Материалдар / 1-сынып оқушыларының оқу-тәрбие үрдісіне бейімделуі туралы талдауы 3-тоқсан 2022-2023 оқу жылы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

1-сынып оқушыларының оқу-тәрбие үрдісіне бейімделуі туралы талдауы 3-тоқсан 2022-2023 оқу жылы

Материал туралы қысқаша түсінік
1-сынып оқушыларының оқу-тәрбие үрдісіне бейімделуі туралы талдауы 3-тоқсан 2022-2023 оқу жылы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қаңтар 2024
83
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің «Достық кентінің №11 орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ

2022-2023 оқу жылының 3-тоқсаны бойынша

1-сынып оқушыларының оқу-тәрбие үрдісіне бейімделуі туралы талдауы .

6-7 жастағы баланың мектепке бейімделуі – өте күрделі үдеріс болып табылады. Балалардың мектепке келу сәтінен бастап, психологиялық дамуының тұлғалық айырмашылықтары арта түседі. Баланың мектепке әлеуметтік-психологиялық бейімделуі туралы айта отырып, балалар ортасына бейімделуі туралы сұраққа тоқтала кеткен жөн. Әдетте, бұл үрдістегі

қиыншылықтар балабақшаға бармаған, әсіресе отбасындағы жалғыз өскен балаларда көптеп кездеседі. Егер бұл балаларда әлеуметтік ортамен қарым- қатынаста жеткілікті тәжірибе болмаса, онда олар сыныптастарынан және мұғалімдерден, қалыпты қарым-қатынасты күтуі мүмкін. Сондықтан, мұндай балалар үшін жағдайдың күрт өзгеруі жиі стресcке әкелуі мүмкін, себебі, мұғалім барлық балаларға бірдей қарап, оған өзінің көңілін бөлмесе, оған аяушылық жасамағандай сезінеді, ал сыныптастары мұндай балаларды көшбасшы есебінде қабылдауға асықпайды және оған көнгілері келмейді.

Дезадаптацияның алдын алуда ең тиімді тәсілі, балалармен жүргізілетін топтық жұмыс. Мұндай топтық жұмыс түрінде жүргізілген түзете-дамыту сабақтары жақсы нәтижеге қол жеткізеді және бірінші сыныптың бастапқы оқу кезеңінде жүргізген дұрыс. Осындай сабақтар баланың мектепке қолайлы бейімделуіне жағдай жасауды қамтамасыз етеді, оқу-тәрбие процесінде оның одан әрі қарай сәтті дамуына үлкен көмегі тиеді.

Оқушының ортаға деген оң микроклиматын қалыптастыру арқылы, жағымды атмосфера, эмоционалдық жайлылық, балалар арасында өзара құрметке негізделген тұлғааралық қарым-қатынас орнауына, эмпатия, бірін- бірі қабылдау мен өзара сенім білдіру, өзара іс-қимылды жақсартып, топтық ұжымшылдықтың дамуына зор ықпал етеді.

Бала бірінші сыныпқа барарда өмірінде, өзі толығымен түсіне алмайтын үлкен өзгерістер пайда болады. Мектепте оқыған алғашқы айлар өте күрделі және шиеленісті болып табылады. Білім алуға алғаш келген баланы жоғары сынып оқушылары мен  ересектерден   тұратын  қоғамдық  орта   қарсы  алады. Оған сыныптастары және мұғалімдермен қалыпты қарым-қатынас орнату, үздік білім алуы үшін, мектеп пәндерінің талаптарына бейімделуі қажет.

Мектеп, алғашқы күннен бастап-ақ оқушылардың алдына міндеттер қояды,   ерекше   зияткерлік     және    физикалық    күш     салуын    талап етеді. Педагогикалық-психологиялық диагностика нәтижесі көрсеткендей, балалардың барлығы бірдей мұндай өзгерістерге дайын болмайды. Кейбір оқушылар, тіпті жоғары интеллектуалды даму деңгейімен келген оқушылардың өзіне, мектептің оқыту жүйесі міндеттеген салмақты жүк түседі.

Психологтар көрсеткендей, көптеген бірінші сынып оқушылары, әсіресе алты жасарлардың, мектепке әлеуметтік бейімделуі қиын, себебі мектеп режиміне бағынышты, мектептің мінез-құлық нормаларын игерген, мектеп міндеттері мойындайтын жеке тұлғалық қасиеттері әлі толық қалыптаспаған болып шығады. Баланың мектепке, оқуға деген қарым-қатынас негізі сол уақытта, дәл сол 1-ші сыныпта қаланады.

Баланың мектепке бейімделуі – өте күрделі үрдіс. Кішкентай оқушының мектепке нық үйреніп, дағдылануы үшін бір күн емес, бір апта емес, ұзақ уақыт   қажет  болады.  Бірінші   сынып  оқушыларының   мектепке   бейімделуі оларға жүктелген оңай тапсырма болмайды. Сабақтарда ойын және шығармашылық тапсырмалар, сондай-ақ психологиялық сипаттағы жаттығулар кеңінен пайдаланылады. Балалардың орындаған тапсырмаларының нәтижелерін жинақтау, талқылаудың маңызы зор. Сабақтардың бір бөлігі екі жақты сипатқа ие: олардың құрамында диагностикалық тапсырмалар ғана емес, дамытушылық, түзету жаттығулары болады.

Қазақ сыныптарында 2-ші тоқсанды 49 оқушы бастады.1а сыныбында 24 оқушы,оның ішінде 12 -і қыз бала, 12 - і ұл бала. 1 «Ә» сыныбында да 25 оқушы, оның ішінде 13 -і қыз бала, 12 - і ұл бала. 1А сыныбына 1оқушы келді-Заман Омар,ал 1Ә сыныбына 1оқушы келді-Зияда Айша. Кеткен оқушы жоқ,сонда 51 оқушы

3-тоқсанды аяқтады.

Енді біз 1-сынып оқушыларының 3-тоқсандағы мектеп өміріне бейімделуі туралы айтатын болсақ,оқушыларымыз 1-2 тоқсандағыға қарағанда біршама бейімделді. Сабақта әртүрлі ойын түрлерін пайдаланамыз.Мысалы:ана тілі сабағында Пазлдардан сөздер құрастырады.

Shape1 Shape2 Shape3 Shape4 10-20 сөз аралығында шағын диктанттар жазамыз. Математикадан өзіндік жұмыс

орындаймыз.1наурыз «Алғыс айту»күніне де сынып сағатын өткіздік.

Shape5 Shape6

Ол күннің маңыздылығы туралы түсінік бердік.

8-наурыз мерекесіне орай «Аяулы анашым!»атты сынып сағатын өткіздік. Оны өткізуге ата-аналар да ат салысты.Оқушыларды биге дайындауға көмектесті.Ұлдар «Джентельмендер биін»билеп, қыздар «Аппақ гүлдер»биін биледі.Сынып сағаты Түстер бояуы түрінде өте көңілді әрі қызықты өтті.

Shape7 Shape8





Shape9

23-наурызға арналған «Жыл басы-наурыз!»тақырыбында ашық сынып сағаты болды. Бұл мерекеге ата-аналар да қатысты. Балалар ән салып,әр-түрлі ойындар ойнады,ата-аналар салт- дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап беріп,үсті қазақтың ұлттық тағамдарына толы дастархан жайды.

Shape10 Shape11

Міне 1-сынып оқушыларының бейімделуіне ата-аналарымыз да көмектерін аяп жатқан жоқ. Өстіп жыл бойы ата-аналармен бірлесе отырып тығыз жұмыс жасасақ,оқушыларымыздың мектеп өміріне бейімделуі өз деңгейінде өтеді деген ойдамыз.







Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!