Материалдар / №16сабақ 5сынып Өзін-өзі тану сабағы Тақырыбы: Адам жанының сұлулығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

№16сабақ 5сынып Өзін-өзі тану сабағы Тақырыбы: Адам жанының сұлулығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге әдістемелік көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қаңтар 2021
685
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзін-өзі тану сабағының қашықтан оқуға арналған сабақ жопары

: 16 Тақырыбы: Адам жанының сұлулығы.

Құндылығы: Ақиқат.

Қасиеттері: Жақсыдан жаманды ажырата білу, барлығынан жақсылық көру, қарапайымдылық.

Мақсаты: Оқушыларға адамның ішкі жан дүниесінің сұлулығының маңыздылығын, ақиқат құндылығы арқылы түсіндіру

Ресурстар

Кітап, дәптер

1. Сабақтың дәйексөзі.

Жақсы мінез - бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы .

Х. Досмухамедұлы.

Жақсы мінез дегеніміз - адамдардың бір-біріне сыйлы болуы,

өзгенің өмірін қуанышқа бөлеуі:

Дәйек сөзді дәптерге жазу

2. Оқиға айту. (Мұғалім сыйы)

Қарындаштың бес сапасы
(Аңыз)
Әжесінің хат жазып отырғанын көрген немересі:
– Әже, сіз хатқа мен туралы жазып жатырсың ба?– деп сұрайды. Әжесі жазуын тоқтатып, езу тартып немересіне:
– Сен дәл таптың, мен сен туралы жазып жатырмын. Бірақ менің не жазып отырғаным маңызды емес, немен жазып отырғаным маңызды. Мен сен ержеткенде осы қарындаш сияқты болғаныңды қалаймын.
Немересі қарындашты қолына алып, ары–бері қарап айрықша ештеңені байқамай:
– Әже, ол дәл басқа қарындаштар сияқты ғой, ешқандай ерекшелік көріп тұрған жоқпын,– дейді.
– Балам, барлығы затты дұрыс көре білуге байланысты. Бұл қарындаш бес түрлі жақсы қасиетке ие, сен ержеткенде сол бес қасиет бойыңнан табылса өзіңмен және әлеммен үйлесімде боласың.
– Біріншіден, сен данышпан бола аласың, бірақ әрқашан сені жетелеп
тұрған бір тылсым күш бар екенін ұмытпа. Оны біз табиғаттың ісі дейміз, оған сенімді бол.

- Екіншіден, жазу үшін мен қарындашты әр кезде ұштап отырам,
оған ол ұнамайды, бірақ ұштаған сайын менің жазуым әдемі нәзік жазып отырады. Демек, ұнамаса да шыдамдылық таныта білу керек, арты жақсылыққа әкеледі.

- Үшіншіден, егер қате жазып кетсең, қарындашты әр кезде ӛшіргіш пен сүртіп тастауға болады. Есте сақта, қателігіңді түсініп, кешірім сұрау ешқашан ұят емес. Қателік жасау әр адамға тән нәрсе, бірақ уақытында соны түсіне білсең дұрыс жолдан ешқашан шатаспайсың.
- Төртіншіден, қарындаштың сыртындағы ағашы мен формасы емес, оның ішіндегі графитке мән беру қажет. Сондықтан, ішкі жан дүниең таза болуына көңіл бөлу қажет.

- Бесіншіден, қарындаш әр кезде ӛзінің артынан із тастап кетіп отырады. Осылай сен де ӛскен сайын ӛз қылықтарыңмен, ісәрекеттеріңмен із тастап отырасың. Сондықтан да, әр басқан ізіңді ойланып нық басуға тырыс,- депті әжесі.

Мәтінді оқу

3.Тапсырма: Адам жанының сұлулығы жайлы мақал – мәтелдер жазу.

Дәптерге жазу



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!