Материалдар / §12. Дезоксирибонуклеин қышқылының құрылысы мен құрылымы. §13.Дезоксирибонуклеин қышқылы молекулаларының қызметі.

§12. Дезоксирибонуклеин қышқылының құрылысы мен құрылымы. §13.Дезоксирибонуклеин қышқылы молекулаларының қызметі.

Материал туралы қысқаша түсінік
10.4.1.7- ДНҚ құрылымы мен қызметі арасындағы байланысты орнату;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қырқүйек 2024
40
0 рет жүктелген
405 ₸ 450 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

10 сынып ЖМБ №8


ДӘІЖО___________

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«» КММ
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

ДНҚ құрылысы. ДНҚ құрылымы (бірінші және екінші реттік). ДНҚ молекуласының қызметі.

§12. Дезоксирибонуклеин қышқылының құрылысы мен құрылымы. §13.Дезоксирибонуклеин қышқылы молекулаларының қызметі.

(Сабақ тақырыбы)


Бөлім:

Молекулалық биология және биохимия

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 10 «ә,б»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

ДНҚ құрылысы. ДНҚ құрылымы (бірінші және екінші реттік). ДНҚ молекуласының қызметі.

§12. Дезоксирибонуклеин қышқылының құрылысы мен құрылымы. §13.Дезоксирибонуклеин қышқылы молекулаларының қызметі.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

10.4.1.7- ДНҚ құрылымы мен қызметі арасындағы байланысты орнату;

Сабақтың мақсаты:

ДНҚ құрылымы мен қызметі арасындағы байланысты орнатады;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы





Бұрынғы білімін еске түсіру

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тәртібін қадағалау.


«Бұрынғы атаулар» әдісінде білім беруші бұрынғы білімін еске түсіру мақсатында тірек сөздерді ұсынады:


9.4.1.2 дезоксирибо-

нуклеин қышқылы.

§29. ДНҚ молекуласының құрлысының принципі.


Нуклеин қышқылдары, нуклеотид, азотты негіздер, бес көміртекті қант, фосфор қышқылы, қант-фосфатты арқау, фосфодиэфирлі байланыс, комплементарлық ережесі, комплементарлы нуклеотидтер, комплементарлы тізбектер.


Оқушылар амандасады, сынып тәртібін сақтайды.





«Бұрынғы атаулар» әдісінде берілген тірек сөздердің мағынасын айтады, мазмұнын сипаттайды,ой қозғайды, пікір алмасады.

Қосымша балл үшін дескриптор:

-кілт сөздердің анықтамасын сипаттайды - 3 балл;

Интерактивті панель, презентация










Биология 9-сынып,Автор: Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева,Б.Т.Ибрагимова . «Атамұра» баспасы 2019ж


130-бет

Оқушылардың назарын аудару

«Кіру билеті» әдісінде билетте берілген сұрақтарға жауап беру.


Органикалық әлем үшін ДНҚ молекуласының қандай маңызы бар?

Ол қандай биополимерлерге жатады?

Биология ғылымы үшін ДНҚ-ның ашылуы қаншалықты маңызды?

Тұқымқуалаушылық ақпараты қандай процестің нәтижесінде беріледі? Бұл жағдайда қандай қағидалар ескеріледі?

Билеттегі сұрақтарға жауап береді.

Қосымша балл үшін дескриптор:

-сұрақтарға жауап береді - 3 балл;

Интерактивті панель, презентация


Биология 10-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2019ж



Сабақтың мақсатын таныстыру

10.4.1.7- ДНҚ құрылымы мен қызметі арасындағы байланысты орнату;

Жаңа сабақтың оқу мақсатын жазады.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель, презентация


Биология 10-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2019 ж


Сабақтың ортасы




Жаңа тақырыпты таныстыру

«Қазіргі атаулар» әдісі

Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойып (3-4 атау), оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлануын сұрайды.

Молекулярлық биология

ДНҚ-ның бірінші, екінші реттік құрылымы

ДНҚ-ның тұрақты шамасы

Тұқымқуалаушылық ақпараттарын сақтау

ДНҚ репликациясы екі еселену

«Қазіргі атаулар» әдісінде берілген термин сөздердің мағынасы мен мазмұнын айтады, топқа бірігіп отырады.

Қосымша балл үшін дескриптор:

-кілт сөздердің анықтамасын сипаттайды - 3 балл;

Интерактивті панель, презентация


Биология 10-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2019 ж


Оқушыларға бағыт бағдар беру

«Кинометафора» әдісі.

Мақсаты: Оқушының ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.

Бір мәселе бойынша бейнесюжеттен үзінді көрсету арқылы баланың өз ойын, ой-пікірлерін білуге болады.

Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.

өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді.

Қосымша балл үшін дескриптор:

-бейнефильмнен түсінгенін сипаттайды- 2 балл;

Интерактивті панель


бейнефильм

https://www.youtube.com/watch?v=-cI1QMbbYos


Практикалық тапсырмалар беру

Топтық жұмыс.

«Кластер» әдісі.

Тұжырымды ойларын қарталарға түсіріп, топтық жұмыс қорғалады (постер).

Идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды жинақтау, тұжырымдау.



1-топ. «ДНҚ ашылу тарихы»

2-топ. «ДНҚ құрлысы»

3-топ. «ДНҚ құрылымдық деңгейлері»

4-топ. «ДНҚ молекуласының қызметі»

«Кластер» әдісі арқылы оқулықтағы ақпаратты топта талдайды, таныстырылымдарын ұсынады. Тақырыптардың байланыстары туралы сұрақтар құрастырып, оларға жауап іздейді, идеяларды жинақтайды.

Дескриптор:

- днқ ашылу тарихын сипаттайды – 5 балл;

- днқ құрлысын түсіндіреді – 5 балл;

- днқ құрылымдық деңгейлерін талдайды – 5 балл;

- днқ молекуласының қызметін анықтайды – 5 балл;

Интерактивті панель, презентация



Биология 10-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2019 ж



А3,А4 формат қағазы, маркер

Бағалау

Жеке жұмыс.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы ҚМЖ қосымшасында орналасқан.

Білім алушылар ҚБ тапсырмаларын орындайды. Ой қозғау жүзеге асады.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасының дескрипторы ҚМЖ қосымшасында орналасқан.

Интерактивті панель, презентация

Жұмыс дәптері


Сабақтың соңы





Кері байланыс беру

«Биологиялық кері байланыс» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.


Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

Оқушылар бүгінгі тақырып бойынша түсінгені, түсінбегені, қиындық туғызған жері туралы ұстазға шағын хат жазады


Презентация


Бүгінгі тақырып бойынша түсінгенім......................

Бүгінгі тақырып бойынша маған ең қиын болған тұсы..............

Бүгінгі биология сабағы мен үшін.......................болды.

Келесі биология сабағында мен ............................ болып келемін.

Білімді игеруді жақсарту және оны тәжірибеге көшіру

Шығармашылық жұмыс

«Рибонуклеин қышқылы молекуласының құрылысы мен қызметтері.»

Оқушылар берілген тақырыпша бойынша тірек сызба, модельдеу сызып, орындап келеді.

Мұғалім оқушыларды

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!

Биология 10-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2019 ж




ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРҒА ҚОСЫМША

Бағалау


Жеке жұмыс. Бағалау парағы

Тапсырма.

1.1 суретте ДНҚ молекуласы көрсетілген.


(а) (і) ДНҚ гетерополимер молекуласы көптеген нуклеотидтерден түзіледі. Әр нуклеотид құрамын түзетін А, В, С әріптермен таңбаланған негізгі үш компонентті атаңыздар:

А___________________ В_________________ С____________________


(а) Чарграфф ережесі бойынша қай заңдылық дұрыс? Төрт нұсқаның бірін таңдаңыз.



A

B

C

D

Ереже бойынша

A саны = A саны

T саны = T саны

C саны = C саны

G саны = G саны

A саны = T саны

G саны = G саны

C саны = C саны

T саны = A саны

A саны = C саны

Т саны = G саны

C саны = А саны

G саны = Т саны

A саны = T саны

G саны = C саны

Т саны = А саны

С саны = G саны


(b) Чарграфф ережесі бойынша қай заңдылық дұрыс?

Төрт нұсқаның бірін таңдаңыз.



А

В

С

D

Ереже бойынша

С + G = 1

Т + А

А + Т = 1 G + А


G + С = 1

А + Т

Т + А = 1

С + G

A + G = 1

Т + С

С + А = 1 G + Т


G + С 1

А + Т

С + G 1

Т + А

A + G = 1

Т + С

С + А = 1 G + Т


Т + С = 1

G + А

А + С = 1

G + Т

A + G = 1

Т + С

С + G = 1 Т + А


С + А 1

G + Т

А + С 1

G + Т


3.Төменде нуклеин қышқылдары фрагментінің (үзіндісінің) бір тізбегіндегі нуклеотидтер қатарлары көрсетілген. Қай нұсқа ДНҚ – ға сәйкес тиісті тізбекті анықтаңыздар?


A 5’ CTTTTATGGGGA 3’

B 5’ CUUUUAUUGGGGA 3’

C 5’ GAAAATACCCCUT 3’

D 5’GAAAAUACCCCU 3’


4.Төменде ДНҚ фрагментінің (үзіндісінің) бір тізбегіндегі нуклеотидтер қатары көрсетілген. ДНҚ фрагментінің екінші тізбегін құрыңыздар:


5’ TAGACАTGATGATAATACCGACGACGA 3’

_____________________________________________________________________________________


5.ДНҚ қызметтерін сипаттаңыздар:


__________________________________________________________________________________



Дескриптор


- ДНҚ молекуласының бірлігі болып табылатын, нуклеотидтер құрамын түзетін А, В, С әріптерімен таңбаланған негізгі үш компонентті атайды;

- ДНҚ құрылымының ерекшелігін сипаттайтын Чарграфф ережесіне негізделген заңдылықтарды анықтайды;

- нуклеин қышқылдары фрагментінің (үзіндісінің) бір тізбегіндегі нуклеотидтер қатарларының тиісті ДНҚ тізбегін анықтайды;

- ДНҚ фрагментінің (үзіндісінің) бір тізбегіндегі нуклеотидтер қатарына сәйкес келетін ДНҚ фрагментінің екінші тізбегін құрады;

- ДНҚ қызметтерін сипаттайды.

Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!