Материалдар / 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс

Материал туралы қысқаша түсінік
1916 жылғы ұль-азаттық көтеріліс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қазан 2020
681
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1 тоқсан

Пәні

Алаш тағылымы

Күні: 18.09.2020ж.

Сыныбы: 10 «А.Б.В»

Мұғалімнің аты-жөні

Оразбахова Д.Б

Сабақ № 3

Сабақ тақырыбы

Ұлттық интеллигенцияның қалыптасу үдерісі. ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялы зауым өкілдерінің қалыптасуы. Қазақ зиялыларының 1916 жылғы көтеріліске қатысты көзқарасы.

Оқу мақсаты

1916 жылғы көтеріліске қатысты қазақ оқығандарының көзқарасын білу; Қазақ зиялыларының ой-пікірлерінен қорытынды шығару.

Ресурс

Қосымша сілтеме


https://youtu.be/hTfLC6od0Po



Сабақтың барысы:

Қысқаша конспект.

Құрметті оқушы! 1916 ж. көтерілістің басты себептері әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар: отаршылдық езгінің күшеюі, жерді тартып алу, салықтар мен алымдардың шамадан тыс ұлғайтылуы, қазақ халқы мен аймақтың басқа байырғы халықтары жөнінде патша өкіметі жүргізген орыстандыру саясаты, қалың бұқара жағдайының күрт нашарлауы болды.

Бұл аталғандардың ішінен ежелгі қазақ жерлерінің жаппай, күшпен тар-тып алынуын және өлкені басқарудың отаршылдық жүйесінің күшейтілуін ең басты себеп ретінде қарастыру керек.

1916 жылғы көтерілістің басты мақсаты ұлттық және саяси азаттық болды. Сол арқылы ол қазақ халқының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы бұрынғы бүкіл күресінің қорытындысын шығарды. Көтерілістің негізгі козғаушы күші ұлттық шаруалардың қалың тобы, сондай-ақ сол кезде туып келе жаткан жергілікті жұмысшы табының өкілдері, қолөнершілер болды.

Көтерілістің ұлт-азаттық сипатта болуы себепті қазақ халқының барлық топтарының өкілдері (екінің бірінде байлар, болыс басқарушылары, билер), сондай-ақ демократияшыл зиялылардың жекелеген өкілдері қатысты.

Күрделі және әртекті болған көтеріліс кең-байтақ өлке аудандарының көпшілігінде ұлт-азаттық сипатқа ие болды. Тек жекелеген жерлерде ғана қозғалыстың басшылығын байлардың үстем топтары мен клерикал элемент-тер қолына алды.

Стихиялық қозғалыс бірте-бірте ұйымдасқан сипат алып, қарулы көтері-ліске ұласа бастады; ірі ошақтары (Жетісу мен Торғайда) пайда болды. Көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтыды және оның өткір жүзі патша өкіметінің әскери-отаршылдық және кең көлемде орыстандыру саясатына және белгілі бір дәрежеде ауылдардың феодал-бай үстем топтарына қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалысына ұласты. Осы тұрғыдан ол Ресейдің жұмысшы табы мен шаруаларының соғысқа және патша өкіметіне қарсы революциялық қоз-ғалысымен ұштасты.

Көтеріліс отаршылдыққа қарсы жөне империализмге қарсы бағытта бол-ды.

Көтерілістің басты міндеті — халықты отаршылдық езгіден ұлттық және саяси жағынан азат ету міндетімен салыстырғанда, таптық мәселе (ауылдың бай үстем топтарына қарсы күрес) екінші кезекте қалды. Бірқатар жерлерде және белгілі бір кезенде көтеріліс халыктық соғысқа ұласты (оның Жетісу және Торғай облыстарындағы жекелеген ошақтарында).

Қазақстан мен Орталык Азиядағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тұтас алғанда Ресей империясындағы саяси және әлеуметтік-экономикалык, дағдарыстың одан әрі асқына түсуіне себепші болды. Ол Ресейдегі әскери-феодалдық және әскери-отаршылдық басқару жүйесінің іргесін шайқалтты және шығыстың отар халықтарының империалистік езгіге қарсы XIX ғасырдың басында өріс алған бүкіл ұлт-азаттық қозғалысының құрамдас бөлігі, буындарының бірі болды.

Қазақ қоғамында патшаның жарлығы мен көтеріліске көзқарас бір мәнде болған жоқ: байлардың үстем топтарының белгілі бір бөлігі, сондай-ақ «бұратаналық әкімшілік» дейтіннің шенеуніктері «реквизиция туралы» пат-ша жарлығын сөзсіз қолдады және оны басты жүзеге асырушылар болды; қазақ зиялыларының батыл өкілдері (мысалы, Тоқаш Бокин, Жаңабай Ни-язбеков, Әубәкір Жүнісов, Тұрар Рысқұлов, Әліби Жангелдин, Сейітқали Мендешев, Бәймен Алманов және басқалар) патша жарлығына батыл қарсы шықты және халықты қарулы қарсылыкка шакырды, ал «Қазақ» газетінің төңірегіне біріккен либерал-демократияшыл зиялылардың жетекшілері (А.Байтұрсынов, Ә.Бекейханов, М.Дулатов және басқалар) патша әкімшілігін адам алуға асыкпауға, қайта әуелі дайындық шараларын жүргізуге көзін жеткізуге талай рет әрекет жасады. Сонымен бірге олар қарусыз халық патша өкіметінің аяусыз жазалау шараларының кұрбанына айналады деп орынды санап, жарлықты орындауға қарсылық көрсетпеуге шақырды. «…Патшаның жарлығы – Акиқат және оған қарсы пікірлер болмауы керек, — делінген «Қазак» газетінің 1916 жылғы 6 шілдедегі бас мақаласында, — …жалтару жеңіл ойлылық болады, өйткені бұл халық үшін күйзеліс әкеледі. Қазір — соғыс уакыты, тәртіп катал; жасырынғандарды іздеуге отряд жіберіледі, ол шаруашылықтың күйзелуіне әкеп соғып, отбасына бақытсыздық әкеледі…» . Нақ осы газет 1916 жылғы 11 тамыздағы нөмірінде А.Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың атынан алаш арасында бұйрықты ешқандай қарсылықсыз іске асыруды жақтады. Сонымен бірге олар аңғалдықпен, егер қазақтар тыл жұмыстарына қатысса, соғыста жеңгеннен кейін олар өз жағдайын жеңілдетуге және автономия алуға үміт ете алады деп санады.

Сабақ барысында орындалатын тапсырмалар:



1-тапсырма.
1. 1916 жылғы 25-маусымдағы Патша жарлығы.

2. 1916 жылғы көтеріліске ұлт зиялыларының көзқарастары.
3. 1916 жылғы көтерлістің жеңілу себептері, тарихи маңызы.


Сабақты қорытындылау

1- тапсырма. Шығармашылық тапсырма:

1.«Қазіргі қазақ мәселелерінің ең зарлысы-жер мәселесі...

(Бұл қазақтың тірі я өлі болу мәселесі)»

А.Байтұрсынов

2.«Жұрт сеңдей соғылды,...

(Түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды)»

М.Дулатов

3.«Бұл соғыстан жалпы жұртқа пайда жоқ...

(Нарлар алысар, ал шаруасын бұзып қанын төгетін сорлы халық

болар..»

Ә.Бөкейханов

Үйге тапсырма.

https://youtu.be/hTfLC6od0Po 1916 жылқы ұлт-азаттық көтеріліс туралы деректі фильмді қарап қорытынды жазу.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!