Материалдар / 1 орын иеленіп
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

1 орын иеленіп

Материал туралы қысқаша түсінік
Диплом 2 орын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Маусым 2021
267
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



ТАЛДЫҚОРҒАН ЖОҒАРЫ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ




САБАҚ ЖОСПАРЫ №22


Жалпы дамыту жаттығулары

(сабақ тақырыбы)

Модуль / пән атауы Дене тәрбиесі

Дайындаған педагог Жоламанова Б.С

2020 жылғы "28" 05 2021

     

1.Жалпы мәліметтер

      Курс, оқу жылы, топ 1 курс, 2020-2021 оқу жылы, ис-001б

      Сабақ типі білім, іскерліктерді тәжірибеде қолдану


      2. Мақсаты, міндеттер:

Оқыту: Студенттерді ептілікке баулып, белсенділіктерін арттыру. Жалпы дамыту жаттығуларын үйрену.

Дамытушылық: Қозғалысты, күштілікті, жылдамдылықты, секіргіштік дамыту.

Тәрбиелік: Топтық ұжымдық сезімдерге тәрбиелеу.

Міндеттер:

  • Студенттерді ұйымдастыру шапшаңдылыққа, тез қимылдауын, іс-қимылдарын реттілігін жетілдіру.

  • Күштілік, ептілік, икемділік қасиеттерін дамыту.

  • Өзара ұйымшылдыққа тәрбилеу.


      2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі

Негізгі ұғымдарына шолу жасалады, жалпы дамыту жаттығуларын орындаудың маңыздылығы айтылады, оқушыларға таңғы жаттығу кешенін құру мүмкіндігі беріледі. Оқушылар өздерінің жүгіру, секіру және лақтыру сияқты қозғалу дағдыларын дамыту және жақсартуға жігерленеді. Жүгіру дағдылары жеке және топтық жаттығулар арқылы ойын негізінде байытылады.


      3. Сабақты жабдықтау

      3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

  1. Төтенай Б. Дене тәрбиесі: Оқулық – Астана: Фолиант, 2017 – 160б.


      3.2 Техникалық құралдар, материалдар – компьютер, кітап, дәптер, ручка, слайд, смартфон

Қажетті құрал-жадықтар: Домалауға бейімделген спорт құралдары, доп, обручь, гимнастикалық төсеніштер, гимнастикалық орындықтар, оқыту таблицасы.


      4. Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі – білімгерлермен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру, назарын сабаққа аудару.

Жаңа тақырыпты баяндау.

Жалпы дамыту жаттығулары дегеніміз – қозғалыс жеке дене мүшелеріне және жаттығуды орындауда жылдамдығы жоғары және орташа амплитудалық, бұлшық еттердің бағыты.

Жаттығу құралдармен және құралдарсыз орындалатын арнайы жаттығулар (гантельмен, нығыздалған доппен, гирмен, гимнастикалық таяқшамен, әртүрлі гимнастикалық құрал-жабдықтармен) орындалады. Жалпы дамыту жаттығуларының мақсаты – жаттығуларды сәлде болса қиындату, жаттығуларды үйрену, меңгеруге дайындау. Барлық гимнастикалық сабақтарда жалпы дене жаттығулары қозғалыс сапасын дамытуға арналады. Тыныс алуға, жүйкесін қалыптастыруға, еңбек қабілетін дамытуға, салауатты өмір сүру салтына баулып, денсаулығын нығайтуға пайдасы көп.

Жалпы дене жаттығуларының ерекшеліктеріне сипаттама:

1. Жалпы дене жаттығуына жай қарамай, айналысуына жай жаттығуларды үйрету, шамасы келгенше күрделі жаттығуларды бірнеше рет қайталау.

2. Арнайы дене мүсіндеріне және арнайы бұлшық ет топтарына жалпы дене жаттығуларының беретін әсері.

3. Жалпы дене жаттығуын қолдануда өзінің дене жүктемесін байқау.

Жүктеменің бағыттары аз-көп болуы жаттығудың өтілуіне байланысты.

Жалпы дамыту жаттығулары жасағанда, демалу жаттығуын көбірек пайдаланса, адамға түсетін жүктеме аз болады. Ал демалу жаттығуын аз қолданған жағдайда адамға түсетін жүктеме көбірек болады, шаршайды. Егер жаттығуды ойын ретінде қызықтырып өткенде, еңбек және қоғам жұмысына деген қызығушылығы арта түсіп, шаршау азаяды.

Жалпы дамыту жаттығуының классификациясы – адамның жан-жақты дамуына жаттығуды топ-топқа бөліп, қоғамның дене тұлғасына әсері бойынша жасайды:

1. Мойын бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.

2. Иық және қол бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.

3. Кеуде бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.

4. Аяқ бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.

5. Тұлғаның барлық бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.

Шынығу жаттығуларын орындау, спортқа деген қабілетті арттыруға, қимыл-қозғалыс қасиеттерінің қалыптасуына, әдістемелік бағыттар бойынша жаттығу жасату. Мысалы: күшке, жылдамдыққа, икемділікке, төзімділікке, ептілікке арналған жаттығуды орындау кезінде тыныс алуға, дене құрылымының дұрыс өсуіне дене жаттығуының әсері көп.

Жалпы дене жаттығуының адам тұлғасының қисықтығына және тұлғаның қисықтығын жөндеуге көмектесу туралы іс-шара жұмыстары:

Адам дене тұлғасының дұрыс қалыптасып өсуіне жалпы жаттығудың әсері мол. Денені дұрыс тік ұстап, бел, омыртқа, құйрық, сан бұлшық еттеріне берілген жаттығуларды орындағанда көңіл бөліп, негізінен мән беріп тұру керек.

Егер де адам алға қарай еңкіш немесе бір жағы қисық болған жағдайда адамның дене тұлғасы дұрыс деп есептелмейді. Ондай жағдайда ол адаммен арнайы жаттығу жасап, жаман әдетті тастауға тәрбиелейді.

Жалпы дене жаттығуын қолдану әдіс-тәсілдері мен амалдары:

Жалпы дамыту жаттығуын құрғанда жас, жыныс ерекшеліктеріне қарай отырып, дене дамуының деңгейіне де қарау керек. Жалпы дамыту гимнастикалық жаттығудың 8-15 түрі бойынша арнайы жаттығу құрастыру керек:

1. Жаттығуды құрастырғанда адамның дене тұлғасының дұрыс өсуіне әсері.

2. Дене жаттығуының жұмыс қабілетін арттырудағы қан айналым жүйесіне бақылау, жай жаттығулар арқылы төмендегі жаттығулар беріледі. Орында жүру, аяқты жоғары көтеріп жүру, отырып тұру, әртүрлі еңкею жаттығулары, қолмен қимыл әрекет т.с.с. жаттығулар.

3. Адам тұлғасындағы еттерді дамыту үшін келесі жаттығуларды – мойын, иық, омыртқа, іш, аяқ бұлшық еттеріне жасату.

4. Адамның барлық бұлшық еттеріне әсер ететін 2-3 күрделі жаттығулар жасату.

5. Қалпы дұрыс күш жаттығуын еттің созылуын, жиналуын т.с.с. шалқаю, жату, айналу т.б. жаттығуларды орындап, содан соң босаңсыту жаттығуларын жасату.

6. Жаттығудың соңына таман дұрыс демалу жаттығуын жасап, адамның дене құрыслысының дұрыстығына көңіл бөлу.

Әр жаттығу 4-8 рет қайталану керек. Күш, жылдамдық, икемділік, төзімділік, дұрыс демалу мақсатында дамыту.

Жалпы дамыту жаттығуын үйрету:

1. Көрсету – жаттығуды «айна» (зеркальный) әдісімен жаттығушыларға қарама-қарсы тұрып, жаттығуды сол қолдан бастағанда, мұғалім жаттығуды оң қолдан бастау керек. 1-2 сынып оқушыларымен осындай әдістермен жаттығу жасағанда барлығы бірдей жаттығуды жасайды.

2. Жаттығуды айту – бастапқы қалыпта айта келіп жаттығу жеңіл, оңай болу керек. 1, 2 есепте немесе 1-4 есепте қол қимылдары айтылып отыру керек.

3. Жаттығуды қорыту және айту – жаттығуды көрсете және айта отырып жаттығудың қалай орындалатынын түсіндіреді.

4. Жаттығуды бөліп (бөлшектеп) – мұғалім қай бастапқы қалпын қабылдады.

Қайтадан жерге отырып, қолды тіреп, жаттығудың дұрыс орындалуын қадағалайды. Бастапқы қалыпқа оралу. Жаттығудың дұрыстығына көңіл бөлу.

Ойын амалдары – бастауыш сыныптардағы дене шынықтыру сабақтарында қызықтыру үшін, оқушылардың ойын баласы екендігін ескеріп, оларға ойын амалдарын көбірек беру керек. Мысалы, мұғалім тақырыпты қолдана отырып, ысқырып «қол екі жанында» деп, оқушыларды тез осындай қалыпқа келтіру.

Келесі ысқырғанда «қол белде, тізеге отыруды» орындау керек. Оқушы осы жаттығуды тез орындау керек. Тапсырманы ысқырықпен тез орындап, көңіл бөлуге, көрген жаттығуды тез орындау мақсатында ойын амалдары сабақта қолданылады.

Дәл орындау амалдары: мұғалім команданы бере отырып, жаттығуды орындайды, мұғалімнің көрсеткен жаттығуын оқушылар мұғаліммен бірлесе отырып жасаған қимыл-әрекеттерді – дәл орындау амалдары дейді. Мұғалім дәл орындау амалдарында сабақтың тығыздығы мен уақытты үнемдейді.


Қорытындылау: .

  1. Жалпы дамыту жаттығуларының мақсаты.

  2. Жалпы дене жаттығуларының ерекшеліктері.

  3. Жалпы дене жаттығуын қолдану әдіс-тәсілдері мен амалдары:

  4. Жалпы дамыту жаттығуының классификациясы


Білімгерлердің білімдерін бағалау.


      5. Сабақ бойынша рефлексия - Оқушылар алған білімдеріне, тапсырмаларына қорытынды жасап, пікір айтуға дағдыландыру, ойын ортаға салу. Жүйелі сөйлеуге, ойын ашық жеткізе білуге, талдау жасауға үйрену. Сабақтың жақсы не жаман, мағыналы не мағынасыз, көңілді не көңілсіз өтуіне байланысты оқушылар эмоцияларын анықтау.


Не білді?

Нені үйренді?

Білгілері келеді

Жалпы дамыту жаттығуларын білді

Жалпы дамыту жаттығулардың класификациясын ажырата үйренді

Гимнастикадағы акробатикалық жаттығуларын білгілері келеді



      6. Үй тапсырмасы

  1. Платонус платформасында «Жалпы дамыту жаттығулары» дәріспен танысу.

  2. Ілеспе жазба хатты оқу.

  3. Қысқа тезис лекция жазу.

  4. Сілтеме бойынша «Жалпы дамыту жаттығулары» видео көру https://youtu.be/z_ZkAFD7QOI

  5. «Жалпы дамыту жаттығулары» презентация, слайдпен танысу.

  6. Қимыл қозғалыс жаттығуларын жасау, жалпы жаттығуларды қайталау.

  7. Тапсырманы орындап кері байланыс орнату.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!