Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
1 және 0 сандарына байланысты көбейту және бөлу
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ә. Бөкейхановтың туғанына 150 жыл.
Сабақтың тақырыбы: Ұлттың ұлы тұлғасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Алаш арысы Әлихан Бөкейханов ірі қоғам қайраткері,бүкіл саналы ғұмырын туған халқының бостандығы жолындағы күреске арнағаны туралы мәлімет беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылық ізденісін қалыптастыру. Бағыт-бағдар бере отырып, өздіктерімен жұмыс істеуге,ой-өрістерін дамытуға,қорытынды жасай беруге үйрету.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды еліне қорған,халқына қалқан болған тарих тұлғаларынан үлгі –өнеге алуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ізденіс сабақ. топпен жұмыс,өзін-өзі басқару.
Сабақтың көрнекілігі: Ә.Бөкейхановтың суреті,слайдтар
Пәнаралық байланыс: Әдебиет
Эпиграф: «Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін, Қазақстан деп аталатын республиканың жер бетінде барлығы үшін тарихтың әр тұсында осы елді,осы жерді қорғаған қайсар жандардың аруағының алдында қашан да қарыздармыз!
Н. Назарбаев.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Ой-қозғау.
Биыл, Алаштың Әлиханы-ХХ ғасыр басындағы ұлт-азаттық «Алаш» қозғалысының саяси серкесі, энциклопедист-ғалым әрі көрнекті журналист Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толып отыр. Елі үшін құрбандыққа жанын берген тұлға Әлихан Бөкейханов «мен осындай екенмін-ау» деп әсте шалқақтамаған. Қайта ел ішінде бетегеден биік, жусаннан аласа өмір кешкен, батыс пен шығыс, еуропа мен азиялық ілім-білімді толық меңгерген, қалың тұман, қараңғы түн арасында алда бақ жұлдызы туатынына сеніп өткен. «Алаш» қозғалысының жетекшісі, публицист,ғалым және аудармашы Ә. Бөкейхановтың мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланбақ. Ал, біз ол туралы не білеміз?
1 топ: Өмір жолы,ғылыми қызметі
«Алаш»-сөзі ертедегі түрік сөзі, «бауырлас, қандас, туыс» деген мағынаны береді.
Ұлттың азаттығы мен бостандығы үшін күрескен азаматтар «алаш»ұғымын қайта жаңғыртты. Олар «алаш» түсінігін бостандық пен бірліктің ұраны ретінде қабылдады.
Ә. Бөкейханов 1866жылы 5 наурызда бұрынғы Семей обылысының Қарқаралы уезі тоқырауын болысының 7 ауылы Қызыларайда дүниеге келген. 1937 жылы 27 қыркүйекте «халық жауы »деген жаламен Мәскеуде атылған. Әлиханның әкесі –Нұрмұхамед елге ықпалы зор, сыйлы қадірлі кісі болған. Елі оны Мұқан төре деп атаған.Шыңғыс ханның 17 –ші ұрпағы. Көкжал Барақ сұлтанның немесе, Смахан төренің естелігінде жазылғандай, қырық сан Барақ ханнан Бөкей хан, одан Батыр, одан Мырзатай, одан Нұрмұхамед туады.Смахан төренің жазуынша , «шешесі Бекжан- Бежекем дейді. Шешесі –тобықты, Мамай батырдан Жолбарыс , одан Дулат, одан Бекжан..»Елі оны қастерлеп «Бегім ханым »деп атайды екен. Анасы жағынан Әлихан ұлы Абаймен жақын туыс болып келеді. Ә. Бөкейханов Орта жүз ханы Бөкейдің ұрпағы.Ата тегі: Бөкей-Батыр-Мырзатай-Нұрмұхамед-Әлихан. Алдымен молдадан дәріс алады.1879-86жылдары Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқыды.1886-90жылдары Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны техник мамандығы бойынша бітіріп шығады. 1890-94 жылдары Сант-Петербургтегі Орман институтының экономике факультетінде оқыды.Туған халқының қамын ойлап, елдегі барлық қоғамдық –саяси оқиғаларға белсене араласады.Ірі қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшісі Ә. Бөкейханов бүкіл саналы ғұмырын туған халқының бостандығы жолындағы күреске арнады.
Ғылыми қызметі. Омбыға келгеннен кейін Әлихан Бөкейханов жергілікті орман мектебіне мұғалім болып орналасады. Бірте-бірте қоғамдық жұмыстарға да араласа бастайды.
Сонымен қатар Әлихан Бөкейхан туған халқының тұрмыс-салт дәстүрін, мәдениетін зерттейді. Қазақтың халқы ауыз әдебиеті мұраларын теріп, жинап, тарих, этнография, әдебиеттану ғылымдарына байланысты зерттеу еңбектерін жазады.
Бөкейхан инженер, тарихшы, экономист, әрі фольклоршы болды.Ол қазақтың эпосы мен фольклорын ғылыми тұрғыдан зерттеген тұңғыш ғалым еді.
Сонымен қатар, ол қазақтың жылқы шаруашылығын, жайлауға айдалатын табындарды өзі қарастырған төрт үйездегі байырғы тарихи аудандардың ерекшеліктеріне қарай зерттеп, жеке-жеке очерктер жазады.
II топ.
Әлихан – әдебиетші. Әлихан Бөкейханов халқының рухани байлығы – әдебиетіне де көп назар аударған ғалым. Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинау, оларды өңдеп бастыру, әдеби аударма – Әлекеңнің сонау бастан сүйсіне атқарған істерінің бірі.
Әлихан Нұрмағанбетұлы Бөкейханов орыс әдебиетінің өкілдері- ақын жазушыларының шығармаларымен жақсы таныс болған.
Бүгінгі күні Әлихан Бөкейханның әр түрлі мерзімді басылымдардан жарық көрген үлкенді-кішілі 10-нан аса зерттеулері табылып отыр. Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман – мамыр» дастанын, ғасыр басында Шахсұлтан Тұяқбаевтың құрастыруымен шыққан «Қара қыпшақ Қобыланды батыр жырының тағы бір нұсқасын, Ә. Диваевтың жинағынан «Мырза Едіге» жырын қарастырған сыни еңбектері мен «Қазақ» газетінің беттерінен әр жылдары басылған «Роман бәйгесі» және тағы басқа мақалаларын айтуға болады.
Әлихан Бөкейхан қазақ әдебиетіне сіңірген еңбегінің ең елеулісі – Абай туралы жазғандары. Қазақ әдебиетіндегі Абайтану ғылымының ізін салған, Абай Құнанбайұлының шығармашылығын алғыш зерттеген.Әлихан Бөкейхан Абайдың өлеңдерімен қара сөздерінің тұңғыш жинағын өзі редакциялап, жинақтың 1909 жылы Ресей астанасы –Санкт –Петербургтан басылып шығуына көп көмек көрсетеді.
III топ.
Аудармашылық еңбегі.
Бөкейхановтың кейінгі ұрпаққа қалдырған әдеби мұрасының ең көлемдісі-көркем аударма.
Аудармаларының ішінде орыстың классик жазшылары Л.Н.Толсой, А.П. Чехов, В.Г. Короленко, Д.М. Мамин-Сибиряк, шығармаларымен қатар , кейбір Батыс Еуропаның қаламгерлері, мысалы Ги де Мопассон әңгімелері, үнді , түркі тектес Қырым халықтарының әдебиеті және Антика әдебиетінің туындылары ұшырасады.
Ә. Бөкейханов көркем аудармаларының басым көпшілігін 20-30 жылдар аралығында , яғни 1922 жылдан 1927 жылға дейін КСРО Халықтарының Орталық баспасындағы Қазақ секциясының әдеби қызметкері болып қызмет етіп жүрген кезінде аударғаны байқалады. Л.Н.Толстойдың «Қажымұраты» 1923 жылы аударылып, келесі жылы басылған. «Кавказ тұтқыны», «Жеті қарақшы», «Жұмыртқадай бидай» (Л.Н.Толстой) – 1925 жылы; «Жетпіс жеті мысал» (Л.Н.Толстой) – 1925; «Жердің қысқаша тарихы», «Дүниенің құрылысы» - 1926 жылы; В.Г.Короленконың «Баймақан», «Өзі» әңгімелері – 1927 жылы жарық көрген, Ги де Мопассанның «Жарасын алдырған анасы», «Симонның әкесі» мен «Ақсақ кемпірі»; А.П.Чеховтың «Хамелеоны»; В.Г.Короленконың «Оты», Д.М.Мамин – Сибиряктың «Қара ханымы»; КФламмарионның «Қанды жауыны», Н.Маркстің «Қырым сөздері» жинағы сияқты шағын әңгімелерінің аудармалары төңкеріске дейінгі «Дала уалаяты», «Қазақ» газеттерінен бастап Кеңес дәуіріндегі «Темірқазық», «Жаңа мектеп», «Кедей туы», «Әйел теңдігі», «Еңбекші қазақ», «Ақжол», «Жас қайрат», «Жас қазақ» тағы басқа көптеген мерзімді басылым беттерінде жарияланып тұрған.
Әлихан Бөкейхановтың 250-ден аса мақалалары, ғылыми зерттеулері, аудармалары жарық көді.
IY топ.
Саяси қайраткер. Ә.Бөкейханов белсенділерінің арасында шағын тобын ұйымдастырды. Мемлекеттік Думаны күштеп таратқан патша үкіметіне наразылық білдіру мақсатымен жазылған «Выборг үндеуіне » 180депутатпен бірге Ә.Бөкейханов да өз қолын қояды.Сол үшін жазаға тартылды. Түрмеден босатылға соң, 1908 жылы Омбыдан жер аударылып, Самара қаласына қоныс аударуға мәжбүр болды.1908-1915 жылдар аралығында алуан түрлі жұмыстар мен қатар, саяси күресін тоқтатпайды. Екі жылдың ішінде Кадет партиясының Орталық комитеті мүшелігіне қабылдайды. Әлихан Бөкейханның 1917 жылы Батыс Қазақстанға Уақытша үкіметтің комиссары болып тағайындалуына да Кадет партиясының ұйғарымы емес, масондардың «Жоғарғы кеңесінің» тапсырмасы деп түсінген жөн.
1914 жылы Семей қазақтары самараға жер адарылған Ә.Бөкейханды Мәскеуде шақырылған « Мұсылман съезіне» өкіл етіп сайлап жібереді.
1916 жылы Әлихан Бөкейхан Самарадан жер аударе мерзімі бітіп, Орынборға келеді. Ол оралған бетте Алашорда партиясын ұйымдастыруға кірісіп кетеді. 1917 жылы бүкіл қазақтардың құрылтайында қазақ автономиялы республикасының төрағасы болып сайланады. Бұл -қазақ тарихында алтын әріппен жазылатын сіт еді.
1927 жылы Әлиханның белсенді қызмет атқарған соңғы жылы. 1927 жылдың 1 қазанынан 1937 жалдаң тамызына дейін пәтерінде қамауда болады. Әлекеңнің қолында қазақтың Хандық дәуірінің көрінісі- үш жүздің ханы, сұлтан, билерінің хат-қағаздары, құжаттары, қысқасы-баға жетпес тарихи мәліметтер, оған қоса өзі бүкіл өмірін сарп етіп зерттеген қазақтың жер-суы, тарихы, мәдениеті туралы еңбектері болса керек еді. 1937 жылдың тамызында тұтқындалып, Бутырка түрмесіне жабылған кезінде, Әлекеңнің осы бай мұрасы кәмпескеленіп, із –түзсіз жоғалады. Ал 1937 жылдың 27 қыркүйегінде КСРО Жоғарғы Сотының Әскери Коллегиясы «Возглавлял контрреволюционную борьбу против Советской власти, ... установил связи с руководителями террористического центра в Казахстане и в Москве »деген жалған айыппен қазақтың ұлт-азаттық қозғалысының негізін салған аса көрнекті , ғұлама ғалым-орманшы, тарихшы, экономист, этнограф,әдебиеттанушы әрі дарынды журналисі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхандыелінен тыс жерде-Мәскеуде ату жазасына кесті.Ғажайып өмір , бәз өзі бір тарихадамныңтағдыры осылай шешілді, осылай кесілді.Өзінің замандасы С.Торайғырұлының
Заманда басқан аяқ кейін кеткен,
Жасымдай алашына қызмет еткен,
Болса да қалың тұман, қараңғы түн,
Туатын бақ жұлдызына көзі жеткен
Түймеге жарқылдаған алданбаған,
Басқадай бір басы үшін жалданбаған.
«Қайткенде Алаш көркейер» деген ойдан
Басқа ойды өмірінде малданбаған.
Өкінішке орай Ә.Н. Бөкейхановты ақтау туралы құжат 52 жылға кешікті. Тек, 1989жылдың
14 мамырында ғана КСРО Жоғары Сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан ұлы қайраткер , кемеңгер қазақ, асыл Азамат, алты Алаштың Әлиханы ақталды. Ал екі жылдан соң Ә. Бөкейхановтың жұрты да Азаттық алды, Тәуелсіз ел болды.