Материалдар / 1-сынып оқушыларының оқу-тәрбие үрдісіне бейімделуі туралы талдауы 1-тоқсан 2022-2023 оқу жылы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

1-сынып оқушыларының оқу-тәрбие үрдісіне бейімделуі туралы талдауы 1-тоқсан 2022-2023 оқу жылы

Материал туралы қысқаша түсінік
1-сынып оқушыларының оқу-тәрбие үрдісіне бейімделуі туралы талдауы, 1-тоқсан 2022-2023 оқу жылы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қаңтар 2024
84
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің «Достық кентінің №11 орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ

1-сынып оқушыларының оқу-тәрбие үрдісіне бейімделуі туралы талдауы .

Жаңа ғасырдағы мектеп алдындағы міндет – егеменді еліміздің жас ұрпағын жан - жақты дамыта отырып тәрбиелеу. Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Ал жас ұрпақты жан - жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейін жоғары етіп қалыптастырудың бірден бір жолы – оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс – тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Бұл ретте мұғалімнің терең біліктілігі қажет. Қазіргі таңда бастауыш сынып ұстаздары үшін оқушыларының мектепке дайындығы мен бейімделуі бірқатар кедергілер мен қиындықтарға толы.
Қазіргі заманда 6 жасар балаларды мектепке оқытуға дайындау өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Алты жасар баланың алғаш рет мектепке келуі — балаға да және оның ата - анасына да өте жауапкершілікті кезең болып саналады. Оқу әрекетіне еш ауыртпалықсыз әрі табысты кірісіп кету үшін баланың дені сау және жан - жақты даярланған болуы қажет. Осыған орай мен оқушылардың мектепке, оқу үрдісіне тез бейімделуін қатаң бақыладым.

Биылғы 2022 - 2023 оқу жылында 1 «А» сыныбында 24 оқушы болды. Соның ішінде 12 -і қыз бала, 12 - і ұл бала. 1-тоқсанды 24 оқушы аяқтады. Барлық оқушы даярлық тобында болған.

1 «Ә» сыныбында да 24 оқушы болды. Соның ішінде 12 -і қыз бала, 12 - і ұл бала. 1 оқушы-Қайрат Жания Талдықорған қаласынан 27.09 күні ауысып келген.1---тоқсанды 25 оқушы аяқтады. 13 -і қыз бала, 12 - і ұл бала. Барлық оқушы даярлық тобында болған.

Бірақ оқушылар мектепке әртүрлі деңгейдегі дайындықпен келді.
Оқудың алғашқы аптасында - ақ кейбір оқушылар өздерін әлі оқушы сезіне қоймады. Өздерін даярлық сыныптағыдай сезініп, іс - әрекеттер жасай бастады. Тек оқудың 5 - 6 апталарында жұмысқа қабілеттілік көрсеткіштері тұрақты бола бастады және біртіндеп жоғарылады.


1-ші сынып оқушыларының әлеуметтік жағдайы.

Көп балалы жанұя балалары-1А сыныбында-8 ; 1Ә сыныбында-8

Аз қамтылған жанұя балалары-1А сыныбында- 1; 1Ә сыныбында-1

Жартылай жетім балалар саны-1А сыныбында-0 ; 1Ә сыныбында-1

1А сыныбында-8 ; 1Ә сыныбында-9 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген

Ата - аналармен өткізілген сынып жиналысында, оқушының мектепке бейімделуі жайлы көп сөз қозғалған болатын.Қыркүйек айында «Бейімделу кезеңіндегі ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынас»тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста «1-сынып оқушысының мектепке бейімделуі» тақырыбында мектеп психологы А.Ж.Дуйсенова баяндама оқыды. Мектеп психологы А.К. Каметова ата-аналармен«Жүректен-жүрекке» тренингін өткізді.Өзіміз ата-аналарға баланың оқу үлгерімін жақсарту жайында ұсыныстар айттық.Ата-аналар комитетін сайладық,қазір сол ата-аналармен тығыз байланыстамыз.

Shape1

Shape2

Сабақта да әр түрлі әдіс-тәсілдерді,ойындарды қолданамыз,мысалы әліппе сабағында буындап жылдам оқуға дағдылану үшін «Кім жылдам?», «Қолғапты ки», «Сөз құра,тез құра», «Көзілдірік», «Сөздерді ұшырамыз»т.б. көптеген ойын түрлерін пайдаланамыз. Бұл ойындарды оқушылар таласып қызыға орындайды.

Shape3

Shape4 Математика сабағында да жаңа әдіс-тәсілдерді қолданамыз, «Құрастыр»әдісінде балаларға сурет бойынша сандардың қосындысы мен айырмасын құрастырады және мысалдардың мәнін есептейді,мұндай тапсырмаларды оқушылар қызығушылықпен орындайды.

«Біліміңді қолдан»әдісінде оқушылар сандардың құрамын естеріне түсіріп жазады. Сонымен қатар оқушылармен жұптық жұмыс та жүргіземіз, «Құрастыр және есепте» әдісінде жұбымен бірге екінші қосылғышты алу үшін текшені кезектесіп лақтырады да түскен санмен мысалдар құрастырады және есептейді.

Сабақтың соңында «Бағдаршам» әдісі бойынша кері байланыс жасайды,сабақта бәрі түсінікті болып сабақ ұнаса «жасыл»түсті көтереді,сабақта бір нәрсені түсініңкіремесе «сары» түсті көтереді,ал сабақта ештеңе түсінбей сабақ мүлдем ұнамаса«қызыл» түсті көтереді.

Shape5 Shape6



Мектеп жарғысындағы оқушының міндеттері мен ережелері үнемі сақталып отырады. Күн тәртібінің орындалуы, мектеп формасының сақталуы жақсы жағдайда. Оқушыларымен қарым-қатынасымыз жақсы деңгейде, оқушылар сабаққа көтеріңкі көңіл күймен келеді.Оқушылармен жеке, топпен, жалпылама жұмыс жасалынады.Ата-ана тарапынан үйдегі оқытуға қадағалау бар.

Оқушыларды ән сабағында дайындап Ұстаздар күнінде «Ұстаз ана» әнін сахнаға шығып хормен керемет орындады. Shape7

Ал «Ырғақты қозғалыс» үйірмесінде бидің ырғағын үйреніп, ата-аналардың көмегінің арқасында, 25-қазан Республика күніне орай өткен мерекеде 1-сынып қыздары сахнада «Қамажай»биін орындады.

Shape8

Міне 1-сынып оқушыларының бейімделлуіне ата-аналарымыз да көмектерін аяп жатқан жоқ. Өстіп жыл бойы ата-аналармен бірлесе отырып тығыз жұмыс жасасақ,оқушыларымыздың мектеп өміріне бейімделуі өз деңгейінде өтеді деген ойдамыз.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!