Материалдар / 1-сынып оқушыларының оқу-тәрбие үрдісіне бейімделуі туралы талдауы 2-тоқсан 2022-2023 оқу жылы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

1-сынып оқушыларының оқу-тәрбие үрдісіне бейімделуі туралы талдауы 2-тоқсан 2022-2023 оқу жылы

Материал туралы қысқаша түсінік
1-сынып оқушыларының оқу-тәрбие үрдісіне бейімделуі туралы талдауы 2-тоқсан 2022-2023 оқу жылы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қаңтар 2024
98
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің «Достық кентінің №11 орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ

2022-2023 оқу жылының 2-тоқсаны бойынша

1-сынып оқушыларының оқу-тәрбие үрдісіне бейімделуі туралы талдауы .

Мектепте оқу - бала өміріндегі әр түрлі жүктемесі бар ең маңызды кезеңге жатады: бала өміріндегі әлеуметтік - психологиялық өзгерістер - жаңа қарым - қатынастар, жаңа міндеттер, «оқушының» жаңа әлеуметтік рөлі. Оқушы болу баланы саналы түрде өзінің орнын, мұғалімнің позициясын, қарым - қатынастағы белгіленген ара қашықтықты, осы қарым - қатынастар құрылатын ережелерді талап етеді. Мұнда баланың мектепке бейімделуінің бірінші кезеңінде баланы бірге алып жүретін адамдар - мұғалімдер мен ата - аналар қандай іс - әрекеттерді таңдайтындығы; қандай да бір қиын жағдайда тиімді әрі дер кезінде психологиялық қолдау көрсету мүмкіндіктерінің қалай болатындығы өте маңызды рөл атқарады. Әсіресе алғашкы күндер (кейбір балалар үшін алғашқы айлар) қиын болады. Бұл уақытта жаңа жағдайға бейімделудің қиын үдерісі жүріп жатады. Бейімделу кезеңінде баланың ұйқысы бұзылады, тәбеті тартпайды, ашушаңдық, мазасыздық, тұйық мінезділік, жылау, балаға тән емес көп сөйлегіштік немесе сөзге сарандық және т.б. өзгерістер болады. Бұлардың барлығы жүйкесінің шаршауының сыртқы көрінісі болып табылады, бірақ бұл өзгерістер уақыт өте келе қалпына келеді, балалар мектеп өміріне үйренеді, аз шаршайды; көңіл - күйлері көтеріңкі жүреді, ата-аналарымен, құрдастарымен еркін араласады, тапсырмаларды орындауға тырысады. Көптеген балалардың мектепке бейімделу үдерісі осылайша орын алады. Ал кейбір балаларда жаңа жағдайға бейімделу аса ауыр міндет болып табылады: олар жиі әрі ұзақ ауырады, ауырғаннан кейін ағзалары әлсіреп, қарсы тұру қабілеті төмендейді. Неліктен көптеген балалар оқудың алғашқы кезеңін бұлай қабылдайды? Мәселе өте күрделі. Балалардың мектепке бейімделу ерекшеліктерінің басты себептердің бірі - баланың денсаулық жағдайы, биологиялық жетілу деңгейі, сондай-ақ оқыту үдерісіне қажетті сол біліктер мен әрекеттердің дамуы болып табылады. Мектепке алғаш келу кезеңі, баланың жаңа жағдайға әлеуметтік - психологиялық бейімделу кезеңі. Бала жаңа өмір жағдайына бірдей емес үлгеріммен «көндігеді». Г.М.Гуткинаның зерттеуінде балалардың мектепке бейімделуінің үш кезеңі көрсетілген.

Бейімделудің жоғары деңгейі. Бірінші сынып оқушысы мектепке дұрыс көзқараспен қарайды, ұсынылған талаптарды бірдей қабылдайды; оқу материалын жеңіл меңгереді; бағдарламалық материалды толық және терең игереді, қиындатылған міндеттерді шешеді; мұғалімнің түсіндірмесін, нұсқасын назар қойып тыңдайды; тапсырмаларды ішкі бақылаусыз орындайды; өзіндік жұмысқа үлкен қызығушылық танытады, барлық сабаққа дайындалады; қоғамдық тапсырмаларды жауапкер-шілікпен орындайды; сыныпта жақсы беделге ие.

Бейімделудің орташа деңгейі. Бірінші сынып оқушылары мектепке жағымды көзқараспен қарайды, оның мектепке келуі жағымсыз уайымды туғызбайды; оқу материалын мұғалім нақты және көрнекі түрде түсіндірсе ғана түсінеді; оқу бағдарламасының негізгі мазмұнын игереді, типтік есептерді өз бетімен шешеді; үлкендердің нұсқауларын, тапсырмаларын орындауда ұқыпты, бірақ оның бақылауымен сабаққа дайындалады және үй тапсырмасын үнемі орындайды; қоғамдық жұмыстарды адал орындайды; сыныптастарының көбімен дос.

Бейімделудің төменгі деңгейі. Бірінші сынып оқушылары мектепке кері және енжар көзқараспен қарайды; денсаулық жағдайына жиі шағымданады; тәртіп бұзушылығы байқалады; мұғалімнің түсіндірген материалын үзіп - үзіп меңгереді; оқулықпен өзіндік жұмыста қиналады; өзіндік оқу жұмысын орындауда қызығушылық танытпайды; сабаққа үнемі дайындалмайды, мұғалім және ата - аналар тарапынан оған бақылау, ескертулер қажет; демалуға берілген үзілісте зейіні мен жұмысқа қабілеттілігін сақтайды; үлгі бойынша жаңа есепті шешу үшін зейіні мен жұмысқа қабілеттілігін сақтайды; үлгі бойынша жаңа есепті шешу үшін мұғалім мен ата - аналардың маңызды көмегін талап етеді; қоғамдық тапсырмаларды ешқандай ықылассыз, тек бақылаумен ғана орындайды, енжар; жақын досы жоқ, сыныптастарының кейбіреулерінің ғана аты мен тегін біледі. Көптеген оқушылар тапсырманы ойын арқылы жақсы түсінеді. - Оқу дағдысы таным және әлеуметтік танымнан құралады, сондай-ақ Н.И. Гуткиннің есебі бойынша оқу дағдысы қажетті өз бетінше деңгейде қамтамасыз етеді. - араласу дағдысын дамыту.

Жайлы бейімделудің белгілері: Біріншіден оқу барысында балаға қолайлы болуы керек. Өзіне сенімсіздік және қорқыныш сезімдері болмайды, мектеп барлық жағымен оған ұнайды. Екіншіден бала жеңіл түрде берілген тапсырманы лезде орындауы тиіс. Егер мектеп қарапайым және дәстүрлі бағдарламада жүргенде, бала сабақ барысында қиындықтарға тап болған жағдайда, сынап мінемей, басқа балалармен салыстырмай қолдау көрсете білу керек. Балалар әртүрлі болады. Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап балаға күш беріп, қолдау көрсете білсе, бала қалыптаса бейімделіп кетеді. Үшінші табысты бейімделудің белгісі – баланың өз бетінше жұмыс жасауы, тапсырманы аяқтап болған соң ғана ересектер көмегіне жүгінуі аса маңызды. Ата-аналардың баланың орнына үй тапсырмасын жасайтын кездері болады, бұл қарама-қарсы әрекет, бұдан бала өзіне деген сенімсіздікті жоғалтады. Басынан баланың өзіне қарсы сұрақ қойып, ата-аналар көмектесуді азайтуы керек.Ең бастысы- бала өзінің қоршаған ортасына, яғни сыныптас достарына және ұстазына бейімделуі.

Қазақ сыныптарында 2-ші тоқсанды 49 оқушы бастады.1а сыныбында 24 оқушы,оның ішінде 12 -і қыз бала, 12 - і ұл бала. 1 «Ә» сыныбында да 25 оқушы, оның ішінде 13 -і қыз бала, 12 - і ұл бала. Келген,кеткен оқушы жоқ,сол 49 оқушы 2-тоқсанды аяқтады.

Енді біз 1-сынып оқушыларының 2-тоқсандағы мектеп өміріне бейімделуі туралы айтатын болсақ,оқушыларымыз 1-тоқсандағыға қарағанда біршама бейімделді деп айта аламыз. Себебі,оқушылардың жазу каллиграфиясы жақсарды,оқулықпен өз беттерімен жұмыс жасай алады,сөздерді буындап қосып оқиды,дәптерге де мұғалімнің көмегінсіз, ретімен,азат жолды сақтап,жоларалықты тастап тапсырмаларды ретімен орындай алады. Сөйлеу этикетін қарым-қатынастың әртүрлі жағдайларында қолдана біледі (сәлемдесу, алғыс білдіру, кешірім сұрау, рұқсат сұрау, қоштасу). Сюжеттік иллюстрация/суреттер топтамасы бойынша әңгіме құрастырады. Сөйлемдердің сызбасын сызып, сөздерге дыбыстық талдау жасай алады т.б.

15-қараша күні «Алтын күз»атты ашық сынып сағаты болды. Онда оқушылар күз туралы тақпақтарын айтып,ән салды,би билеп,жұмбақтар шешіп, «Көкөністер дауы»деген көрініс көрсетті.Көкөністің рөлінде ойнаған әр бала өз сөздерін мәнерлеп айтуға тырысты.Ата-аналар да көмектерін көрсетіп, балаларды биге дайындап,кабинетті безендіруге өз үлестерін қосты.Ата-аналар «Күздің кереметтері»деп көкөніс-жемістерден көрме ұйымдастырды.

Ал 20-желтоқсан күні «Рахмет саған,әліппе!»атты ертеңгілігіміз болды. Онда оқушылар әліппеден меңгерген білімдерін көрсетті. Мәтін оқыды, ережелер айтты,сұрақтарға жауап берді,42 әріпке байланысты тақпақтар айтып,тамылжыта ән салып,би билеп,көрініс көрсетті. Әліппемен қоштасудың өтуіне де ата-аналарымыз көп көмек көрсетті,оқушылардың басына корона,эмблема жасап,киімдерін тіктіріп,сыныпты безендіруге өте үлкен үлес қосты.

Міне біздің ата-аналарымыз бізбен тығыз байланыста, сыныпты көгалдандыруға да көмектерін аяған жоқ,ата-аналар жиналыстарынан да себепсіз қалмауға тырысады,оқушыларды да сабақтан себепсіз қалдырмайды. Өстіп жыл бойы ата-аналармен бірлесе отырып тығыз жұмыс жасасақ,оқушыларымыздың мектеп өміріне бейімделуі өз деңгейінде өтетініне сенімдіміз.



Shape1 Shape2

Shape3 Shape4 27-желтоқсан күні «Қош келдің, жаңа жыл!»атты жаңа 2023 қоян жылына арналған ертеңгілігіміз болды. Онда балалар әр-түрлі жаңа жылдық костюмдерін киіп,шыршаны айналып,аяз ата мен ақшақарға тақпақтарын айтып,ән салып,би билеп өнер көрсетті.

Сонымен қатар әр-түрлі ойындар ойналды,мысалы: «Аққаланы жылдам киіндір», «Қоянға кім көп сәбіз жинап береді»деген ойындарды оқушылар қызыға ойнады.

Қорытындылай келе біз мейірбан адамдар болып, балаларды қаз — қалпында сүюге тиіспіз, шолжаңды да, тіл алғышты да, ақылдыны да, жалқауды да бірдей жақсы көруіміз қажет. Өзіміздің жан — шуағымызды балаларға алаламай тең үлестіруіміз керек. Балаға деген мейрімділігіміз бен махаббатымыз педагогикалық қызметіміздің ең басты дәлелі болуы тиіс. Балаларға деген сүйіспеншілік пен мейірім олармен дөрекі сөйлесуге, олардың жеке басымен намысына тиюге, ұрсып, қорқытуға жол бермейді.
Біз ұлт болашағын, еліміздің келешегі — жас ұрпақты тәрбиелеп отырғанымызды әсте ұмытпаған жөн. Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Біз сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және азаматтық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуіміз қажет.
Біздің жастар елімізді, жерімізді, тілімізді бүкіл әлемге паш етсін десек, жаңа заманға лайық етіп тәрбиелейік. Шәкірттеріміз көзге ғана емес, көңілге де қуаныш сыйлап, өміріміздің гүліне, мәні мен сәніне айналсын. Біз тәрбиелеген ұрпақ тәрбиелі де тәртіпті, ақылды да өнегелі, рухани адамгершілігі мол Қазақстанның беделді азаматы болады деп сенемін!

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!