Материалдар / 1 сынып бейнелеу өнері 2 тоқсан.docx
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

1 сынып бейнелеу өнері 2 тоқсан.docx

Материал туралы қысқаша түсінік
1 сынып бейнелеу өнері 2 тоқсан.docx
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қазан 2024
422
6 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бейнелеу өнері

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: сабақ 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Бейнелеу өнері әлемі

Сабақтың тақырыбы:

«Өнер түрлері» - саяхат сабағы


Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

1.2.1.1 Өнер туындылары тақырыбымен және жұмыс жасайтын материалдармен танысу.

Сабақтың мақсаты:

  • «Өнер түрлері» ұғымымен танысу. Өнер түрлері туралы қарапайым деңгейде білім алу.

Құндылықтарды дарыту

ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК

  • өзін-өзі ұйымдастыру, міндеттерге басымдық беру, жұмыс уақытын жоспарлау;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы




Амандасу. Балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау.

«Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» тақырыбында ой қозғау.
Оқушылар мақал-мәтел, өлең шумақтарын айту.

Сұхбат жасау

-Өнер дегеніміз не?

(Өнер – адамның шығармашылық әрекетінің нәтижесі)

-Өнердің қандай түрлерін білесіңдер? (Музыка, би, сөз өнері, театр т.б.)

- Өнер біздің өмірімізді қалайша өзгертеді?

(Өнердің тілін түсінудің маңызы зор, оны түсінген жағдайда ғана көрермен мен тыңдарманның, оқырманның алдында туындының мән-мағынасы толық ашылады)

Оқушылар құндылық туралы мақал-мәтел, өлең шумақтарын айтады.

Қойылған сұрақтарға жауап беру. Оқушылар өнердің негізгі түрлерімен танысады, түсінігін кеңейтеді. Өнердің көпқырлы екенін, олар көрермендермен түрлі құралдар арқылы тілдесетінін түсінеді:

(бейнелеу өнері, театр, кинематограф, балет), тыңдарманмен (музыка, вокал өнері), оқырманмен (әдебиет).

Қалыптастырушы бағалау: Бірін – бірі бағалау.

Суретті қағазды конфеттер.

Суреттер жиынтығы.



Ортасы


Сергіту сәті. Қуыр, қуыр, қуырмаш әнімен билеу.

Әрбір өнер түрінің басты әсерлегіш құралдары бар: музыкада – дыбыс, әдебиетте – сөз.

Оқушылардан мына өнер түрлерін де сұрау керек (кинематограф, театр, цирк). Одан әрі бейнелеу өнеріне ауысады. Мұнда (олар кескіндеменің, графиканың, сәндік-қолданбалы өнер мен мүсін өнерін атауы мүмкін). Ал оларды ажырату қиын емес: олар басты әсерлегіш құралдары арқылы ажыратылады: кескіндемеде – түс пен реңк; графикада – сызық, штрих; мүсін өнерінде – көлем. Ал сәндікқолданбалы өнері аталғандардың бәрін жинақтап, тұрмыс заттарын әшекейлеуге қолданылады.


«Қуыр, қуыр, қуырмаш» әнінің әуенімен билеу. Оқушылар өнердің не екенін, өнер түрлерін, бейнелеу өнері түрлерін білді. Әр алуан өнер түрлерінің басты әсерлегіш құралдарын анықтап, бейнелеу өнері түрлерін ажыратуды үйренді. Оқушыларға бейнелеу өнерінің әр түріне жататын жұмыстардың репродукциялары ұсынылады,

оларды бейнелеу өнерінің негізгі түрлеріне қарай бөлу керек. Бейнелеу өнері түрлері жазылған қағаз тақтаға ілініп, оқушыларға әрқайсысының астына сәйкес туындыларды қойып шығу тапсырылады.

Белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау

Дискриптор

Отбасы және достарын басты құндылық ретінде қалыптастырады.

Қағаз көлеміне сәйкес копозиция құруды біледі.

Үйренген білімдерін тәжірибеде қолданады.

Тапсырманы жақсы орындаған оқушылардың жауабына қошемет көрсету.

АКТ қолдану

«Қуыр,қуыр, қуырмаш» әні https://youtu.be/CQt 2QNrRSBk

Ұжымдық, ынтымақтастықта жұмыс жасауға үйренеді.


Аяқталуы



Өз сабағыңызды талдау үшін осы әдісті пайдаланыңыз.


«Ашық микрофон» әдісі

Сабақтан қандай әсер алғанын, не ұнағанын «Ашық микрофон» әдісі арқылы баяндайды.
















Бейнелеу өнері

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 1 сабақ 2

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Графика

Сабақтың тақырыбы:

«Көбелектер» - түрлі-түсті қарындаштармен сурет

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

1.2.2.1 Жұмысты орындау графикасы мен техникасының түрлерін білу.

Сабақтың мақсаты:

Графикалық әдістердің көмегімен сезімдерін білдіре алады.

Берілген материалдар мен үлгіні пайдаланудың идеяларын шығармалылық түрде ұсынады.

Құндылықтарды дарыту

ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ

  • жаңа идеяларды ұсыну;

  • заманауи цифрлық құралдар мен технологияларды меңгеру;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы

0-5 мин



Оқушылармен сәлемдесу. Құндылықтарды еске түсіру. «Жасампаздық және жаңашылдық» тақырыбында ой қозғау.
Оқушылар арасында шағын пікірталас жүргізу.


Бағалау парақшасымен таныстыру.

Топтарға бөлу.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Ширату жаттығулары арқылы жүреді.

Гүлдер, гүлдер көктесін

Көбелектер көп келсін

Гүл қанатты көбелек

Бақшамыздан кетпесін

Өлең не туралы? Бейнежазбаға назар аудару https://youtu.be/xL3eGHgWdTI

Бейне жазба не туралы?

Ненің суретін бейнелейміз?

Ширату жаттығуын орындайды. Ой қозғайды, ойларын айтады.


Бейнежазбаны көргеннен соң, сабақтың мақсатын болжайды.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін – бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер


11-20 мин




Ортасы



21-35 мин



36-75 мин

Білу және түсіну

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

Жаңа сабақ.

«Қоржын жинау» ойыны

Бір минуттың ішінде берілген заттардың ішінен көбелектің бөліктерін қоржынға салыңдар.

Көбелектер - қабыршаққанаттылар отрядының екінші атауы. Қабыршаққанаттылар отрядының негізгі тұқымдас- тары: ақ көбелек, мүр көбелек, түн көбелектері, қан көбе- лек, көгілдір көбелектер, кәдімгі күйе көбелектері, т.б. Көгілдір көбелектер қанатының үстіңгі жағы көгілдір (тұқымдастын аталуы осыдан), кейде көк, жасыл, сарғыш-қызыл, ал астыңғы жағы көкшулан түсті, онда ұсақ көзше дақтары болады. Қанаттарын жайған да ұзындығы 20-40 мм-ге жетеді. 1000-ға жуық түрі белгілі. Жұлдызқұрттары өсімдіктер арасында тіршілік етеді. Қазақстанда 9 түрі ұлттық "Қызыл кітап- қа" енгізілген. Кәдімгі күйе көбелектерінің қанаттары ұзын және жіңішке (осы бөлігінде жалпақ шашақша түктері болады) келеді.

Сергіту сәті https://youtu.be/zES-9H7I8iA

Коллаж жасау

Берілген үлгіні, материалдарды пайдалана отырып, майлы қарындаштардан көбелекті бейнелейді.

Коллажды пайдаланып, «Көбелек» тақырыбына өлең құрастырыңдар.

Қоржынға киіз үй жабдықтарын жинайды.







Мәтін тыңдайды.









Көзге арналған жаттығу жасау

Коллаж жасайды

Өлең құрастырады

Дискриптор

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

76-80 мин

Аяқталуы



Оқушылар өз туындыларына атау беріп, сыныпқа ұсынады, өздерінің және сыныптастарының жұмыстарын бағалайды.

Жұмыс орнын тазалау.


Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.






Бейнелеу өнері

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 1 сабақ 3

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Кескіндеме

Сабақтың тақырыбы:

«Бұлтты күн» суланған қағазға акварельмен сурет салу.


Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

1.2.3.1 Жұмысты орындау үшін кескіндеме мен техника түрлерін білу.

Сабақтың мақсаты:

Кескіндеме түрлерімен танысу.

Қарапайым деңгейде «сызықтық перспектива» ұғымымен танысу.

«Жақын-алыс», «көп-аз»ұғымдары.

Суланған қағазға сурет салу әдістері туралы білім алу.

Құндылықтарды дарыту

БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ

  • тапсырмаларды тиімді орындау үшін қажетті академиялық және техникалық, заманауи технологиялар мен әдістер туралы білімінің болуы;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы

0-5 мин



Оқушылармен сәлемдесу. Құндылықтарды еске түсіру«Бірлік және ынтымақ» тақырыбында ой қозғау. Оқушылар арасында шағын әңгіме қозғау. .

Бағалау парақшасымен таныстыру

Топтарға бөлу.

Picture 8 Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.

1-топ «Сары кәмпиттер»

2-топ «Көк кәмпиттер»

3-топ «Қызыл кәмпиттер»

Оқушыларды жаңа тақырып пен оқу мақсаттарымен таныстыру. Бүгінгі сабақтағы іс-әрекеттерін атап шығу.

Ширату жаттығуын орындайды. «Бірлік және ынтымақ» тақырыбында ой қозғап, сұрақтарға жауап береді. Бейнежазбаны көргеннен соң, сабақтың мақсатын болжайды.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін – бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер


11-20 мин




Ортасы



21-35 мин




Білу және түсіну

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

Жаңа сабақ.

«Сулы қағазға ағаш бұтағын салу»

Видеоролигін тамашалау.

Сабақ тақырыбын ашу,акварель мен сулы парақ жөнінде мағлұмат беру.

Мұғалімнің түсіндіруі:

Акварель» деген атау латынның «aqua» су деген сөзінен шыққан. Акварель бояулары қағаз бетіне мөлдір болып түседі, сол мөлдірлік акварель туындыларының ең басты қасиеті болып табылады. Мөлдір жағылғандықтан, бояу астынан қағаздың өз түсі көрініп тұрады. Ал бояу қалыңырақ жағылатын жерлерге әлденеше бояу қабаты түсіріледі. Акварель бояуының тағы бір өзіндік ерекшелігі сол, онда бір түс пен екінші түстің арасында айқын айырмашылық болмайды: олар бір-бірімен жымдасып, бірбіріне жігі білінбей, жұмсақ реңкпе жалғасып жатады. Акварельмен сурет салудың тиімді әдістері: акварель бояумен жұмыс жасау техникасында ақ түс қолданылмайды, өйткені оның орнына қағаздың өз түсі қолданылады. Акварель бояуымен жұмыс жасағанда су пайдаланылады. Акварельмен жұмыс жасаған кезде көбіне күзеннің немесе тиіннің түбітінен жасалған қылқаламдар пайдаланылады. Акварельге арналған қылқаламдардың қылшықтары жұмсақ әрі ұзын болады, мұның өзі бояуды қалыңдатып жағуға да, ал қажет кезінде ұсақ детальдарды кемеліне келтіре жасауға да мүмкіндік береді.

Шығармашылық жұмыс.

Суретті неге сулы қағазға салады? (онда анық емес, көмескілік қажет) Қағазды аздап ылғалдауды үйрету. Қағаз тым сулы болса сурет шықпауы мүмкін. Сондықтан мақтаны таза суға малып алып, сығып түгел қағаз бетімен немесе кейбір бөліктеріне жүргіземіз. Осылай қағаз әзір болады.

«Бұлтты күн» аспан әлемінде қандай өзгерістер болады? Сурет салатын парақ әзір болам дегенше, сұрақтарға жауап беру. (Жел тұруы, ағаштар қозғалады)

Қоржынға киіз үй жабдықтарын жинайды.







Мәтін тыңдайды.













Көзге арналған жаттығу жасау



Коллаж жасайды

Билейді

Өлең құрастырады.



Оқушы пікірін тыңдау

1.Қағазды мақтамен немесе қылқаламмен сулау.

2. Қажетті бояулар арқылы ағаштар мен аспан әлемін бейнелеп салады.

Дискриптор

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

«Сулы қағазға ағаш бұтағын салу» https://aitube.page.li nk/Xank





























35-45 мин

Аяқталуы



Оқушылар өз туындыларына атау беріп, сыныпқа ұсынады, өздерінің және сыныптастарының жұмыстарын бағалайды.

Көрме ұйымдастыру

Жұмыс орнын тазалау.

Оқушылардың өз жинауын қадағалау

Көрме ұйымдастыру арқылы әдемі салынған жұмысты таңдау.











Бейнелеу өнері

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 1 сабақ 4

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Мүсін

Сабақтың тақырыбы:

«Аққала» – ермексаздан мүсіндеу

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

1.2.4.1 Жұмысты орындау мүсін мен техникасының түрлерін білу.

Сабақтың мақсаты:

Мүсін түрлерімен танысу.

Ермексаз жолағын белгілі бір бөліктерге бөлу туралы білім алу.

Жапсырмалау және құрастыру тәсілдері туралы білім алу.

Құндылықтарды дарыту

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ

  • халықпен/ мемлекетпен бірлікті және өз мемлекетінің дамуы үшін жеке жауапкершілікті түсіну;

  • ұлттық және мәдени бірегейлікті түсіну;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы

0-5 мин



Оқушылармен сәлемдесу. Құндылықтарды еске түсіру. Мұғалім оқушылармен «тәуелсіздік және отаншылдық» тақырыбында ой қозғау. Оқушыларды фотоколлаж туындыларымен таныстыру

Бағалау парақшасымен таныстыру

Топтарға бөлу.

Оқушыға түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Мүсіндеу – көлемді бұйымдар жасалатын бейнелеу әрекетінің бір түрі. Мүсіндеу арқылы саусақтардың икемділігі, сондай-ақ баланың сөйлеу, ойлау, логикалық қабілеттері артады.

Мүсіндеу материалдарының кейбір ерекшеліктері бар, мысалы, ермексаз кеппейді, онымен жасаған жұмысты кез келген уақытта түзетуге болады.

Ширату жаттығуын орындайды. Оқушылар ой қозғайды, ойларын айтады,

сұрақтарға жауап береді.Бейнежазбаны көргеннен соң, сабақтың мақсатын болжайды.

Мұғалім сабақтың басында оқушыларға жұмысын қалай көрсетуді және оны қалай талдауды түсіндіреді.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер


11-20 мин




Ортасы



21-40 мин




Білу және түсіну

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

Жаңа сабақ.

«Ермексазбен жұмыс жасау» видеоролигін көру.

Мүсіндеу тәсілдері. Ермексаздан мүсін жасау үшін оның домалақтау, шиыршықтау, жаныштау, созу, тегістеу және т.б. негізгі тәсілдерін үйрену керек. Оларды білсең, қажет пішіндерді жасап, жұмыс істей аласың.

Домалақтау. Ермексаздың бір бөлігін екі алақанмен ширатып, дөңгелек пішінге келтіреміз.

Шиыршықтау. Дөңгелек ермексазды жұмыртқа немесе цилиндр пішінге келтіру. Екі қолды бір-біріне көлбеу ұстап, шиыршықтаса, ермексаз жұмыртқа қалпына келеді.

Жаныштау. Ермексазды тандыр нан немесе диск пішініне келтіру үшін оны алақанмен үстелдің үстінде қатты жаныштау керек.

Шымшу. Үлкен пішінді бұйымның ұсақ бөлшектерін шығаруда қолданылатын әдіс.

Созу. Ермексазды қолмен созып, қажет пішінге келтіру. Тегістеу. Ермексаздан жасалған бұйымның артық бөлшектерін саусақ немесе кескішпен алып тастау үшін қолданылатын әдіс.

Кесу. Ермексазды кескішпен бірнеше бөліктерге бөлу. Тілу. Бұйымға қайшымен тілік жасау. Бұл әдіспен шөп, кірпінің инесі, құстың қауырсынының кескінін шығаруға болады.

Біріктіру. Бөлшектерді бір-біріне қатты күш салмай жапсыру. Балаларға бұл тәсілдердің бәрін бірден айтуға болмайды

Шығармашылық жұмыс.

Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп, түсіндіру:

ермексазды әртүрлі 3 бөлікке бөлу;

-бөліктерді алақан арасына салып домалақтау;

үлкен бөлігі-астына, ортаншы бөлігі ортасына, кіші бөлігі үстіне қою;

-бөліктерді біріктіру, қолын таяқшалардан жасау; Қажет болған жағдайда жеке балаға көмек көрсетіледі. «Аққала» –досына ат қойдыру.


Оқушылар өз жұмыстарын көрсете отырып, жеткізейін деген ойларын айтады, жұмысының нәтижесін бағалайды, мұғалім мен оқушылардың сұрақтарына жауап береді.

Дискриптор

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

«Ермексазбен жұмыс жасау» https://youtu.be /4FBqK2AvQE U

40-45 мин

Аяқталуы



Оқушылар өз туындыларына атау беріп, сыныпқа ұсынады, өздерінің және сыныптастарының жұмыстарын бағалайды.

«Досың кім?» ойыны.

Аққала неше бөліктен тұрады?

Мұрнын, көзін неден жасайды?

Түстері қандай?

Аққаланы неден жасайды?

Жұмыс орнын тазалау.

Ойынға қатысады. Балалар жасаған жұмыстарын көрсетеді. Үш бөліктен тұрады. Сәбізден, көмірден жасайды. Қызғылт сары, қара. Қардан жасайды

Оқушылар мүсіндеген заттары бойынша білгендері мен үйренгендерін қорытындылайды.





Бейнелеу өнері

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 1 сабақ 5

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Сәндік-қолданбалы өнер

Сабақтың тақырыбы:

«Торсық» - түрлі-түсті қағаздан жасалған аппликация.

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

1.2.5.1 Жұмысты орындау үшін сәндік-қолданбалы өнер түрлерін және кейбір техниканы білу..

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: Сәндік қолданбалы өнер туралы түсінеді. Берілген шаблонды дұрыс қолдана алады.

Көптеген оқушылар: Сәндік қолданбалы өнер туралы түсінеді. Торсықтың жасалу техникасын ұғынады.

Кейбір оқушылар: Сәндік қолданбалы өнерді түсінеді, торсықтың жасалу алгоритімін құрастырады және сипаттайды.

Құндылықтарды дарыту

ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК

  • мемлекеттің тарихи және мәдени мұрасын, дәстүрлерін, мерекелерін құндылық ретінде бағалау;

  • мемлекеттік тілді жетік меңгеруге және оны белсенді қолдануға ұмтылу;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы

0-5 мин



Оқушылармен сәлемдесу. Құндылықтарды еске түсіру. «Әділдік және жауапкершілік» тақырыбында ой қозғау. Оқушылар арасында шағын пікірталас жүргізу.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Ширату жаттығулары арқылы жүреді.

Күлімде, күн, күлімде,

Күлсін барлық бала шат.

Берекелі бүгіндей,

Бейбіт болсын болашақ.

Сәлемдеседі Ширату жаттығуын орындайды.

Оқушылар құндылық туралы мақал-мәтел, өлең шумақтарын айтады.

Ауызша бағалау Тамаша!

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер

11-20 мин




Ортасы



21-40 мин




Білу және түсіну

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

Жаңа сабақ.

Тақтада «Сәндік қолданбалы өнер» деп жазулы тұрады. Оқушыларға тақырыпқа сай видео көрсету. https://youtu.be/Eq6cCrdSqmg

-Балалар, мына бейне жазбадан не түсіндіңдер?

-Үйлеріңде оюлы не бар?

Оқушылардың жауаптары.

Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ,қалай ойлайсыңдар?

Оқушылар сабақтың мақсаттарын түсіндіреді:

біз енді сәндік қолданбалы өнер туралы білеміз;

Қазір біз сабақта торсықты түрлі-түсті қағаздан жасайтын боламыз.

Сергіту сәті «»Көңілді күн» биін билеу.

Суретпен жұмыс.

Суретті қарастырыңдар. Суретте қандай ерекше жағдай бейнеленгенін түсіндіріңдер. Торсықтың пайдасы туралы айтады. Торсықтың жасалу жолдарын айтады.

Оқушыларға шаблон таратып беріледі. Олар сол шаблон арқылы торсықты және оюды бастырады.

Дескрипторы:

-Суретке қарап не бейнеленгендігін айтады;

-Дайын шаблонмен жұмыс жасайды;

Саралау тәсілі: «Тапсырма» әдісі арқылы жүргізіледі. Кейбір оқушыға:

- Өз пікіріңді айт.

Жасаған торсыққа бастырған оюларын желімдейді. Торсық – Орталық Азиядағы түркі халықтарының қымыз, шұбат, іркіт құюға арналған ежелгі ыдысы. Әсіресе, қырғыз, қазақ, түрікмен, қарақалпақ халықтары пайдаланған. Торсық түйенің, бұғының, өгіздің мойын терісінен жасалады. Жүні жидітілген теріні қалыпқа салып пішеді де таспамен тігеді. Торсықты саба сияқты қарағайдың бүрімен немесе арша, тобылғымен ыстайды. Торсықтың түрлері:

  • шимайторсық

  • өркешторсық

  • жанторсық

  • мүйізторсық, т.б.

Торсықтың бүйірі дөңгелек, мойны жіңішке әрі ұзын болып келеді. Аузына ағаштан тығын тығылады. Ол жоғалып қалмау үшін қайыстан бау өткізіп, бір ұшын торсықтың мойнына бекітіп қояды.

Бейне жазбаны көргеннен соң, тақырыпты шығарады.


Сұрақтарға жауап береді.







Өз бөлмелерінің дизайны жайлы ой бөлісуі мүмкін.





Билеп сергиді.

- Түрлі-түсті қағаздан торсықтың жасалу жолдарын түсінеді Билеп сергиді. Өздері түрлітүсті қағаздан шаблонның көмегімен торсықты жасайды.









Дискриптор

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.














Сурет дәптер


Интерактивті тақта.

40-45 мин

Аяқталуы



Рефлексия: «Алтын балық» әдісі.

Оқушыларға жасырын сурттер таратылады.

Кімге алтын балық түссе, сол оқушы ортаға шығады. Балалар сол оқушыға сұрақтар қояды. Жауап бере алмаса, басқа оқушыларға көмектесуге болады.


«Алтын балық» әдісі бойынша ой қорытып, сабаққа рефлексия жасайды

Оқушылар мүсіндеген заттары бойынша білгендері мен үйренгендерін қорытындылайды.

















Бейнелеу өнері

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 1 сабақ 6

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Сәндік-қолданбалы өнер

Сабақтың тақырыбы:

«Гүлді ою» - гуашпен сурет салу

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

1.3.5.2 Сәндік өнердегі «жалпылау» ұғымын білу, оны бейнелер мен пішіндердің көмегімен сәндік - қолданбалы өнер құралдары арқылы қолдану.

Сабақтың мақсаты:

«Жалпылау»ұғымымен танысу.

Қылқаламмен өсімдік оюларын салу әдістері туралы білім алу.

Құндылықтарды дарыту

ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК

  • өзін-өзі ұйымдастыру, міндеттерге басымдық беру, жұмыс уақытын жоспарлау;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы

0-5 мин



Оқушылармен сәлемдесу. Құндылықтарды еске түсіру. «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» тақырыбында ой қозғау.
Оқушылар мақал-мәтел, өлең шумақтарын айту.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

«Ізгі тілек» әдісі арқылы жүреді.

Сәлемдеседі. Бір-бірлеріне ізгі тілектерін айтады..

Оқушылар құндылық туралы мақал-мәтел, өлең шумақтарын айтады.

Ауызша бағалау Тамаша!

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер

11-20 мин




Ортасы



21-40 мин




Білу және түсіну

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

Жаңа сабақ.

Ой қозғау

-Мына суретте не көріп тұрмыз?

-Қазақтың ұлттық киімі екенін қайдан білдіңіздер?

  • Ою-өрнек,-үй-іші мүліктері, тоқыма бұйымдар, еңбек құралдары, қару-жарақ, архитектуралық ғимараттарды әшекейлеуге арналған, жүйелі ырғақпен қайталанып отыратын әрі үйлесімділікке құрылған өрнек-нақыштар. Қазақ ою-өрнегінің негізгі композияциялық құрылымы:

  • жиектік өрнектер - оюөрнекті жолақ (фриздер, жиектер т.б.);

  • Өсімдік тектес ою-өрнектер

  • гүлді өрнектер (шеңбер түріндегі ою-өрнектер, розетка, күн белгісі, т.б.);

  • торлы ою-өрнектер (заттың бетін тұтас жауып тұрады);

  • геометриялық (әр түрлі геометриялық денелерден құралады);

  • зооморфтық ою - өрнектер (жануарлар, яғни аңқұс, балық, әр түрлі жәндіктер т.б.);

  • көкөніс (өсімдіктердің гүлі, жапырағы, сабағы, жәні т.б. элементтері).

  • қиял-ғажайып өрнектер (бойтұмарлар, аспан әлемінің белгісі).


Сергіту сәті «Мен қазақпын» өлеңін сергіту сәтін жасату Практикалық кезең

Біз бүгін сіздермен өсімдік оюларын саламыз. Шеберлер өз бұйымдарын сәндеуде өсімдіктер мен гүлдердің суреттерін көп қолданған. Мұндай өрнектер іс жүзінде әлемдегі барлық халықтың мәдениетінде кездеседі. Өсімдік тектес оюлар қазақтың қолданбалы шығармашылығында лайықты орын алады. Олар - жапырықтар, жапырақшалар, үш жапырақты өсімдіктер, бүршіктер және гүлдер. Гуашпен сурет салу. Гуаш кескіндемесін қағазға, фанераға, әйнекке, матаға бояуға болады.Гуашпен салынған сурет көңіл-күйді керемет жеткізе алады.

Оқушылардың салған суреттерін тексеру.Гуашьпен бояған суреттеріне талдау жасау

-Қазақтың ұлттық киімдерін көріп тұрмыз. -Ұлттық киімдерімізде қазақтың ою-өрнектері бейнеленген.











Оқушылар ою-өрнек түрлерімен таныса отырып, өздері осы оюларды қайдан көргендерін еске түсіріп айтып береді.

«Мен қазақпын» өлеңінің ырғағына билейді

Оқушылар өсімдік оюларының түрлерімен танысады.

Оқушылар өздеріне ұнаған өсімдік оюының суретін салады.Гуашьпен бояйды.

Өздерінің жұмыстарына қысқаша талдау жасап кетеді.




Дискриптор

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.





Ұлттық киімдерің суреттері











40-45 мин

Аяқталуы



Рефлексия: «Кемпірқосақ» әдісі

Тақтадағы кемпірқосақ суретіне өз есімдері жазылған стикерлерді желімдейді.

«Кемпірқосақ» әдісі





Бейнелеу өнері

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 1 сабақ 7

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Дизайн және сәулет (көркем құрастыру және модельдеу)

Сабақтың тақырыбы:

«Карнавал бетпердесі»

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

1.2.6.1 Жұмысты орындау үшін дизайн түрлерімен және дизайнмен модельдеудің кейбір әдістерімен танысу.

Сабақтың мақсаты:

Дизайн түрлерімен танысу.

«Құрылыс» ұғымымен танысу.

Қатырма қағаздан жасалған жалпақ бетперде құрастыру әдістері.

Симметриялық бөлшектерді кесу әдістері туралы білім алу..

Құндылықтарды дарыту

ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ

  • жаңа идеяларды ұсыну;

  • заманауи цифрлық құралдар мен технологияларды меңгеру;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы

0-5 мин



Оқушылармен сәлемдесу. Құндылықтарды еске түсіру.

Бағалау парақшасымен таныстыру«Жасампаздық және жаңашылдық» тақырыбында ой қозғау.
Оқушылар арасында шағын пікірталас жүргізу.


Топтарға бөлу.

. Психологиялық дайындық

-Әрбір адам? Досым, сыныптасым.

-Әрбір сабақ? Үйрену, оқу, іздену.

-Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адамдық.

-Әр сөзің? Шындық, адалдық.

Сәлемдеседі. Ой қозғайды, ойларын айтады.

Психологиялық ахуалға берілген өлең шумақтарын мұғаліммен бірге қайталап, айтады.

Ауызша бағалау Тамаша!

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер

11-20 мин




Ортасы



21-40 мин




Білу және түсіну

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

Жаңа сабақ.

Түрткі сұрақтар қою

-Сәулет өнері дегеніміз не?

-Дизайн дегеніміз не?

Бұл сөздер сіздерге таныс па?

Сәулет - құрылыс өнері; жобалау және құрылыс салу өнері. Дизайн -бұл затты әсемдеу ететін әдістердің жиынтығы.

Дизайн түрлері:

  • Анимациялық дизайн

  • Сәулет дизайны

  • Веб-дизайны

  • Графикалық дизайн

  • Интерьер дизайны

  • Киім дизайны

  • Ақпараттық дизайн

  • Ландшафтық дизайн

  • Баспа дизайн

Мұғалім оқушыларға дизайн жайлы мәлімет бере отырып, оның түрлерімен таныстырып тоқталып өтеді.

Функционалдық сауаттылықтарын арттыру мақсатында өз бөлмелерінің дизайны жайлы сұрау.


Сергіту сәті «Көңілді жаттығу»


Практикалық кезең

-Қыста біз қандай мерекені тойлаймыз?

-Жаңа жылда қандай киімдер киеміз?

-Бір-бірімізге тосынсый жасау үшін бетперде киеміз.Онда біз бүгін сіздермен«Карнавал бетпердесін» жасаймыз.

Қажетті заттар:қатырма қағаз,желім, қайшы,таспабау. Бетперде суреттермен таныа отырып, өз дизайны арқылы өзі киетін бетпердені жасау.

Қайшымен жұмыс жасау кезіндегіқауіпсіздік ережесі.

1.Қайшы өткір болу керек.

2.Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме. 3.Қайшының жүзін жабық түрге келтіріп,партаның оң жағына қоямыз.

4.Қайшымен жұмыс жасап жатқанда жолдасыңның көңілін бөлме.

Оқушылардың жасаған жұмыстарын тексеру.

Әр оқушының дизайны мен таңдаған түстері жайлы сұрау.

Бүгінгі сабақты пысықтау.

Оқушылар мұғалімнің тарапынан қойылған сұрақтар жайлы білетін болса өз жауаптарын береді.

Оқушылар өздері білетін дизайн түрлері жайлы айтады.

Өз бөлмелерінің дизайны жайлы ой бөлісуі мүмкін.





Оқушылар сергіту сәтін мұғаліммен бірге жасайды.

Оқушылар өз ойларымен бөліседі.

Бетпердені қай кезде киетінін,не үшін киетіні жайлы өз ойларын айтады.

Картон қағаздан бетперде жасау.Қалаған түсті таңдап алып, өз дизайны арқылы сызып қиып жасау. Оқушылармен біріге отырып қауіпсіздік ережелерін қайталау.

Әр оқушының жасаған жұмыстарын тексеру.Ой түйіндеу.




Дискриптор

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.























Картон, желім, түрлі түсті қағазар

40-45 мин

Аяқталуы



«Алма ағашы»

Жасыл алма-бүгін көп нәрсені түсіндім, маған пайдалы болды;

Қызыл алма-бүгін сабақтан түйгенім өте көп, маңызды болды;

Сары алма-бүгін сабақта түсінбеген сұрақтарым бар, оқуым керек.

Жұмыс орнын тазалау.

Ойынға қатысады. Балалар жасаған жұмыстарын көрсетеді. Үш бөліктен тұрады. Сәбізден, көмірден жасайды. Қызғылт сары, қара. Қардан жасайды

Оқушылар мүсіндеген заттары бойынша білгендері мен үйренгендерін қорытындылайды.




Бейнелеу өнері

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 1 сабақ 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Дизайн және сәулет (көркем құрастыру және модельдеу)

Сабақтың тақырыбы:

«Ертегі кейіпкерінің үйі» сурет-жоба.


Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

1.2.6.2 Жұмысты орындау үшін сәулет стильдерімен және дизайнмен модельдеудің кейбір әдістерімен танысу.

Сабақтың мақсаты:

Қарапайым деңгейде сәулеттік стильдермен танысу. Сәулеттік композицияның қарапайым әдістері туралы білім алу.

Құндылықтарды дарыту

БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ

  • тапсырмаларды тиімді орындау үшін қажетті академиялық және техникалық, заманауи технологиялар мен әдістер туралы білімінің болуы;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы

0-5 мин



Оқушылармен сәлемдесу. «Бірлік және ынтымақ» тақырыбында ой қозғау.
Оқушылар арасында шағын әңгіме жүргізу.

Психологиялық дайындық

«Мен ақылды баламын» әр бала өздерінің жақсы қасиеттерін атап, қалай өсіп келе жатқандарын айтады.

Мыс: Мен Балнұр, балдай тәтті үйдің еркесімін. Мен Асқар, барлығынан біліміммен барлығынан асып түссем деймін т.б.

Сәлемдеседі. «Бірлік және ынтымақ» тақырыбында ой қозғап, сұрақтарға жауап береді.

Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы әрқайсысы өз есімдерімен байланыстыра айтады.

Ауызша бағалау Тамаша!

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер

11-20 мин




Ортасы



21-40 мин




«Тосынсый» ой шақыру

- Дизайн дегеніміз не?

Дизайн -бұл затты әсемдеу ететін әдістердің жиынтығы.

- Дизайн түрлері көп екенін білдік, қандай-қандай?.

Дизайн түрлері:

  • Анимациялық дизайн

  • Сәулет дизайны

  • Веб-дизайны

  • Графикалық дизайн

  • Интерьер дизайны

  • Киім дизайны

  • Ақпараттық дизайн

  • Ландшафтық дизайн

  • Баспа дизайн

-Қыста біз қандай мерекені тойлаймыз?

-Жаңа жылда қандай киімдер киеміз?

-Бір-бірімізге тосынсый жасау үшін бетперде киеміз

-Сендер қандай ертегі кейіпкерлерін таныдыңдар Сәулет - құрылыс өнері; жобалау және құрылыс салу өнері.

Сергіту сәті «Көңілді жаттығу»


Практикалық кезең

«Ертегі кейіпкерінің үйі»сурет-жоба жасап салады.Ол суретте өз дизайндарын қолдана отырып, салады. Қауіпсіздік ережесімен таныстыру

- Жұмыс орынын дайында

- Мұғалімінің рұқсатынысыз жұмысты бастама

- Қию құралдарымен ойнама

Жұмыс соңында жұмыс орныңды жина

Оқушылардың жасаған жұмыстарын тексеру.

Әр оқушының дизайны мен таңдаған түстері жайлы сұрау.

Бүгінгі сабақты пысықтау

Оқушылар мұғалімнің тарапынан қойылған сұрақтарға өз жауаптарын береді.

Оқушылар өздері білетін дизайн түрлері жайлы айтады.

Оқушылар сергіту сәтін мұғаліммен бірге жасайды.

Оқушыларға бірнеше ертегі кейіпкерлерін ұсынамыз. Соның ішінен өздеріне ұнағанын таңдап алып,сол ертегіге үйдің суретін салады.




Дискриптор

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Слайд

40-45 мин

Аяқталуы



Рефлексия

«Алма ағашы»

Жасыл алма-бүгін көп нәрсені түсіндім, маған пайдалы болды;

Қызыл алма-бүгін сабақтан түйгенім өте көп, маңызды болды; Сары алма-бүгін сабақта түсінбеген сұрақтарым бар, оқуым керек.

Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша алма түсін таңдап алып, ағашқа жапсырады.

«Кемпірқосақ» әдісі










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!