Материалдар / 1 сынып, ҚМЖ, Ақиқатты жолға алып, Адалдықпен өмір бастаймыз!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

1 сынып, ҚМЖ, Ақиқатты жолға алып, Адалдықпен өмір бастаймыз!

Материал туралы қысқаша түсінік
1 сынып, 1 сабақ. Тақырыбы: Ақиқатты жолға алып, Адалдықпен өмір бастаймыз! Сабақ жоспары. 1 сынып ҚМЖ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қырқүйек 2021
932
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары

1 сынып, 1-сабақ

Бөлім: 1

Ғасырлар даналығы

Мұғалімнің аты-жөні, тегі

Жусупова Дана Қалқожақызы

Күні:

06.09.2021ж

Сынып: 1 (а, ә, б, в)

Қатысушылардың саны:

Қатыспағандардың

саны:

1 Сабақтың тақырыбы:

Ақиқатты жолға алып, Адалдықпен өмір бастаймыз!

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

Сабақта, мектепте, қоғамдық орындарда тәртіп сақтай алады;


Құндылығы:

Ақиқат

Қасиеттер:

шыншылдық, қарапайымдылық, шынайылық.

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға адалдық адамның маңызды қасиеті екенін түсіндіре отырып, Ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:


  • адал өмір сүрудің мәнін түсіндіру;

  • шынайы қарым-қатынас жасауға үйрету;

  • қарапайымдылыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу;


Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/ Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі








1.Жағымды көңіл-күй


Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысуын тексереді.
Оқушылар сабақтың ережесін есімізге түсіріп,сыныптың тәртібін сақтап, бүгінгі күнімізді сәтті өткізейік.






Су асты патшалығына ойша саяхат.

(Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады). Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Сабақтағы 5Т Ережесін еске түсіреді.

1.Тәртіп.

2.Талап.

3.Тыныштық.

4.Тазалық.

5.Татулық.

Оқушылар сабаққа дайындығын көрсетеді.



Оқушылар зейін қойып қабылдайды, жағымды күйге енеді, тыныштық орнайды.

Оқулық,

мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал.












https://youtu.be/kUhWprE6nF8

2. Алдын-ала берілген үй тапсырмасын тексеру

1-сабақ болғандықтан мұғалім «Менің жазғы демалысым» тақырыбында әңгіме жүргізеді.

1.Жазғы демалысты қалай өткіздің?

2.Демалыста отбасымен қайда қыдырдың?

3.Жазғы демалыста қандай қызықты сәттер есіңде қалды?

Оқушылар мұғалімінің сұрақтарына жауап береді.Өз ойларын айтады.

Презентация, слайд

3.Жағымды ой-пікір (дәйексөз) әңгіме

Дәйексөзді алдымен мұғалім дауыстап оқып береді.Сосын балаларға дауыстап қайталап айтуды ұсынады. Мұғалім оқушылардан дәйексөздің мағынасын қалай түсінгендерін сұрайды.

Ақиқат –адалдықтың бастауы

Халық даналығы

Сұрақтар:

  1. Шыншылдықты, өтірік айтпауды қалай түсінесің?

Балалар, дәйексөз деген сабақтың тақырыбын, мазмұнын ашатын нақыл сөздер, мақал-мәтелдер. Сендер ол сөздерді түсініп, жаттап алуға тырысыңдар.

Дәйексөзді педагогпен бірнеше рет қайталайды


Презентация, слайд, жұмыс дәптері

4. Оқиға айту (әңгіме)



Мұғалім оқушыларға

«Елеместің адамгершілігі» Ертегісін оқып береді. Мәтін бойынша сұрақтар қойып, оқушылардың ойын толықтырады.


Ертеде бір кедейдің үш баласы болыпты. Үшеуінің мінезі үш түрлі екен. Үлкені қатыгез, қу, тек қана өзін ойлайтын, ал ортаншысы жігерсіз, елдің айтқанымен жүретін адам болып өседі. Ең кішісінің аты Елемес екен. Ол ағаларына қарағанда мейірімді, адал, еңбекқор еді. Күні жетіп әкелері ауыр науқастан қайтыс болады. Бар жиған-тергенін балалары әкесін жерлеуге жұмсап, өздері панасыз қалады. Басқа амалдары қалмаған жетім балалар күн көру үшін алыс жолға аттанады. Ұзақ жүрген үшеуінің алдынан екі айрық жол шығады. Осы жерде таста қашалған сөздер бар екен. Онда екі бағыт көрсетілген: біреуі – барса келмес, екіншісі – барса қайтар. Ағалары:

Кіші ініміз қайда барса да сый-сияпатқа ие болады. Оның бізден қандай артықшылығы бар? Одан да Елеместен құтылайық, – деп келіседі де:

Сен барса келмес деген жолмен кет, ал біз барса қайтармен барайық, — дейді інілеріне.

Елемес келіседі. Ол ағаларымен қоштасып, өз жолымен кетеді.

Жолшыбай қалың орманда Елемеске көкжал қасқыр кезігеді.

Сен неге бұл жолмен жүрдің? Осы жолдың «барса келмес» аталуын білмеуші ме едің? Әлде өмір сүргің келмей ме? Мен сені жеймін! — деп ол ақырады.

Елемес қасқырға:

Амал қанша? Өмір де, өлім де біреу. Одан қашып қүтыла алмайсың. Пешенеме жазылғаны осы болса, көнбеске амал бар ма? Жегенің ас болсын! – деген екен.

Қасқыр осындай батыл адамды алғаш кездестірген еді. Елеместің берген жауабына разы болған ол:

О, достым, бұл – менің құлағыма тиген бірінші жылы сөз. Бұдан бұрын маған кезіккендер «жегенің ас болмасын» дейтін. Мен ерегісіп, оларды өлтіруші едім. Сондықтан бұл жол «барса келмес» атанған. Сенің айтқан сөзің маған қатты ұнады. Мен сені жей алмаймын. Екеуіміз дос болайық. Реті келсе саған көмегім де тиіп қалар, — дейді де қоштасып, өз жолымен кетеді.

Елемес одан әрі жүре береді. Бір уақытта алдынан үлкен қала шығады. Ол осы қалаға қарай бет алады. Қаланың кіре беріс жерінде жәрмеңке болып жатыр екен. Елемес жәрмеңкені аралап келе жатып алдында жатқан бір әмиянға көзі түседі. Әмиянды жерден көтеріп алып:

Мынау кімнің әмияны? Кім жоғалтты? – деп жар салады. Бұл сөзді естіген жәрмеңкеде жүрген қала жұрты аңтарылып Елемеске қарап қалады. Осы кезде Елеместі қоршап тұрған адамдардың арасынан бір қария шығып:

Мен жоғалттым. Оның ішінде менің өмір бойы жиып-терген алтын теңгелерім бар. Оларды әйелім тігіп берген гүлді орамалдың ішіне түйіп қойғанмын. Балам, әмиянды ашып көрші, – дейді.

Елемес әмиянды қарап тұрған жұрттың көзінше ашады. Расында да ішінде гүлді орамалға түйілген алтын теңгелер бар екен. Жоғын тапқан қария қуанып, Елемеске алғысын айтады.

Балам, өзің кім боласың? Қайдан келесің? Қайда бара жатырсың? – деп жөн сұрайды.

Елемес қарияға барлық мән-жайды айтып береді. Оның әңгімесін естіп болған қарт:

—  Сен мейірімді, адал жан екенсің. Егер қаласаң, осы қалада қал. Менің үш ұлым бар еді, төртіншісі бол, – дейді.

Елемес қарияға еріп, оның үйіне барады. Қарияның балаларымен бірге жер қазып, егін егеді. Бір күні жер қазып жүрген оның күрегіне бір зат ілінеді. Алып қараса – алтын. Алтынды көрген ол одан әрі қаза түседі. Сол жерден ат басындай алтын тағы шығады. Елемес тапқан алтынды алып, қарияның үйіне келеді де:

Әке, мен ат басындай алтын таптым. Міне, алыңыз, – деп алтынды шалға ұсынады. Оның көңіліне разы болған қария:

Балам, бұл алтынның маған қажеті жоқ. Қашанғы бізбен бірге тұра берем дейсің. Өзіңше үй-жай болып, өніп-өс. Бұл – адалдығың мен еңбегіңнің арқасында тапқан байлығың, – деп кеңес береді.

Елемес алғысын айтып, алтынның бір бөлігін қарияға береді. Өзі қалған алтынын сатып, үйленіп, үй болады. Мал-мүлік жинайды. Ешқандай қара жұмыстан қашпай, күні-түні еңбек етеді.

Сұрақтар:

1. Қарт Елемеске қандай кеңес берді?

2. Елеместің өмірі қалай жалғасты?

3. Елемес қандай адам?

4. Оның адалдығын қандай ісінен көруге болады?

5. Өзің адал болу не үшін қажет деп ойлайсың?




Оқушылар оқиғаны тыңдағаннан кейін, мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып, шыншылдық,

қарапайымдылық, шынайылықтың адам өміріндегі маңыздылығы туралы ой түйеді.

Елеместің адамгершілігі «Ертегісі»

Оқулықтың 6-беті

5.Шығарма-шылық жұмыс



Мұғалім оқушыларға тапсырма береді

1-тапсырма

Жұмыс дәптеріндегі шығармашылық 2 -тапсырманы түсіндіреді. Суреттерді бояуды, ондағы балалардың іс әрекеттеріне сәйкес адамгершілік қасиеттері туралы әңгімелеп айтуды ұсынады.





2-тапсырма

Әркім өз досының адалдығын көрсетіп, алғысын айтып досына арнап сурет салады.


Суреттегі балалардың іс-әрекеттеріне сәйкес адамгершілік қасиеттер туралы мұғалімнің көмегімен әңгімелеп айтады.


Досының адалдығын айқындайды, алғысын білдіріп досына арнап сурет салады.

Дәптермен жұмыс

Баяу әуен қойылады.

6.Топпен

ән айту

Мұғалім оқушылармен бірге С.Молдасанұлының «Бала тілегі» әнін қосылып айтады.


Оқушылар мұғаліммен бірге ән шырқайды.

https://youtu.be/9VMQsylsQbI

Экранға өлеңнің мәтіні, әуенімен қойылады.

7.Үй тапсырмасы

2 – сабақ. «Түлкі мен ешкі» ертегісін үлкендердің көмегімен оқып келу.

Оқушылар үлкендердің көмегімен мағынасын түсініп,оқиды. Мазмұнын біледі.

1-сынып өзін өзі тану оқулығы,11-бет

8. Сабақтың

қорытынды сәті

Мұғалім оқушыларға сабақта не ұнағанын еске түсіріп, оны жүрегінде сақтауды ұсынады. Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқандарына «Рақмет» айтады.

Оқушылар мұғалімге кері байланыс жасайды.

Баяу әуен қосылады.

https://youtu.be/9VMQsylsQbI





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!