Материалдар / 1-маусым балаларды қорғау күні!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

1-маусым балаларды қорғау күні!

Материал туралы қысқаша түсінік
1-маусым балаларды қорғау күні
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Ақпан 2023
164
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1 маусым-Балаларды қорғау күні!

Мақсаты: балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіре айтуды үйрету. Бір - бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, түрлі - түсті шарлар,

слайд «Бала деген бір бақыт»

Өтілу барысы: әдеби – музыкалық монтаж


Жүргізуші: Армысыңдар балалар, бармысыңдар,

Жаз да келді, жайнаған гүлді шыңдар

Алдыменен алайық амандасып,

Армысыңдар бәрің де, армысыңдар.

1 - Маусым 1950 жылдан бастап Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді. Бүгін біз осы мерекені атап өтпекшіміз. Аталған мерекемен бізді құттықтай келген қонақтарымызбен таныстырып өтейін

Құттықтау сөз кезегін, бөбекжайымыздың директоры: Абдырахманова Ұлболсын Жұмабаевнаға береміз. Ал келесі кезекті бөбекжайымыздың әдіскері: Қартабаева Қаракөз Жоламановнаға береміз.


Жүргізуші: Баршамызды бала тілмен баурайтын,

Бала деген бір бақыт қой самғайтын

Ата - ананың арманы мен тілегін,

Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын

Сүйкімді періштелер сендерсің

Қандай бейне өздеріңе тең келсін!

Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,

Ең алдымен балалықты меңгерсін.

Ән: Топ-топ балақан

Сайқымазақтардың келуі

Бұл не мереке? Нені тойлап жатырсыңдар? Бізге неге айтпадыңдар, а? Бізсіз ешқандай мереке болмайды?


Жүргізуші: Тоқта, тоқта, сендер кімсіңдер өзі біздің мерекені бұзатын? Бүгін үлкен мереке, біз оны тойлаймыз, ешкім кедергі бола алмайды! Бізбен бірге тойлаймыз десеңдер, онда тәртіп сақта!

Балалар, сайқымазақты қалдырамыз ба?

-Қалдырамыз.


Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар.

Көркейтер күніңді ертеңгі,

Үйренген өнерін көрсетсін

Бүлдіршін балалар белсенді.

Ендігі кезекті бүлдіршіндерге берейік.


Алинұр:

Бала, бала, баламыз

Бақшамызға барамыз

Күні – бойы қызыққа

Батамыз да қаламыз.

Айару:

Мен гүлдерді жұлмаймын

Торғайларды қумаймын

Айтқан сөзді тыңдаймын

Апашымды сыйлаймын

Ұлдана:

Көжегім тұршы

Бетіңді жушы,

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы.

Ақнұр:

Біздерде бар қуыршақ

Бұзау, қозы, құлыншақ

Ойыншықтар тыңдайды

Емес олар ұрыншақ


Нұрасыл:

Алма сыйлап бөбекке

Алма ағаштар сарғайған

Төгілген тер шелектеп

Көрінеді маңдайдан.


Жүргізуші: Иә, рас, бала болған бәрі де,

Салған олар балалықтың әнін де.

Бала кезін еске алып отырсақ,

Сол емес пе тіршіліктің мәні де! - дей отырып, сайқымазақтардың бізге ала келген ойынын ойнайық.


Ойын: «Кім жылдам». Шарты: Балалар екіге бөлініп, гүлдерді бір-бірлеп тез жинау керек. Қай топ көп жинаса сол жеңімпаз.


Жүргізуші: Көк жиектен күлімдеп,

Маусымның таңы атты

Тұра қойшы күнім – деп,

Анаң сені оятты –

Даналардың тілегі,

Балалардың тілегі

Ауырмасын ешқашан

Аналардың жүрегі

Жүргізуші: Ендігі кезекті тақпақтарға береміз!

Нұрәлі:

Балалар бақшасында бүгін той!

Балаларды қорғау күні біліп қой

Алақай-ау,алақай

Той тойлайық,балақай

Қызырғанша алақан

Кел,соғайық балақай.

Айсұлтан:

Бейбітшілік әніміз

Өнерліміз бәріміз

Қазақстан даласында

Жарасады сәніміз

Балабақша аясында

Жадырайды жанымыз


Райяна Б.:

Бізбен бірге бар әлем

Қуанады балаша

Қуанышқа бөленген

өмір қандай тамаша


Хамза:

Гүлмен келсін келер күн

Бала-бағы бар елдің

Балалардың күлкісі

Көркі, сәні әлемнің.

Раяна Д:

Басты қоссақ бәріміз

Біздер елдің сәніміз

Шаттық, бақыт, қуаныш

Елімізге сыйлаймыз.

Нұрлы:

Біз бақытты баламыз,

Ақылдымыз, данамыз

Ертеңгі күн еліміздің

Батырлары боламыз.


Сайқымазақ: Жарайсыңдар балалар , сендер өте жақсы өнер көрсеттіңдер, менің сендерге әкелген сыйлығым бар, міне қабыл алыңдар.Осы ойыншықтармен шағын орталықта тату-тәтті бірге ойнасын деп,сендерге алып келдім!

Жүргізуші: Рахмет саған сайқымазақ! Осымен «1 маусым-Балаларды қорғау күні!» атты мерекелік іс - шарамыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!