Материалдар / 1 (I) - топ элементтері және олардың қосылыстары. №6 көрсетілім «Натрийдің сумен әрекеттесуі» (27-сабақ)
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

1 (I) - топ элементтері және олардың қосылыстары. №6 көрсетілім «Натрийдің сумен әрекеттесуі» (27-сабақ)

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сынып химия пәні бойынша натрий тақырыбына ашық сабақ.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Сәуір 2024
47
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөлім:

9.2С 1 (I), 2 (II) және 13 (III) топ элементтері және олардың қосылыстары

Педагогтің аты-жөні:

Алимкулова Ж

Күні:

13.12.22

Сыныбы:

9 сынып

Қатысушылар саны

3

Қатыспағандар саны

0

Сабақтың тақырыбы:

1 (I) - топ элементтері және олардың қосылыстары.

6 көрсетілім «Натрийдің сумен әрекеттесуі»

(27-сабақ)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.2.1.1 -атом құрылысы негізінде сілтілік металдардың жалпы қасиеттерін түсіндіру

9.2.1.2-сілтілік металдардың оксидтері мен гидроксидтерінің негіздік қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру

Сабақтың мақсаты:

ХЭПЖ сілтілік металдардың орналасуын және олардың физикалық және химиялық қасиеттерін біледі;

Металдар мен бейметалдардың салыстыра алады;

-элементтердің электрондық құрылысын және периодтық кестедегі орналасуы арасындағы байланысты түсіндіреді.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.

3. Оқушыларды топтарға біріктіру.


Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу.

«Додэдекор металдар» арқылы металдарды қайталау.

Натрий ертегісі: Менделеев қалашығында сілтілік металдар деп аталатын микро аудан бар. Бұл ауданның бұлай аталуының өзіндік сыры бар. Сумен қосылысып, барлығы дерлік сілті түзеді, сондықтан осылай аталған. Бұл микроауданның үйлері қызылмен боялған, басқаларынан ерекшеленіп тұруы үшін. Осы микроауданда 3 көшенің 11 пәтерінде натрий тұрады. Бұл үйді ол Менделлев атамыздың қолынан алған. Өзінің қасиеті алуан түрлі, барлық жұрт осы натрийден хабардар Ешқашан жалғыз жүрмейді, мүмкін өзінің шатақ мінезінен қорқатын болар, сондықтан қасына үнемі біреу еріп, қосылып жүреді. Мінезіде қызық, өзі металдардың ішіндегі ең жұмсағы, дегенмен өзі жарықты ұнатпайды, қараңғы бөлмеде жатқанды ұнатады. Өзі өте белсенді, жұртпен тез тіл табысады. Қолындағысын жұртқа беруге даяр, ешқашан біреуден бірдеңе алған емес. Жалғыз электронын біреуге қажет болса, қиналмастан бере салады. Өзі суда жақсы жүзеді, ауаға сутекті бөліп, суды да сілтіге айналдырады. 8 пәтерді тұратын оттекті көрсе, жана түседі, сары жалынға айналады

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Слайд

1-15



Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Жаттығу жасайды.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау және мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

« Кім шапшаң?»

Мақсаты: оқушылардың шапшаңдығын жетілдіру. Тақырып бойынша өз ойларын ортаға салу.

Сабақтың тақырыбына шығу үшін бейнебаян көрсету. Бейнебаянға қатысты сұрақтар.« Көбелектер» әдісі. Сұрақтар көбелектің ішінде жасырылған.

1.Не себепті берілген топ элементтері сілтілік металдар деп аталады?

2.Жоғарыдан төменге қарай топ белсенділігі қалай өзгереді?

3. Қандай топшада орналасқан?

4. Сумен әрекеттескен кездегі реакция белгілері қандай?

5. Валенттіліктері нешеге тең?

6.Ең жеңіл сілтілік металл?

7. Сілтілік металл деп аталуы неліктен?

8. Сілтілік металдар қай топта орналасқан

«Кім шапшаң?» оқушылаға бірнеше асық беріледі соның ішіндегі сілтілік металдарды тауып қапшыққа салу керек.



Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Сұрақ картасы. « көбелектер»

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

15 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Сабақтың тақырыбы, мақсаты және жетістік крийтерийлерімен таныстыру.

Оқушылармен атом құрылысы негізінде сілтілік металдардың жалпы қасиеттерін талқылау.( оқулықпен жұмыс)

D) Бейнебаян бойынша барлық сілтілік металдарды керосин ерітіндісінің астында сақталатындығына назарларын аудару. Әрбір металдың бөлігін кесіп алып, оқушылардан оның қандай жұмсақ екенін және әрбір металдың ауада қалай шапшаң қараятынын көрсетілімді көруді сұраңыз.

Дескриптор:

Оқулықтағы тақрыпты оқып химиялық реакцияны дәптерге жазады. 2б

Тәжірибеден көргенін : суда натрийдің әректтескенін көріп байқайды-2б.

ДК экраны

9-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Топтық жұмыс «жалғасын тап» 6 мин


Жалғасын тап топтық жұмысында тапсырманы орындатад, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

6 көрсетілім "Натрийдің сумен әрекеттесуі"

(*немесе бейнебаян көрсету)

Натрий металының сумен реакциясын демонстрация арқылы жүргізу: реакцияның сілтілік ерітінді түзетіне назар аударту. Содан оқушылар төмендегі кестені дәптерлеріне салып, толтырады.

Сілтілік металл + H2O → Сілті + H2


Дескриптор:

Жалпы -3 балл

-бейне баяндағы көргенін зертханалық дәптерге жазады.

-реакция теңдеуін жазады.

Презентация

Жеке жұмыс

5 мин



Лернинг апп платформасы арқылы жұбын табу. https://learningapps.org/watch?v=pzwm9y2s523

The Hat әдісі арқылы оқушылардан арқан тартыс ойынын ойнау

«Иә және дұрыс.»

1.1807 ж ағылшын химигі Дэви алды. (иә)

2.І-топтың қосымша  топшасында. (жоқ)

3.Сілтілік металл. (иә)

4.Тотығу дәрежесі (+1) .(иә)

5.Электрондық   формуласы: 1S.  2S.  2P.   3S. (жоқ)

6.Ас тұзының минералын галит деп атайды. (иә)

7.Натрий қан плазмасында кездеседі.(иә)

8.Натрий қатты металл. (жоқ)

9.Электр тогын өткізеді. (иә)

10.Су бетінде жүреді. (иә)

Орындау уақыты 15 мин

Домбыра әдісі арқылы өзін өзі бағалау 10 балдық

Дескриптор Сілтілік металдармен (әсіресе натрий) жұмыс жасау өте қауіпті.

Демонстрацияны қорғаныс көзілдірігінде өте абайлап өткізу керек. 2-балл


Жалпы–3 балл

-берілген сұрақтарды жұбын тауып сәйкестендіреді

«Домбыра» - әдісі


ДК экраны

9-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері

https://learningapps.org/watch?v=pzwm9y2s523

The Hat

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

« Баспалдақ»

7 мин.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.


Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.






Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!