Материалдар / 1300 жылдан 1500 жылға дейінгі кезең аралығында Еуропадағы мәдениет қалай және неліктен өзгерді?
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

1300 жылдан 1500 жылға дейінгі кезең аралығында Еуропадағы мәдениет қалай және неліктен өзгерді?

Материал туралы қысқаша түсінік
Шығыстың ортағасырлық мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттау 2 гуманистік идеялардың ортағасырлық мәдениеттің дамуына ықпалын анықтау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Мамыр 2019
407
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 4A тарауы Қайта өркендеу

Мектеп:


Күні:

Мұғалімнің ТАӘ:


Сынып: 7

Қатысқандар сына:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы

1300 жылдан 1500 жылға дейінгі кезең аралығында Еуропадағы мәдениет қалай және неліктен өзгерді?


Осы сабақта қол жеткізілуі тиісті оқыту-дың мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме жасау)

6.2.2.4 Шығыстың ортағасырлық мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттау 6.2.3.2 гуманистік идеялардың ортағасырлық мәдениеттің дамуына ықпалын анықтау


Сабақтың мақсаты

Қайта өркендеу дәуірінің мәдениетін сипаттау


Табыс критерийі

Егер оқушы:

  • Қайта өркендеу дәуіріне тән 3-5-тен кем емес мәдениетті белгілесе;

  • Көне заман мәдениеті мен Қайта өркендеу дәуірі мәдениеті арасындағы 2-ден кем емес өзара байланысты көрсетсе;

  • Орта ғасыр мен Қайта өркендеу дәуірінің сурет өнерін салыстыру кезінде өнердегі 3-тен кем өзгерісті белгілесе мақсатқа қол жеткізеді.


Тілдік мақсаттар


Оқушылар:

мына сұрақты: «1300 жылдан 1500 жылға дейінгі кезең аралығында Еуропадағы мәдениет қалай және неліктен өзгерді?» қарастыру кезінде жұппен немесе бүкіл сынып болып өз пікірлерін айта алады

Пәнге тән лексика және терминология:

Қайта өркендеу, Византия, Шығыс Рим империясы, Ортағасырлық Еуропа, Ренессанстың өркендеуі кезіндегі Еуропа, перспектива, реализм, шынайылыққа жақын, нимб (нұр сәуле), путти, гравюра (нақыш), утопия.

Диалог және жазу үшін пайдалы сөз орамдары:

Бұл сурет мені мыналарды сезуге ............ итермелейді.

Суретші мені осы заттарды ....... арқылы сезуге мәжбүрледі.

Суретші ........... арқасында осы суретті шынайы етті.

Мен бұл сурет Қайта өркендеу дәуірінде жазылды деп есептеймін, себебі ........

Екі сурет арасындағы ұқсастық пен айырмашылық мынадай .......

Суретшілер көрермендерді мыналарды сезуге мәжбүрлеуге тырысты.

200 жыл ішіндегі өнерде орын алған өзгерістер ............

Бұл сурет өзге суретпен байланысты, себебі ..........


Құндылықтарға баулу

Кемелдікке талпыну


Пәнаралық байланыс

Өнер


АКТ пайдалану дағдылары

Интерактивтік тақтаны пайдалану - иллюстрация


Алдын ала білімдері

Көне дәуір және орта ғасыр өнері.


Сабақтың барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақ барысында жоспарланған әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

5 мин


Ширату. Суретпен жұмыс Мұғалім 1300 жылы және 1500 жылы жазылған екі суретті көрсетеді. Және бірқатар сұрақтарды қояды:

  • Қай сурет бұрынырақ жазылған?

  • Бұл суреттер қай уақытта жазылды, сіздер қалай ойлайсыздар? Ерте, орта немесе кейінгі орта ғасырда?

  • Өз пікіріңді түсіндір.

Жаңа сабаққа ену Сұрақ қарастырылатынын сұрай отыра сабақтың тақырыбын қалыптастырады. Содан кейін оқытудың, сабақтың мақсаттары мен табыс критерийін айқындайды.



1-6лайд



Сабақтың ортасы

22 мин














































































































Ұғыну.

Ресурстар бағанында көрсетілген немістің Қайта өркендеу дәуірінің өкілі Грюневальдтің Исаның крестке танылу бейнесі бар суретті көрсетіңіз. Оқушылар бұл суретке тыныштықта қарасын. Оны қарай отыра сурет оларда қандай сезім тудырғанын жазулары керек.

К «Суретші сізді қалай сезінуге итермелейді» сұрағын қойыңыз. Жұптарды осы сұрақтарды талқылауын сұраңыз.

Оқушылар не сезінгенін айтыс. Бұл сөздерді тақтаға жазыңыз.

К Сұрақтың жауабын талқылаңыз.

Суретшіге бір нәрсені өмірдегідей етіп салу қиын ба?

«Перспектива» ұғымын түсіндіру. Оқушылардың назарын сурет өнеріндегі «ая (фон)» аударту, бүкіл суреттер тегіс емес көлемді салынғанын, яғни ондағы объектілер кенеппен бір деңгейде орналасып тұрғандай екенін түсіндіру.

Сөйтіп, суретші өмірдің көрінісін салуға тырысты.

Суреттің Германияда Қайта өркендеу кезеңінде аяқталғанын (ол екінші туылуын» білдіреді), ол кезде суреттер шынайы бола бастады және Еуропадағы үлкен өзгерістер уақытын білдіретіндігін айтып өтіңіз.

Сәби Иса және Дева Мария бейнеленген тағы екі діни суретті көрсетіңіз. Оқушыларға суреттерді тыныштықта қарап шығу үшін уақыт беріңіз. Жұптарға сурет Қайта өркендеу дәуірінде жазылды ма деген сұрақты талқылауын және олар неге олай ойлайтындығын сұраңыз.

Олардың пікірлерін тыңдаңыз.

П. Сыныпқа осы екі сурет арасында 200 жылдан астам уақыт өтті. Олар осы 200 жылдық кезең аралығында қоғамдағы өзгерістер суреттердегі қандай өзгерістерге әкеліп соқтырғанын топшылай алады ма?

Жұптасып талқылаңыз:

Суреттегі ұқсастықтар мен айырмашылықтар?

Қай сурет Қайта өркендеу дәуірінде салынды (толықтай түсіндіру)

Суретшілер көрермендерде қандай сезім тудырғысы келді?

П. Христостың бастапқыдағы суретіне қайтып оралыңыз. Енді ресурстар бағанынан осы жағдайдың орта ғасырларда бейнеленуін табыңыз. Оның бірінші суретпен салыстырғандағы ұқсастығы мен айырмашылығы (орта ғасырдағы суреттегі нұр сәулеге назар аударыңыз) туралы пікірлерді тыңдаңыз және қай сурет Қайта өркендеу дәуіріне дейін, ал қай сурет Қайта өркендеу дәуірінде жазылғанын сұраңыз (бекіту үшін).



Ресурстар бағанындағы сілтеме бойынша Джорджо Вазари жазған XV ғасырдағы Флоренцияның бейнесін көрсетіңіз. Қалалардың пайда болуы туралы пікірлерін айтуды ұсыныңыз: үлкен / шағын, бай / кедей және т.б. Итальяндық қала Флоренцияны кей кездері «Қайта өркендеу бесігі» деп атайды. 1500 жылдар шамасында саяси қарама-қайшылықтарды сипаттайтын Еуропа және Италия карталарын көрсетіңіз

Қайта өркендеу дәуірі тек сурет өнерін ғана емес, ғимараттарды жобалау, дін, білім мен ойлаудың барлық түрлерін, музыка, мүсін, әдебиет, саясат және т.б. қоса алғанда еуропалық өмірдің барлық салаларын қозғады.

Г Оқу ресурстарындағы тоғыз кәртішкеден тұратын және Италияда Қайта өркендеу дәуірінің пайда болуына септігін тигізген әр түрлі факторлардың маңыздылығын ашатын жиынтықты таратыңыз.

Оқушыларға Қайта өркендеу дәуірінің Италияда басталу себептерін зерделейтіндіктерін түсіндіріңіз. Бүл өз кезегінде сурет өнері неліктен 1500 жылы өзгергендігін түсіндіруге мүмкіндік береді. Топтарға кәртішкелерді мұқият оқуларын және оларға атау бере отыра топтастыруын сұраңыз, мысалы, ақша, суретшілер, өткенге қарай отыра.

К Топтар кәртішкелерді қалай топтастырғанын талқылаңыз және Қайта өркендеу дәуірінде Италияда орын алған өзгеріс себептері туралы қорытынды жасаңыз.

Г Топтарға кәртішкелерді ұзақ мерзімді себептерден қысқа мерзімді себептерге дейін тура сызық бойымен орналастыруын сұраңыз.

К Бүкіл сынып болып талқылаңыз.

Г) Топтарға кәртішкелерді ромб түрінді орналастыруын сұраңыз. Қайта өркендеу дәуірінде Флоренциядағы ең маңызды себепті басына, одан кейін екінші қатарға ең маңызды екі карточканы, орташа үш факторды ромбтың ортасына, келесі төменірек қатарға екі маңыздылығы төмен факторды және ромбтың ең төменгі жағына ең маңызсыз факторды орналастыру қажет.



Бүкіл сынып болып кәртішкелердің ромбқа орналасуы туралы талқылаңыз және топтардың пікірлерін тыңдаңыз.

Қайта өркендеу кезеңіндегі «Дева Мария және сәби Христос» суреті, 1500

Орта ғасырдағы крестке танылу бейнесі:

Леонардо да Винчи Мона Лиза

Рафаэль Санти

15 ғасырдағы Флоренцияның көрінісі:

1500 жылдардағы Еуропаның саяси картасы





1494 жылғы Италияның саяси картасы

Л.Н.Алексашкина. – М. : Мнемозина, 2012. Пар.23. стр. 177-179

Агибалова Е.В.

Всеобщая история. История средних веков. 6 класс: учебник для общеобразовательных учреждений / Е.В.Агибалова, Г.М.Донской; Пар.20, стр. 167-178





Сабақтың аяғы

5 мин

Рефлексия

3 мин




Тақырып бойынша СИНКВЕЙН жазу

Сабақтың соңында оқушылар рефлексия өткізеді «Чемодан, мясорубка, корзина»:

- нені білдім, нені үйрендім

- не түсініксіз болып қалды

- маған не қызықсыз болды



Дифференциация – Сіз көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлап отырсыз? Сіз дарынды оқушылар алдында қандай тапсырмаларды беруді жоспарлап отырсыз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия Сабақты мақсаты / оқытудың мақсаты шынайы болды ма?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Егер қол жеткізбесе, неліктен?

Сабақтағы саралау (дифференциация) дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтағы уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Аталған тарауды сабақ туралы ойлар үшін пайдаланыңыз. Сол бағаннан Сіздің сабағыңыз туралы ең маңызды сұрақтарына жауап беріңіздер




Жалпы баға



Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақты беру туралы, сондай-ақ оқыту туралы дұрыстап ойланыңыз)

1:



2:



Сабақты жақсартуға не септігін тигізер еді? (сабақты беру туралы, сондай-ақ оқыту туралы дұрыстап ойланыңыз)

1:



2:



Сабақты беру кезінде сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері / кемшіліктері туралы нені аңғардым? Келесі сабақтарда неге назар аудару қажет?




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!