Материалдар / 1-қыркүйек білім күні
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

1-қыркүйек білім күні

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа оқу жылына қадам басарда өткен оқу жылында болған оқиғаларға да шолу жасап өткеніміз абзал. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында ел рәміздерінің 20 жылдығы , Лондон олимпиадасы әлемдік аренасында ҚР-ның рәміздері биіктен шарықтауы және Павлодар облысының 75 жылдығы алғашқы оқу жылының тақырыптарына сай келіп отыр..
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Маусым 2018
846
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1 Қыркүйек - Білім күні (Алғашқы қоңырау) Қазақша сценарий
1. Оқушыларды сапқа тұрғызу
2. Қонақтардың орналасуы
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын шығару. 
4. Салтанатты жиынды ашу, мектеп директорына сөз беру

5.Әнұран шырқалады.
6. Құттықтау сөз (қонақ, ата-ана,ұстаз)
7. Ән жолданады.
8. 1- сынып оқушыларының әдеби монтажы
9. Салтанатты жиынның жабылуы.
10. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын шығару
11..Алғашқы қоңырау қағылады.
12.. Салтанатты жиынды жабу үшін мектеп директорына сөз беріледі.
13..Салтанатты жиын 1-сынып оқушыларының алғашқы сабақтарымен жалғасады.
(Әуен ойналып тұрады)
I жүргізуші: 
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен қадірменді ата-аналар!
ІІ жүргізуші: 
Арма ағайын, мектеп оқушылары мен балауса балдырғандар!
І жүргізуші:
Жаңа оқу жылына қадам басарда өткен оқу жылында болған оқиғаларға да шолу жасап өткеніміз абзал. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында ел рәміздерінің 20 жылдығы , Лондон олимпиадасы әлемдік аренасында ҚР-ның рәміздері биіктен шарықтауы және Павлодар облысының 75 жылдығы алғашқы оқу жылының тақырыптарына сай келіп отыр..
ІІ жүргізуші:
Ал ендеше барлығымыз да сағынышпен күткен “ Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!”атты білім күніне арналған мерекелік шарамызды ашық деп жариялаймыз.
І жүргізуші:
Және биылғы еліміздің даңқын асқақтатқан оқиғалар көп болды
Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандармен бірге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысып отыр.
Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз баршаларыңызға құтты болсын! 

ІІ жүргізуші: 
Соның бірі алты құрлыққа қазақтың атын шығарған, қазақтың сайыпқыран ұл-қыздары жеңістің биік тұғырынан көрінген қоржынға 7 алтын, 1 күміс 5 қола салған, жалпы есепте 209 елдің ішінде 12 орынға тұрақтаған байрақты бәсеке ХХХ жазғы Лондон олимпиадасы. Лондон төрінде қазақтың әнұраны қалықтап, туы биіктен көрінді. 
І жүргізуші:
Көк тудың желбірегені 
Жаныма қуат береді,
Таласқа түссе жан мен ту
Жан емес маған керегі
Көк тудың желбірегені – 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ресми түрде енгізілсін. 
(Туды енгізу рәсімі)
Барлығы: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындайды.
ІI жүргізуші: 
Бүгін біздің қуанышымызға ортақтасу үшін мерекемізге келген құрметті қонақтармен таныс болыңыздар:
1.Хайыргелдинов Әділ Кабдуұлы -
2.Әлсейітов Оспанбек Балтабайұлы Павлодар қаласының нефти химиялық зауытының директоры, қалалық маслихаттың депутаты. 
3.Жүсіпова Ләйла Бажқызы қалалық оқу бөлімінің бас маманы

4.

5.
І жүргізуші: 
Жан шуағы, күн шуағы арай ма,
Ұстаз деген әулиедей талайға
Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл,
Әл- Фараби, Омар Хаям, Абай да.
ІI жүргізуші:
«Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!» мерекесін салтанатты түрде ашу үшін алғашқы сөз кезегі мектеп директоры Төлеген Кәкімұлына беріледі.
І жүргізуші
Құшақ жая қай жерде де қарсы алар,
Абзал жан бар, биік тұлға байсалды.
Қуаныш пен салтанатты шақтарда
Қонақтар да ақ тілегін ақтарар.
Сөз кезегі қадірменді қонақтарда.
( қонақтарға сөз беріледі)
Сіздердің құрметтеріңізге, ақ тілектеріңізге арнап 2 а сынып оқушысы Асарбаев Мейірлан «Бала тілегі» әнін жолдайды, қабыл алыңыздар. 
II Жүргізуші сөзі:
Өмірдің бейбіт бағы гүл,
Асудан асып асқарлы
Мінекей биыл тағы бір

Жаңа оқу жылы басталды.
Шаттықпен шалқып толғана
Ой толқытқан жүрегін
Өмірег алмақ жолдама
Сыр шертсін енді түлегің

Он бірінші сынып оқушысы. Айжан
Кеше ғана аттаған,
Мектеп табалдырығын
Бүлдіршін едік бастаған
Ақ бантикті тұлымың
Иә, кеше, кеше еді,
Сәби едік балдырған
Азамат болып көшелі,
Табылмақпыз сан қырдан
Сусындап білім нұрына
Өткеріппіз он жылды
Қанығып өмір қырына,
Зердеге түйдік мол сырды.
Жанар
11-сынып оқушысы: Оқыған әпке, ағаңыз,
Қадірлі мектеп – бұл мектеп.
Сендердей біз де болғанбыз,
Есейдік, міне, қараңыз.
Құт болып алғаш қадамың,
Жағарсың білім шырағын.
Шоқан:
Биылғы жыл ерекше,
Ұғарсың оның шын мәнін. 

11-сынып оқушысы: Құттықтап білім күнімен,
Сыйланар сізге әліппе.
Бар білімнің бастауы,
Қадірлеп оны дәріпте.
I Жүргізуші:
Егемен елдің төсінде,
Шуағын шашсын арай ,күн
Азамат болып өсіңдер,
Қызыға жұрттар қарайтын.

11-сынып түлектерінің құрметіне Алтаева Дария мен Асиманың орындауында “Мектебім” әнін қабыл алыңыздар. 
Жүргізуші:
Біреулер енші ап өмірден,
Аттанбақ болса асып қыр
Біреулер балғын көңілмен
Алғашқы қадам басып тұр

Сондықтан да назарды,
Солар жаққа бұрайық
Балдырғандарды базарлы
Қарсы алып, қол ұрайық.
II Жүргізуші:
Айқара ашқан есігін
Қайнары білім нұрының
Мектебің – алтын бесігің
Жылы ұяң, міне сыныбың

Қаламсап алып қолыңа,
Достасарсың да әріппен
Шуағын себер жолыңа,
Жан серігің - әліппең – дей келе, бүгінгі мектеп
табалдырығын аттағалы отырған 1-сынып
оқушыларына сәтті қадам, таудай талап тілейміз.
I Жүргізуші:
Халқымыз “Ата-баба дәстүрі- асыл мұра” дегендей “Бала- бауыр 
етім” деп баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, әрбір
қадамына қуанып, шілдехана, бесік той, тұсау кесер, ашамайға
отырғызу сияқты тойларын жасаған. Ал бүгінгі тойымыз
бүлдіршіндердің 6-ға келіп, 1- сыныпқа қабылданып ,“Алғашқы
қоңырау мерекесіне қатысу сәті. 
Бұл той- баланың бал дәурен шағымен қоштасып, білімге
талпынған қадамы.
Құрметті халайық, олай болса, оқушыларымыздың тойын бастауға
рұқсат етіңіздер!
(1-сынып оқушыларының әдеби монтаждары, өлеңдері тыңдалады,
өнерлері тамашаланды)
ІІ блок 
Музыка әуенімен ойнап келе жатқан балалар дауысы естіледі. Осы кезде 2-3 балдырған (қолдарында добы, қуыршағы, машинасы бар) өзара таласып келіп ортаға кіреді.

II-жүргізуші: Ойын қуған, жүрген думан бұл кімдер?
Сылдыраған балаң тілмен естіледі бір үндер.

1-балдырған: Мамам айтқан күзде мектепке барасың деп, (Дана)
Көп-көп оқу құралдарын аласың деп.

2-балдырған: Онда мына машинаңды неге тастамайсың? (Томирис)
Сен әлі еш нәрсені түсінбейтін кішкентайсың.

3-балдырған: Жоқ, ол жетіге толды, (Батырхан)
Үлкен бала болды.
Мына қуыршақты, машинаны
Бөпесіне сыйлайтын болдық.
Балалар ойыншықтарын бөпелеріне береді. Осы арада мектепке бара жатқан 2-сынып оқушылары ортаға келіп қосылады.

2-сынып оқушысы: Балалар, мектепке бармайсыңдар ма? (Аружан)

II Жүргізуші:
Жаңа оқу жылы құт болып,
Ізгілік оты жағылсын.
Бөбек пен түлек жұп болып,
Алғашқы қоңырау қағылсын – алғашқы қоғырауды күмбірлете соғу үшін ортаға мектебімізден биыл түлеп ұшатын және мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған оқушыларды шақырамыз.
(Бірінші және он бірінші сынып оқушылары қоңырау соғады)
1.11 б сынып оқушысы, оқу үздігі, қалалық пән олимпиадасының жеңімпазы Мелісова Арайлым
2. 1 а сынып оқушысы Мейрам Дильназ
3. 1ә сынып оқушысы Тоқтасын Мадияр
4.11-сынып түлегі Алмат
5. 1 б сынып оқушысы Кайрбаева Наргиз
6. 1в сынып оқушысы 
I Жүргізуші:
Аялар бейбіт күн нұры,
Мектебім, бізге жөргексің.
Алғашқы қоңырау сыңғыры
Ән болып сені тербетсін.

Сыңғырла қоңырау, сыңғыр қақ,
Жаңа оқу жылын ашқасын
Бал үнің сенің сырлы ырғақ
Сыныпқа бізді бастасын

Қоңырау үні шарықта,
Өзіңнің сиқыр тіліңде
Қызмет көрсет халыққа
Шақырып өнер – білімге

Жаңа оқу жылы жемісті
Мерейі үстем жыл болсын
Шәкірттеріміз өрісті
Елім дер қыз бен ұл болсын.
II Жүргізуші:
Ендеше балғын балалықпен қоштасып, мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған 1-сынып оқушылары мен алғашқы ұстаздарына қошеметпен қол соғып қояйық! Мектепке 1-сынып оқушылары мен ұстаздарын алғашқы білім күніне арналған сабаққа шақырамыз.
1-а сыныбы сынып жетекшісі Жұманбаева Баян Бакиқызы
1-ә сыныбы сынып жетекшісі Балтабаева Кенжегүл Айдарханқызы
1-б сыныбы сынып жетекшісі Баймульдинова Альфия Иранқызы
1-в сыныбы сынып жетекшісі Жакупова Ажар Ерболатқызы
1-г сыныбы сынып жетекшісі Журсунова Мадина Маратқызы
Оқысаңыз балалар
Шамнан шырақ жағылар
Тілегенің алдыңнан 
Іздемей-ақ табылар – алғашқы қадамдарың құтты болсын, алтын ұя мектебіңде білім нәрімен сусындап, жарқын болашаққа сеніммен қараңдар.
Ақ жол, бүлдіршіндер!
Біліммен асып - тасайық
Тілеуін берсін көк көптің
Тілекпен осы ашайық
Есігін енді мектептің
І - жүргізуші:
Осымен 1-қыркүйек білім күніне арналған «“ Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!” мерекесі өзі мәресіне жетті. Салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз. Білім күні құтты болсын. Еліміз аман, еліміздің беделі асқақ болсын!

ІI жүргізуші:
Жаңа оқу жылы баршаңызға құтты болсын! “Алғашқы қоңырау!” мерекесі 2014-2015 оқу жылының алғашқы сабағымен жалғасады. 
Ақ жол сіздерге, мектеп оқушылары!

























Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен, Қазақстанның патриотымын! Тәрбие сағат мақсаты: 1. Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу. 2. Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту. 3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу. Көрнекілігі: интербелсенді тақта Барысы: 1. Ұйымдастыру. • Аспаны ашық еліміздің, Көркі сұлу жеріміздің, Біз-бақытты баламыз! Ақпыз,қара, сарымыз, Ағайынбыз бәріміз! 2. Мұғалімнің кіріспе сөзі: -Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз! Отан деген не, кім қалай түсінеді? Көп аузынан түспейтін, Отан деген немене? Оның тұлға түс кейпін, Достым білгің келе ме? Байназар: Отан дейміз от жаққан жерімізді, Отан дейміз өсірген елімізді. Отан дейміз туған жер, атамекен – Биік тау, орман, тоғай көлімізді. Аңсар: Отан дейміз кең-байтақ астананы, Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы. Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ, Ол бірақ өз үйіңнен басталады. Аягөз: Отан- тарих, Отан – тіл, Жасаған елің, өз- халқың. Отан – өлең, Отан-жыр, Көтерген көкке ел даңқын. Әділхан: Отан – сенің ата-анаң, Отан – досың, бауырың, Отан – өлкең, астанаң, Отан – аудан, ауылың. Хыдырали: Отан – осы достарым, Көңілге мұны түйе біл! «Отан» деп өс жас қауым, Оны ардақтап сүйе біл! Хор: «Отан» -Біздің Отанымыз қалай аталады? -Қазақстан Республикасы қандай мемлекет? -Қазақстан Республикасының президенті кім? Ел болдық ерік алдық астаналы Енді кімнен қазағым жасқанады? Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі, Нұрсұлтанның атымен басталады. Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемібойынша 9 орында тұр.Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар. Астана- Отанымыздың бас қаласы, астанасы.Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі. Базарбек: Туған өлкем Қазақстан-тәуелсіз, егеменді, көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, ұрыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украйндер және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату-тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр. -Қазақстан Республикасы қандай мемлекет? -Қазақстан Республикасының президенті кім? Ел болдық ерік алдық астаналы Енді кімнен қазағым жасқанады? Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі, Нұрсұлтанның атымен басталады. Аумалы- төкпелі заманды бастан кешкен қазақ халқының өзіндік басқару жүйесі болған. Ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеп, халық жағдайын жасаған шешендері, білімпаз билері, әр елде, әр ауылда сөз тыңдар ақсақалдары болған. Қазақта аты аңызға айналған Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би сияқты би-шешендер өте көп. Көрініс: «Үш арыстың үлгілері» Мемлекеттік тіл-қазақ тілі. Қазақ тілін білу-әрбір қазақстандық азаматтың борышы. Ардақ: «Туған тілім» Би: «Қамажай» Сондай-ақ мемлекетіміздің өз Ата заңы бар. 1993 жылы 28 қаңтарда ҚР тұңғыш Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа конститутциясы қабылданды.Адамның өмірін, денсаулығын, тыныштығын мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды. 1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: ту, елтаңба, гимн. Қазақстан Республикасының мемлекттік Туы. Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Алтын күн, қыран және ою-өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен берекесі, тыныштық пен байлықтың белгісі. Нұрислам: Көк аспандай көкпеңбек, Қазақстан жалауы. Көк емес ол тектен-тек, Елдің ашық қабағы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Бес жұлдыз, қанатты тұлпар бейнеленген. Бидай сабақтары тоқшылық, молшылықты білдіреді. Айнұр: Елтаңбасы елімнің, Неткен әйбәт, әдемі Тұнығындай көңілдің Ортада аспан әлемі. Кез-келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы- Гимн. Гимн мемлекеттік ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен клешек арманы айтылған. Ернар: Оттай жанып жанарың Одан қуат аламын Әнұран ол - тынысы Кең жазира даламның. Отан туралы өлең-жырлар. Айнұр: «Үш бақытым» Ерсұлтан: «Отан» Мархабат: «Отан туралы» Мұғалім: - Ия, балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек? - Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек. - Дұрыс-ақ, ендеше Отан, туған жер туралы қандай мақал- мәтелдер білеміз? «Жалғасын тап» ойынын ойнайық. Сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық. Оқушылар тақтаға шығып, келесі әріптерді көтереді. Б- білімімді арнайтын О- отанымды қорғайтын Л- лаңкестікті даттайтын А- адалдықты жақтайтын Ш- шуағымды шашатын А- асулардан асатын Ғ- ғарыш сырын меңгергн Ы- ынтымақты тең көрген М- менмендікті жек көрген Қ- қазаққа қызмет ететін А- арманына жететін З- заңды жақсы білетін А- алға қарай жүретін Қ- қайырымды елімнің С- салтанатты жерімнің Т- толықтырам сенімін А- абыройын,жігерін Н- намысын қолдан бермейтін Бәрі: Мен боламын еңбекқор, Болашағы елімнің! Ән «Көк тудың желбірегені». Қортынды: - Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев: Өткеніңді еске алсаң, Өскеніңнің белгісі. Өткеніңді ұмытсаң, Өшкеніңнің белгісі, - деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!














































1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын бағдарламасы

1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

2-жүргізуші: Армысыздар, қадірлі ата-аналар мен қонақтар!

1-жүргізуші: Өмір бойы мектебімді жыр етем,

 

Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.

Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,

Құтты болсын Білім күнің – мерекең!

2-жүргізуші: Құрметті оқушылар, аяулы ұстаздар, ата-аналар, қадірменді қонақтар, Қазақстан Республикасының рәміздерінің 20 жылдық мерейтойымен сіздерді құттықтай отырып, мектеп өмірінде дәстүрге айналған «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз! 

1-жүргізуші: Мектебіне шәкірттер ағылады,

Сана, білім сусаған табылады.

Гүл шоқтарын қолына көтеріп кеп,

Ұстазына жеткенше сағынады.

2-жүргізуші: Жүректері тұратын лүпіл қағып,

Мұғалімдер оларды күтуде анық.

Білім нұрын ұрпаққа таратсын деп,

Осы шақты аңсайды бүкіл халық.

/«Мектеп вальсі» әуені/

 2-жүргізуші: 1 қыркүйек – айрықша мәні бар, айтулы Білім күні. Балалар өмірінде кезекті оқу жылы басталады. Ол әсіресе, бірінші сыныпқа баратындар үшін аса маңызды. Мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы отырған бүлдіршіндерді ортаға шақырамыз.

1-жүргізуші: – 1 «А» сыныбын білім әлеміне апаратын ұстаз –

Рахимжанова Апидаш Мұратқызы

/музыка әуенімен келіп сапқа тұрады/

2-жүргізуші: – 1 «Ә» сыныбын  білім әлеміне апаратын ұстаз –

Темирова Айнұр Сембайқызы

/музыка әуенімен келіп сапқа тұрады/

 

2-жүргізуші: Бүлдіршіндер ертеңгі ел мамандары,

Құтты болсын алғашқы қадамдары!

1-жүргізуші: Құтты болсын басталған оқу жылы,

Құтты болсын, болашақ баспалдағы!

Қадыров Н.: Мектеп, тік тұр! ҚР Мемлекеттік туы енгізілсін!

/ҚР мемлекеттік әнұраны орындалады/

 2-жүргізуші: Бүгінгі салтанатты жиын қонақтарымен таныстыруға рұқсат етіңіздер: /келген қонақтармен таныстырады/

1. –       Екібастұз қаласы әкімдігі бөлімінің бастығы

2. –       Қалалық білім бөлімінің әдіскері

2-жүргізуші: Абзал жан, биік тұлға байсалды,

Құшақ жая шәкірттерін қарсы алды.

Бүгінгі салтанатты шақта бір

Құттықтайды мектеп басшысы баршаңды, – дей келе, құттықтау сөз мектеп директоры Мұхаметжанова Зинаида Әшімқызына беріледі

1-жүргізуші: Ардақты асыл мекен мектебіме,

Аяулы асыл жандар көп келеді.

Құрметпен қонақтарға сөз берійік,

Жақсы сөз жанға ыстық нәр береді.

2-жүргізуші: Алғашқы қоңырау салтанатында құттықтау сөз бүгінгі жиынымыздың құрметті қонақтарында

1. –   Екібастұз қаласы әкімдігі бөлімінің бастығы

2. –   Қалалық білім бөлімінің әдіскері

2-жүргізуші: Алғаш келген бүлдіршін,
Құтты да болсын қадамың!
Төбеңде бейбіт күн күлсін!
Төмендемесін талабың!

Сөз кезегі мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы тұрған бүлдіршіндерге беріледі. /7 оқушы өлең оқиды/

1.  Бірінші қыркүйек күнімен,

Аңқыған жұпары гүлімен.

Келіп ем, қарсы алды мектебім,

Сүйкімді қоңырау үнімен.

2. Келдік алғаш мектепке,

Білмейтін едік әріп те,

Оқып, бізді үйретер,

Ғылым анасы – Әліппе!

3 .Мектеп – қамқор анамыз,

Оқып, білім аламыз.

Өнерпаз боп өсетін,

Біз оқушы боламыз

4. Мен мектепке барамын,

Кілең бестік аламын.

Ата-анамды қуантып,

Шоқ жұлдыздай жанамын.

5.  Бақытты балғын баламыз,

Өсті ой мен санамыз.

Әріп танып, сабақ оқып,

Білім нәрін аламыз.

6.   Міне мен де ұлкен болдым,

Жасым толды алтыға.

Арқама сөмке асынып,

Мектепке барам асыға.

7.   Қайсарлы Қазақстан ұланымыз,

Еліме лайық болу ұранымыз.

Қазақ қыздар гимназиясынан білім ап,

Білімнің биігіне шығамыз біз.

Бүлдіршіндер – ертеңгі ұландары,

Құтты болсын алғашқы қадамдары.

Құтты болсын, басталған оқу жылы,

Құтты болсын, алғашқы баспалдағы.

2-жүргізуші: «Мектебім» әні – орындайтын «Әуен»  вокалдық тобы

2-жүргізуші:  Гимназия табалдырығын аттағалы отырған жас бүлдіршіндерді құтттықтап, қадамдарыңызға гүл бітсін, «Ақ жол» болсын деп тілек білдіруге Алдабаева Маржан  шақырылады.

/11-сынып оқушысының құттықтау сөзі/  

.: – Қымбатты біздің кішкене сіңлілеріміз! Аяулы ұстаздар! Міне, бүгін біз үшін соңғы Алғашқы қоңырау. Бала шақтан болашаққа қадама басып бара жатқан біздер, гимназия үмітін ақтауға бар күшімізді саламыз.

Оқыған әпкелеріңіз

Қадірлі мектеп – бұл мектеп,

Сендердей біз де болғанбыз.

Есейдік, міне, қараңыз.

Құт болып алғаш қадамың,

Жағарсың білім шырағын.

Биылғы жыл ерекше,

Ұғарсың оның шын мәнін.

1-жүргізуші: Қағылмақ, міне, әуенге бөлеп,

Қағылмақ алғаш қоңырау,

Нұр толқып жүзің, гүл толып құшақ,

Шаттыққа толсын омырау!

2-жүргізуші: Алғашқы қоңырау соғу рәсімі құрметпен Ахметжанова Меруерт пен Алпысбаева  Ильназға беріледі.

/Қоңырау соғылып жатқан сәтте…/

2-жүргізуші: Қызыл гүл жайнады төрімде,

Қызықты күнім де, кешім де.

Алғашқы қоңырау дауысы,

Қалады мәңгілік есімде.

1-жүргізуші: Алтын ұя – киелі шаңырағым,

Мен өзіңе қашан да табынамын.

Алыс, жырақ өзіңнен кетсем егер,

Қоңырауыңды сыңғыр қаққан сағынамын!

2-жүргізуші: Сылдырла, сыңғырла тағы да,

Шақыра білімнің бағына.
Бөбек пен түлек жұп болған,
Алғашқы қоңырау қағылды!

 

Қадыров Н.: Мектеп,тік тұр! ҚР Мемлекеттік туы шығарылсын!

 

2-жүргізуші: Ал енді 1-сынып оқушыларының алғашқы ұстаздарымен білім жолындағы қызықтарға толы әлемге саяхатында сәт сапар!

/музыка әуенімен 1-сынып оқушылыры кетеді/

2-жүргізуші: Құрметті оқушылар, баршаңызды Білім күніне арналған «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтаныш» атты алғашқы сабаққа шақырамыз.

1-жүргізуші: Осымен Білім күніне арналған салтанатты жиынды жабық деп жариялаймыз!

























































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!