Материалдар / §17. Қанның құрамы мен қызметі

§17. Қанның құрамы мен қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
8.1.3.1 - қан құрамы мен қызметін сипаттау;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қазан 2024
204
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

8 сынып №18

ДӘІЖО___________

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«» КММ
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Қанның құрамы мен қызметі. Қан түйіршіктері: эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер. Плазма. Қанның қызметі: транспорттық, гомеостаздық, қорғаныштық. §17. Қанның құрамы мен қызметі

(Сабақ тақырыбы)


Бөлім:

«Заттардың тасымалдануы»

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 8 «а»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қанның құрамы мен қызметі. Қан түйіршіктері: эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер. Плазма. Қанның қызметі: транспорттық, гомеостаздық, қорғаныштық. §17. Қанның құрамы мен қызметі.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.1.3.1 - қан құрамы мен қызметін сипаттау;

Сабақтың мақсаты:

қан құрамы мен қызметін сипаттайды;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы




Бұрынғы білімін еске түсіру

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тәртібін қадағалау.


1.Бір өмірмен байланысты тапсырма: Лимфа айналымы қалай гомеостазға әсер етеді? Мысал келтіріңіз.

Оқушылар амандасады, сынып тәртібін сақтайды.


Үй жұмысы бойынша сұраққа жауап береді.


Жауабы: 1.Лимфа айналымы зат алмасуды қамтамасыз етіп, ағзаның тепе-теңдігін сақтайды.

Дескриптор:

-берілген сұраққа жауап береді -2 балл;

Интерактивті панель, презентация


Биология 8-сынып,Автор: А.Соловьева, Б.Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2018ж

Оқушылардың назарын аудару

«Кілт сөздерді сәйкестендіру» тәсілі бойынша оқу мақсатына сай тапсырма беріледі.



Кілт сөздерді мазмұнымен ауызша атау арқылы сәйкестендіреді.

Дескриптор:

- Кілт сөздерді мазмұнымен сәйкестендіреді – 3 балл;

Интерактивті панель, презентация


Сабақтың мақсатын таныстыру

8.1.3.1 - қан құрамы мен қызметін сипаттау.

Жаңа сабақтың оқу мақсатын жазады.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель, презентация


Биология 8-сынып,Автор: А.Соловьева, Б.Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2018ж

Жаңа тақырыпты таныстыру

«Мәтінмен жұмыс»

Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша тақтада шағын мәтінмен түсіндірме жұмысын жасайды.


Білім алушылар мәтінді мұқият тыңдай отырып ой қозғау жүзеге асады. Өз ойлары мен пікірлерін білдіреді.

Дескриптор:

- мәтінді оқиды және өз түсінгенін сипаттайды -1 балл;

Интерактивті панель, презентация


Биология 8-сынып,Автор: А.Соловьева, Б.Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2018ж


Сабақтың ортасы




Оқушыларға бағыт бағдар беру

«Кинометафора» әдісі.

Мақсаты: Оқушының ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.

Бір мәселе бойынша бейнесюжеттен үзінді көрсету арқылы баланың өз ойын, ой-пікірлерін білуге болады.

Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.

өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель


бейнефильм

https://drive.google.com/file/d/1JLKrV5WtW0j5vSRgIYz9gBM9GtGvKXqY/view?usp=drive_link



Практикалық тапсырмалар беру.

Топтық жұмыс.

1-тапсырма.

Қанның құрамы мен қызметін білеміз бе?



1. Топтық жұмыс

2. Фрейер моделі

3. әр топ термин/тірек сөздерге...


a. анықтама береді;

b. қасиетін жазады;

c. құрамын анықтайды;

d. қызметін сипаттайды;



1-топ: «Қан плазма және физиологиялық ерітінді»

2-топ: «Эритроциттер, гемоглобин және қаназдық ауруы»

3-топ: «Лейкоциттер, лейкоцитоздық формула және жалған аяқтар»

4-топ: «Тромбоциттер, тромб, фиброноген және гемофилия»



Оқушылар топтық жұмысты орындайды. Бір-бірімен пікір алмасады. Ой қозғайды.



1-топ:Қан, плазма және физиологиялық ерітіндіге анықтама береді, қасиетін жазады, құрамын анықтайды және қызметін сипаттайды.

2-топ:Эритроциттер, гемоглобин және қаназдық ауруы тақырыбына анықтама береді, қасиетін жазады, құрамын анықтайды және қызметін сипаттайды.

3-топ:Лейкоциттер, лейкоцитоздық формула және жалған аяқтар тірек сөзіне анықтама береді, қасиетін жазады, құрамын анықтайды және қызметін сипаттайды.

4-топ:Тромбоциттер, тромб, фиброноген және гемофилия тірек сөзіне анықтама береді, қасиетін жазады, құрамын анықтайды және қызметін жазады.

Дескриптор:

- Қан, плазма және физиологиялық ерітіндіге анықтама береді, қасиетін жазады, құрамын анықтайды және қызметін сипаттайды – 4 балл;

- Эритроциттер, гемоглобин және қаназдық ауруы тақырыбына анықтама береді, қасиетін жазады, құрамын анықтайды және қызметін сипаттайды – 4 балл;

- Лейкоциттер, лейкоцитоздық формула және жалған аяқтар тірек сөзіне анықтама береді, қасиетін жазады, құрамын анықтайды және қызметін сипаттайды – 4 балл;

- Тромбоциттер, тромб, фиброноген және гемофилия тірек сөзіне анықтама береді, қасиетін жазады, құрамын анықтайды және қызметін жазады – 4 балл;

Интерактивті панель, презентация


https://wordwall.net/ru/resource/80439887



Биология 8-сынып,Автор: А.Соловьева, Б.Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2018ж,


Жұмыс дәптерлері

Бағалау

Жеке жұмыс.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы ҚМЖ қосымшасында орналасқан.

Білім алушылар ҚБ тапсырмаларын орындайды. Ой қозғау жүзеге асады.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасының дескрипторы ҚМЖ қосымшасында орналасқан.

Интерактивті панель, презентация

Жұмыс дәптері

Сабақтың соңы



Кері байланыс беру

Кері байланыс: «БББ» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель

Презентация


Білгенім.....

Білдім.....

Білгім келеді....

Білімді игеруді жақсарту және оны тәжірибеге көшіру

Шығармашылық жұмыс.

Тірек сызба

Әр түрлі ағзалардың қан жасушаларын зерттеу.

Білім алушылар келесі тақырыптың тақырыбымен және тірек сызба сызады. Ой қозғау жүзеге асады.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Жұмыс дәптері


Биология 8-сынып,Автор: А.Соловьева, Б.Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2018ж,




ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРҒА ҚОСЫМША


«Кілт сөздерді сәйкестендіру» тәсілі бойынша оқу мақсатына сай тапсырма беріледі.

Кілт сөздер

Мазмұны

  1. Эритроциттер

  2. Тромбоциттер

  3. Лейкоциттер

  4. Гемоглобин

  5. Плазма

  1. 90% судан тұрады. Тұздар глюкоза, аминқышқылдары, кейбір гормондар мен басқа заттар суда ериді және еріген күйінде тасымалданады.

  2. Эритроцит құрамында болады.

  3. Бұл ядросы бар және қан ағысымен ғана емес, жалған аяқтарымен де (амеба сияқты) қозғалатын, қан тамырларының арнасынан шыға алатын қан жасушалары.

  4. Қанның ұю үдерісіне қатысатын, ядросы жоқ, ұсақ қан пластинкалары. 1 мм3 қандағы мөлшері 180–400 мың.

  5. Олар қызыл түсті, екі жағынан иілген дискі пішінді, ядросы жоқ, 120 тәулік тіршілік етеді.



Мәтінмен жұмыс


Қанның қызметі 3 топқа бөлінеді: Тасымалдау, Қорғаныш, Гуморальдық

Тасымалдау қызметі:

Оттекті өкпеден ұлпа жасушаларына, ал көмірқышқыл газын өкпеге тасымалдайды;

Қоректік заттарды асқорыту мүшелеріне тасымалдайды;

Жасушалардан зиянды заттарды шығарып тастайды;

Заттардың ыдырау өнімдерін бүйрекке және басқа бөліп шығару мүшелеріне тасымалдайды;

Бауыр мен бұлшықеттегі жылуды тері мен өкпеге тасымалдайды;

Қоғаныш қызметі:

Ағзаны зиянды заттардан және микроорганизмдерден қорғайды;

Антиденелер - микроағзалармен күресетін заттарды қалыптастырады;

Дене температурасының тұрақтылығын сақтайды;

Жасушаларда қышқылдың, судың деңгейін реттейді;

Гуморальдық қызметі:

Ішкі секреция бездерінен бөлінген заттарды (гормандар) тасымалдайды

Қанның құрамы: Қан плазмасы (55%) мен Қан жасушасы (45%)

Қан плазмасының құрамы: Су-90%, нәруыз-7-8%, глюкоза-0,12%, тұздар-0,9%

Плазма құрамындағы су жүзеге асырады: Заттардың тасымалы мен жылу алмасуды

Ми және бұлшық ет (жүрек) жасушалары үшін негізгі энергия көзі: Глюкоза

Қан плазмасындағы нәруыздар:

Альбуминдер - май тәрізді заттарды тасымалдайды

Глобулиндер – антидене, ауру тудыратын микробтардан қорғау

Фибриноген - қанның ұюы

Плазмада шамамен 1% болатын заттар: Гормондар, несепнәр, май тәрізді қоректік заттар

Формалы элементтер: Қан жасушалары

Қан жасушаларының түрлері: Эритроцит, Тромбоцит, Лейкоцит

Қанның барлық жасушалары түзіледі: Сүйектің кемігінде

Қанның барлық жасушалары тіршілігін жояды: Көкбауыр мен бауырда

Эритроциттер:

Қанның ең ірі жасушалары;

Қызыл түсті, екі жағынан иілген дискі пішінді

Ядросы жоқ;

1 мм3де - 4,5-5 млн. 120 тәулік тіршілік етеді;

Қан тобын анықтайды;

Оларда күрделі нәруыз – гемоглобин (қан пигменті) болады;

Қанының құрамында гемоглобин, темір, эритроциттер мөлшері азаятын болса пайда болатын ауру: анемия (қаназдық)

Анемияны емдеу жолы: В? дәруменін пайдалану, нәрлы тамақтану, құрамында темір бар препарат қолдану

Лейкоциттер:

Қанның ақ жасушалары

Ядросы бар

1 мм?де – 6-8 мың;

Қан ағысымен ғана емес, жалған аяқтарымен де (амеба сияқты) қозғала алады;

Ағзаны ауру тудыратын микробтардан қорғайды, иммунитетті жүзеге асырады;

Сүйек кемігінде түзіледі. Жетілген кезде иммундық мүшелерде қызмет атқарады;

Лейкоциттердің әртүрлі типтері түзіледі: Айырша безде, Лимфа түйіндерінде, Көкбауырда

5 типі бар. Олардың пайыздық арақатынасы лейкоциттік формула деп аталады.

Тромбоциттер:

Қанның ұю процесіне қатысады;

Ядросы жоқ

Ұсақ қан пластинкалары,

1 мм?де – 180-400 мың; 8-11 тәулік тіршілік етеді;

Тіршілігін жояды: Бауырда, Көкбауырда немесе Тромб түзілген кезде

Фибриннің жабысып қалған жіпшелерінен түзілетін ерімейтін нәруыз: Тромб

Тромб айналады: Фибриногенге - қан плазмасының еритін нәруызы

Қанның ұю үдерісіне қатысады: Тромб, Кальций тұздары, Плазма нәруызы – фибриноген және т.б.

Қан құю станциясында қолданылады:

Кальцийсіздендірілген - кальцийінен айырылған қан

Дефибриляцияланған - фибриногеннен айырылған қан

Қан ұйымайтын тұқым қуалайтын ауру: Гемофилия

Гемофилия ауруы туындайды: Плазмадығы ұю нәруыздарының бірі болмауынан


Топтық тапсырмалар


Shape1


Shape2

Shape3

Shape4












ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАР

Оқушының аты-жөні: _____________________________________________сыныбы___________


Қан құрамы мен қызметі: Өмірдің сұйық тіні

Қан - адам денесіндегі ең маңызды сұйықтықтардың бірі. Ол күрделі құрылымға ие және көптеген маңызды функцияларды атқарады. Қан плазмадан және қан жасушаларынан тұрады. Плазма - сұйық бөлігі, ал қан жасушалары - эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер. Әр компоненттің өзіндік маңызды рөлі бар, мысалы, эритроциттер оттегі тасымалдауға жауап береді, ал лейкоциттер иммундық жүйенің бір бөлігі болып табылады.

Бос орындарды толтырыңыз: Дұрыс сөздермен бос орындарды толтырыңыз.

  1. Қанның сұйық бөлігі __ деп аталады.

  2. Қызыл қан жасушалары __ деп аталады және олар __ тасымалдайды.

  3. __ - ақ қан жасушалары, олар денені инфекциялардан қорғайды.

  4. Қан ұюына жауапты қан жасушалары __ деп аталады.

  5. Қан денеде __ және қоректік заттарды тасымалдайды.

Сөздер банкі: эритроциттер, оттегі, плазма, тромбоциттер, лейкоциттер, гормондар

Көп таңдаулы сұрақтар: Әр сұраққа берілген нұсқалардан дұрыс жауапты таңдаңыз.

  1. Қанның негізгі функциясы қандай?
    a) Тек қана оттегі тасымалдау
    b) Тек қана қоректік заттарды тасымалдау
    c) Оттегі және қоректік заттарды тасымалдау
    d) Тек қана көмірқышқыл газын тасымалдау

  2. Қан жасушаларының қай түрі иммундық жүйеге жатады?
    a) Эритроциттер
    b) Тромбоциттер
    c) Лейкоциттер
    d) Плазма

  3. Қанның қай компоненті гемоглобинді қамтиды?
    a) Плазма
    b) Лейкоциттер
    c) Эритроциттер
    d) Тромбоциттер

  4. Қан ұюы процесіне қатысатын қан жасушалары:
    a) Эритроциттер
    b) Лейкоциттер
    c) Тромбоциттер
    d) Плазма

  5. Қанның қай бөлігі сұйық күйінде болады?
    a) Эритроциттер
    b) Лейкоциттер
    c) Тромбоциттер
    d) Плазма

Ашық сұрақтар: Келесі сұрақтарға толық сөйлемдермен жауап беріңіз:

  1. Қанның негізгі үш функциясын атаңыз және әрқайсысын қысқаша түсіндіріңіз.

Shape5

Shape6

Shape7

  1. Эритроциттердің құрылымы мен функциясы арасындағы байланысты түсіндіріңіз.

Shape8

Shape9

Shape10

  1. Неліктен қан денеміздің барлық бөліктеріне жетуі маңызды? Мысалдармен түсіндіріңіз.

Shape11

Shape12

Shape13

Жауап кілті:

Бос орындарды толтыру:

  1. плазма

  2. эритроциттер, оттегі

  3. лейкоциттер

  4. тромбоциттер

  5. гормондар

Көп таңдаулы сұрақтар:

  1. c

  2. c

  3. c

  4. c

  5. d

Ашық сұрақтар:

  1. Қанның негізгі үш функциясы:

    • Тасымалдау: Оттегі, қоректік заттар, гормондар және басқа да маңызды заттарды дене бойына тасымалдайды.

    • Қорғаныс: Лейкоциттер арқылы денені инфекциялар мен ауруларға қарсы қорғайды.

    • Реттеу: Дене температурасын, pH деңгейін және су балансын реттеуге көмектеседі.

  2. Эритроциттердің құрылымы мен функциясы арасындағы байланыс:
    Эритроциттер дискі тәрізді пішінге ие және ортасы ойыс. Бұл пішін оларға көп мөлшерде оттегіні байланыстыратын гемоглобинді сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл пішін эритроциттердің қан тамырлары арқылы оңай өтуіне көмектеседі, осылайша оттегіні тиімді түрде тасымалдауға мүмкіндік береді.

  3. Қанның денеміздің барлық бөліктеріне жетуінің маңыздылығы:
    Қан денеміздің барлық бөліктеріне жетуі өте маңызды, өйткені ол әр жасушаға өмір сүруі үшін қажетті заттарды жеткізеді. Мысалы, бұлшықет жасушаларына энергия өндіру үшін оттегі мен глюкоза қажет, ал ми жасушаларына үздіксіз оттегі қажет. Сонымен қатар, қан денедегі қалдық заттарды шығару мүшелеріне тасымалдайды, мысалы, көмірқышқыл газын өкпеге жеткізеді. Қан сонымен қатар гормондарды тасымалдайды, бұл дененің әртүрлі бөліктерінің бір-бірімен байланысуына көмектеседі.







ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАР

Оқушының аты-жөні: _____________________________________________сыныбы___________

Қанның құрамы мен қызметі бойынша мәтінге тәуелді сұрақтар:

  1. Бір өмірмен байланысты тапсырма: Қанның құрамындағы эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттердің өмірдегі рөлін қалай түсіндіресіз? Мысалы, олар қандай қызмет атқарады?

  2. Көп таңдауы бар тапсырма: Қанның қандай қызметтері бар? Төмендегілердің қайсысы қанның қызметі болып табылады?

    • A) Транспорттық

    • B) Асқазандық

    • C) Гомеостаздық

    • D) Қорғаныштық

  3. Салыстыру тапсырмасы: Эритроциттер мен лейкоциттердің қызметтерін салыстырыңыз. Олардың айырмашылықтары неде?

  4. Сәйкестендіру тапсырмасы: Төмендегі қан компоненттерін олардың қызметтерімен сәйкестендіріңіз:

    • 1) Эритроциттер

    • 2) Лейкоциттер

    • 3) Тромбоциттер

    • A) Қорғаныс қызметі

    • B) Транспорттық қызметі

    • C) Қанның ұюы

  5. Шындық немесе жалған тапсырмасы:

    • A) Эритроциттер оттегін тасымалдайды. (Шындық/Жалган)

    • B) Плазма қанның құрамына кірмейді. (Шындық/Жалган)

  6. Дұрыс реттілікті анықтау тапсырмасы: Қанның қызметтерін дұрыс реттілікпен орналастырыңыз:

    • A) Гомеостаздық

    • B) Транспорттық

    • C) Қорғаныштық

  7. Бір дұрыс жауабы бар тапсырма: Қан плазмасының негізгі қызметі қандай?

    • A) Оттегін тасымалдау

    • B) Дәрілерді жою

    • C) Нәрлі заттарды тасымалдау

  8. Көп таңдауы бар тапсырма: Лейкоциттердің рөлі қандай? Төмендегі жауаптардың қайсысы дұрыс?

    • A) Қанның ұюын қамтамасыз ету

    • B) Дене инфекцияларға қарсы қорғанысын қамтамасыз ету

    • C) Оттегін тасымалдау

  9. Салыстыру тапсырмасы: Қан плазмасы мен қан түйіршіктерінің арасындағы айырмашылықтарды сипаттаңыз.

  10. Шындық немесе жалған тапсырмасы:

    • A) Тромбоциттер қанның тасымалын қамтамасыз етеді. (Шындық/Жалган)

    • B) Лейкоциттер инфекцияларға қарсы қорғаныс қызметін атқарады. (Шындық/Жалган)

Жауаптар кілті:

  1. Эритроциттер оттегін тасымалдайды, лейкоциттер инфекцияларға қарсы қорғаныс қызметін атқарады, тромбоциттер қанның ұюына қатысады.

  2. A, C, D

  3. Эритроциттер оттегін тасымалдайды, ал лейкоциттер инфекцияларға қарсы қорғаныс қызметін атқарады.

  4. 1-B, 2-A, 3-C

  5. A) Шындық, B) Жалган

  6. B, A, C

  7. C

  8. B

  9. Қан плазмасы сұйық, ал қан түйіршіктері қатты компоненттер болып табылады.

  10. A) Жалган, B) Шындық












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ