Материалдар / 1- сынып жаратылыстану. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

1- сынып жаратылыстану. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал 1 - ші сынып оқушыларына күнделікті сабақта қолдану үшін арналған тапсырмалар жинағы.Жаратылыстану пәні бойынша
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2018
3022
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Қалыптастырушы
бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
Астана, 2016
Дүниетану
1-сынып
«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ»
ДЕРБЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ


Page 2













Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы

Дүниетану

1-сынып


Page 3

2
Аталған тапсырмалар жинағы мұғалімге 1 -сынып білім алушыларына
«Дүниетану» пәні бойынша қалыптастырушы бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру
және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жинақ тапсырмалары оқу
бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар мұғалімнің ұқсас
тапсырмаларды құрастыруына, іріктеуіне, білім алушылардың оқу мақсаттарына
жету бойынша сындарлы (конструктивті) кері байланыс беруіне көмектесетін үлгілер
болып табылады.
Жинақта ұсынылатын сипаттама білім алушылардың қажеттіліктері мен
мүмкіндіктерін есепке ала отырып, тапсырмаларға өзгерістер мен толықтырулар
енгізуге, бейімдеуге мүмкіндік береді.
Жинақ бастауыш сынып мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау
бойынша өңірлік, мектеп үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға
арналған.
Жинақты дайындау барысында ресми интернет -сайттарынан алынған
қолжетімді ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне-аудиоматериалдар және т.б.)
қолданылды.



Қолданылған шартты белгілер:
* - бір тоқсанның барысында 2 ортақ тақырып қамтылатынын ескеріп, оқу
мақсаттарына қол жеткізу үшін берілетін тапсырмалар мазмұнына ортақ
тақырыптарды кіріктіру (мүмкіндігінше) ұсынылады.
** - бағдарламадағы оқу мақсаттарының бір бөлігі қолданылады.















Page 4

3
Мазмұны
1-тоқсан ......................................................................................................................... 5
Ортақ тақырып«Өзім туралы».................................................................................. 5
Ортақ тақырып «Менің мектебім» .......................................................................... 1 5
2-тоқсан ....................................................................................................................... 25
Ортақ тақырып «Менің отбасым және достарым» ............................................... 2 6
Ортақ тақырып «Бізді қоршаған орта» . ................................................................. 3 4
3-тоқсан ....................................................................................................................... 41
Ортақ тақырып «Саяхат» ....................................................................................... 4 2
Ортақ тақырып «Салт-
дәстүр және әдебиет» ...................................................... 5 1
4-тоқсан ....................................................................................................................... 59
Ортақ тақырып «Тағам және сусындар» ............................................................... 6 0
Ортақ тақырып «Дені саудың – жаны сау» . .......................................................... 7 0


Page 5

4


Page 6

5







1-тоқсан
Ортақ тақырып: Өзім туралы


Page 7

6
Бөлім Мен және қоғам
Бөлімше 1.2 «Мектеп және мектеп қоғамдастығы»

Оқу мақсаты: 1.1.2.6. Өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының
мүшесі ретінде сипаттау.
Ойлау дағдыларының
деңгейі:
Білу және түсіну
Қолдану
Бағалау критерийі: Білім алушы
Оқушыға тән ерекшеліктерді атайды.
Өзінің сынып ұжымына қатыстылығын а мысал
келтіреді.
1-тапсырма
Мектепке бару үшін сөмкеге қандай заттарды салу керек? Сызық арқылы қосыңыз.
Бұл заттар кімге және не үшін керек?
Сіз мектепке қалай дайындалдыңыз? Жұпта әңгімелеңіз.
Дескриптор: Білім алушы
- мектепке қажетті құралдарды анықтайды;
- мектеп құралдарының оқушыға қажеттілігін айтады;
- өзінің мектепке дайындығы туралы әңгімелейді.


Page 8

7
2-тапсырма
Суреттерге мұқият қараңыз. Балалардың өмірінде қандай өзгеріс болды?
Суреттерге сүйеніп, өзіңіздің мектепке барған күніңіз туралы әңгімелеңіз.
Сізді кім қарсы алды?
Сыныпта тағы кімдер бар?
Кімдермен достастыңыз?
Сыныптастарыңызбен бірге орындайтын әрекеттер туралы әңгімелеңіз.
Дескриптор: Білім алушы
- суреттер бойынша әңгіме құрайды;
- берілген сұрақтарға жауап береді;
- сыныптастарымен бірге орындайтын әрекеттерге мысал келтіре
отырып, ұжымға қатыстылығын сипаттайды.


Page 9

8
Бөлімше 1.2 «Мектеп және мектеп қоғамдастығы»
Оқу мақсаты: 1.1.1.5.Тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің
құрылымын, олардың қайдан келетінін анықтау.
Ойлау дағдыларының
деңгейі:
Білу және түсіну
Қолдану
Бағалау критерийі: Білім алушы
Тұтыну заттары туралы әңгімелейді.
Өзіне қажетті тұтыну заттарын анықтайды.
Тұтыну заттарының алыну көздерін атайды.
1-тапсырма
Суретке мұқият назар аударыңыз. Тұтыну заттарын атаңыз. Бос орынға өзіңізге
қажетті заттың суретін салыңыз. Арасынан ең қажеттісін таңдаңыз. Таңдап
алынған заттардың қайдан алынатыны туралы әңгімелеңіз.
Дескриптор: Білім алушы
- суретте бейнеленген тұтыну заттарын атайды;
- өзіне қажетті тұтыну затының суретін салады;
- тұтыну заттарының арасынан ең қажеттісін таңдайды;
- заттардың алыну көздері туралы ой бөліседі.
2-тапсырма
Ұн мен сүт қайдан алынатыны туралы жұпта талқылаңыз. Ұн мен сүттен қандай
тағамдар жасалады? Берілген суреттерде сәйкестендіріп сызыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
- ұн мен сүттің алыну көзін анықтайды;
- ұннан жасалатын тағамдарды анықтап сәйкестендіреді;
- сүттен жасалатын тағамдарды анықтап, суретте
белгілейді.


Page 10

9
Бөлімше 1.1 «Мен және менің отбасым»
Оқу мақсаты: 1.1.2.4. Күн тәртібін сақтау маңызын түсіндіру және күн
тәртібін құру.
Ойлау дағдыларының
деңгейі:
Білу және түсіну
Қолдану
Бағалау критерийі: Білім алушы
Күн тәртібін сақтаудың қажеттілігі туралы
әңгімелейді.
Өзінің күн тәртібін құрастырады.
1-тапсырма
Баланың күн тәртібінің ретін анықтап, цифрлармен жазып көрсетіңіз. Күн тәртібін
не үшін сақтау қажет? Жұпта талқылаңыз және түсіндіріңіз.
Дескриптор: Білім алушы
- суреттегі күн тәртібінің ретін анықтайды;
- күн тәртібін сақтау туралы ой бөліседі.


Page 11

10
2-тапсырма
Қима суреттерден оқушының күн тәртібін құрастырыңыз. Оны өз күн тәртібіңізбен
салыстырыңыз.
Күн тәртібін сақтау маңызды ма? Неліктен? Топта талқылаңыз.
Дескриптор: Білім алушы
- қима қағаздардан күн тәртібін дұрыс құрастырады;
- өз күн тәртібімен салыстыра әңгімелейді;
- күн тәртібін сақтаудың маңыздылығын түсіндіреді.


Page 12

11
Бөлімше 1.1 «Мен және менің отбасым»
Оқу мақсаты: 1.1.2.5.Тәулік бөліктері мен апта күндерінің
атауларын қолдану.
Ойлау дағдыларының
деңгейі:
Білу және түсіну
Қолдану
Бағалау критерийі: Білім алушы
Тәулік бөліктері мен апта күндерін атайды.
Тәулік бөліктері мен апта күндерін
ажыратады.
Сөйлеу барысында тәулік бөліктері мен апта
күндерінің атауларын пайдаланады.
1-тапсырма
Суреттерге мұқият қараңыз. Тәулік бөліктерінің атауын немесе оның бірінші әрпін
жазыңыз.
Жұптық жұмыс.
Тәуліктің әр бөлігінде немен айналысатыныңыз туралы әңгімелеңіз.
Дескриптор: Білім алушы
- тәулік бөліктерін анықтайды және атауын жазады;
- тәуліктің әр бөлігіндегі әрекеттері туралы әңгімелейді.
2-тапсырма
Бір аптада неше күн бар? Апта күндерінің ретін анықтап, цифрлармен жазыңыз.
Бос орынға соңғы күннің атауын жазыңыз.


Page 13

12
Дескриптор: Білім алушы
- бір аптадағы тәуліктің санын жазады;
- апта күндерінің ретін анықтайды және цифрмен жазады;
- аптаның соңғы күнін анықтап жазады.


Page 14

13
Бөлімше 1.1 «Мен және менің отбасым»
Оқу мақсаты: 1.1.1.3. Отбасы мүшелерінің арасындағы өзара
қамқорлықтың маңызын түсіндіріп, мысал
келтіру.
Ойлау дағдыларының
деңгейі:
Білу және түсіну
Қолдану
Бағалау критерийі: Білім алушы
Отбасы мүшелерін және олардың
арасындағы қарым-қатынасты
сипаттайды.
Қамқорлықтың маңыздылығын түсіндіретін
мысалдар келтіреді .
1-тапсырма
Суреттерге мұқият қараңыз. О тбасы мүшелерінің арасындағы қамқорлықты
бейнелейтін суреттерді белгілеңіз.
Қамқорлық жасау дегенді қалай түсінесіз? Жұпта талқылаңыз.
Дескриптор: Білім алушы
- отбасы мүшелерінің арасындағы қамқорлықты бейнелейтін
суреттерді көрсетеді;
- қамқорлық жасау туралы ой қорытады.


Page 15

14
2- тапсырма
Суреттерге мұқият қараңыз. Кімнің, кімге және қалай көмектесіп жатқаны туралы
әңгімелеңіз.
Өз отбасыңызда бір-біріңізге қалай көмектесесіздер? Мысал келтіріңіз.
Дескриптор: Білім алушы
- сурет бойынша ой бөліседі;
- өз отбасындағы қарым-қатынас туралы мысал келтіре отырып,
әңгімелейді.


Page 16

15
Ортақ тақырып «Менің мектебім»
Бөлімше 1.2 «Мектеп және мектеп қоғамдастығы»
Оқу мақсаты: 1.1.2.1.Мектептің адам өміріндегі маңыздылығын
түсіндіру.
Ойлау дағдыларының
деңгейі:
Білу және түсіну
Анализ
Бағалау критерийі: Білім алушы
Мектептің адам өміріндегі рөлін сипаттайды.
Мектептің адам өміріндегі маңыздылығы
туралы қорытынды жасайды.
Тапсырма
Суреттерге мұқият қараңыз. Олардың бір-бірімен қандай байланысы бар?
Жұпта талқылаңыз:
Оқушылар мектепке не үшін барады?
Өлең жолдарын тыңдап, ойыңызбен бөлісіңіз.
Мектебің мынау класың,
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың!
(М.Мақатаев)
Дескриптор: Білім алушы
- суреттердің байланысын анықтайды;
- мектептің рөлі туралы ойын айтады
- өлең жолдарына сүйеніп, ой бөліседі.


Page 17

16
Бөлімше 1.2 «Мектеп және мектеп қоғамдастығы»
Оқу мақсаты: 1.1.2.6.Өзін мектеп оқушысы және сынып
ұжымының мүшесі ретінде сипаттау.
Ойлау дағдыларының
деңгейі:
Білу және түсіну
Қолдану
Бағалау критерийі: Білім алушы
Оқушыға тән ерекшеліктерді атайды.
Өзінің сынып ұжымына қатыстылығын а
мысал келтіреді.
1-тапсырма
Оқушыға қажетті заттардың тұсына «+» белгісін қойыңыз. Оқушыға керекті тағы
бір заттың суретін салыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
- оқушыға қажетті заттарды анықтайды;
- оқушыға қажетті заттың суретін салады.


Page 18

17
2-тапсырма
Суреттерге мұқият қараңыз. Оқушылардың іс-әрекеттерін әңгімелеңіз.
Сіз сыныптастарыңызбен нені бірлесе орындайсыз? Мысал келтіре отырып,
әңгімелеңіз.
Дескриптор: Білім алушы
- сурет бойынша әңгімелейді;
- сыныптастарымен қарым-қатынасы туралы айтады.


Page 19

18
Бөлімше 1.2 «Мектеп және мектеп қоғамдастығы»
Оқу мақсаты: 1.1.4.3.Үйдегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.
Ойлау дағдыларының
деңгейі:
Білу және түсіну
Қолдану
Бағалау критерийі: Білім алушы
Үйдегі қауіпті заттар мен жағдайларды атайды.
Үйдегі қауіпсіздік ережелерін тұжырымдайды.
1-тапсырма
Үйдегі қауіпті заттардың суретін салыңыз. Оларды қалай қолдану керектігін
әңгімелеңіз.
Дескриптор: Білім алушы
- үйдегі қауіпті заттардың суретін салады;
- қауіпті заттарды қолдану барысында сақталатын
ережелерді айтады.
2-тапсырма
Жұптық жұмыс.
Мәтінді мұқият тыңдаңыздар. Дәрігер мен кейіпкердің арасындағы диалогті
рөлмен ойнап көрсетіңіздер.
Үйдегі қауіпсіздік ережесін құрастырыңыздар.
Дескриптор: Білім алушы
- ұсынылған жағдаятқа сәйкес диалог құрастырады;
- үйдегі қауіпсіздік ережесін құрастырады.
Марал қолын жарақаттап алды. Ол «Жедел жәрдем» қызметіне
хабарласты. Тұтқаны дәрігер көтерді...


Page 20

19
3-тапсырма
Берілген жағдаятқа қатысты дұрыс жауапты белгілеңіз.
Жұптық жұмыс.
Полиция қызметіне қоңырау шалу жағдаятын рөлмен ойнап көрсетіңіздер.
Дескриптор: Білім алушы
- дұрыс жауапты анықтайды;
- жағдаятқа сәйкес диалог құрастырады.


Page 21

20
Бөлімше 1.2 «Мектеп және мектеп қоғамдастығы»
Оқу мақсаты: 1.1.4.4. Жолда жүру тәртібін, жаяу жүргіншілердің
қозғалысын реттейтін жол белгілерінің мәнін түсіндіру.
Ойлау дағдыларының
деңгейі:
Білу және түсіну
Қолдану
Бағалау критерийі: Білім алушы
Жолда жүру тәртібін сипаттайды.
Жол белгілерін таниды және мағынасын
түсіндіреді.
1-тапсырма
Суреттегі белгілер нені білдіреді? Жол белгілері жоқ орындардан қалай өту керек?
Жұпта талқылаңыз.
Дескриптор: Білім алушы
- жол белгілерінің мағынасын сипаттайды;
- жол белгілері болмаған жағдайдағы ережелер туралы
ой бөліседі.
2-тапсырма
Суреттерге мұқият қараңыз. Суретке қатысты қандай жол ережелерін білесіз? Қай
суретте жол ережесі сақталмаған? Жауабыңызды түсіндіріңіз.
Дескриптор: Білім алушы
- суреттерге қатысты жол ережелерін айтады.
- жол ережесі сақталмаған суретті анықтайды.
- өз жауабын дәлелдейді.


Page 22

21
Бөлімше 1.2 «Мектеп және мектеп қоғамдастығы»
Оқу мақсаты: 1.1.2.2.Мектептегі функционалдық аймақтардың
орналасқан жерін анықтау.
Ойлау дағдыларының
деңгейі:
Білу және түсіну
Қолдану
Бағалау критерийі: Білім алушы
Мектептегі функционалдық аймақтарды атайды.
Функционалдық аймақтардың орнын анықтайды.
1-тапсырма
Суретке мұқият қараңыз. Сынып бөлмелері, кітапхана, асхана, дәрігердің бөлмесі,
спорт залы, көпшілік залы қай қабатта орналасқан?
Сіздің мектебіңізде бұл аймақтар қайда орналасқан? Сурет салыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
- сурет бойынша мектептегі арнайы аймақтарды атайды;
- өз мектебіндегі функционалдық аймақтардың орнын
анықтайды.


Page 23

22
2-тапсырма
Суреттерге мұқият қараңыз. Мектептегі бұл орындар қалай аталады? Сіздің
мектебіңізде бұл орындар қай жерде орналасқан?
Дескриптор: Білім алушы
- суретте бейнеленген мектептегі арнаулы орындарды атайды;
- арнаулы орындардың өз мектебіндегі орнын сипаттайды.
3-тапсырма
Суреттерге мұқият қараңыз. Бұл белгілер мектептегі қандай аймақтарды білдіреді?
Мектепте тағы қандай аймақтар жұмыс істейді? Оларды бейнелейтін белгінің
суретін салыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
- белгілер бойынша мектептегі арнаулы орындарды
атайды;
- бос орынға арнаулы аймақты бейнелейтін сурет
салады.


Page 24

23
Бөлімше 1.2 «Мектеп және мектеп қоғамдастығы»
Оқу мақсаты: 1.1.2.3. Мектептегі тәртіп ережелерін сақтау
маңыздылығын түсіндіру.
Ойлау
дағдыларының
деңгейі:
Білу және түсіну
Қолдану
Бағалау критерийі: Білім алушы
Мектептегі тәртіп ережелерін атайды.
Тәртіп ережелерін сақтау маңыздылығы туралы
әңгімелейді.
1-тапсырма
Суреттегі қай балалардың әрекетін дұрыс деп санайсыз? Белгілеңіз және
түсіндіріңіз. Мектептегі тәртіп туралы не айта аласыз?
Дескриптор: Білім алушы
- сурет бойынша жағымды/жағымсыз әрекеттерді ажыратады;
- мектеп ережесі туралы ой бөліседі.


Page 25

24
2-тапсырма
Суреттерге мұқият қараңыз. Оқушылардың әрекеттерін сипаттап айтыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
- суреттегі оқушылардың іс-әрекеттерін сипаттайды;
- сипатталған әрекеттерге қатысты көзқарасын білдіреді;
3-тапсырма
Қожа бірінші сабаққа кешігіп қалды. Ол не істерін білмей ойланып отыр. Қожаға
қандай кеңес берер едіңіз? Жұпта талқылаңыз.
Дескриптор: Білім алушы
- кейіпкердің іс-әрекетіне қатысты ой бөліседі;
- кейіпкерге мектеп ережесін негізге ала отырып, кеңес береді.


Page 26

25
2-тоқсан


Page 27

26
Ортақ тақырып «Менің отбасым және достарым»
Бөлімше 1.2 «Мектеп және мектеп қоғамдастығы»
Оқу мақсаты: 1.1.2.3. Мектептегі тәртіп ережелерін сақтау
маңыздылығын түсіндіру.
Ойлау дағдыларының
деңгейі:
Білу және түсіну
Қолдану
Бағалау критерийі: Білім алушы
Мектептегі тәртіп ережелерін атайды.
Тәртіп ережелерін сақтау маңыздылығы туралы
әңгімелейді.
1-тапсырма
Суреттерге мұқият қараңыз. Оқушылардың әрекеттері туралы не айтасыз?
Мектепте тәртіп ережесін неліктен сақтау қажет? Жұпта талқылаңыз.
Дескриптор: Білім алушы
- суреттегі балалардың әрекеттерін сипаттайды;
- мектептегі тәртіп ережесінің маңыздылығын түсіндіреді.
2-тапсырма
Суреттерге мұқият қараңыз. Сурет бойынша мектепке қатысты тәртіп ережелерін
құрастырып айтыңыз. Мектепте тәртіп ережесі болмаса қандай жағдай болар еді?
Жұпта ой бөлісіңіз.
Дескриптор: - Білім алушы
- мектептегі тәртіп ережесін құрастырып айтады;
- мектептегі тәртіп сақтаудың маңыздылығын сипаттайды;
- мектептегі тәртіп ережесін сақтаумаудың салдарын
әңгімелейді.


Page 28

27
Бөлімше 1.1 «Мен және менің отбасым»
Оқу мақсаты: 1.1.1.1. Түрлі дереккөздерді зерттей отырып, «отбасы»
ұғымын түсіну және мәнін түсіндіру.
Ойлау дағдыларының
деңгейі:
Білу және түсіну
Қолдану
Бағалау критерийі: Білім алушы
Дереккөздер негізінде «отбасы» ұғымын
сипаттайды .
«Отбасы» ұғымының мағынасын анықтайды.
1-тапсырма
Өлеңді мұқият тыңдаңыз.
Отбасы – ол ата-ана,
Отбасы – ол балалар.
Отбасы – ол туыстар,
Отбасы үлкен шаңырақ.
Өлеңге қатысты суретті тауып, белгілеңіз. «Отбасы» дегенді қалай түсінесіз? Жұпта
ой бөлісіңіз.
Дескриптор: Білім алушы
- өлеңге сәйкес келетін суреттің нөмірін көрсетеді;
- дереккөздерге сүйеніп «отбасы» ұғымын сипаттайды.


Page 29

28
2-тапсырма
Берілген сұрақтардың дұрыс жауабын анықтаңыз және белгілеңіз.
1)Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?
А) жиен, нағашы, құда
В) әке, ана, бауыр
С) дос, аға, әпке
D) көрші, ата, әже
2)«Отағасы» деп кімді атайды?
А) анасын
В) әкесін
С) ағасын
D) інісін
3)Отбасының ең үлкен байлығы:
А) бала
В) ақша
С) үй
D) машина
Дескриптор: Білім алушы
- сұрақтардың жауаптарын дұрыс анықтайды.


Page 30

29
Бөлімше 1.1 «Мен және менің отбасым»
Оқу мақсаты: 1.1.1.2. Отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің
туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтау.
Ойлау дағдыларының
деңгейі:
Білу және түсіну
Қолдану
Бағалау критерийі: Білім алушы
Отбасы мүшелеріне қа тысты туыстық
атауларды ажыратады.
Туыстық қатынастарда өз орнын анықтайды.
1-тапсырма
Сұрақтарға жауап жазыңыз.
1.Әкеңіздің анасы сізге кім болады? ________________________
2.Әкеңіздің әкесі ше? ________________________
3.Өзіңізден үлкен бауырыңызды қалай атайсыз?______________
Дескриптор: Білім алушы
- сұраққа қатысты туыстық атауларды (әже) дұрыс жазады.
- сұраққа қатысты туыстық атауларды (ата) дұрыс жазады.
- сұраққа қатысты туыстық атауларды (аға,әпке) дұрыс
жазады.
2-тапсырма
Сызбаны өзіңізге қатысты отбасы мүшелерінің атауларымен толықтырып жазыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
- туыстық атауларды дұрыс жазады (ата);
- туыстық атауларды дұрыс жазады (нағашы әже);
- туыстық қатынастарда өз орнын анықтап жазады (немере);


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!