Материалдар / 11 сынып ҚГБ ҚМЖ; 11.4.3.2 - рекомбинантты Дезоксирибонуклеин қышқылын алу тәсілдерін түсіндіру;
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

11 сынып ҚГБ ҚМЖ; 11.4.3.2 - рекомбинантты Дезоксирибонуклеин қышқылын алу тәсілдерін түсіндіру;

Материал туралы қысқаша түсінік
11 сынып ҚГБ ҚМЖ; 11.4.3.2 - рекомбинантты Дезоксирибонуклеин қышқылын алу тәсілдерін түсіндіру;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Ақпан 2024
105
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

11 сынып ҚГБ №46

ДӘІЖО___________

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«» КММ
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Рекомбинантты дезоксирибонуклеин қышқылының қолданылуы."Клондау" ұғымы. §34. Рекомбинантты дезоксирибонуклеин қышқылының қолданылуы.

(Сабақ тақырыбы)


Бөлім:

«Биотехнология»

Педагогтің аты-жөні:


Күні:

23.02

Сыныбы: 11 «а» ҚГБ

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Рекомбинантты дезоксирибонуклеин қышқылының қолданылуы."Клондау" ұғымы. §34. Рекомбинантты дезоксирибонуклеин қышқылының қолданылуы.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

11.4.3.2 - рекомбинантты Дезоксирибонуклеин қышқылын алу тәсілдерін түсіндіру;

Сабақтың мақсаты:

рекомбинантты дезоксирибонуклеин қышқылын алу тәсілдерін түсіндіреді және қолданылуын сипаттайды;

ЕБҚ :(қабылдауы баяу) сабақтың оқу мақсаты бойынша өз ойын сипаттайды;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



Бұрынғы білімін еске түсіру

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тәртібін қадағалау.


«Атаулар мекені»

Тақырып бойынша термин сөздердер беріледі. Тыңдаушылар қосымша ақпараттан жауаптарын сипаттау, теориялық білімдерін молайту.


Химер жасушалар, вектор, донор-ағза, реципиент-ағза, трансгенді, трансформация.


Оқушылар амандасады, сынып тәртібін сақтайды.



Тыңдаушылар қосымша ақпараттан жауаптарын жазып, теориялық білімдерін молайтады.

Кері байланыс:

«Мадақтау» әдісі

«Жарайсың!»

«Тамаша жауап»

т.б


«Ашық журнал» әдісі


Дескриптор:

-кілт сөздердің мазмұнын сипаттайды – 1 балл;

Интерактивті панель

Презентация



Оқушылардың назарын аудару

Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:


Біз болашақта ауруларды қалай емдейміз?

Гені түрлендірілген ағзалар, трансгенді ағзалар және рекомбинантты ДНҚ-сы бар ағзалар дегеніміз не? Осы түсініктер арасында қағида тұрғысында айырмашылықтар бар ма?

Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.

Өз ойын, ой-пікірін білдіреді.

Кері байланыс:

«Өте жақсы!»

«Жақсы!»

«Талпын!»

Интерактивті панель

Презентация

https://atamuraweb.kz/?page_id=25584


Сабақтың мақсатын таныстыру

Сабақтың оқу мақсаты:

11.4.3.2 - рекомбинантты Дезоксирибонуклеин қышқылын алу тәсілдерін түсіндіру;


Сабақтың мақсаты:

рекомбинантты Дезоксирибонуклеин қышқылын алу тәсілдерін түсіндіреді және қолданылуын сипаттайды;

Жаңа сабақтың тақырыбын мақсатын жазады.

Кері байланыс:

«Мадақтау» әдісі

«Жарайсың!»

«Тамаша жауап»

т.б

Интерактивті панель

Презентация


Биология 11-сынып, Автор: А.Ф.Ковшарь, Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева, Б.Т.Ибраимова, С.А.Куприй, Алматы «Атамұра» баспасы 2020 ж

Жаңа тақырыпты таныстыру

«Тың мәлімет»

Мұғалім жаңа сабақты түсіндіру сәті.


Ақпараттан керекті жерін түртіп жазып алады.

«Ду қол шапалақ» әдісі арқылы бағалау.

«Мадақтау!»

«Жарайсың!»

Интерактивті панель

Презентация

https://atamuraweb.kz/?page_id=25584


Сабақтың ортасы


Оқушыларға бағыт бағдар беру

«Атаулар мекені»

Тақырып бойынша термин сөздердер беріледі. Тыңдаушылар қосымша ақпараттан жауаптарын сипаттау, теориялық білімдерін молайту.


Гендік инженерия, өнеркәсіптік микробиология,

трансгенді өсімдіктер, трансгенді жануарлар.

Тыңдаушылар қосымша ақпараттан жауаптарын жазып, теориялық білімдерін молайтады.

«Ашық журнал» әдісі


Дескриптор:

-кілт сөздердің мазмұнын сипаттайды – 1 балл;

Интерактивті панель

Презентация


https://atamuraweb.kz/?page_id=25584


Практикалық тапсырмалар беру

Жеке жұмыс ҚБ тапсырмалары ҚМЖ қосымшасында орналасқан




Оқушылар жеке ҚБ тапсырмаларын орындайды. Бір-бірімен пікір алмасады. Ой қозғау жүзеге асады.



Жеке жұмыс ҚБ тапсырмаларының дескрипторы ҚМЖ қосымшасында орналасқан

Интерактивті панель

Презентация


Жұмыс дәптерлері, үлестірме парақтар

Бағалау

Жеке тапсырма

ЕБҚ тапсырма:

«Екі түрлі түсініктеме күнделігі»

Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан тік сызықпен бөлу сұралады.


Оқушылар мәтінді оқу барысында олар:

Бөліктің оң жағына

Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады.

Бөліктің сол жағына

Сол әсер еткен үзінділер жайында пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б.)


Дескриптор:

- сабақтың оқу мақсаты бойынша өз ойын сипаттайды – 7 балл;



Интерактивті панель

Презентация

Жұмыс дәптері

Сабақтың соңы



Кері байланыс беру

Кері байланыс «4 себеп» әдісі арқылы. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын тыңдайды.


Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

Мұғалім оқушыларды

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!



Интерактивті панель Презентация


1.Мен түсіндім, себебі ...

2.Мен түсінбедім, себебі ...

3.Мен қолдана аламын, себебі ...

4.Маған тиімді болмады, себебі .../ұсыныс……..


Білімді игеруді жақсарту және оны тәжірибеге көшіру

Үйге тапсырма: Ағзаларды клондау тәсілдері. §35. «Клондау» ұғымы.

Білім алушылар келесі тақырыптың тақырыбымен танысады және тірек сызба сызады. Ой қозғау жүзеге асады.

Кері байланыс:

«Өте жақсы!»

«Жақсы!»

«Талпын!»

Жұмыс дәптері


Биология 11-сынып, Автор: А.Ф.Ковшарь, Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева, Б.Т.Ибраимова, С.А.Куприй, Алматы «Атамұра» баспасы 2020 ж




ЖҰМЫС ПАРАҒЫ


Оқушының аты-жөні:_____________________________________________________________сыныбы_____



1.Біз неге адамның генін бактериялық ДНҚ енгіземіз? Біз қалай қажетті генімізді оқшаулаймыз және басқарамыз? Осы сұрақтардың жауабын рекомбинантты ДНҚ технологиясынан аламыз. Рекомбинантты ДНҚ технологиясы бөліп алу (кесіп алу) және ДНҚ фрагменттерін рекомбинациялаудан тұрады. Көбінесе адамның ДНҚ қолданылады, оны бактериялық ДНҚ-мен рекомбинациялайды, содан кейін бактериялық жасушаға енгізеді (трансформация). Рекомбинантты ДНҚ технологиясы гендік инженерияға үлкен жол ашады. Егер ғалымдар ДНҚ өзгерте алса, онда олар басқа ағзаға қажетті генді орналастыра алады. Атап айтсақ, бактерияның генін өзгертіп, адамға қажетті нәруызды синтездетуге болады.

2. Ген секвенирленгеннен кейін, оны рекомбинантты ДНҚ қолдануға болады. Секвенирлеу – бұл дезоксирибонуклейн қышқылындағы генетикалық ақпараттың реттілігін анықтау әдісі. Мысалы, геннің реттілігі С А Т А Т Г болуы мүмкін. Ең алғашқы секвенирленген геннің бірі қандағы қанттың мөлшерін реттейтін инсулин гормоны болды. Келесі бір секвенирленген ген р53. Р53 (ол ТР53 атымен де белгілі) геномы ісікті тежейді. Бұл геннің жасап шығарған нәруызы жасушалық айналымдағы жасушалардың тез бөлінуі мен өсуін реттейді. Бұл нәруыз ағзаның жасушасындағы ядроның ішінде болады және ол ДНҚ байланысады. Нәтижесінде ДНҚ қалпына келетінін немесе апоптозға(егер ДНҚ мутагендермен мысалы, химиялық заттар, ультра-күлгін сәулелер немесе вирустар зақымданса, жасуша программаланып өледі) өтетінін анықтайды. Бұл процесс ісіктің алдын алады, яғни зақымдалған дезоксирибонуклейн қышқылының митоз процесіне өтпеуіне әсер етеді. ДНҚ қалпына келуі, р53 гені басқа гендерді активтейді ,олар генетикалық зақымданған бөліктерді қалпына келтіреді. Р53 гені жасушалардың бөлінуін реттейді, соған сәйкес бұл генді «геномды сақтаушы», «геном-періште,сақтаушы» немесе «негізгі бақылаушы» деген атқа ие.

3. Плазмид – сақиналы екі тізбекті ДНҚ фрагменті, ол бактерияның жасушасында кездеседі және оны ген инженериясында маңызды құрал ретінде қолдануға болады. Адамның гені плазмидке орналастырылады, плазмид вектор есебінде (яғни бактериялық жасушаға генді тасымалдау үшін) қолданылады. Мысалы, жасуша-ие есебінде E.coli алуға болады. Бұл бактериялық жасушада рекомбинантты ДНҚ трансформацияланады, және ген экспрессерленеді (шығады). Зертханалық жағдайда бұл трансгенді бактериялар клондалынады және плазмид содан кейін репликация, транскрипция және трасляция процестеріне ұшырап, нәруызды синтездейді. Қазіргі таңда көптеген дәрілер осы жолмен жасалынып шығарылады. Ғалымдар қажетті генді бактерияға енгізеді, нәтиджесінде қажетті нәруыз түзіледі.

4. Бактериялардағы трансформация процесі өзге ағзалардағы ДНҚ-мен байланысты жүзеге асыртады. Бұл табиғатта да жүзеге асады, бірақ көбінесе зертханалық жағдайда Е.coli плазмиды қолданылады.

5. Осы практикалық жұмыста сіздер молекулярлық биолог ғалымы боласыздар! Сіздер рекомбинантты ДНҚ модельдеу үшін, қағаз модельді қолданасыздар. 17 хромосомадағы р53 генін бөліп алып, оны плазмидке орналастырасыздар. Рекомбинантты ДНҚ технологиясын жүзеге асырасыздар.


Практикалық жұмыс

Р53 гені

Құрал-жабдықтар:

Плазмид

Лента

Р53 ген

Маркер

Ферменттер

Қайшы

Жұмыс барысы:

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!