Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
§16. Енжар және белсенді тасымалдау механизмі.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
10 сынып КГБ №20
ДӘІЖО___________
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
«»
КММ
(білім беру ұйымының
атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Белсенді тасымалдау
механизмі. §16. Енжар және белсенді тасымалдау
механизмі.
(Сабақ тақырыбы)
Бөлім: |
Заттардың тасымалдануы |
Педагогтің аты-жөні: |
|
Күні: |
|
Сыныбы: 10 «а» |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: |
Белсенді тасымалдау механизмі. §16. Енжар және белсенді тасымалдау механизмі. |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
10.1.3.2 - пассивті және активті тасымалдау механизмдерін салыстыру; |
Сабақтың мақсаты: |
пассивті және активті тасымалдау механизмдерін салыстырады; |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі |
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
Сабақтың басы Бұрынғы білімін еске түсіру |
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тәртібін қадағалау. «Бір қадам алға..» әдісі арқылы өткен материалды және үй жұмысын пысықтау мақсатында тапсырма беру. Бос орындарды толтырыңыз: 1.Пассивті тасымалдау кезінде заттар __ градиентіне сәйкес қозғалады. 2.Қарапайым диффузия кезінде молекулалар __ арқылы тікелей өтеді. 3.Мембраналық каналдар арқылы диффузия кезінде молекулалар __ каналдары арқылы өтеді. 4.Жеңілдетілген диффузия кезінде молекулалар __ ақуыздардың көмегімен өтеді. 5.Пассивті тасымалдау процесі __ жұмсамай жүреді. Кілт сөздер: энергия, мембрана, тасымалдаушы, концентрация, ақуыз |
Оқушылар амандасады, сынып тәртібін сақтайды. Бос орындарға тиісті кілт сөздерді жазады. Жауаптар кілті: Бос орындарды толтырыңыз: 1.концентрация 2.мембрана 3.ақуыз 4.тасымалдаушы 5.энергия |
Дескриптор: - Бос орындарға тиісті кілт сөздерді жазады -3 балл; |
Интерактивті панель, презентация Биология 10-сынып, Автор: Н.Г.Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2019 ж |
Оқушылардың назарын аудару |
«Қызықты деректер мен оқиғалар» - Тақырыпқа байланысты қызықты фактілер, оқиғалар немесе нақты өмірден алынған мысалдар оқушылардың назарын аударуға көмектеседі және олардың материалды жақсырақ есте сақтауына ықпал етеді. |
Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды. Өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді. |
Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады. «Керемет!» және т.б |
Интерактивті панель, презентация |
Сабақтың мақсатын таныстыру |
10.1.3.2 - пассивті және активті тасымалдау механизмдерін салыстыру; |
Жаңа сабақтың тақырыбын мақсатын жазады. |
Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады. «Керемет!» және т.б |
Интерактивті панель, презентация Биология 10-сынып, Автор: Н.Г.Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2019 ж |
Құндылық: «жасампаздық және жаңашылдық» |
Теориялық білім: пассивті және активті тасымалдау механизмдерін сипаттайды; Практикалық дағдылар: пассивті және активті тасымалдау механизмдерін салыстырады; Функционалдық сауаттылық: пассивті және активті тасымалдау механизмдерін түсіндіреді; |
Сабақтың оқу мақсатымен байланысты басты құндылықтармен танысады. Ой қозғау жүзеге асады. |
Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады. «Керемет!» және т.б |
Интерактивті панель, презентация |
Жаңа тақырыпты таныстыру |
«Мәтінмен жұмыс» Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша тақтада шағын мәтінмен түсіндірме жұмысын жасайды. |
Білім алушылар мәтінді мұқият тыңдай отырып ой қозғау жүзеге асады. Өз ойлары мен пікірлерін білдіреді. |
Дескриптор: - мәтінді оқиды және өз түсінгенін сипаттайды -1 балл; |
Интерактивті панель, презентация Биология 10-сынып, Автор: Н.Г.Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2019 ж |
Сабақтың ортасы Оқушыларға бағыт бағдар беру |
«Айырмашылығы неде?» Оқушыларға екі түрлі мəтін немесе екі түрлі сурет көрсету. Екеуінің арасындағы айырмашылықты анықтауды сұрау. Жауаптарын дəлелдеп отыру. |
Берілген суреттің айырмашылығын сипаттайды. |
Дескриптор: - Белсенді және енжар тасымалданудың айырмашылықтарын сипаттайды – 2 балл; |
Интерактивті панель, презентация |
Практикалық тапсырмалар беру |
Жұптық жұмыс: «Венн диаграммасы» Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін нысандардың сипаттамалары жазу. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізу. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтыру, яғни, салыстыру. Жұптық тапсырма. Берілген тақырыпшалардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын түсіндіріңдер. Жұптық жұмысқа арналған тақырыпшалар:
|
«Венн диаграммасы» Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін нысандардың сипаттамалары жазады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізеді. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни, салыстырады. |
Дескриптор: - белсенді және енжар тасымалданудың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын сипаттайды – 4 балл; - осмос және диффузия қысымының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырады – 4 балл; - экзоцитоз және эндоцитоз процестерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын түсіндіреді – 4 балл; - фагоцитоз және пиноцитоз процестерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдайды – 4 балл; - мембрананың липидті қабаты және саңылаудың атқаратын қызметтерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын атайды – 4 балл; - симпорт және антипорт тасымалдау қызметтерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды – 4 балл; |
Интерактивті панель, презентация Биология 10-сынып, Автор: Н.Г.Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2019 ж |
Бағалау |
Жеке жұмыс. Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы ҚМЖ қосымшасында орналасқан. |
Білім алушылар ҚБ тапсырмаларын орындайды. Ой қозғау жүзеге асады. |
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасының дескрипторы ҚМЖ қосымшасында орналасқан. |
Интерактивті панель, презентация Жұмыс дәптері |
Сабақтың соңы Кері байланыс беру |
1,2-«Бүгін сабақта зерттедім» 3- «Бүгінгі сабақта маған түсіну қиынға соқты» 4-«Менің жеңісім» |
Білім алушылар өздері зерттеген, қиынға соқтырған және өз жеңісін жазады, кері байланыс береді. |
Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады. «Керемет!» және т.б |
Интерактивті панель, презентация |
Білімді игеруді жақсарту және оны тәжірибеге көшіру |
Шығармашылық жұмыс. §17.Аденозинүшфосфор қышқылының (АТФ) құрылысы мен атқаратын қызметі. |
Берілген тақырып бойынша тірек сызба жасайды. |
Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады. «Керемет!» және т.б |
Биология 10-сынып, Автор: Н.Г.Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2019 ж |
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРҒА ҚОСЫМША
Қызықты фактілер мен оқиғалар:
-
Балықтардың тұзды судан судың енуі: Теңіз балықтары тұзды су ортасында өмір сүргенде, олардың клеткалары тұзды судың жоғары концентрациясын төмендету үшін активті тасымалдауды пайдаланады, осылайша осмосқа қарсы әрекет етеді.
-
Ми жүйесіндегі натрий-калий помпасы: Ми нейрондарының дұрыс жұмыс істеуі үшін натрий-калий помпасы өте маңызды. Бұл процесстердің бұзылуы нервтік сигналдардың берілуіне кедергі келтіруі мүмкін.
-
Жасуша мембраналарындағы белоктар: Көптеген белоктар активті тасымалдаудың механизміне қатысады, олардың ішінде каналдар мен насостар бар. Мысалы, кальций насостары клетка ішінде кальций иондарының деңгейін басқару үшін маңызды.
Мәтінмен жұмыс
Биологиялық мембрана – клетканы қоршаған ортадан бөліп тұрады және клетканың ішкі аймақтарын (бөліктерге) компартменттерге бөледі. Компартменттерде химиялық реакциялар және метаболизм процестері жүреді. Клеткада, кейбір химиялық процестер тек қана мембраналарда жүреді.
Мембрана құрылысының бірнеше модельдері бар. Қазіргі кезде Сингера және Николсонның «сұйық - мозайкалы» моделі қолданылуда. Бұл ғалымдардың айтуынша мембранадағы липид молекуласы биқабат түзеді. Түзілген липидті биқабатта белок молекуласы жүзіп жүреді. Белок молекуласының әр түрлі деңгейде енуі нәтижесінде, ерекще мозайка түзіледі, сондықтан модельдің аталуы осыған байланысты
Биологиялық мембрананың келесі қағидалары белгілі:
Клетка мембранасының қалыңдығы 5 – 10 нм.
2. Мембрана – бұл липопротеинді құрылым, липидтердің және белоктардың сыртқы жағына көмірсу компоненттері бекінеді.
3. Липидтер спонтанды биқабат түзеді және олардың полярлы басы мен полярсыз құйрықтары болады.
4. Мембраналық белоктар әртүрлі қызметтерді атқарады.
5. Көмірсу компоненттері, мембрана үстінде комплекс түзеді, олар гликокаликс деп аталады және сезіну механизміне қатысады
Диффузия – бұл заттардың мөлшері көп жағынан аз жағына қарай, яғни мөлшерлік айырмашылығына сәйкес өтуі. Мембрана арқылы оттек және көмірқышқыл газы осы тәсілмен өтеді. Иондар, глюкоза мен амин қышқылдары, майлар баяу өтеді. Диффузия ағынының бағыты иондардың мөлшеріне және электрохимиялық зарядына байланысты болады. Олардың таралысы қарама қарсы зарядқа және аз мөлшерлік бағытта жүреді. Диффузия енжар, жеңілдетілген тәсілдер мен осмос және сүзіліс түрінде болады. Енжар тасымал заттарды өткізу кезінде зат алмасу энергиясын жұмсамайды. Бұл мембрананың екі жағында заттардың мөлшері бірдей болып теңескенге дейін жүреді. Судан сескенетін заттар липид қабатында еріп барып өтеді. Су және онда жақсы еритін заттар мембрана саңылауы немесе уақытша болатын ақуыздар арқылы кіреді. Еріген заттар мембранадан өте алмаған жағдайда, су олардың көп жағына қарай итерме күшке сәйкес жайылады.
Жеңілденген диффузия – бұл кезде клеткаға мембраналық барьер арқылы заттардың өтуіне, арнайы тасымалдаушы белоктар немесе өткізгіш белоктар көмектеседі. Бұл процесс электрохимиялық градиентпен жүреді. Өткізгіш белок, мембрананың бір жағында заттармен бірігеді де, екінші жағында оны береді. Мысалы: эритроциттерге глюкозаны тасымалдау. Тасымалдаушы белоктардың жұмыс істеу принциптері. Белок молекуласында конформациялық қозғаушыға байланысты канал түзіледі немесе «понг – пинг» механизмі деп аталады. Понг кезінде тасымалдаушы белок қосылатын бөлік сыртқа ашылады, ал ПИНГ кезінде белоктың конформациялық өзгеруіне байланысты бөлік жабылады және клетканың ішіне ашылады.
Осмос. Мембрананың жартылай өткізгіштік қабілеті болады. Өйткені ол өзі арқылы суды оңай, ал басқа заттарды баяу өткізеді. Осмос мембрана арқалы су молекуласы заттардың аз мөлшерлі жағынан көп шоғырланысуы жағына қарай ығысуы. Еріткіштің мұндай қозғалысын жасайтын күш осмостық итерме қысым деп аталады. Бұл қысым еріген заттардың мөлшеріне, қасиеттеріне және температураға байланысты болады.
Осмос. Жасушалық мембрана кейбір заттарды, мысалы суды жақсы өткізсе, кейбір заттарды нашар өткізеді. Осындай мембрананы жартылай өткізетін мембрана дейді. Жартылай өткізетін мембранадан су, негізінен, осмос арқылы өтеді. Осмос деп жартылай өткізетін мембрана арқылы еріген заттың аз орнынан таралымы көп орнына қарай қозғалған су молекулаларын айтады. Осы қозғалысқа келтретін күшті осмостық қысым дейді.
Белсенсіз тасымалданудың басқа түрі (енжар) – градиентті концентрациялы диффузия болып саналады, яғни жоғары концентрация аймағынан төменгі концентрация аймағына. Осы тасымалдану түрімен клеткаға кіші молекулалар (салмағы 150 Да дан көп емес) енеді, және де оттегі, көмірқышқыл газ және азот енеді. Бұл заттар туннелді мембраналық белоктар арқылы өтеді. Мұндай молекулаларда арнайы типті заттарды өткізетін канал болады. Белсенсіз диффузия зарядсыз иондар немесе молекулаларға тән қасиет. Белсенсіз диффузияның тағы бір түрі липидті биқабатта заттардың ыдырауы болып саналады. Клеткаға осылай спирттер глицерол енеді. Жасушаның екі жағындағы зат таралымының өзгерісі (градиенті) диффузия құбылысымен түсіндіріледі. Диффузия деп молекулалардың хаостық жылулық қозғалысының әсерінен заттың таралымы көп орыннан таралымы аз орынына қарай өздігінен өтуін айтады.
Активті транспорт арнайы тасымалдағыш ақуыздар арқылы жүзеге асады. Бұл ақуыздардың жеңілденген диффузиядағы ақуызздардан айырмашылығы энергияны көп қажет етеді. Плазмалық мембрананың көп бөлігінде жасуша ішінен натрийді шығаратын натрий Na+ насосы орналасады. Жануар жасушасында натрий насосымен қатар К+ ионын сырттан ішке қарай өткізетін калий насосы болады. Бұл екеуі бірігіп калий- натрий насосы деп аталады. Осы насос арқылы жасушаға 2 К+ кірсе 3 Na+ ионы шығып отырады.Натрий –калий насосы калий және натрий иондарын тасымалдау жағдайында жұмыс жасайды.Егер де сыртқы қабатта калий ионы болмаса, жасушадан натрий иондарының белсенді тасмалдануы болмайды Каналдардың аса маңызды қасиеті - оның селективтілігі - талғап өткізгіштігі. Әр канал негізінен тек бір заттың ғана иондарын өткізеді, мысалы, натрий каналдары тек натрий иондарын, ал калий каналдары тек калий иондарын өткізеді.Канал өткізгіштігінің талғампаздығы тасымалданатын ион радиусымен және ионның химиялық құрылысымен анықталады. Натрий –калий насосының маңызы: Жасушадағы осмостық реттелуді қамтамасыз етеді.
Егер жасушаның ішінде натрийдің концентрациясы көбейсе осмостық күштердің әсерінен жасушада көп су жиналып жасуша ісініп жарылып кетуі мүмкін. Мыс: эритоцит жасушалар. Жасуша қабырғалары қатты болып келетін саңырауқұлақ , бактериялар және өсімдіктерде мұндай насос қажет емес. Ал жануарлар жасушасы үшін жүйке және бұлшықет жасушаларында электрлік белсенділікті қамтамасыз етеді.
«Айырмашылығы неде?»
Оқушыларға екі түрлі мəтін немесе екі түрлі сурет көрсету. Екеуінің арасындағы айырмашылықты анықтауды сұрау. Жауаптарын дəлелдеп отыру.
«Венн диаграммасы»
Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін нысандардың сипаттамалары жазу. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізу.
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАР
Оқушының аты-жөні: _____________________________________________сыныбы___________
1 тапсырма. Суретте тасымалдаудың қандай түрлері 1 — 4 сандарымен белгіленгенін жазыңыз.
4
3
2
1
______________________________________
______________________________________
______________________________________
______________________________________
2 тапсырма. Кестеде тасымал түрлерін сипаттаңыз.
Тасымал түрлері |
||
Ерекшеліктері |
|
|
Мысал |
|
3-тапсырма. Сурет бойынша тасымал түрлерін сипаттаңыз.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Дескриптор:
- суреттен тасымалданудың түрлерін анықтайды – 2 балл;
- тасымал түрлерінің ерекшеліктерін сипаттайды және тасымал түрлеріне мысалдар келтіреді – 2 балл;
- суреттегі тасымалдануды сипаттайды – 2 балл;