Материалдар / 1979-1985 жылдар аралығындағы "қырғи-қабақ соғысы" оқиғаларының ерекшелігі неде?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

1979-1985 жылдар аралығындағы "қырғи-қабақ соғысы" оқиғаларының ерекшелігі неде?

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Тамыз 2024
301
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Жәңгір хан атындағы жалпы орта білім беретін
мектебі
«Тарих сабағын оқытудағы заманауи
әдістердің тиімділігі»
(әдістемелік көмекші құрал)
Тарих пәнінің мұғалімдері:Бисекенова Г.М,
Утегенова Д.Е
2024 жыл
1


Page 2

Аннотация:
Бұл әдістемелік құралда қазіргі заманғы оқу
үрдісін ұйымдастыруда инновациялық
технологияларды қолдану арқылы оқушылардың
т а р и х с а б а ғ ы н д а ф у н к ц и о н а л д ы қ
с ауат т ы л ы қ т а р ы н д а м ы ту тәжірибесі
қарастырылған. Қазіргі заманғы барлық
құзыреттіліктері дамыған, азаматтық позициясы
бар тұлғаны қалыптастыру басты назарға алынған.
Оқушылардың пәндік білімдеріне, ептіліктеріне
жән е д а ғ д ы л а р ы н а с ү й е н е о т ы р ы п,
функционалдық сауаттылықты дамыту үдерісі
ойлау дағдыларын қалыптастыру негізінде жүзеге
асады.
2


Page 3

КІРІСПЕ
«Тарих өткеннің сабағы, алдындағының
кейінгіге өнегесі» дегендей, болашағымыздың іргесі
берік болуы үшін, еліміздің өткен тарихын меңгерте
отырып, өмірлік ұстанымдарын бекітіп, көкірегі ояу,
тарихи саналы азаматты тәрбиелеу тарих сабағының
негізгі міндеттері болып табылады. Азаматтық
көзқарастарын қалыптастыру үшін тарих
сабақтарында:
➢ Оқиғаларға дұрыс және өте сауатты
сипаттама беру;
➢ Оқушылардың жеке ой - пікірлерін
айтқызу арқылы ақиқатқа көздерін жеткізу;
➢ Тарихи оқиғалардың қазіргі замандағы
еліміздің дамуына қандай қандай әсер еткенін
жүйелеуге үйрету;
➢ Қазіргі заманғы қоғамдық
көзқарастармен таныстыру, оларды дұрыс
түсіну үшін бағыт беру керек.
Қазіргі замандағы тарих пәнінің міндеті –
ақыл-ой потенциалы жетілген, өткенді есте сақтай
алатын адамды жасау ғана емес, өзінің ұлттық
бастауын жақсы білетін, бұл дүниеде өзінің орнын
таба алатын тұлғаны қалыптастыру. Кез келген
ортада еркін пікір алмаса алатын, өз көзқарасын
дәлелдеп, қорғай алатын белсенді азамат тәрбиелеу
3


Page 4

үшін оқыту үдерісінде жаңа тәсілдерді тиімді
пайдалану арқылы іске асыруға болады.
«Адам ұрпағымен мың жасайды» дейді дана
халқымыз. Ұрпақ жарастығы миллион жылдарды
қамтып келеді. «Надан жұрттың күні – қараң,
келешегі тұман» - деп М.Дулатов айтқандай, тәуелсіз
еліміздің тірегі – білімді ұрпақ емес пе. Сол білімді
ұрпақты тәрбиелеу, оқыту ұстаздың басты парызы
болып табылады.
Қазақстан тарихы пәнін оқыта отырып жас
ұрпақты қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу,
көпұлтты мемлекетімізге халықтар арасындағы
өзара түсіністікпен ынтымақтастықты нығайтуда
мектептегі елжандылық тәрбиесінің дәрежесі өте
маңызды орын алады. Кешкі мектептердегі оқу-
тәрбиені нарықтық экономика жағдайына бейімдеу
мақсатында әлемдік өркениетін озық үлгілерін
ұлттық тәрбие беру процесінде пайдалану, ата-
ананың рөлін күшейту, оқу-тәрбие ісіне жаңа
технологияларды енгізу - негізгі өзекті мәселелер.
Тарих сабағында оқушы белсенділігін
арттыруда жаңа технологиялардың ең тиімдісін
қолдану туралы тоқталғымыз келеді. Қазіргі таңда
оқушының қызығушылығын ояту үшін, заман
талабына сай сабақ өткізудің жаңа
технологияларына сүйенген жөн. Қазіргі оқушы
барлық ғаламтор жүйесінде жұмыс жасау, теледидар,
планшет, телефонмен, түрлі бағдарламаларды
меңгерген, оларда  жұмыс жасауды біледі. Бір ғана
4


Page 5

оқулықпен баланың қызығушылығын ояту мүмкін
емес. Бала қазіргі кезде көру, есту мүшелері арқылы
тез қабылдайды, оларға  ұзақ, яғни, бірнеше беттен
тұратын,  тілі ауыр, хронологиялық даталарға толы
тарихи мәліметті меңгерту қиынға соғады.  Тарих
пәнін оқыту кезінде тарихи оқиғаны оқушыға
жеткізуде жоғарыда айтылған жаһандану технология
жетістіктерін қолданған дұрыс. Оқушы ең кемі 8-10
беттен тұратын мәтінді оқуға құлықсыз. Әуелі
оқушының қызығушылығын оятып, содан соң
тарихи оқиғаны меңгерткен тиімді.  Қазіргі таңдағы
тарих пәні ұстаздарының бұл проблемалық
мәселесіне айналып отыр.
Жоғарыда айтылған міндеттерді орындау үшін
белгілі бір технологияға сүйене отырып, сабақ
жоспарын құру шарт. Ал технология дегеніміз –
белгілі бір істегі адамның әдісі, шеберлігі. Осы
шеберлік арқылы мұғалім өз сабағын оқушыға
жоғары сатыда жеткізуіне болады. Өзгелердің
үлгісін өз сабағына пайдалана білсе, оған өзіндік
өзгерісін қосып отырса, оқушыны оқытудағы
жетістігі сол болмақ. Қазіргі уақытта технологияның
50-ден астам түрі қолданыста жүр, ізденіс үстіндегі
ұстаз осы технологиялардың элементтерін  қолдана
отырып, нәтижелі сабақтарға қол жеткізеді.
Жүсіпбек Аймауытов айтқандай: «Мұғалімнің
айналысатыны  - үнемі қозғалып,  өзгеріп,  өсіп-
өркендейтін тірі адам болғандықтан біркелкі әдістен
табан алмай шектеліп қалуға болмайды... Сабақ беру
5


Page 6

үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан
жаңа табатын өнер»,  ауыл ұстаздарына  әрқашан
ізденіс жұмыстарын жиі жүргізіп отыру керек.
Ізденіс үстіндегі мұғалімдер өз сабақтарының  сәтсіз
өткен сабақтарға өзіндік талдау жасап, өз кемшілігін
түзетуге әрекет жасау керек.  Білім мен тәрбие
беруде педагогикалық, ынтымақтастық, ғылыми –
әдістемелік, жаңа тың ізденістерге ілесе отырып,
жаңашылдыққа талпынып отыру шарт. Әр сабаққа
шығармашылықпен, ізденіспен дайындалу керектігі
жылдан жылға дәлелденіп келеді.  Яғни, оқушыны
жалықтырмайтын, қабілетін арттыратын жағдай
туғызуымыз керек.
Тарих – үнемі даму үстіндегі ғылым. Тарих
алдымен адамзатты, әлемді тану, оның өткенін
зерделеу болып табылады. Тарихтың көмегімен біз
адамзаттың өткен өміріне кеңістік пен уақыт
аралығындағы серуен құрамыз. Ата тарихымызды
білу бәріміз үшін қасиетті парыз.
Тарих – білім беру оқу ордаларында оқу пәні ретінде
жалпы негізгі білім беретін барлық гуманитарлық
және қоғамтанушылық курстардың негізін құрайды.
Тарих ұлттық өзіндік сана – сезімді және
адамгершілік – этикалық нормаларды қалыптастыра
отырып, оқытудың дүниетанымдық негізін
қалыптастырады. Тарихтың басқа пәндермен өзара
байланысы талдау, жинақтау сияқты ортақ
логикалық таным әдістерін қолдануға мүмкіндік
береді.
6


Page 7

Қазіргі замандағы тарих пәнінің міндеті –
ақыл – ой потенциалы жетілген, өткенді есте сақтай
алатын адамды жасау ғана емес, өзінің ұлттық
бастауын жақсы білетін, бұл дүниеде өзінің орнын
таба алатын тұлғаны қалыптастыру. Кез келген
ортада еркін пікір алмаса алатын, өз көзқарасын
дәлелдеп, қорғай алатын белсенді азамат тәрбиелеу
үшін оқыту үдерісінде жаңа тәсілдерді тиімді
пайдалану арқылы іске асыруға болады.
Оқытудың әдістерін таңдау көптеген
факторлармен, білім берудің маңызды және
сабақтың мақсаттарымен, оқушылардың
мүмкіндігімен, пайдаланатын жүйенің
ерекшелектерімен анықталады. Оқыту әдістері
оқыту үдерісінде маңызды қызметтер атқарады.
Оқытудың негізгі мақсаты - өз бетінше дами
алатын оқушыны қалыптастыру, өз - бетінше
танымдық әрекет етудің әдістерін меңгеру. Оқушы өз
қабілетіне сай білімін дамытып отырады.
Тарих сабағында пайдаланатын педагогикалық
технологиялардың түрлеріне тоқталып өтетін
болсақ, бұл – жобалау, пікір – сайыс, мәселелік
оқыту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту және т.б. Біз
тарих сабағында жаңа технологияның тиімді әдістері
арқылы оқушылардың іздену ынтасын арттыруды
көздейміз.
Тарих дегеніміз – оқиғаладың, есімдердің,
құжаттар мен даталардың күнтізбесі емес, тарих –
халықтардың қуанышы мен қайғысының, жарқын
7


Page 8

өмірге ұмтылған талпынысының, мәңгі
жасампазыдығының жарқын бейнесі. Олай болса,
тарих мұғалімі күнделікті өмірде оқушыларға
қаншама қызықты мағұлматтар мен танымдық
дүниелер сыйлап, тарих әлемінің құпия сырларына
терең бойлатады.
Тарих – тек өткен заман туралы білімдердің
жиынтығы ғана емес.Ол сондай – ақ әр халықтың
бүгінгі дүниедегі өзінің жағдайын айқын сезінуге
және болып жатқан оқиғалар мен құбылыстарға
қатынасын нақты анықтауға, олардың мәні мен
бағытын жете түсінуге мүмкіндік беретін ойлау
жүйесі. Тарих – ұлтты мақтан тқту мен патриотизмге
тәрбиелейді. Сондықтан елдің саналы, белсенді
азамат болу үшін Отан тарихын жақсы білу қажет.
Жер шарында тарихы жоқ халық болмайды.
Адамдар өмір сүрген жерде тарих та бар. Өткенді
білсең осы заманды игеру оңайырақ, ал болашықты
бағдарлау одан да жеңіл.
Қазіргі заманғы ғылыми – техникалық
үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен
мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді. Жас
ұрпақты жан – жақты жетілген, ақыл – парасатты, ой
– өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу
– қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр
мұғалімнің шығармашылық ізденіс пен жаңаша
еңбек етуін қажет етеді.
8


Page 9

Жаңа сапаға ие, шығармашыл, қабілетті
адамдар тәрбиелеу үшін дамыта оқыту жүйесін
қолданамыз.
Қазіргі білім беру саласында
технологиялардың ең қажеттісін таңдап, сабақтың әр
кезеңінде тиімді қолдану – басты талап.
Тарих пәніне деген қызығушылығын арттыру
мақсатында сабақты түрлендіре отырып,
оқушылардың өз қабілетін таныта, дамыта түсу
бағытында әрқилы әдістер негізінде пайдалану
тиімді.
Әр ұстаздың жұмысына өзгеріс енгізуі заман
талабына сай міндетті болуы керек. Оқытудың
проблемалық мәселесіне байланысты өз
педагогикалық тәжирибемізге өзгеріс енгізіп
отыруымыз шарт. Қазіргі кезде, бағдарламаның жеті
модулі оқу процесінде табысты қолданып жүр. Олар:
1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;
2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;
3.Оқыту үшін бағалау мен оқытуды
бағалау;
4.Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды пайдалану;
5.Талантты және дарынды балаларды
оқыту;
6.Оқушыларды жас ерекшеліктеріне
сәйкес оқыту және оқу;
7.Оқытудағы басқару және
көшбасшылық.
9


Page 10

Бұл модульдердің барлығы сабақ өткізу
барысына өте қолайлы. Оқытуда ақпараттық –
коммуникациялық технологияны басшылыққа ала
отырып, алты модульді сабақ өткізуде кірістіре
шебер қолдана білу.
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі
ерекшелігі бұл оқушыларға өз бетімен немесе
бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен
шұғылдануға ізденуге өз жұмысының нәтижесін
көріп өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен
жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Ол үшін
мұғалім өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай
білу қажет. Сабақты сәтті ұйымдастырудағы басты
мақсат, оқушының сабаққа деген қызығушылығын
арттырып бүгінгі заман талабына сай білім беру.
Сабақтың сәтті өтуі біріншіден мұғалімнің біліміне,
іскерлігіне, тәжірибесіне байланысты болса,
екіншіден, сабақ материалына, ал үшіншіден, сынып
типіне, төртіншіден, мұғалім мен оқушы арасындағы
қарым-қатынасқа байланысты. Сабақты тартымды
әрі сәтті өткізе білу мұғалімдер қауымынан көп
ізденуді, білімділікті, қабілеттілікті және
тапқырлықты қажет етеді.
Ізденушілік пен білімділікті оқушы бойынан
талап ететін болсақ, онда оқушыға үнемі бағыт беріп
отыру керек. Әрине, оқушылар арасында қабілетті,
дарынды оқушылар мен енжар, жалқау оқушылар
кездесіп жатады. Жалқау, енжар оқушының сабаққа
қабілетін ояту үшін дәл осы ақпараттық
10


Page 11

технологияның пайдасы бар. Яғни, ол оқушыны
немен қызықтыруды ойласақ,  ол өз бойындағы
дарынын көрсете алады. Қазіргі таңдағы жалқау,
енжар бала ол ғаламтор, теледидар, планшет,
телефонға тәуелді бала. Пайдасынан зияны көп
әлеуметтік желілерде отыратын оқушы, яғни оқулық
оқуға уақыты жоқ. Оның қызығушылығын ояту
үшін информатика пәнімен тарих сабағын
байланыстырып, компьютерлік бағдарламалар
(Microsoft Office PowerPoint, слайд шоу, видео ролик,
аудио) арқылы жасалатын ізденіс тапсырмалар беру.
Мысалы: оқушының Абылай хан туралы мәліметтер
жинақтап, презентация құруы. Яғни, бұл жоба
құрастырудың бастамасы, мұғалім бағыт бере
отырып, бұл шағын жобаны, ғылыми жұмысқа
айналдыру арқылы оқушының қызығушылығы,
іздену қабілеті арта түседі. Осылайша, ақпараттық
технологияның элементтерімен оқушылардың
қызығушылығын, интеллектуалдық танымын, білім
сапасын арттыруға болады. 
Ақпараттық технологияның тиімді жақтары
өте көп. Технологияда интерактивті тақта,
электронды оқулық, тестпен жұмыс Activote , кесте,
тірек сызба, онлайн сабақтар, мультимедиялық
бағдарламалар арқылы, сонымен қатар, бірнеше
жолдарымен жұмыс жасауға болады. Сабақта
компьютерлік желіні интернет ресурстарымен
толықтырып отырудың өзі – білім берудегі
11


Page 12

ақпараттандыру үдерісінің іс жүзіне асқанын
көрсетеді
Интерактивті тақтамен жұмыс жүргізу ұстазға
да, оқушыға да қолайлы әрі тиімді. Оқушыны
ұстаздың жалаң сөзінен гөрі көз алдындағы тақтадан
көріп жатқан бейне көп қызықтырады. Бұл –
оқушының білімге деген қызығушылығын
арттыратын таптырмас құрал болып табылады.
Әсіресе, күнделікті сабақта барлық оқушыларға
интерактивті тақтаның тиімділігі:
➢ Қажетті ақпаратты ала алады;
➢ Білім сапасына әсері зор;
➢ Оқиғаны оқығаннан, көзбен көрген
тиімді;
➢ Оқушының ойлау, ой-өрісі кеңейеді;
➢ Өз білімін өзі тексере алады.
Интерактивті тақта оқушының
шығармашылық қабілетін дамытатын бірден – бір
құрал. Ол арқылы оқушы ізденіс жұмысымен бөлісе
алады. Ізденіс жұмысы оқушының білімін,
шығармашылық қабілетін қалыптастырады, сол
ізденіс жұмысымен интерактивті тақта арқылы
қорғап, жариялай  алады.
Интерактивті тақта ішіне орнатылған
Activstudio бағдарламасының тест сұрақтарын
дайындау қосымшасы, Activote тестілеу
құрылғыларының жетістіктері мыналар болып
табылады:
12


Page 13

• Шұғыл кері байланысты қамтамасыз
етеді;
• Дәстүрлі тестілеуден айырмашылығы –
көрнекілігі, тартымдылығы;
• Тест сұрақтарын дайындаудабірнеше
түрлі нұсқаларды қолдану мүмкіндігі
ерекшелігіне қарай түрлі қылып жасау
оқушыны жалықтырмайды, қызықтыра түседі.
Бұл бағдарламалар, яғни тестілеу
құрылғылары оқып үйрену нысаны ретінде,
сонымен бірге оқыту, тәрбиелеу, дамыту мен
оқытудың мазмұнын меңгеруді диагностикалау
құралы ретінде әрекет етеді. Бұл яғни, ақпараттық
технологияның екі бағытын айқындай түседі,
бірінші интерактивті тақта білім, білік, дағдыны
игеру үшін ресурс болып табылады, оқушылардың
сапалы білім алуына жағдай жасаса, екінші оқу
үрдісін ұйымдастырудағы тиімділікті арттыратын
қуатты құрал болып табылады.
«Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан
ойлауды дамыту» технологиясының элементтерін
ақпараттық технологияға кірістіру арқылы
оқушылар тыңдаушылардан белсенді, ізденуші,
ойланушы дәрежесіне дейін көтеріледі. Мұғалім –
осы әрекетті ұйымдастырушы, бағыттаушы. Ой салу
– ұстаз тарапынан, ойлану-шәкірт тарапынан,
ойланту-(ойлауы жетіспей жатқан оқушыға түрткі
жасап, ойлантуға, ізденіс жолына алып келу) ұстаз
тарапынан, бір шешімге келу – оқушы тарапынан
13


Page 14

жүзеге асады. Тарих сабағында оқушылардың
коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыруда СТО
технологиясының маңызы зор. Себебі оқушылар
әртүрлі ақпарат көздерімен сусындап өз түйінін айта
білуі керек. СТО технологиясының стратегияларын
пайдалана отырып, өткізген сабақтардың берер әсері
мол. Оқушылардың белсенділігі артып, келесі
сабақты асыға күтеді. Олардың тарихты оқуға деген
қызығушылығы мен қажеттілігі қалыптасады. 
Басқаша айтқанда оқу бар, бірақ сонымен
бірге оқуды үйрету де бар. Адамдар ойлауға
қабілетті және ойлау туралы ойлануға да қабілетті.
Кейінгі оқу үдерісінде мұндай ойлаудың
нәтижелерін саналы қолдану оқушыға:
• білім міндеті қоятын талаптарды
түсінуге;
• жеке ойлау үдерісін және олардың
жұмыс қағидаттарын зерттеуге;
• міндеттерді орындау стратегияларын
әзірлеуге және ойластыруға;
• нақты міндет үшін сәйкес келетін
стратегияларды таңдауға көмектеседі.
Осы төрт тармақты іске асыру үшін
оқушылардан оқуды үйрену талап етіледі.
Мұғалімдер өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес,
оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы
тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру
керек, соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар
қабылдамай, оқу үдерісіне белсенді қатысатын
14


Page 15

болады. Әңгімеге арқау болған бөлімнің негізгі
идеясы ақпарат беріледі дегенге саяды, бірақ білім
мен түсінік оқушы бойында қалыптасады, ал
мұғалім – бұл үдерісте көмек көрсететін жан.
Қазіргі таңда мектептердегі материалдық
базалардың жетіспеушілігінен тарихи карта
тапшылығы ақпараттық технология астарында
шешімін тауып жатыр, интернет желі арқылы
барлық тарихи кезеңге тән карталарды жүктеу
арқылы оқушыға жеткізуге болады. Оқушының
картамен жұмыс жасау дағдысын қалыптастырады.
Бұлда бір қол жеткізген технология жетістіктерінің
бірі деуге болады. Жүктелген карта арқылы оқушы
интерактивті тақтада қалам немесе маркер арқылы
жазу, белгілеу мүмкіндіктеріне қол жеткізе алады,
яғни контур картамен жұмысты интерактивті тақта
арқылы жүзеге асырады.
Тарихи танымдық ойындар-сабақ процесіндегі
ең бір нәтижелі жұмыс түрі. Олар көбінесе сабақта
білім толықтыру, дүние танымды кеңейту үшін
қолданылады.
Оқушылармен жұмыс жасау түрлері әртүрлі.
Мысалы: “төртінші артық” “математикалық
шкатулка”, “ералаш” т.б. оқушылардың ойын
жүйелеп, өткен материалды бекітуге негізделсе,
 тарихи викториналар оқушының ойға сақтау,
білімін тиянақтауға, ал сөзжұмбақтар,
криптограммалар, бас қатырғыштар немесе
15


Page 16

хроникалық тапсырмалар, терминдер мен аттарды,
даталарды еске сақтауға үйретеді.
Бұл методикалық әдістемені тек тарих
сабағында ғана емес сонымен қатар сабақтан тыс
шараларында да пайдалануға болады.
Сондықтан, бүгінгі өскелең ұрпақтың үлкен
өмірге білек сыбанып, белсене араласа алатын
қабілетін көріп, танып білу заман талабы.
Олай болса, оқушы бойына адамгершіліктің
асыл қасиеттерін сіңіру, оның болашағын, жеке
басын сыйлау біздің бірінші міндетіміз.
   Білім беру мен білім алудағы жаңа
тәсілдер
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер
«Диалог негізінде оқыту және оқу» және метасана
немесе «Қалай оқу керектігін үйретуді»
қарастырады.
Білім беру әдістері ішінде ерекше орын
алатыны — диалог. Диалог оқушылардың сөйлесу
әрекетін, сұрақты дұрыс қоя білуде, ақпарат
алмасуда, жалпы тіл үйренуде таптырмас жұмыс
түрі. Әр түрлі тақырыпта диалог құрғызу мынадай
нәтиже береді:
• сабақта белсенділік жоғарылайды;
• сөздерді есте сақтау қабілеті дамиды;
• д ұ р ы с с ө й л е м д е р қ ұ р а у ғ а
дағдыланады;
• оқуға қызығушылықтары артады.
16


Page 17

«Қалай оқу керектігін» үйретудің қозғаушы
күші метатану болып табылады. Метатану
индивид қалай ойлайтынын қадағалау, бағалау,
бақылау және өзгерту қабілетін түсінеміз. Білім
алуды үйрету өз бетімен оқуды ойластыру және
ойлау нәтижелерін сабақта қолдана алу үдерісі
болып табылады. Бұл үдерісте мұғалім оқушыға:
• білім міндеті қоятын талаптарды
түсінуге;
• жеке ойлау үрдісін және олардың
жұмыс қағидаттарын зерттеуге;
• міндеттерді орындау стратегияларын
әзірлеуге және ойластыруға:
• нақты міндет үшін сәйкес келетін
стратегияларды таңдауға көмектеседі.
   Сын тұрғысынан ойлауға үйрету,
Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не?
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан
ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол:
• шыңдалған ойлау, кез келген даму
деңгейіне байланысты мәселелерге сын
көзбен
қарау;
• күрделі мәселелерді шешуге, аса
маңызды, жауапты шешімге қабылдауға
құштарлық;
• үйрету мен үйрену бірлігінен,
үйренудің қызығушылығынан тұратын,
17


Page 18

үйренушінініңсеніміне негізделген
құрылым.
«Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту»
бағдарламасының әдістерін қолдану
төмендегідей нәтиже береді:
• білім алушының белсенділігін
арттыру;
• пәнге қызығушылығын ояту;
• өзіндік көзқарасын білдіруге
мүмкіндік беру;
• зерттеуге икемділігін дамыту;
• сөйлесім әрекеті белсенділігін
арттыру;
• білім алушылар бір-бірімен қарым-
қатынас жасай біледі;
• басқаларды тыңдауды, кез келген
жауапқа сыйластық, түсіністікпен қарауға
үйретеді.
Жалпы, сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар
белсенді болады, олар сұрақтар қойып дәлелдерді
талдайды.
Осы тұрғыда «ТАРИХ ҒАСЫРЛАР КУӘСІ»
атты интеллектуалды ойын өткізу тиімді.
❖ 1-кезең. «Шындықпа? Жалған ба?»
❖ 2-кезең. «Тарихи деректер»
❖ 3- кезең. «Тарихи оқиға»
❖ 4- кезең. «Тарихи шындық»
❖ 5- кезең. «Конверт сұрақ»
❖ 6- кезең. Ой толғау.
18


Page 19

Алдарыңда түрлі түсті қағаздар жатыр. Егер
қарама – қарсы топ берілген сұрақтың жауабын
дұрыс тапты десеңдер, жасыл түсті, жауабы толық
емес десеңдер сары түсті көтеріп, жауабын
дұрстауға болады. Жауабын дұрыстаған топқа бір
ұпай беріледі. Ал берген жауабы дұрыс емес
десеңдер қызыл түсті көтересіңдер. Жауабын
дұрыс тапқан топқа 2 ұпай беріледі.
1-кезең. «Шындық па? Жалған ба?».
Берілген сұрақтың жауабы дұрыс болса,
«шындық» деп жауабын дәлелдейді, ал сұрақтың
жауабы дұрыс болмаса «жалған» деп дұрыс
жауабын айтып, дәлелдейді.
ХІҮ-ХҮ ғғ Қазақстан жерін мекендейтін
қазақ тайпалары Орда Алтай тауынан Дунай
өзеніне дейінгі ұлан- ғайыр жерді алып жатты.
(Жалған. Ертістен Жайыққа, Алтайдан Каспий мен
Аралға дейінгі кең – байтақ жазық даланы
қамытған еді.)
1470 жылы Керей хан бастаған қол
Түркістанға, Жәнібек хан Созаққа шабуыл жасады.
(Шындық. Сауран түбінде қазақтардан жеңіліс
тапқан Шайбани хан Бұқарға қашып, Созақ пен
Сауран қазақ хандығының құрамына кірді.)
1582 ж маусым айында Тәуекел сұлтан
бастаған қазақ әскерлері Түркістан қаласының
түбінде болған шешуші шайқаста Баба сұлтанның
әскерін талқандап, Баба сұлтанды өлтіреді.
Тәуекел сұлтанның бұл ісіне ризашылық білдіріп
19


Page 20

Абдаллах хан Ходжент деген жерді сыйға тартты.
(Жалған. Самарқан өлкесіндегі Африкент
уәлаятын сыйға тартты.)
Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін оның
орнын басқан Қайып сұлтан хандықты әлсіретіп
алды. (Шындық. Кіші жүзді –Әбілқайыр, орта
жүзді – Сәмеке, Күшік (Қосмамбет), ұлы жүзді –
Жолбарыс басқарды.)
Орта жүздің де кейбір билеушілерінің өзін
қолдай бастағанын аңғарған Әбілқайыр солтүстік
аймақтарда көшіп жүрген рулар мен тайпаларға
өзінің ұлдарын билеуші етіп тағайындап, Тәуке
әулетінен шыққан сұлтандарды биліктен
ығыстырды. (Шындық. Осылайша, ХҮІІІ ғ 40-жж
басында Әбілқайыр бүкіл қазақ даласына аға хан
болуға лайықты дара тұлға ретінде көрінді.)
Абылай қытайлықтардың сеніміне кіру үшін
тіптен өзінің ұлы Әділді қытай билеушісіне аманат
етіп жіберді. (Шындық. Мұның өзі Қытайды
Түркістан мен Самарқанға жорық жасау ниетінен
бас тартқызды.)
Ресей үкіметі біріккен қазақ мемлекетінің
өркендеп дамуына құштарлық таныта қоймаса да
1778 ж 24 мамырында Абылайды Үш жүздің ханы
етіп бекітті. (Жалған. Орта жүзге бекітті.)
Тәуке хан билігінің бір бөлігін өз ұлына беру
арқылы өз ұлын мемлекеттік істерді шешуге, елді
басқаруға тартты. (Жалған. Билерге беру арқылы
20


Page 21

«Билер кеңе сінің» құрылт айын сәтті
ұйымдастырып отырды.)
Тәуке ханның алдына қойған мақсаты –
ыдырай бастаған хандықтағы саяси жағдайды
реттеуге күш салды.(Шындық. Хандық өкімет
билігінің беделін көтеріп, ақсүйектердің бөлініп,
оңашалануын тоқтату, халықты біріктіру үшін
көптеген іс – шараларды іске асырады.)
Абылайдың үш арманы:
1. Елдің жағдайын жақсарту арқылы беделін
көтеру;
2. Ұлдарын билікке тарту; 3. Жоңғарларды
жеңу. (Жалған. 1. Жоңғарлардың тұтқынында
емес, ұрыс алаңында өлу; 2. Үйленіп артында
ұрпақ қалдыру; 3. Қазақ елінің басын біріктіру.)
2-кезең. «Тарихи деректер».
Барлық топтарға ортақ сұрақтар беріледі.
Жауап беруге қиналса, көмек сұрай алады. Көмек
алған жағдайда бір ұпайлары кемиді.
1-сұрақ: Қазақтар, олар дүниежүзіндегі ең
күшті, саны көп халық деп атаған кім?
Көмек: Өзбек ұлысында үш халықтың өмір
сүргенін айтқан ХҮ ғ өмір сүрген тарихшы
Жауабы: Фазаллах ибн Рузбихан.
2-сұрақ: Қазақ хандығының алғашқы
құрылған кездегі алып жатқан жер Қозыбасы мен
шу аумағы болғандығын хабарлаған кім?
21


Page 22

Көмек: Қазақстан жайлы құнды деректер
қалдырған халқымыздың тұңғыш ғұлама, көрнекті
тарихшысы.
Жауабы: Мұхаммед Хайдар Дулати
3-сұрақ: «Жәнібек ханның ұлдарының
арасында аса белгілі болғаны Қасымхан еді. Ұзақ
уақыт бойы атасының ұлысына билік етті.
Аймағындағы ұлыстарды өзіне қаратты. Ол
туралы аңыздар әр жерде көп тараған, көпке мәлім
болған»,- деп жазған кім?
Көмек: Орта ғасырда 1530-1605 жж өмір
сүрген қазақтың ғұлама ғалымы.
Жауабы: Қадырғали Жалаири
4-сұрақ: Есімханның 1620 ж ойраттарды
жеңуіне өзінің үлесін қосқан және өз алдына
тәуелсіз хандық құрмақ болған Тұрсын ханның
бүлігін басуға көмек көрсеткен жырау кім?
Көмек: ХҮІ ғ соңғы ширегінде ХҮІІ ғ
алғашқы ширегінде өмір сүрген алшын руын
ертеден билеп келе жатқан атақты рубасыларының
әулетінен шыққан жырау.
Жауабы: Жиембет Бортоғашұлы
5-сұрақ: Есімханның ең жақын жорық
жырауы. Есім ханға «Еңсегей бойлы ер Есім» атты
жеті мың жолдық тарихи жыр арнаған жырау.
Көмек: Бұл жырауда Тұрсын ханның бүлігін
басуға қатысып:
«Ей, қатағанның хан Тұрсын
22


Page 23

Кім арамды ант ұрсын…» -деп оны
жазалауға Есім ханның келіп тұрғанын
хабарлайды.
Жауабы: Марғасқа жырау.
6-сұрақ: Ауыз әдебиетінде қазақ ханы
Жәнібекпен бірге болғандығы айтылады.
Жәнібекпен Керейдің Жетісуға ауған кезінде
халықпен ақылдасып, кеңес құрамғандығын
кінәлап,
«Жемде кеңес қылмадың,
Жемнен де елді көшірдің»-деп ханды
жазғырған кім?
Көмек: ХҮ ғ Қазақ хандығы құрылған кезде
Қотан ақын, Қазтуған Сүйіншіұлы есімдерімен
қатар оның есімі белгілі болды.
Жауабы: Асан қайғы.
3-кезең. «Тарихи оқиға».
Әр топқа әр түрлі оқиға беріледі. Сол
оқиғаны алгоритм бойынша анықтама құрайды.
(Яғни, уақыты, тарихи адамдар, себептері,
фактілері және оның салдары)
Орбұлақ шайқасы
Уақыты- 1643жылы
Тарихи адамдар – жоңғар ханы Батыр,
Жәңгірдің хан, Жалаңтөс батыр.
Себептері – Жоңғарлар қазақ жеріне баса
көктеп кіреді.
Фактілері – жоңғарлардың әскер саны – 50
мың, оған қарсы тұрған Жәнібек ханның әскер
23


Page 24

саны 600 адам. Алғашқы шайқаста жоңғарлар 10
мың әскерінен айрылады ал екінші соғыста көмек
келіп жоңғарларды толық жеңеді.
Салдары- Жоңғар әскерін ойсырата жеңіп,
қазақ жерін жоңғарлардан азат етеді.
Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама.
Уақыты- 1723 – 25Тарихи адамдар – Тәуке
хан, швед шебері Ренат, тарихшы Алексей Левшин
Себептері – 1723 жылдың көктемінде
жайлауға көшуге қамданған бейқам қазақ еліне
жоңғарлардың қалың қолы тұтқиылдан шабуыл
жасады
Фактілері – Тарихшы Алексей Левшиннің
жазуынша және қазақ жырауларының куәлігіне
қарағанда Жоңғария қалмақтары әрқайсысы 10
мың жауынгері бар 7 қолмен қазақтарды шапқан.
Салдары- Жоңғарлардың жойқын
шабуылының нәтижесінде қазақтар шайқас
даласында 100 мыңға жуық жауынгерлерінен
айырылды, ал қорғансыз халықтың шығыны одан
әлде қайда көп болды
Аңырақай шайқасы
Уақыты- 1729 ж., кей деректерде 1730 ж.
Тарихи адамдар – Әбілқайыр хан Жолбарыс
хан, Төле би, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ
Жәнібек, Қаракерей Қабанбай, Тама Есет, Шекті
Тайлақ Саурық батыр, Шапырашты Наурызбай
24


Page 25

Себептері – Жоңғар шабуылына тойтарыс
беру
Фактілері – Саяси және әскери бірлікке қол
жеткізген үш жүз жасақтары 1728 жылы бастап,
Балқаш пен Шу бойына қарай жылжып, ұрысқа
әзірлене бастады. Бұл кезде жоңғарлар қазақ жерін
тұтастай иелену ниетінде еді. Қазақтардың
әрекетін сезген олар да Шу мен Балқаштың
оңтүстігінде үлкен шеп құрды
Салдары- Бұл соғыста көптеген атақты
батырлар қаза тапты. Соққыдан есін жия алмай
қалған қалмақтар сусыз сортаң жерде шөлге
ұшырап, одан әрі соғыса алмай Аягөз, Шарға
қарай жөңкіле қашты.
Халқымыз үшін Аңырақай шайқасының
маңызы орыстардың Бородино даласындағы,
Еуропаның біріккен қолының Ватерлоо, КСРО
халықтарының Ұлы Отан соғысындағы
Сталинград түбіндегі жеңістерімен бірдей.
Бұланты шайқасы
Уақыты- 1727 ж.
Тарихи адамдар – Әбілқайыр хан
Себептері – Қазақ жасақтарының жоңғар
әскеріне қарсы шайқас.
Фактілері – Ордабасы жиынында біріккен
бүкіл қазақ қолының бас қолбасшылығына
Әбілқайыр хан сайланды. Бұл жоңғарларға қарсы
ұйымдасқан шабуылға шығуға мүмкіндік туғызды
25


Page 26

Салдары- Нәтижесінде Ұлытау өңіріне енуді
көздеген жоңғарлар 1726 ж. Шұбар теңіз
шайқасында қазақ жасақтарынан ойсырай жеңіліс
тапты. Мұның артынша Бұланты мен Білеуті
өзендері арасындағы кең жазықта шешуші ұрыс
болды. Ол тарихқа Бұланты шайқасы деген атпен
енді. Онда қазақ жасақтары жеңіске жетіп,
жоңғарларҰлытауға жеткізбей тоқтатылды. Сол
жеңістен кейін майдан кіндігі болған төбе
«Қалмаққырылған» атанды.
Шаңды жорық
Уақыты- 1771 ж
Тарихи адамдар – Абылай хан, Нұралы хан
Себептері – 1771 ж. Еділ қалмақтарының
(170 – 180 мың адам; 40 мыңдай әскері бар)
жоңғарға қазақ жері арқылы үдере көшуі еді.
Фактілері – Кіші жүздің ханы Нұралы
асығыс әскер жиып, Жем бойында қалмақтарға
алғашқы соққы береді. Балқашқа жақындаған
кезде Абылай бастаған қазақтың қалың қолы
қалмақтарды қоршауға алды
Салдары- Жоңғардан азат етілген
шығыстағы жерлерге қазақ ауылдарын апарып
түпкілікті қоныстандырды.
Қатаған қырғыны.
Уақыты- 1627 ж
Тарихи адамдар – Есім хан, Тұсын хан,
Марғасқа жырау
26


Page 27

Себептері – Тұрсын ханның Түркістанды
шабуы
Фактілері – «Ей, Қатағанның ханы Тұрсын,
Кім арамды ант ұрсын!
Жазықсыз елді еңіретіп,
Жер тәңірісіп жатырсың.
Хан емессің, қасқырсың,
Қара албасты басқырсың
Алтын тақта жатсаң да,
Ажалы кеткен пақырсың!
Еңсегей бойлы ер Есім,
Есігіңе келіп тұр:
Алғалы тұр жаныңды,
Шашқалы тұр қаныңды!»
Салдары- Есім хан бүлікші бауыры Тұрсын
ханның басын алды. Есім хан Тұрсын ханға ілесіп,
бейбіт елді ойрандауға белсене қатынасқан
Қатаған руын түгелдей өлім жазасына кеседі.
Шығыс Түркістандағы Қатаған руы жазаланудан
қашып, ұйғыр халқының арасына барып паналады.
Тұрсын ханның бұл бүлігі тарихта «Қатаған
қырғыны» деп аталды.
4- кезең. «Тарихи хронология». Әр топқа
Қазақ хандарының аттары жасырылып беріледі.
Сол аталған ханды тауып, берілген оқиғалардың
жылдарын сәйкестендіреді.
Сұрақ: Есім ханның немересі, Салқам
Жәңгірдің баласы қазақ халқының мықты тұғыры
биік бір орталыққа бағынған мемлекет болуына
27


Page 28

мол қажыр – қайратын жұмсаған хан кім? (Тәуке
хан)
5-кезең. «Конверт сұрақ»
Конвертте 4 сұрақтан берілген. сол
сұрақтарға топ болып ақылдасып жауап береді.
1-сұрақ: термин сөздерге қатысты
№1 конверт: 1. Ханталапай дегеніміз не?
(Қазақтың ханын сайлаған кезде хан болып
сайлайтын адамды ақ киізге отырғызып көтереді.
Би – сұлтандар ақ киіздің шетінен ұстап, жиналған
жұртты аралайды. Ханды үш рет көтеріп, халық
әрбір көтерген сайын «Хан» деп үш рет
айғайлайды. Содан кейін жиналған жұрт жапа –
тармағай жабылып, ханды көтерген киізді
«тәбәрік» етіп бөліп алады және мал – мүлкін де
талап алатын болған.)
№2: 1. «Қазақ» сөзінің мағынасы (Академик
В. В. Радлов «Қазақ» сөзінің мағынасы тәуелсіз,
ерікті адамдар деп жазады, А. А. Самойлович, Ш.
Құдайбердиев «қазақ» сөзінің мағынасы өз алдына
ел болып, еркін жүрген халық деп жазады, Ш. Ш.
Уалиханов «қазақ» өте қадірлі сөз, күшті, мықты,
шабытты дегенді білдіреді дейді.)
№3: 1. «Алаш» сөзінің шығуы («Алаш»
сөзі шамамен ІХ-Х ғғ аралығында алғаш рет
айтылады. Бұл сөз қазақ халқының ұраны болған.
Кейбір шежірелерде қазақ атауының орнына да
қолданылған. Аңызда Қотан байдың үш ұлы
28


Page 29

Алашаны хан көтеріп, Үйсіні – Ұлы жүз, Болаты –
Орта жүз, Алшыны – Кіші жүз болып еншілерін
алып бөлінеді. Бұларға барып қосылған қазақ
қауымы «Алаш мыңы» аталады. Содан ел аузында
«Атамыз Алаш, атымыз – қазақ, үш жүздің
ұрпағымыз» деген сөз қалады.)
№4: 1. «Ақсүйектер» және «қарасүйектер»
деген кімдер? (ХҮІ-ХҮІІ ғғ қазақ хандығы
халқының құрамы негізгі екі топтан тұрды. Олар
ақсүйектер мен қарасүйектер. Екі топтың
экономикалық жағынан ғана емес, саяси және
құқықтық жағынан да айырмашылықтары болды.
Сұлтандар деп аталатын Шыңғыс ұрпақтары мен
шығу тегі араб саналатын қожалар ақсүйектерге
жататын. Олар қоғамдағы ең ықпалды саяси күш
еді. Қазақ қоғамының қалған топтары мен
жіктерінің бәрі – әмірлер, бектер, билер, батырлар
қарасүйектерге жатты.)
№5: 1. «Билер кеңесі» дегенді қалай
түсіндіресіңдер? ( Хан даулы мәселелерді шешуде
билер сотының беделін арттырып, оларды кесімді
үкім шығаратын ерекше органға айналдырды.
Сонымен бірге «Билер кеңесі» бірте – бірте
жергілікті атқарушы өкіметке айналды. Үш
жүздің басын қосып Қазақ хандығын нығайтуда
«Билер кеңесінің» рөлі өте зор болды.)
№6: 1. «Жеті жарғыда» қарастырылған
мәселелер. (1. Жер дауы. 2. Үй іші мен бала
тәрбиелеу. 3. Ұрлық – қарлық, барымта. 4. Бір
29


Page 30

халық пен басқа ру арасындағы дау. 5. Ұлтын
жаудан қорғау. 6. Құн дауы. 7. Жер дауы.)
2- сұрақ: «Бұл кім?»
№1: 2. 1628 – 1652 жж елді билеген хан.
Және ол хан туралы не білесіңдер? (Бұл жылдары
Есім ханның баласы Жәңгір отырады. Оның
ғұмыры жоңғарларға қарсы күреспен өтті. Қазақ
халқы оны жоңғарларға қарсы күрестегі ғажайып
ерліктері үшін Салқам Жәңгір деп атады. Орбұлақ
шайқасы халқымыздың тарихындағы өшпес
жарқын беттердің бірі. Жәңгірдің жаужүректігі
мен тапқырлығы, көрегендігі қазақ халқының
мерейін үстем етті.)
№2: 2. 1613 – 1614 жж шамасында өзін хан
деп жариялаған кім? Бұл хан туралы не
айтасыңдар?(Тұрсын сұлтан – Жалым сұлтанның
ұлы. 1598 жылғы хан сайлауда Есімнің жолы үлкен
болғандықтан, Тұрсынның таққа таластан қисыны
болмады. Тұрсын сұлтан Өзбек хандығына қарсы
күресте қазақ әскерлерін бастап, әлденеше рет
үлкен жеңістерге жетеді, беделі артады. Көп
ұзамай Тұрсын сұлтан 1613 жылы өзін хан,
Ташкент қаласының билеушісі деп жариялайды.
Өз атынан ақша шығарады. Тұрсын хан Есім
ханмен екі рет бітімге келіп, екі рет серттен
тайған.
Өзін хан санаған Тұрсын қарауындағы
халықтың күш – қуатына әбден сенім артады.
30


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!