Материалдар / 1931-1933 жылдардағы ашаршылық.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

1931-1933 жылдардағы ашаршылық.

Материал туралы қысқаша түсінік
1.1931-1933 жылдардағы ашаршылық, ХХ ғ. 30-ж. Қазақстандағы қасірет, Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың демографиялық салдары, Қазақтардың республикадан тыс аймақтарғажаппай қоныс аударуы туралы оқушылардың білім деңгейін зерттеу, қосымша ақпараттар бойынша жан-жақты білім қорын молайту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Наурыз 2021
766
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сынып: 8 «Г»

Пән: Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: 1931-1933 жылдардағы ашаршылық.

Сабақтың мақсаты:
 
1.1931-1933 жылдардағы ашаршылық, ХХ ғ. 30-ж. Қазақстандағы қасірет, Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың демографиялық салдары, Қазақтардың республикадан тыс аймақтарғажаппай қоныс аударуы туралы оқушылардың білім деңгейін зерттеу, қосымша ақпараттар бойынша жан-жақты білім қорын молайту.

2. Тарихи шығармаларды, баспасөз ақпарат құралдарын, деректі фильмдерді пайдалана отырып, халқымыздың тарихындағы  ең ауыр трагедиялардың бірі екеніне ерекше көңіл бөліп, ақпараттарды игеру барысында оқушының қосымша құжаттармен жұмыс істей білу  дағдысын дамыта өздігінен ізденіп, білімдерін толықтыра білуге мүмкіншілік туғызу.  

  3.Ұжымдасып өзара көмек көрсете білуге баулу, өзара сыйластыққа үйрету. Халқын ойлаған зиялылардың іс-әрекетінің негізінде ұлттық патриоттық тәрбиеге баулу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап, ойын, тірек- сызба

Пән аралық байланыс: д.ж.тарихы,қазақ әдебиеті

Көрнекілігі : Интерактивті тақта, слайдтар, тірек-сызбалар, “Білімге жорық” Дарын студиясы ойыны, Ақылды вагонар, Жеңіс шыңы, «Мен» мақсат адамы. Деректі фильм үзінді

Түйінді идея: Сыни тұрғыдан ойлауға үйретеді.Топпен жұмыс жасауға  және ортақ пікір туғызуға, өзгенің және өзінің іс -әрекетіне баға беруге үйрену. АҚТ-ны қолдану

Күтілетін нәтиже:

 Оқушылар өз ойларын жүйелеп жеткізеді.

 Бірлесе жұмыс жасау арқылы өзара сыйластық, ынтымақтастық ахуалы қалыптасады.   СТО әдістері арқылы пәнге белсенділігі артады, сөздік қоры молаяды.

Сабақтың барысы:

1.Үй тапсырмасын сүрауға арналған сауалдар

1. «Ауылды кеңестендіру» ұранымен Қазақстанда « жаңа революция» жүргізудің негізін қалаған кім? ( Ф. И. Голощекин)
2. Голощекиннің бұл идеясына наразылық білдірген қазақ қоғам қайраткері?
( Т. Рысқұлов)
3. «Ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аудару туралы» декрет қай жылы шықты? ( 1928ж)
4. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағыты қашан және қай съезде жарияланды?
( 1927 жылы ХV съезде)
5. Ф. И. Голощекиннің шын ата кім? (Шая Ицкович)
6. Орталық Комитет Қазақ АКСР – інде ұжымдастыруды қашан аяқтауды көздеді?
(1932 ж. көктемге қарай)
7. 1928 жылы Қазақстандағы барлық қожалықтардың қанша пайызы ұжымдастырылды? (2%)
8. Қай жылдан бастап республикада ұжымшар құрылысы жедел жүргізілді?
(1929 ж. 2 - ші жартысы)
9. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыруды республикадағы толқулар мен көтерілістердің саны? (372)
10. Ұжымдастыру жылдарында Қазақстандағы қарулы қарсылықтар қай жылдары болды? (1927 - 1931)

Ойланған шляпа (Қорыту)

2. Жаңа сабаққа көшу. (Ашаршылық туралы оқушылардың ойын білу. Ассосация әдісі)

Ашаршылық, жұт ұғымы

Жаңа сабақ жоспары:

1/ Асыра сілтеушілік зардаптары. Ұлы нәубет ашаршылықтың етек алуы

2. Қазақстандағы етек алған 1931-1933 жылдардағы ашаршылық


+ - Қажетті мағұлматтар

! - Таң қалдырды

?- Сұрақтар туындады ма?

1-Тапсырма: Оқулықпен жұмыс

2-Тапсырма Тарихи сандар:

3-5%- Жалпы шаруашылықтар санындағы үлес

1929-1933-ж аралығында Қазақстан жөніндегі Біріккен ммемлекеттік Саяси басқарма уәкілетті өкілдігінің үштігі толық емес деректер бойынша 9805іс қарап. 22933 адам жөнінде шешім қабылданды

1930ж 9-наурыз- Қазақ өлкелік комитетінің өкілі Г.Рошаль Үштік хаттамаға қол қойды

1933 1қаңтарда -мал саны мүлдем азайып 40.5 млн малдан 4.5 мал ғана қалды

5873- Ашаршылыққа дейін қазақ тұрғындарының саны 5873 мың адам болған, ашаршылықтан кейін ол көрсеткіш 2681 мың адамды құрады

1932- Бесеудің хаты жазылды.

1933 -жылы наурызда Т.Рұсқылов Сталинге хат жазды.

1 млн- Қазақстаннан басқа елдерге қоныс аударды.

Мұғалім сөзі: Бұл сұмдықты Сталин, Голощекин сияқты ел басшылары біле отырып, жағдайды түзету үшін еш шара қолданбады. Елдің бас көтерер азаматтары бастарын қатерге тіге отырып, халықтың мұң- зарын, жағдайын басшыларға жеткізді. Ол азаматтар кімдер еді?
Бесеудің хаты

1. Ғабит Мүсірепов
2. Мансұр Ғатаулин
3. Мұташ Дәулетқалиев
4. Емберген Алтынбеков
5. Қадыр Қуанышев

Тарихи қойылым қойылады«Ашаршылық зардабы», «Бесеудің хаты» Оқушылар қойылған қойылымның мағынасын түсіндіре отырып, оны қорытындылайды.

Ашаршылық деректі фильмнен үзінді


1-Тапсырма: «Ойлан да тап» (Дұрыс жауабын тауып, дәлелдеу)

2-Тапсырма«Тұлғаны таны»
1. 1933 жылдың наурызында И. В. Сталиннің өзіне, М. М. Кагановичке, В. М. Молотовқа хат жолдаған қоғам қайраткері? (Т. Рысқұлов)
2. «Кіші Қазан» төңкерісін өткізу идеясын насихаттаушы? ( Ф. Голощекин)
3. «Қызыл жебе» романын жазған кім? (Ш. Мұртаза)
4. «Бесеудің хатын» жолдаған бесеу кімдер? (Ғабит Мүсірепов, Емберген Алтынбеков, Мұташ Дәулетқалиев, Мансұр Ғатауллин, Қадыр Қуанышев)
5. Күйінішпен: «Қазақстан отар болып келді және солай болып қалды» деген қоғам қайраткері? (Смағұл Сәдуақосов)

4/Бекіту: Ақылды паравоздар арқылы «Мен білдім», «Мен жасай алдым», «Мен жасағым келеді» әдісін қолданамын.


Қорытынды:« Ұмыту өткен тарихты, болашақ үшін қауіпті» Міне, оқушылар біз өз тарихымызды ұмытпауымыз керек Бейбіт уақытта жарты халқы аштықтан қырылып қалу қасіреті ешбір халықтың басында болған емес, тек Қазақстанда ғана болған. Сталиндік репрессияның, ашаршылықтың құрбандарын еске алу мақсатында 1992 жылдан бастап 31 мамырда «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» деп атап өтілуде.


5/Бағалау: Оқушылар берілген бағалау шкаласымен ұпайларын санап, оны бағаға айналдырып, берілген сандар бойынша сабаққа бағаларын қояды.

































5 мектеп-лицей



















Сабақтың тақырыбы: 1931-1933 жылдардағы ашаршылық








Сынып:8 г

Мұғалім: Загитова М.З.





















2020-2021 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!