«Инсерт» кесте әдісі.

Берілген мәтінді «Түртіп алу» әдісін пайдаланып, танысып шығу. INSERT - оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс.

Оқушылар мәтінді оқиды.

Берілген мәтінді «Түртіп алу» әдісін пайдаланады, танысып шығады. Кестені толтырады. Бір-бірімен пікір алмасады. Ой қозғау жүзеге асады.

Кері байланыс:

«Мадақтау» әдісі

«Жарайсың!»

«Тамаша жауап»

т.б

Интерактивті панель

Презентация


Сабақтың ортасы


Оқушыларға бағыт бағдар беру

«Атаулар мекені»

Тақырып бойынша термин сөздердер беріледі. Тыңдаушылар қосымша ақпараттан жауаптарын сипаттау, теориялық білімдерін молайту.


Ақсу-Жабағылы қорығы

Наурызым қорығы

Алматы қорығы

Бурабай қорығы

Барсакелмес қорығы

Қорғалжын қорығы

Марқакөл қорығы

Шөлдегi Үстiрт қорығы

Тыңдаушылар қосымша ақпараттан жауаптарын жазып, теориялық білімдерін молайтады.


«Ашық журнал» әдісі


Дескриптор:

-кілт сөздердің мазмұнын сипаттайды – 2 балл;

Интерактивті панель

Презентация



Практикалық тапсырмалар беру

Жеке жұмыс ҚБ тапсырмалары ҚМЖ қосымшасында орналасқан




Оқушылар жеке ҚБ тапсырмаларын орындайды. Бір-бірімен пікір алмасады. Ой қозғау жүзеге асады.



Жеке жұмыс ҚБ тапсырмаларының дескрипторы ҚМЖ қосымшасында орналасқан

Интерактивті панель

Презентация


Жұмыс дәптерлері, үлестірме парақтар

Бағалау

Жеке жұмыс ҚБ тапсырмалары ҚМЖ қосымшасында орналасқан




Оқушылар жеке ҚБ тапсырмаларын орындайды. Бір-бірімен пікір алмасады. Ой қозғау жүзеге асады.



Жеке жұмыс ҚБ тапсырмаларының дескрипторы ҚМЖ қосымшасында орналасқан

Интерактивті панель

Презентация


Жұмыс дәптерлері, үлестірме парақтар

Сабақтың соңы


Кері байланыс беру

«Рефлексивті экран» әдісі

Тыңдаушыларға рефлексия жазу үшін сұрақтар жазылған қиындылар беріледі. Ал үлкен тақтаға рефлексияға арналған 5 сұрақ шығарылады.

Тыңдаушылар сұрақтарға жауап беріп, қиындыларын ұстазға тапсырады.

1. бүгінгі сабақтан ұққаным... …

2. мен үшін жаңалық болғаны...

3. мен үшін түсінуге қиын болғаны ...

4. сәтті шыққаны...

5. жетілдіруді қажет ететіні...

Кері байланыс:

«Өте жақсы!»

«Жақсы!»

«Талпын!»

Интерактивті панель Презентация

Білімді игеруді жақсарту және оны тәжірибеге көшіру

Үйге тапсырма: қайталау

Білім алушылар өткен алдыңғы сабақтың оқу мақсатын қайталайды. Ой қозғау жүзеге асады.

Кері байланыс:

«Өте жақсы!»

«Жақсы!»

«Талпын!»

Жұмыс дәптері


Биология 11-сынып, Автор: А.Ф.Ковшарь, Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева, Б.Т.Ибраимова, С.А.Куприй, Алматы «Атамұра» баспасы 2020 ж



ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРҒА ҚОСЫМША


Берілген мәтінді «Түртіп алу» әдісін пайдаланып, танысып шығу. INSERT - оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс.


«V» - «Білемін»

«-» «мен үшін түсініксіз»

«+» - «мен үшін жаңа ақпарат»

«?» - «мені таңғалдырады»








Қазақстандағы табиғатты қорғауға арналған заңнамалық база. Қорғау, ұтымды пайдалану және табиғи ресурстарды ұдайы өсiру – флоралар және фауналар, су ресурстары, атмосфера ауасы және т.б. түрлiк саналуандықты сақтауға бағытталған шаралардың барлығы елiмiздiң Конституциясының әртүрлi заңдары, жарлықтары және қаулыларымен реттеледi.

«Қазақ КСР-iнде табиғатты қорғау туралы» бiрiншi заң 1963 жылы қабылданды. Онда тек қана табиғатқа қамқорлық жасау және оның байлығын сақтау қажеттiгi туралы бiрнеше жалпы тараулар болды. Қазақстанда 1981 жылы бiрден екi заң: «Атмосфералық ауаны сақтау туралы» және «Жануарлар әлемiн қорғау және пайдалану туралы» заңдар қабылданды.

Егемен Қазақстанның ұлттық заңнамасының негiзi 1995 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылды. 31-бапта былай делiнген: «Мемлекет адамның өмiрi мен денсаулығы үшiн қоршаған ортаның қолайлы болуын мақсат етедi». Сөйтiп, мемлекет өз халқы үшiн қоршаған орта жағдайларының қолайлылығын қамтамасыз етудi өз мiндетiне алады.

Мемлекеттiк тәуелсiздiк жылдарында Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау мәселелерiн ретке келтiретiн мынадай заңнамалық актiлер қабылданды:

Қазақстан Республикасының Орман кодексi (1993);

Қазақстан Республикасының Су кодексi (1993);

«Жануарлар әлемiн қорғау ұдайы өсiру және пайдалану» туралы Қазақстан Республикасының Заңы (1993);

«Мұнай туралы» заң күшiндегi ҚР Президентiнiң Жарлығы (1995);

«Жер қойнаулары және жер қойнауын пайдалану туралы» заң күшiндегi ҚР Президентiнiң Жарлығы (1996);

«Экологиялық сараптама туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (1997);

«Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (1997);

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

«Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңның базалық заң екенiн атап айтқан жөн.

Қазақстанның мемлекеттiк тәуелсiздiк кезеңiнде көптеген нормативтiк актiлер қабылданған. ХХ ғасырдың соңы «Биологиялық әралуандықты сақтау және теңдестiре пайдаланудың ұлттық стратегиясы және жоспарының әрекетi» үкiметтiк деңгейде жасалып, қабылдануымен әй

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!