Материалдар / 1836-1838жж Бөкей Ордасындағы И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісі.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

1836-1838жж Бөкей Ордасындағы И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісі.

Материал туралы қысқаша түсінік
1836-1838жж Бөкей Ордасындағы И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қаңтар 2023
67
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 9.12 .2022ж

Тобы: 3-03

Мамандығы:1114000 Дәнекерлеу ісі

Сабақтың тақырыбы : 1836-1838жж Бөкей Ордасындағы

И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісі.

Білімділік:1836-1838 жылдардағы И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған көтерілістің мақсаты, сипаты, көтерілістің тарихи маңызын ашып, көрсету,оның хандық басқару жүйесіне, патшаның отаршылдық саясатына қарсы бағытталғанын түсіндіру.

Дамытушылық : тарихи дерек бойынша тұжырым жасау дағдысына үйрету. Түсініктерін дәйек сөзбен дәлелдеу,сөздік қорларын молайтып, сауатты сөйлеу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: бабалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы азаматтық тәрбие беру. Ерлікке батырлыққа,Отанын суюге,қызмет етуге және қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау: ой қозғау, миға шабуыл

Сабақтың көрнекілігі: слайд, батырлар,хан суреті

Пән аралық байланыс: қазақ әдебиеті,материалтану

Сабақтың барысы:

I .Ұйымдастыру кезеңі.

Студенттерді сабаққа бейімдеп,сабақтың

өту тәртібімен таныстырып, назарын сабаққа аудару.

II .Үй тапсырмасын пысықтау

1.Қазақ жерінде ең ұзаққа ,14-жылға созылған отарлық езгіге қарсы көтеріліс?

2.Көтерілістің аумағы?

3.Жеңілу себебі?

4.Сырым Датұлы кім?

5.Сырымның өмірі жайлы не білесіздер?

III. Жаңа сабақты меңгеру кезеңі:

1.Көтерілістің алғышарттары мен себебтері

2.Көтерілістің басты мақсаты

3.Көтерілістің қозғаушы күштері

4 Көтерілістің жеңілу себебтері

5.Көтерілістің тарихи маңызы

Көтерілістің алғышарттары:

Бөкей ордасындағы жайылымдық жерлерді қазақтардан тартып алуы

Қарауылқожа Бабажановтың озбырлық әрекеті

Алым-салықтың көбейе түсуі

Көтерілістің басты мақсаты:

- Қалыптасқан жерді пайдалану

- Патша өкіметінің қазақтың жерін тартып алуын тоқтату.



Көтерілістің қозғаушы күштері:

Исатай мен Махамбет

  • Карапайым шаруалар

Көтерілістің жеңілу себебтері:

  • Нашар қаруланғаны

  • - үстем тап өкілдерінің опасыздығы

  • -стихиялығы,бағдарламасының жоқтығы

Көтерілістің тарихи маңыздылығы

Келер ұрпақтың теңдік тәуелсіздік бостандық үшін күресіне сабақ болды.

Көнерген сөздердің мәнін ашу.



Баж- өңделетін жерге салынатын салық түрі

Құшыр-жан басына салынатын салық

Қараша- қарапайым халық

Ат тұлдау- олген батырдың атының жалын қырқып, бос жіберуі

IV.Қорытынды

Ой түрткі сұрақтар



1.Отар ел деп қандай елді айтамыз.?

2.Ұлт-азаттық қозғалыс деген сөздің ұғымы?

3.Отар елдерге тән құбылыс?

4.Исатай Махамбет атына берілген аудан,мектептер барма?

Топтарға берілетін тапсырма:

Исатай тобына: 1783-1797ж.ж көтеріліспен 1836-1838ж.ж көтерілістердің айырмашылығын,ортақ белгілерін көрсетіңдер

Махамбет тобына: жеңіліске маман ретіндегі көзқарастарың

Жәңгір тобына; котерілістің жеңілуіне әсер еткен жағымсыз

қасиеттер

Миға шабуыл кезеңі бойынша:

1-топ: Осы көтерілістегі Исатайдың ролін талдау

2- топ: Осы көтерілістегі Махамбеттің ролін талдау

3-топ: Жәңгір ханға талдау жасау

Менің жағымды қасиетім кезеңі:



Студенттер өздеріне ұнаған ,керек етер қасиеттерін батыр бойынан алып,керек емес қасиеттерді бойынан шығарады.Ол қасиеттер қара жәшікке салынады.





Бағалау.Үй тапсырмасы: Махамбет өлеңдерін оқу.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!